Жүктілікті көтереалмаушылық Жүктілікті көтереалмау



бет2/4
Дата19.06.2024
өлшемі0.6 Mb.
#502687
1   2   3   4
жүктілікті көтереалмаушылы

Қауіпті түсік

  • Диагноз:
  • ерте түсік кезінде – іштің төменгі бөлігі мен құйымшақ аймағындағы тартып тұрған тәрізді ауру сезімі,
  • ал кеш түсік кезінде – толғақ тәрізді ауру сезімі, аздаған қанды бөлінділер, жатыр мойны қысқармаған, ішкі ернеу жабық, жатыр тонусы жоғары. Жатырдың көлемі жүктіліктің мерзіміне сай үлкейген, ұрық жұмыртқасының сылынуы аздаған аймақта ғана болады.
  • Тактика: кешенді сақтандыру терапиясы.

Басталған түсік

  • Диагностикасы: толғақ тәрізді ауру сезімі және қанды бөлінділер айқынырақ, жатырдың көлемі жүктіліктің мерзіміне сай келеді, жатыр мойны сақталған, цервикалдық канал жабық немесе аздап ашылған.
  • Тактика: қан тобын, қанның резус-факторын, жалпы қан анализін, гемостазиограмманы, УДЗ анықтау.
  • Кешенді сақтап қалу терапиясы.

Жүрістегі түсік

  • Диагностика: іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезімі және айқын қан ағулар, ұрық жұмыртқасы жатыр мойнының каналында анықталады, оның төменгі полюсі қынапқа түсуі мүмкін. Жүрістегі түсік толық немесе толық емес түсікпен аяқталады.
  • Тактика
  • -Ерте мерзімдегі толық емес түсікте– жедел түрде зерттеп және жатыр қуысын тазалау керек, антибактериалды терапия.
  • - Кеш мерзімдегі толық емес түсікте (қағанақ суының кетуі) жүктілікті сақтап қалуға болмайды, жатыр қуысын қыру жүргізіледі.
  • - Жүктіліктің 14-16 аптасына дейін толық түсік болғанда –– жатыр қабырғасын қыру, кеш мерзімде- қырмайды.

Болмаған түсік (дамымаған жүктілік, missed abortion)

  • Диагностика: қуіпті түсік белгілерінсіз нәрестенің өлуі, диагноз тек ультрадыбысты зерттеу арқылы ғана дәлелденеді;
  • Нәрестенің шетінеуі – түсік түрінде клиникалық белгілерімен көрінеді.
  • Тактика: жүктіліктің мерзімі үлкен емес болғанда жатыр қуысын аспаптар арқылы тазалау керек, үлкен мерзімдерде босануды жасағанды (индукцияланған) жүргіземіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет