- Моноплегия;
- Параплегия;
- Гемиплегия;
- Триплегия;
- Тетраплегияны – ажыратады.
Гиперкинезиялар - Гиперкинезия – мыйдың әртүрлі құры-лымдары нейрондарының бүліністері-нен дамитын еріксіз қимыл-қозғалыс-тардың тым артып кетуі.
- Бүлінген мый құрылымдарының орна-ласқан жеріне қарай: қыртыстық, қыртыс астылық, бағаналық гиперкинезияларды ажыратады.
Тырыспа-селкілдек - Аяқ астынан ұстамалы немесе тұрақты түрде пайда болатын бұлшықеттердің еріксіз жиырылуларын тырыспа-селкіл-дек дейді.
- Оның клоникалық, тоникалық және араласқан (тонико-клоникалық, клонико-тоникалық) түрлерін ажыратады.
- Қысқа мерзім аралығында жеке-леген бұлшықет топтарының бірі-нің артынан бірі бейберекет жиы-рылуларын клоникалық селкілдек дейді. Бүкіл денеге жайылған айқын клоникалық селкілдек конвульсия делінеді. Бұндай жағдай мый қыртысы қатты қозуынан, пирамидалық жүйе құрылымдары бүліністерінде байқалады.
- Тоникалық селкілдек немесе тырыспа – дененің немесе аяқ-қолдардың лажсыз жағдайда ұсталынып тұруына әкелетін бұлшықеттердің ұзақ жиырылып қалуы. Ол қыртыс асты құрылымдардың қатты қозуы және кейбір уыттанулар (сіреспе т.б.) кездерінде байқалады.
- Араласқан селкілдек:
- √ диабеттік, бауырлық, уремиялық кома;
- √ күйіктік, анафилаксиялық сілейме - кездерінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |