Жұмасаев Бейсен Алашбайұлы Бұл кітапты Алла ризалығы үшін әкем Алашбай анам Торғай Рухтарына арнаймын


Қазақстан Республикасы Республика Казахстан



бет3/6
Дата15.06.2016
өлшемі3.28 Mb.
#137044
1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Республика Казахстан

«Асауан-Сахаба» Общественный фонд




Қайырымдылық қоры Благотворительный фонд

Қоғамдық қоры «Асауан-Сахаба»
Тараз қалаы, «Салтанат» мөлтек ауданы, г. Тараз, микрорайон «Салтанат»

16 үй, 9 пәтер. Тел.: 6-43-88 дом 16. кв. 9. тел.: 6-43-88

РНН 211500098611 РНН 211500098611

ЖФ ОАҚ «Банк Туран Әлем» ЖФ ОАО «Банк Туран Алем»

Е/ш 000700166 БИК 191401338 Р/с 000700166 БИК 191401338

КБЕ 18 КБЕ 18
Шу аудандық прокуроры

Сейтжанов Қайсар мырзаға
АРЫЗ

Сізге арыз жазу себебіміз Төле би ауылы маңындағы салынып жатқан «Асауан-Сахаба» кесенесінде уақытша күзетші болып істеп жатқан Жұмасаев Бейсеннің теріс қылықтарына байланысты.

«Асауан-Сахаба» қоғамдық қоры кезінде оны иманды, әулиені сыйлайтын адам деп түсініп, осы жұмысқа ауызша келісіммен уақытша баскөз болуға алған едік. Бұл адамның кісілік қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік болмады. Кейін Жұмасаевтың қасиетті жерді жын-ойнаққа айналдырып жібергені белгілі болды. Рұқсатсыз үй салған. Құрылыс басынан 1,5 тонна цемент, 150 кірпіш (әрқайсысы 35 теңге), сатып жіберген. Әулие басына үйсіз-күйсіз құмалақшы әйелдерді түнетіп жүрген, заңсыз емшілікпен айналысқан. Зиярат етушілерге балағат сөздер айтқан. Қор басшылығын одан бұл жерден кетуін сұрап, бір ай бұрын ескерту берген еді. Азамат Жұмасаев Бейсен талапты орындамай, қасарысып отыр. Қор басшылығы тағайындаған басқа адамға орынды босатпай, қарсылық көрсетуде.

Осы істі шешіп беруіңізді сұраймыз.
«Асауан-Сахаба» қайырымдылық

қорының атқарушы директоры: Д.Сайлаубеков

9.10.03ж.
Аудан прокуроры Сейтжанов мырза арызды аудан ІІБ Оспанов мырзаға жіберді. Ол тергеушісі Ермекбаев Т. мырзаға тапсырды. Тексеру жүгізілді. Арызда айтылған «ауызша жұмысқа баскөз болуға алдық» деген. Сонда жаным қиналып, аяндықпен көріп бергесін қойған мен ал олар Қонақбаев Е., Данияр, Асылбек дайын асқа ие болғысы келеді. Мақал бар, «Қатынды қалың мал беріп біреу сатып алады, қойнына тегін келіп біреу жатып алады» дегенін кері. Жазғаны тағы бар, «қасиетті жерді жын-ойнаққа айналдырып жібергені белгілі болды» дейді. Жын-ойнақты жасаған кім екен? Сол кезде жын-ойнақ жасаған Асылбектің жиендері шығар, кім біледі бір кемпір кісінің айтқаны рас шығар. Ол апаның айтқан әңгімесі:

- Балам алғашқы ашылғанда келіп түнеп едім. Денем сергіп жақсы болдым. Бір-екі айдан соң тағы да қызыммен ниет қылып түнеуге келіп едім. Қарағым, ол күні сен жоқ едің. Қыздар, жігіттер жүрді. Сұрастырып едік, Асылбектің жиендері, Бауыржан, Биғазы қарындасы Шолпан, Жарқын деген қыз бар және Мира шай ішіп, тамақтан кейін жатып ұйықтадық. Түнде дәрет қышап қызымды оятып, сыртқа шықтық. Дәретхана жақтан күбірлеген дауыстар шығып жатты. Жақындап бардық. Сөйтсек, Бауыржан мен Биғазы, Мира үшеуі ауыздарында темекі, алдарында ашылған бөтелкеде арақ, закускамен отыр. Қызымыз екеуіміздің көзіміз шарадан шығып кете жаздады

- Астапыралла! – деп жағамды ұстап, мыналардың тіршілігін көріп жүрегім аузыма тығылып таңға көз ілмей, аласұрып шықтық.

- Ойпырмай, «құдайдан қорықпағаннан қорық» деген, басқа-басқа әулиенің басында мынандай нәрсе істеп отыр деп қатты қиналып кеттім. Біраз елге көргенімді айтқаным рас, қарағым. Осы 3-4 күн болды осы әулие атамды түсімде көрдім. «Балам, келмей кеттің ғой, бір түнеп кетсеңші» деген соң келіп отырмын. Балам, келерде әлде қандай болар екен деп қорқақтап келіп едім. Жоқ, балам жаман емес, әулие атаның басы енді тазарыпты. Айналайын, артық кетсем кешір, - деп әңгімесін айтып еді.

«Рұқсатсыз үй салған» тергеуші жігітке тұрып жатқан үйді вагон екенін көрсеттім. Сыртын қызыл кірпішпен қаптап, жылы болсын деп қаптатқанбыз. Және вагоннын квитанциясын көрсеттім.

- Бауырым, бұл вагонды Төле би ауылында тұратын Құтыш деген өзбекті танушы ма едің? Сол жігіт берген. Атасы өзбек емес пе? Ақшасы керек жоқ, Алла риза болсын, ата-бабаларыма құран оқып тұрыңыз деп берген. Бұл вагонда қанша адам келіп түнеп, қанша адамның сауабын алды. «Шіркін-ай қандай тамаша ұйықтадым» деген сөздін өзі сол Құтыштың ата-бабаларына барады. Бауырым, сол сауабты инемен құдық қазғандай жинап отырмын, - дедім.

«Қордың құжаттарын, бланкілерін сейфті сындырып ұрлап алған» дейді. Данияр бір келгенінде құжаттардың түгел қоймай, көшірмесін әкеліп берген.

- Бейсен, мен жоқта анау-мынау демесін мынау сенде болсын, керек болар - деген. Ал сейфты өзі жеңіл машинаға салып алып кеткен.

«Құрылыс басынан 1,5 тонна цемент 150 кірпіш әрқайсысын 35 теңгеден сатып жіберген». Құдайға шүкір, Даниярдың өтірігін шығарған өзбек балалар еді. Даниярдың кімге сатқанын, қай үйге апарғанын көрсетіп береміз- деді. Кейін қол хат жазып берді.

«Әулие басына үйсіз-күйсіз құмалақшы әйелдерді түнетіп жүрген заңсыз емшілікпен айналылсқан». Құдайға шүкір, келіп жүрген құмалақшылардың бәрінің үй-жайы бар. Әулиеге кім келеді, «басы ауырып балтыры сыздаған» келеді. Осы әулиенің суынан шипа іздеп, Алланы танысақ деп келеді. Ал өзіме келсем, дем салып қараған адамдарым, алдыма келгендер жаман болған жоқ. Бір айыбы, «емші» деген дипломды сатып алған жоқпын.

Әйтеуір Ермекбаев Талғат қаулы шығарамын деп сол қаулының соңында Гуля аудан полициясының табалдырығын тоздырды. Күніге ертеңмен жүріп бір ай дегенде зорға алды. Бір күні ашуланып келді.

- Не болды? - деп едім

- Мына менттер ылғи барам, бір кабинетте екеуі отырады. Алдарында бір-бір компьютер, жұмыстары ауыр екен деп ойласам, бастық шақырып жатыр деп екеуі шығып кетті

- Әкпе, сіз отыра беріңіз біз қазір келеміз - деп шығып кетті. Тұрып компьютерлерін қарасам, екеуі екі компьютермен преферанс ойынын ойнап отыр екен. Жұмыстары ауыр ма десем.

- Қойшы, пенде ғой. Неғыласың - деп жұбаттым.

Әйтеуір ертең айт деген күні 27.10.2003ж. қаулыны шығарып беріпті. Гуля оқып болып Талғатқа қарап:

- Бауырым, Даниярдың қанша долларына сатылдың? Әлі сендерді де көреміз,- деп шығып кетіпті.
Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы

Төле би ауылы 27.10.2003 жыл

Қаулы еттім:

  1. Азамат Сайлаубеков Даниярдың арызы бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға қылмыстық құрамы болмауына байланысты.

  2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлауға.


Шу аудандық ІІБ аға тергеушісі,

полиция капитаны: Т.Ермекбаев
Сол Ермекбаев Талғат осы қаулыны шығарғаннан кейін жеті айдан соң осы әулиенің бас жағында машина қағып, авария жасады. Бұл әулиенің оған деген ескертуі еді.
«Ол дүниеге барғанда, Алла сотын құрғанда,

Қалың тікен ішінде, есекке ұқсап шырмалма».



Әулиенің жатқан жері. 2001ж.
Біраз уақыттан кейін балаларым екеуі де түстен кейін оқитын, кешке кішкене кешіксе қорқатын болдым. Түнде жалғыз дәретке шықпаймыз. Ол кезде төңіректің бәрі ашық. Біреулердің үйді торауылдап жүргенін көрдік. Ол кезде аяндықпен мөрді тығып, бөтен жерде ұстап отырдық. Талай рет мөрге шабуыл жасалды. Ұрлап алмақшы болды. Бұл мөр дәлелмен тұрған соң Асылбек пен Даниярдың жібермеген, жұмсамаған адамдары қалмады. Бұл екеуін жоғарыдан жұмсағандары белгілі болды. Данияр арыз жазып жүргенде бір нағашымның асына барамын деп Гуля, Мөлдір мен үшеуіміз келе жатып машинамен аварияға түстік. Қолым сынып бізді қаққан Ораз деген жігіт еді.



Әулиенің есігін бұрған кезі. 2001ж.
Қолым гипсте болатын, бір күні түнде дәретке барып келе жатыр едім. Қайдан шыққан біреу мені шалып, қолымды басып, үстімді тінтіп айқайлауға шамам келмей, домаланып орнымнан зорға тұрдым. Әйтеуір үйге келдім. Осы жағдайдан кейін құрысын, мыналар өлтірүден тайынбас деп аудан прокуроры Сейтжанов мырзаға, ІІБ Оспановқа арыздандым. Олардың берген жауабы немқұрайлы. Әйтеуір бір жапырақ қағаздарын зорға берді. №897 от 10.08.2004г. начальник Шуского РОВД полковник полиции Оспанов М.А., №19а-04 от 02.02.04г. Шу ауданаралық прокуроры Сейтжанов Қ.Д.

Асауан бабамыздың тіршілігінде көрген азабы аздай, қандай қиыншылық көрген еді. Енді міне, «жарыққа шықтым ғой» дегенде мына пенденің көрсеткені-ай! Неше ғасыр бұрын шейіт болған әулиемен алысты ғой. Тиіш жатқыздырған жоқ. Бір рет топырағы шашылды, бір рет жатқан жерінен есігін күн батысқа шығарды. Кейін келіп көшірмекші болды. Қалай айтып түсіндіруге болады. Бір күні Қонақбаев, Данияр, Ираннан келген Қарасақал деген молда үшеуі келді. Әулие басында ұзақ сөйлесті. Бір кезде мені шақыртты. Шақыртып алды да Қонақбаев айтты:



Әулиені «биік, сәулетті» болады деп «көшіргені» 2003ж.
- Бейсен, біз әулиені анау жотаға көшіреміз. Биік, сәулетті болады- деді.

Аға, әулие бұларыңызды қалап отырған жоқ. Жатқан жерімнен күмбез көтеріледі деген, «көшіру» деген қайдан шықты? - деп сұрап едім Қарасақал айтты:



- Бауырым, Кашмирден көшіріп жатқанда мына тұрған жер. Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Сен не білесің бауырым. Мен Иранда 8 жыл оқығанмын. Құдайға шүкір, сенен гөрі ілімім бар,- деп күлді.

- Аға, мен аманатты айттым. Сізге көшіруге рұқсат жоқ,- деп едім.

- Бейсен сен аманатты айттың, мен қабыл алдым. Сенің шаруаң болмасын,- деді Ерімбетқажы.

- Жарайды,- деп мен бұрылып кеттім.

Сонымен кім шешкені, қалай болғаны әйтеуір әулиені көшіретін болды. 2-3 күннен кейін Данияр келді де әулиеге күрек алып келді. Біз қарап отырдық. Күрек алып Данияр әулиенің топырағына тығып еді, күрегі ұшып кетті. Қарасақ, Даниярдың түсі қашып, құп -қу болып кетті.

- Не болды?-деп сұрап едік

- Тоқ тартқандай болды,-деп күректі алуға шамасы келмей кетті. Содан құрылыс басталды. Биік сәулетті болады деп жотаға көшіретін болды. Хивадан келген өзбек балалар салған еді. Қалай болса солай көтерген, әйтеуір бітті.

2004 жылдың қысында осадка беріп, жарылып құлауға айналды. Рұқсатсыз салынған нәрсені Алла қабыл етпеді. Күмбездері арт қы жақ қабырғасынан бастап құлай бастаған соң келген кісілерге зияндық болар деп бұзып алдық. Сол кездері аяндықпен Гуля аудан әкімі Рысмендиев Болатқа арыз жазып барды. Оларды Жұмағұлов Сағаттың алдына жіберді. Оның берген шешімі мынау:

104, 10.08.2004ж.


Жумасаев Бейсен Алашбайұлына


Мекен-жайы: Төле би ауылы,

«Асауан-сахаба» қорының тұрақ-жайы
Сіздің 2004 жылдың 29 қаңтарындағы өтінішіңізге байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

Төле би ауылындағы «Төле би-Шу» автотрассасы бойынан «Асауан-Сахаба» қайырымдылық қорына қор басқарушысы Сайлаубеков Даниярдың атына қызмет көрсетуі үшін «Кесене» құрылысына және қосалқы үй-жай (шырақхана, қойма, намазхана, шатырлар, құдық т.б.) құрылыстарын салуға арнап Төле би ауылдық округі әкімінің 2001 жылғы 6 наурыздағы №200 шешімімен аумағы 1,0 га жер берілген.

Жер беру шартында Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі» баптары толық сақталған, онда ешқандай заң бұзушылық тараптары жоқ.

Сіздердің сұрап отырған «құдықта» сол жер учаскесінің аумағында орнатылған. Қордың құрамында қызмет істейтін азаматтардың өз араларындағы дау-дамайдың шешуі «қордың Жарғысында» қарастырылған.

Басқа құрылыс нысанын салам десеңіз, нақты қандай қызмет түрі үшін керектігін көрсетіп өтініш беруіңізге болады.
Төле би ауыл

округінің Әкімі: С.Жұмағұлов
Бұл әулиеге келіп, түнеп суынан шипа болған адам көп қой деп Гуля болмай «Шу өңірі» редакциясына барды. Сондағы шыққан мақаласы «Шапағат, шипа іздеп келеді» деген 12.08.2004ж. жарық көрді.

Үзінді

«Бұдан басқа да мысалдарды көптеп келтіруге болады. Өйткені маскүнемдік, нашақорлық және басқа да әлеуметтік-тұрмыс жағдайына нұқсан келтіретін жат әрекеттерге ұшырап, қазір одан құлан таза айығып ел қатарына қосылғандар қаншама.

Қорыта келгенде айтарымыз, дінімізді ұстанып, имандылық жолына түскен адам Жаратқан иеміздің нұр-шапағатына бөленетіні айдан анық».

Осы мақаламмен қабаттасып Шу ауданының Төле би мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлынан «Қолдан жасалған қабыр киелі орынға жатпайды» деген «Ислам және өркениет» газетіне №8 тамыз 2004ж. шықты. Аят мырзаның «сахабалары осында 14 ғасыр бұрын өмір сүрген. Олардың саны 100 000-нан асқан. Ал енді Шу алқабында Асауан есімді сахаба келді деген дерек жоқ. Және бір ғасырдан аса уақыт салып жеткен» дейді. Аят мырза олардың 100 000-нан асқан деді. Сол кезде болған сахабалардың тізімін кім алған екен? Құран кітапқа түскен 33 000 сахаба делінген, сонда біздің ілімі мықты шариғатты жатқа білетін адамның айтуы 100 000. Мейлі, асса асқан шығар. Кім біледі, деректер жоқ. «Ондай адам тарихи кітаптар мен мұрағаттарда дерек көзінен де табылмады» дейді. Қазіргі ақшасы, дүниесі барлар қайтсек, тарихта қалсақ деп неше түрлі амал жасап, жанталасуда. Ал ол кезде сахабалар тарихта атымыз қалсын деп, аттарын жазбаған шығар. Еріксіз ойыма «Жас Алаш» газетіне шыққан 29.11.2007ж. «Өмірбек Байгелді әруақтарға менеджер болғанын қашан қояды немесе Құланда Дулат бабаның сүйегі табылғаны рас па?» - деген мақаласы түсті сонда Айман Досымбаева, тарих ғылымының кандидаты. Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, «Түркі мүрасы» бөлімнің меңгерушісі айтуынша:

«Шу ауданында институт атынан қазба жұмыстарын жүргізген кезде Өмекеңнің де адамдары бірнеше жерді қазған.Нақты білмеймін,бірақ менің естуімше, олар бір алтын Құранды іздеді...»

Қазба жұмыстары институт атынан болғаны газет арқылы білдім. Рас, Шу ауданы емес басқа аудандардан сабылып,шұбырған халықты көргенмін.Сол барып-келіп жатқан елден естігенім:

- Бір керемет көріпкел тәүіптері, не қазып жатқандарын, әйтеуір, бір құстын сүреті шықты - деп, аудан әкімшілігі бастаған мектеп, мекемелер, ұжымдар, кәсіпкерлерге салық салынып кезек –кезек келіп құдайы беріп ешкі-қойда сан жоқ, ірі-қара мал сойылып жатты. Бір молда намазхан ағамыз, келіп айтқаны бар:

- Бауырым, бәрі дұрыс сияқты, кім біледі? Алла біледі-ғой бұл нәрсесін,пендешілік.Алла алдында күнәкәр болып келдім. Намаз оқимыз-дегенге, қайдан білейін намазға көпшілікпен тұрдым бәріміз шығысқа қарап намаз оқыдық «Алла күнәмді кешір, жүзім қыбылада» - деп намаз оқыдым көпшілікке қарсы келе алмадым.

Тағы бір лауазымды ауданның бір жігіті келіп:

- Бір Алла біледі-ғой,құлаққа кірмейтін нәрсе Байгелдінің ақша-дүниесі бар, сенат депутаты, меніңше тарихта атым қалса –деген іс-әрекеті –деген тағы бар .

Шолақ тәүіптеріміз жағымпазданып керемет мың бір түннін хикаясы сияқты әңгіме айтқандары тағы бар.

Оралхан Дәүіт атпақшыдай:

«Жалған-намыс кімге керек ? Айтпаса сөздін атасы өледі деген. Сонда Алламен тікелей байланысқа түсіретін бір станса ашып алғанбыз ба? Неғып жатып алып түс көргеннен гөрі нақты іс жасаймыз» - деп жазылған.

Тура айтылған сөз, әсіресе «тікелей байланысқа түсіретін бір станса ашып алғанбыз ба?» – дегені. Сол кезде бір ақсақал келіп:

- Бейсен-ау, бауырым, сен осы мына атаңмен қалай сөйлесесің құпия болмаса айтшы? Мына Байгелдінің тәүіптері қолында сотовый телефоны арқылы сөйлескендей әні келді, міне келді, ананы айтты, мынаны айтты-деп шұбыртады. Мен есімді білгелі анша-мұнша көрген түстерім тура келеді, мыналарың далбаса сияқты –ғой, айтқан сөздеріне кейбіреулер сенеді екен –деп еді.

Ия, имамдар айтса айтты дейміз Бұған менің айтарым,көрсе көретін шығар, бірақ ауыз менікі деп тисе терек, тимесе бұтақ жатып келіп ұрады не бір әулие-әмбилердін атын жамылып. Ойлаймын да, қайран қаламын, егерде шынымен көзіне көрінсе, адамның реңі қашады, қысылады. Білмеймін, бұларға әңгіме айтып кетеді екен. Құдай-әруақ қыспасын әруақ қысатын болса әйел де, бала да, дүние де керек болмас, жаныңа батқан кезде, қоңыз теріп кететіндей жағдайға түсесің.

Сол кездегі имандылық пен қазіргіні салыстыруға бола ма? Әрине жоқ, ол ғасырды қоя тұрайық. Өткен ғасырда өз аталарымыз қандай кісілер еді. Инабатты, кішіпейіл, иманды. Сонау 1917 жылдан бергіні алайық, қаншама молдаларымыз, имамдарымыз намаз-құран оқығаны үшін талайы ату жазасына кеткенін, біле ме екен, талай сол кісілердің кітаптары көміліп, жер асты болып кеткенін біле ме екен? Сол қиын қыстауда шілденің шөлінде 30 күн оразасын ұстап, осы Шу бойындағы салынып жатқан темір жолды қолымен салған, қолымен нормамен канал қазып жүргендерін біле ме екен біздің Аят мырза? Бай-кулак деп аузында құраны бар талай аталарымыз қайда қалды? Сонда Ұлы Жібек жолы осы Шу өңірінен өтпегеніне көзі жете ме? Арабтар сол сахабалар, қытайға өтіп дунган халқын шыққанына себеп болған. Әкелері араб, шешелері қытай қызы ал жүректерінде мұсылман діні бар. Сонда мені шірік келтіріп отыр дейді. Менің айтарым Алла жалғыз, Аллаға шүкіршілік етемін, Алладан тілеймін. Ата-бабаларыма құран бағыштаймын, өйткені бұл әулие «Алла» деп өмірден өткен соң «Алла ризалығы үшін» сонау Меккеден келіп біз сияқты қараларға әріп үйреткен, намаз-құранның қасиетін үйреткен. Алладан басқа тәңір жоқ, Алланың сүйікті құлы болғандықтан бұл кісі «әулие» атанып жарыққа шығып отырғаны. Ешнәрсе жоқ, Рысмендиевтің жиені тірі кезінде-ақ өзін-өзі «Ақ әулие» деген атқа ие болды. Оны шірік демейді, өйткені ол әкімнің жиені. Ілімді имам болса, «түсті ажырата біл» - деген шариғатта.

«Түс раһмани – ол аяндық намазы бар, аузында құраны бар, дәреті бар адам неге аяндық көрмеске, аяндықтың арқасында келе жатқан қауіп-қатерден, жамандықтан кейде ескерту де болады.»

«Түс шайтани - өтірік, азғыру түстері. Дәреті жоқ, қалай болса солай жүргендер көреді».

«Үшінші түс – қияли. Күндіз арман, қиялдан, ойдан болатын түс. Осыны халыққа айтып, түсіндірмегендіктің арқасында аян шайтаннан болады дейді. Кейін «Азат» газеті шыққанда Гуля Аят мырзаға барған еді. Ол болмаған соң қасындағы замына газетті қолына беріп айтыпты.

- Аят мырзаға айтыңыз, жүз мың сахаба емес. Құранға түскен 33000 сахабаның по-именно, по-фамильно тізімін дайындап берсін, келемін - деп кетіпті. Сол айтпақшы дүниеден өткен 14-15 ғасыр бұрын сахабалардың тізімін кім алған? Оларды тек бір Алла біледі.

Осы тамыз айында Шымкенттік Науатхан деген кәсіпкер келді. Ол қызымен әйелімен бұрындарда келіп түнеген еді. Ол жігіт Алланың ақ жолында намаз-құран оқитын. Өзі әрі құрдас, әрі осы Жамбыл совхозға Сиқымдарға күйеу еді. Біраз уақыттан кейін айтқаны:

- Бейсеке, өткенде аяндық болды. Осы Асауан бабаны көрдім. Балам, басымды көтер! Саған аманат. Бейсен баламның жалғыз өзі шамасы келмей жатыр деді де, ені 7 метр ұзындығы 7 метр, биіктігі 7 метр фундаментті кілең құм мен цемент темір жолатпа, қызыл кірпішпен көтересің, сыртын Бұқараның қаптайтын кірпішімен күмбез болады деп бәрін айтып көрсеткен соң келдім. Бейсеке, сіздің қолыңыздағы мөрдің формасындай болады.

-Қабыл болсын- деп отырдық.



Әулие кесенесі көтерілгені. 2004ж, тамыз.
- Қашан келеді - деп едік шынында көп ұзамай ағаштарын әкеліп, атаның жатқан жерін тегістеп, жөндеп мал құдайысын Науатхан беріп, «Бісмилләһи Рахмани Раһим» деп оппаловкасын құрып, фундаменті құйылды.

Осы кезде бір нағашым Қатиқан деген қасында Мәкен Уақтегі мен келді, көп отырып әңгімелесіп, құжаттарды оқып, ниет қабыл болсын дәптерлерін оқып, сол кісінің арқасында «Азат» газетіне 29.09.2004ж. «Асауан сахаба кім еді?» деген үлкен мақаласы шықты.

2004 жылдың аяғында аудан бас сәулетшісі Нұрбеков С. келіп:

- Бейсеке, рұқсатсыз құрылыс салуға болмайды. Мына көтерген кесенені фундаментіне шейін бульдозермен сүріп тастаймын, - деді.

- Қолыңнан келе ме, сүріп таста! - дедім.

Сонымен не керек Нұрбеков қайта-қайта келіп бір келгенінде Нұсқама хаты №13, Акт о самовольной застройке, Протокол об административном правонарушении 07.01.2005ж. және сот ханым Ахметованың повесткасын әкеліп тастап кетті. Сондай әңгіме үстінде мен ұстаз қылып жүрген Дүйсен деген жігіт әйелімен келіп естіп көрді:

- Бейсен, мынау не дейді? Астапыралла! Сүріп тастаймын дей ме? Мынау масқара, - деп қоймай қойды. Содан айттым:

- Құжаттар Даниярдың атында. 5 жыл арендаға алған бұл жерді срогы 2005 жылдың наурызында бітеді, - дедім.

- Не, Данияр бұл жерді арендаға алатын картошка, қауын, дарбыз отырғыза ма?- деп күлді.

- Молдеке, күлсең де сол, күлмесең де сол. Мінекей қағазы - деп, Даниярдың атына берілген шешімді көрсеттім. Дүйсен аң-таң болып біраз отырғаннан кейін

- Бейсен, ауылда менің бір жездем бар Әбдірахман деген. Ол мұндай спорный сұрақтардың жолын біледі. Бір ауыз айтып көрейін, мыналарың сұмдық қой, - деп кетті. Көп ұзамай Дүйсеннің әкесі Бастаубай және жездесі Әбдірахман келді. Танысып, жөн сұрастық. Қолымдағы құжаттарды көрсеттім. Сонымен бұл екі кісі қол ұшын беріп, көмектесетін болды. Әрі-бері Бастаубай ағаның мәшинесімен жүргенде бензин-пұлын, жол-кіре беріп тұрдым. Ең алғашқы «осы Даниярды көрейін» деп Әбдірахман Таразға барды. Қасында балдызымен бірге. Сонда айтып келгені:

- Даниярдың үйі лықа толы дүние. Кірсең шыға алмайсың. Баласында компьютері бар екен. Әйелі кісәпір екен. Тырнағын егелеп отырғаннан былқ еткен жоқ. «Нан ауыз тиіңіздер» - деп айтуға шамасы келген жоқ. Бейсен, ол сен туралы не айтушы еді? Сені жамандады. Сонымен «ашқан қор, печать бәрін қайтар» дегенде әулиеден кешірім сұра деп айтқаныма:

- Бармаймын, бермеймін, ол қорды жабуға ешкімнің құқығы жоқ. Аға, әуре болмаңыз, - депті Данияр.

Сол кезде аудан әкімі Рысмендиев кетіп, орнына Қарашолақов әкім болып келгенде біз 5 гектар жер және 30 соттық автотұраққа арыз жазып барып едік. Ол жауапсыз қалған еді. Әйтеуір Әбдірахман Қарашолақовты жақсы білемін деп, бұрын бірге жұмыс істегенбіз, ішім-жемі бір болғандығын айтты.Сөйтіп жүріп, соңынан қалмай жүріп әкімнің шешімін алдық. Бір гектар жердің шешімін көргенде жүрегім жарыла қуанды.
57

22.04.2005ж.

Азамат Б.Жұмасаевтың «Асауан-Ата» тарихи Ескерткіш кесенесін салу үшін жер бөлу өтініші туралы
Азамат Жұмасаев Бейшен Алашбайұлының өтінішін және 2005 жыл 6 сәуір күнгі жер учаскесін таңдау актісін қарап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы №1313 Қаулысымен бекітілген «Жаңа нысандардың құрылысын жүргізу және өзгерістер енгізу ережелерін негізге ала отырып

ШЕШІМ ЕТЕМІН:

  1. Азамат Б.Жұмасаевқа Төле би ауылдық округіне қарасты Төле би – Шу автожолы бойынан «Асауан-Ата» кесенесін салу және оны көгеріштендіру аймағын орналастыру үшін алаңы 1 га. жер учаскесін таңдау актісі алдын-ала келісілсін.

  2. Аудан әкімдігі қала құрылысы және құрылыс бөлімінің меңгерушісі С.Нұрбековке «Асауан-Ата» кесенесі жобасына сәулеттік жобалау тапсырмасын дайындап беру ұсынылсын.

  3. Тапсырыс беруші кесене жобасын дайындап оны келісім алуға аудандық бас сәулетшісіне ұсынсын.

  4. Азамат Д.Сайлаубековке Төле би ауылдық округінің Әкімінің 2001 жыл 3 наурыз күнгі Төле би-Шу автожолы бойынан жалдау шартымен 5 жыл уақытша мерзімге «Асауан-Ата» кесенесін аумағымен орналастыру үшін жалпы көлемі 1,0 га. Жер пайдалану құқығы туралы №200 шешімінің күші жойылсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет