Жүктеме: 6 сағат Сынып: 1 Мұғалім



бет28/33
Дата23.02.2024
өлшемі215.44 Kb.
#493035
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
3 сынып КТЖ -Инди 34 аптамен-1

Жаратылыстану
Түсінік хат
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мақсаты – әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан бейнесі туралы білім негізін қалыптастыру және білім алушылардың зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту.
Оқу пәнінің бағдарламасы келесі міндеттерге жетуге бағытталған:
1) зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негізін қалыптастыру;
2) техника мен технологияның дамуына елеулі ықпал еткен жаратылыстанудың маңызды идеяларымен, жетістіктерімен танысу;
3) қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған жаратылыстану-ғылымдық тұрғысынан маңызды және өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қолдана білу біліктерін меңгеру;
4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану-ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
5) табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
6) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушының сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарын білім алушы бойына сіңіруге негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты бағдары болады.
«Жаратылыстану» пәнін оқытуға бөлінетін оқу жүктемесінің көлемі
3-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
«Жаратылыстану» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден құралады:
1) «Мен зерттеушімін»: ғылыми жаңалықтар және олардың күнделікті өмірге әсері, ақпарат көздерінің түрлері, ақпарат көздерінің артықшылығы мен 984 кемшілігі, экспериментті жоспарлау және жүргізу, эксперимент нәтижесін диаграмма түрінде белгілеу, қорытынды жасау;
2) «Жанды табиғат»: фотосинтез процесі туралы алғашқы түсінік, өсімдіктердің бейімделуі, жылусүйгіш, суыққа төзімді, көлеңкесүйгіш, жарықсүйгіш, шөлге төзімді, ылғалсүйгіш өсімдіктер; табиғат бірлестіктері – жанды және жансыз табиғаттың қауымдастығы, өз өлкесінің табиғат бірлестіктері, адам тіршілік әрекеттерінің өсімдіктердің алуантүрлілігіне әсері, өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер (өз өлкесінің өсімдіктері негізінде), сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың маңызы, жануарлар, омыртқалы және омыртқасыз жануарлар, жануарлардың өзара қарым-қатынас жасау түрлері, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы өзара байланыс, тіршілік ортасындағы жағдайлардың өзгеруіне байланысты жануарлардың санының өзгеруі, адамның жануарлардың санының азаюына әкелетін іс-әрекеттері, адамның ішкі ағзалары, асқорыту жүйесі, оның адам тіршілігіндегі рөлі, тыныс алу жүйесі және оның ағзалары, тыныс алудың адам ағзасындағы рөлі, қанайналым жүйесі, оның адам ағзасындағы ролі, жүрек. тамыр соғуы, адамның ағзасын ауру мен инфекциялардан қорғау;
3) «Заттар және олардың қасиеттері»: заттар мен денелер, заттарды шығу тегі бойынша жіктеу, табиғи және жасанды денелер, заттарды агрегаттық күйі бойынша жіктеу (қатты, сұйық, газ тәрізді); ауа және оның құрамы (көмірқышқыл газ, оттек, азот, тағы басқалар), ауаның жануды қолдайтын қасиеті, жанды ағзалар мен жансыз табиғаттағы су, негізгі табиғи су көздері, мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер; ащы және тұщы су, ауызсуды үнемді қолдану, суды тазалау тәсілдері, фильтр арқылы тазалау, судың тіршілік үшін маңызы; топырақ, топырақтың құрамы (құм, саз, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары, су, ауа), топырақ түрлері, топырақтың қасиеті, құнарлылық, топырақтың кейбір ағзалардың тіршілігіндегі ролі, топырақты қорғау;
4) «Жер және ғарыш»: жер сфералары туралы алғашқы түсінік (литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера), жер сфераларын графикалық кескіндеу, ғарышты игерудегі айтулы оқиғалар, жердің алғашқы жасанды серігін ұшыру, адамның ғарышқа алғашқы ұшуы, айға адамның қонуы, адамзаттың дамуы үшін ғарыштың маңызы, ғарыш игерудегі Қазақстанның үлесі, Байқоңыр ғарыш айлағы, жердің өз осінен айналуы, Күн мен түннің ауысуы;
5) «Табиғат физикасы»: серпімділік күші, серпімді және пластикалық денелер, ауырлық күші, табиғаттағы ауырлық күші, үйкеліс күші, табиғаттағы үйкеліс күші, күштің әсер ету бағыты, көлеңке, оның пайда болу себептері, көлеңкенің ерекшеліктері, заттардың жарықты шағылдыру қасиеті, дыбыс. дыбыстың көздері мен дыбыс қабылдағыштар, дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігі, электр энергиясы, электр энергиясының көздері, электр тізбегінің элементтері, қарапайым электр тізбегін құру сызбасы, әртүрлі металдардың магниттелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет