Мерзімінен бұрын босану - Жүктіліктің 22 аптасынан 37 аптаға дейінгі мерзімде босануы, бұл кезде нәрестенің салмағы 500 –ден 2500 грамға дейінгі аралықта болады.
- ДЖДСҰ (дүние жүзілік денсаулық сақтауын ұйымдастыруда) ұсынылған бойынша,жүктілік 22 апта немесе одан да жоғары мерзімде үзілсе, нәрестенің салмағы 500 г немесе одан артығырақ болады, 7 күндей ғана өмір сүреді. Осы босану салмағы өте аз нәрестемен мерзімінен бұрын босану болып саналады. Жүктіліктің 22 аптасынан кейін (салмағы 500 гр немесе одан артығырақ) туылған нәрестенің 7 күннен кейін шетінеуі перинаталдық өлім көрсеткішіне кіреді.
Қауіп қатер факторы: Жүктіліктің мерзімін есепке алғандағы мерзімінен бұрын босанудың 3 кезеңі : - 22-27 аптада – ең жиі себебі ИЦЖ (истмико-цервикальды жеткіліксіздік), қағанақ қуығының төменгі бөлігінің инфекциялануы және оның мерзімінен бұрын жарылуы.
Мерзімінен бұрын босанудың клиникалық жіктелуі: - Қауіпті мерзімінен бұрын босану іштің төменгі бөлігі мен бел аймағындағы ауру сезмімімен сипатталады. Қозғыштығы мен жатыр тонусы жоғарылайды.
- Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны сақталған, сыртқы ернеуі жабық немесе саусақ ұшын өткізеді. Сирек жағдайда қағанақ суы кетеді және нәрестенің қимыл белсенділігі жоғарылайды.
Мерзімінен бұрын босанудың клиникалық жіктелуі: - Басталған мерзімінен бұрын босану үшін айқын іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезімі мен ретті толғақ тән. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны қысқарған немесе тегістелген. Жиі қағанақ суыныңы мерзімінен бұрын кетуі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |