Клиникасы: инкубациялық кезең 7-50 күн, орташа 15-30 күн. Жұқпалы процесс көп жағдайда субклиникалық жеңіл немесе жеңіл сарғаюсыз жүреді. Вирусты гепатит А кезеңділікпен сипатталады: продромальді, өршу және сарғаю кезеңінен тұрады. Ол көбінесе манифесті ағым: Сарғаю алды, сарғаю, сауығу кезеңіне сәйкес. Ауру жедел басталады. Продромальді кезеңі 4 нұсқадан тұрады:
1. Диспепсиялық (жүрек айну, тәбетінің төмендеуі, құсу, оң жақ қабырғасының ауру сезімі, кейде диариямен байқалады).
2. Тұмау тәрізді нұсқасы (қалтырау, бас ауруы, температура 38-39*С көтерілуі, миалгия, жеңіл катарьлі белгілер).
3. Астеновегатативті нұсқасы (әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, тершеңдік, артериалдық гипотония, ұйқының бұзылуы).
Диагностикасы: биохимиялық анализде жалпы билирубиннің байланысқан билирубиннің есебінен жоғарылағанын байқаймыз. АЛТ, АСТ ферменттерінің жоғарылау көрсеткіші – бауыр клеткаларының ыдырауы неше есе екені көрсетіледі. Бұл көрсеткіштің жоғарылауы цитолиз синдромы деп аталады. Тимол сынамасыны жоғарылауы, сулема сынамасының төмендеуі – мезенхималды қабыну синдромының көрсеткіштері. ИФА-вирусты гепатиті жүргізгендей анти – НАV – ІgМ пайда болады. ПЦР- вирусты гепатит А-ның РНК – сы анықталады.
“С” вирусты гепатиті науқастардың көбінде (60-85%) аурудың созылмалы түріне айналады. Себебі ауру уақытылы анықталмай, әбден асқынған жағдайда бауыр циррозы, созылмалы гепатит сатысында өткен кезде ғана анықталады. Бұл ауруды “тілсіз жау” деп бекерге айтпаса керек. Созылмалы вирусты «С» гепатитімен ауырған науқастың бауыры кейде “С” вирусты созылмалы гепатит адамның басқа ағзаларының ауруына себепші болуы мүмкін.
Этиология
ВГС – құрамында ұсақ РНК-сы бар вирус, флавивирус тұқымдасына жатады. ВГС геномы вирустың құрылымды және құрылымсыз белок түзілуін кодтайды. Соның ішінде түрлеріне: нуклеокапсидті белок С (core protein) және қабықшалы Е1 және Е2/NS1 гликопротеиндер. Құрылымсыз белок құрамына (NS1, NS2, NS4, NS5) ферментативті белсенді протеиндер кіреді. Осы барлық белоктарға қарсы науқас организмінде иммунохимиялық әдістермен анықталатын антиденелер (анти –НСV) түзіледі
Достарыңызбен бөлісу: |