Жүйке жүйесi бiр жақтан физиологиялық және зат алмасушылық процесстерiнің үйлесуін, екiншiден –ағзаның қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етеді


жасында мидың салмағының артуы тұрақталады



бет7/10
Дата28.04.2024
өлшемі90.8 Kb.
#500047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
663235.pptx 2

21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады.

Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте тез дамиды.

Сәби дамуының басты белгілері

Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл –ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.

Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды.

Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы

Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.

Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.

3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:

3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:

Негативизм- бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.

Қыңырлық ( упрямство)- бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.

Наразылық – бүлікші ( қасарыспалық)- кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездеесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет