Төле би ауылдың
округінің Әкімі: Б.Өксікбаев
2004 жылдың тамыз айынан басталған әулиенің құрылысы қар жауғанша қабырғасы көтерілді. 2005 жылдың көктемінде қайта қолға алынды. Науатхан мырза күйеу баласы Ержанның атынан Тараз қаласынан «Асауан» құрылыс фирмасын ашты. Оны тендерден өтіп, адам алып, Сарышаған станциясына жүріп кетті. Ол кезде оларда Камазы, көк рафик, 31 волгасы бар еді. Жинаған көп жігіттерді алып кетті де әулиеде қалған Мойынқұмнан келген Арқабай, Мұрат, Елдос, Шаяннан келген Жанайдар, Науатханның екі жиені Әзілхан мен Ұлықбек қалды. Ала жаздай күзде және қар түскенше жігіттер жұмыс істеді. Бірақ айлықтарын ала алмады. Бір күні жазда Науатханның Таразда тұратын Айқожа деген досы баласымен келді. Киіз үйде отырып Айқожаның айтқаны:
- Нәке, мына машинаны (Мерседес-260) сізге сыйлаймын. Үйде бала-шағамен отырып, солай шештік,-деп көліктің кілтін, құжаттарын қолына берді. Біз құттықтадық. Гуля шай ішіп отырып, арам ойы жоқ:
- Әруақ, құдай қолдап құдай қаласа самолет мініңдер, - деп еді. Сол-ақ екен, Науатхан іліп алып жөнеле кетті.
Оң жақта Науатхан
- Біз не ақша, дүние қуалап отыр дейсің бе? Біз Алла ризалығы үшін бабаның кесенесін бітірсек деп жатырмыз. Қайдағы самолет?-деп Науатхан шала бүлінді.
- Онда тұрған не бар? Жақсы тілек айтқанымызға жазықтымыз ба?-деп Гуля ызаланып киіз үйдің ішінен шығып кетті. Біраз отырған соң Науатханның айтқаны:
- Бейсеке, мына машина осы жерде тұрады, бабаның кесенесін бітірген адамға береміз,-деп кілті мен құжаттарын беріп кетті. Содан 3-4 күннен кейін бір жігіттер келе сала машинаның асты-үстін қарап жатты. Бұнысы несі деп жақындап барып:
- Бұл сатылмайды, әулиені көтеріп жатқан жігіттер келіп бұны тігіп отыр. Бітірген адам алады деді. Сонда да күніне 3-4 адамнан келіп машинаны көріп жүрді. Бір аптадан кейін Науатхан машинаны айдап алып кетті. Неге әкеліп қойды, неге алып кетті? Айтқандары анау, істегендері мынау. Гуля тас-талқан болды.
- Еркек емес қатындар. Әнеугүні ақша, дүние керек емес дегені осы ма? Показуха, өздерінше «Шымкентский варианты» ғой. Осыдан келсін көздерін ойып, талқанын шығарамын, - деді. Әрең дегенде басып:
Тоқтап қалған кесене. 2005 ж.
- Неғыласың? Өздеріне-өздері істеп жатыр. Қойшы, - деп жатып қойдырдым. Әйтеуір жаздай жігіттер жұмыс істеп сыртын Бұқараның кірпішімен қаптап жатты. Басы таудай қылып бастаған арты сұйыла бастады. Анау жоқ, мынау жоқ дегендері көбейді. Жігіттер кірпіш біткенше жұмыс істеді. Кірпіш те бітті, жұмыстары да тоқтады. Тоқтап тұрғалы екі жылдан асты. Айналып келгенде, жігіттердің келешекке қойған мақсаттары керемет еді. Бірақ, ол аспады. Мейлі ғой, бірақ айтсаң жамандағандай боласың.
Жалғанда киген киім ішкен тағам,
Болмайды еңбек етсең еш те арам.
Біл бірақ, одан өзге мақсат көздеп,
Өмірің өкінішпен өтсе жаман.
Осыны Нәкеңнің арқасында ақша ала алмай кеткен жігіттердің өздері де әке-шешелері де қайта-қайта келіп:
- Алланың жолында отырмыз дейсіңдер. Бірің әулие күтіп отырмын дейсіңдер. Сондағы біздің балаларымыздың ақ адал, маңдай тері, еңбегі қайда?
Арқабай, Мұрат, Ғалымжан, Жанайдар, Еркебулан, Әділ, Ұлығбек.
(Солдан оңға қарай) 2005ж.
Саламат деген баланың шешесі келіп Саламатты жұмысқа мен алғандай айлығын мен бермей қойғандай неше түрлі сөз айтып, қарғап сілеп кететін. Ашынғаннан адам не демейді? Біз оған ренжіген жоқпыз. Нәкеңе айтып едім:
- Бейсеке, онда сіздің шаруаңыз болмасын. Маған жіберіңіз, өзім жауап беремін, - деді. Нәкеңе барып қайтып маған келеді. Мазамызды алғаннан кейін Гуля ашуланып отырып айтқаны:
- Бірінші Асылбек пен Даниярдан көріп едік, енді мыналардың жыры бітпеді. Әруақ-құдай деп жылағанда көздерінен қан ағады, бәле болды ғой, - деп қолына қағаз қалам алып, аудан редакциясына хат жазды. Редакцияға апарып беріп, тіркетіп олар қабылдап алды. Ертеңгі күні анау-мынау сөз болмасын деп, дәлелге біраз қағаздардың көшірмесін редакцияға тастап кетті. Бір аптадан кейін хаты «Шындыққа жүгінсек» деген атпен 27.01.2007ж. шықты.
«Шындыққа жүгінсек...»
Құрметті Шу өңірінің тұрғындары, Сіздерге айтар және ойландыратын бір мәселе бар. Жамбыл облысы бойынша ең үлкен әудие болып саналатын біздің Төле би маңындағы салынып жатқан Асауан сахаба бабамыздың кесенесі. Көп ел зиярат етіп келгене қоятын сұрақтарының бірі «Әулие кесенесі неге бітпей тұр?» деген сұрақ. Бітпей тұрған себебі о баста-ақ алғашқы ашылған кезде «Мен көргенмін, мен білемін» деп Өткелбаев Асылбек Ташмағанбетұлы біреудің ақ адал еңбегіне қол сұғып, иемденген болатын. Кейіннен келген Сайлаубеков Данияр: «Жамбыл телерадиокомпаниясында жұмыс істеймін. «Әруақ қоғамының» басқарушысы боламын, осы әулиеге қол ұшымды беремін» деп «Асауан сахаба» атынан қор ашып, жиналған қаржыны өзара бөліске түсіріп, өздері үйлі-жайлы болды. Онымен қоймай 9.10.2003ж. әулиеде отырған шырақшының үстінен аудан прокурорына жалған арыз жазып, Данияр мен Асылбекке қосылып біздің Шу ауданының тәуіп-емшілері, моладалары Сәуле, Оразкүл, Нұрсұлу, Ақан және тараздық Жанар дегендер «Әулиеде жын ойнақ, үйсіз-күйсіз құмалақшыларды түнетеді» - деген өсек сөз таратқаны былай тұрсын, өздері әулиеге келгенде ұрыс-керіс шығарып, талайды тебірентіп кеткен күндері болды.
2004 жылдың тамыз айында шымкенттік кәсіпкер Рысқұлов Науатхан «Мен аяндық көрдім. Бейсен баламның жалғыз шамасы келмей жатыр. Қол ұшыңды бере көр» деп еді. Сол кезден бастап фундаменті құйылып, қар жаумай тұрып, Бұқараның қаптайтын кірпіші түсті. Бұл жігіттер «Асауан сахаба» атты құрылыс фирмасын ашып, тендерден өтіп, Сары-Шыған стансасында капремонт өткізді. Әулиенің кесенесін көтеріп жатқан он балаға бітіргендердің мына машинаны аласыңдар деп «Мерседес-260» көлігін ортаға қойып еді. Науатхан көп ұзамай уәдесінде тұрмай, оны сатып жіберіп, басқа ақ «Ауди» алып мінді. Айлық орнына ол көлікті Науатхан екі жиені Әзімхан мен Ұлықбекке берді де, қалғандарына ешнәрсе берген жоқ. Айлықсыз, ақ адал еңбегіне бір тиын ала алмай ауылдарына кетті. Екі жыл болды әулиенің есігін тоздырған Мұрат, Арқабай, Елдос, Жанайдар, марқұм болып кеткен Әділхан Нәкеңнің өтірік сөздеріне ренжіп: «Намаз, құран оқып жүріп, әруақ-құдай деп жылағанда көздерінен қан ағады. Осылар мынандай істеп отырғанда, басқалары не істемейді» деген еді. Ендігі неше түрлі сөз айтып әулиенің атын жамылып, біреуі үй салатын едім деп ПМС-тан шпалдар алып, үйіне қоражай салып, бірі ақшалы, дүниелі болып жатты.
Ал шын мәнінде әулиеге келген нәрсені халыққа жариялап отыру шын мұсылман парызы. «Көп түкірсе – көл» деген. Қарапайым халық шамасы келгендерін беріп, құран оқытып, Алладан тілек тілеп, ата-бабаларына бата жасауда.
Қазір заман жаман емес, адамдар арасында ниеті бұзық, қиянат жасауға жақындардың кездесуі қынжылтады.
Құрметті бауырлар! Ауданымызда жаңадан Қазақстан Республикасы «Асауан ата» жекеменшік қайырымдылық қоры ашылды. Есепшот мен34 Шу қаласындағы Халық банкісінде.
Қазақстан Халық Банкі.
Е/ш 002700 ІІІ БИК 191401624
КБЕ 19 РНН 211100212348.
Мекен-жайымыз: Шу қаласы, Панфилов көшесі, 19/1.
Келешекте әулие мазараты соғылып біткеннен кейін мешіт салынып, тастанды жетім балаларды бағып, имандылыққа тәрбиелесек деген ойымыз бар.
Төле би ауылы. Гүлбадан Дәмебайқызы
Бұдан кейін 10 күннен кейін ақпан айының 7.02.2007ж. «Шындыққа жүгінсек жүгінейік» деген Асылбектің өз-өзін ақтап жазған жалған хаты шықты.
«Шындыққа жүгінсек жүгінейік...»
Мен 1999 жылы жаз айында қатты ауырып емші Жұмасаев Бейсен Алашбайұлына бардым. Ол Панфилов көшесіндегі №19/1 үйде тұрады екен. Содан таныс болдық. Бір күні Бейсен: «Менің ата-бабамнан қалған мөр бар» деді. Бірақ ол «Алға» ауылында екен. Содан біз сол үйге бардық. Үйдің иесі мөрді көрсетті.
Мен де түсімде аян бергенін әңгімеледім. 1999 жылы мамыр айында түс көрдім. Түсімде Төле би ауылы мен Шу қаласының екі ортасында жол үстінде құбылаға қарап тұр екенмін. Көргенім «Асауан» мазараты еді. Мен болсам бұл кімнің мазараты дедім. Сол кезде көз алдыма алтынды жазбаша көрінді. Жазбаның ішінде «Асауан» жазуы да бар екен. Мен ол кісіні көрмесем де даусын естідім. «Мен сахабамын» деді. Мен орнымнан тұрып мазараттың белгісінің қай жерде тұратынын салдым. Бір апта өткеннен кейін мені тағы да мазалап: «Сол жерге тез арада құдайы бересің» - деп әмір етті. «Бесігімді» көтергенде жеті адам қалады деді.
Мен мұны Бейсенге (қасыбірде Бейшен) айттым, құдайы таратайық дедім.
1999 жылы 13 шілдеде, жұма күні, сол жерде мал сойылды. Бұған имамдар да қатысты. Имамдарға мен көрген түсімді айтып бердім, әрі бұдан әрмен не істеймін дедім. Олар болса құран оқып тұруға кеңес берді. Сол жерде мазараттың тұрғызылатын жерін көрсеттім, олар да құран оқып, қол жайды. Сөйтіп соның басында жүген ер адамдармен бірге топырағын көтердік. Сол, жерде менің құлағыма тағы да сол дауыс қайтадан келді. Сол дауыс менің атымды атап: «Асылбек, жетеуің жеті жерден топырақ ал, бесігімнің үстіне тастаңдар. Үш күн шырақ жағасыңдар» - деп әмір етті.
Сол күннен бастап мұнда жұрт келе бастады. Халық көп жиналған сайын әкімшілік пен прокуратура мені де мазалай бастады. «Неге жолдың қасына саласыңдар, саған кім рұқсат берді?» - деді. Көрген аянымды өтірікке балап, өзімді жындыханаға, ауруханаға жібереміз деп оғаш мінез көрсетті. Оның басына барсаң қамауға алынасың. Құранды үйде отырып оқы деді.
Бірақ жұрт әулиенің басына барғанын қоймады. Бейсен солардың ішінде болды. Содан бері ол жерден бас тартып, үйде отырсам да маған тыныштық беретін түрі жоқ. Менің қандай кінәм бар? Онда отыратындай жағдайым жаман емес, өз тіршілігім өзіме жетеді. Тіпті осының барысында милиция қатарынан шығарылып, жұмысымнан айырылдым.
Ал енді Бейсенге келсек оның тіршілігі адамгершілікке жатпайды. Ол әулиенің басын жын-шайтанға айналдырып отыр. Айтқанының бәрі өтірік, істеген тіршілігі қызойнақ, әулиенің атын былғап, ойына келгенін істеп отыр. Мұндай адамдар халыққа қалай сенім беріп, ақыл айтады. Неге әкімшілік мұны қолға алмайды? Мұндай бұзақыларды елдің ортасынан аластау керек.
Хадисте айтылғандай, кімде-кім Алла тағаланың көрсетпеген аянын көрдім десе. Мұхамбет пайғамбарымыздың айтпағанын айтты десе ондай адамды ана дүниеде Алла тағала темір пештің үстіне отырғызып, қинайды екен. Сол себептен адам баласы нені айтса да жақсылап ойлануы керек. Әулиенің басы таза болғаны жөн.
Асылбек Өткелбаев,
Төле би ауылы.
Редакцияан: екі адам белгілі бір уәжге тоқтай алмай пікір таластырса, газетте бірінің сөзін жариялап, екіншісінің сөзін жарияламау әділеттілікке қиянат. Мұны айтып отырған себебіміз, газетіміздің 2007 жылғы 27 қаңтардағы санында Төле би ауылының тұрғыны Гүлбадан Дәмебайқызының «Редакцияға хат» деген айдармен «Шындыққа жүгінсек» деген шағым мақаласын жариялаған болатынбыз. Мәселенің мәнісі – тағы да Асауан сахаба және оның мазары жайында. Дегенмен осы шағым мақалаға да қарсы дау айтушылар лезде табылды. Ол Төле би ауылының тұрғыны Асылбек Өткелбаев және басқалар. Біз бүгін сол алғашқы жарияланымға қарымта ретінде Асылбек Өткелбаевтың «Шындыққа жүгінсек жүгінейік» деген мақаласын оқырман назарына ұсына отырып, екі арадағы дауға нүкте қоймақпыз. Өйткені Асауан сахаба және оның мазары жайындағы даудың өрбігені бір бұл ғана емес. Ендігі мәслені заң орындары шешеді, өйткені газет бұған тиянақты төрелік айта алмайды.
Гуля редакцияға барып бас редакторға жолықты.
- Аға, бұларыңыз не? Мен шындықты жазғанымда мыналарыңыздың қандай дәлелі бар еді? Осы «жын-ойнақтан» құтылмай-ақ қойдық,-деп ренжіді.
- Қарағым, қарындасым. Бізді де түсініңіз. Біздің де жеп отырған нанымыз ғой. Асылбектің әйелі Ләззат келіп менің нағашым президент канцеляриясының бастығы Қасымбеков Махмұд деген. Сендер неге мынаны шығартасыңдар деп заманақыр орнатып кетті. Сіз мені тура түсініңіз. Газет дегеніміз трибуна. Әркім өз пікірін, ойын айтады. Сіз келіп, шындық деп отырсыз. Ал енді Асылбек келіп өз пікірін айтты. Енді қалғанын сот шешеді. Жағдай солай, - депті. Бас редакторлар шығып бара жатқанда редакция жұмысшылары кездесіп:
- Міне іздеп жүген адамыңыз келді, - депті Шоқалақов.
- Аға, не болды --деп сұрапты Гуля. Ашық тұрған есікке кірсе стол үстінде 2004 жылғы «Шапағат шипа іздеп келеді» деген «Шу өңірі» газеті жатыр екен.
- Сіздің документтеріңіз бар ма, удостоверение дегендей,-деп сұраған.
- Бар аға, не болды соншама?-деп күліп сұрапты.
- Ойпырмай, қарындасым-ай. Асылбектің әйелі Ләззат осында келіп шығарған айқай-шуды көрсең, масқара. Сіз туралы неше түрлі сөз айтып еді. Ол қатын «көк бет, долы» деп еді. Оның қасында шаңына да ілесе алмайды екенсің. Содан Асылбек:
- Ондай адам жоқ, өліп қалған. 40 жыл болды өлгеніне,-деді. Мен оған:
- Өлмей-ақ тірі, өз аяғымен келіп, хатты әкеп берген. Тірі, бұрында да ол кісінің хатын газетке жазғанбыз,-десем болмайды. Екеуінің қасында жіңішке қара келіншек Оразкүл деген тәуіп екен. Ол дегеніңіз қиқылдап, Асылбектің сөзін сөйлеп мына жерде масқара болдық. Ләззат деген:
- Нағашыма айтам, сендерді қырамын, жоямын деп ол шықты- депті Шоқалақов:
- Аға, мен бір нәрсені түсінбедім. Неге Асылбектің өтірігін шығаруға жол бердіңіздер,- депті Гуля. Оған Шоқалақовтың қасында отырған Тампылбай деген кісі айтыпты:
- Асылбек келіп менің балам мектептен жылап келді. Класында балалар күлді, келекетті, сенің папаң сондай ма еді?-деп.
Гуля айтыпты:
- Асылбектің баласы бала екен, ал біздікі қолдан жасалған ба еді, біздің балалар бұрын күніге жылайтын. Бейсеннің балалары шешесі тастап кеткенде күніге сабақтан жылап келетін. Асылбектің баласы жылады деп барлықтарың соншама кеп қолпаштайсыңдар. Не крышасы бар деп оның өтірігі жүріп жатады, ал біздікі ше? Біз не адам емеспіз бе? Өліп қалмасам жетемін сол Қасымбековке- деп ашуланып зығырғаным қайнап кетті деп келді.
Құзғын неге жүз жасайды, әділет қайда жалғанда,
Сүйкімді құс, дос қарлығаш, бір күн жасап арманда.
Келе сала Гуля ген.прокуратураға жазды. Одан ол жақ облыс, облыс ауданға жіберді. Содан аудан прокуратурасынан тергеуші келді. Негізі авторитеті бар, жұмысына адал, қарапайым, кішіпейіл адамгершілігі мол , әділдікті жақсы көреді, иманды деген Қуанышбек Қартаңбайұлы біраз сұрақ алып оның айтқаны:
- Тәте, сіздің жазған арызыңызбен Асылбекке барып едім. Қиын адам екен. Сіз емес, маған күйесін жаққысы келеді. Оның кеудесі деген Алатаудай, менің анауым бар, менің мынауым бар тіреп тұрған дегені көп. Тәте неғыласыз, сотқа моральный ,материальный ущербке беріңіз. Сот алып береді,-деді Қуанышбек.
- Бауырым, мен ақша дүние іздеп отырғаным жоқ, Данияр мен Асылбектің жын-ойнақ, қыз-ойнақтан әулие басын тазалап беріңдер, - деді Гуля.
- Оны ол қалай дәлелдейді. Ол үшін факті керек.
Ондай нәрсе жоқ. Ауызша айтылған ол дәлел емес. Егер де ұстап алғанның өзінде видеотаспасы болуы керек. Ол маған да айтты дәлелдеймін деп. Шын мәнінде маман ретінде айтатыным Асылбектің басы қақпай қалған. Кіммен қалай сөйлесу керек екенін білмейді.
Сонымен Гуля екеуімізден түсініктеме жаздырып алып кетті. Сол күндері інім Еділ келіп Гуляға айтты:
- Сіз қойыңызшы, Асылбек деген ол ит. Ит те болса Гүлмираның нағашысы. Қойыңызшы, осы ел-жұрттан ұят екен. Мен үшін қойыңызшы,- деп еді.
- Мақұл, қойсам қояйын. Қой деп қалыпсың, осы жерден тоқтайын,- деді Гуля.
Бір күні Гуля БТИ-ға барып келе жатып базар ішінде Асылбек кездесіп қалыпты.
- Гуля, өлсең өліп кет! Дегенім деген, бақ десең де шақ десең де менікі болады!
- Көреміз бір асқынның, бір тосқыны бар, - депті Гуля.
Келді де:
- Ал енді ешкім маған тоқтай ғой, қой деп айтушы болмаңдар. Алла өмір берсін. Өліп қалмасам жетемін, - деді.
Қайта обл.прокуратураға Төлегенов Қ.Д. мырзадан келген 16.06.2007ж №7/15-07, одан ген.прокуратурадан Баринова А.Н. 30.05.07ж №9/461-07 , Ген. Прокуратура Департамент бастығынын орынбасары Нұрпейсов С. мырзадан 20.08.07ж № 7/559-07 ,Шу -ауданаралық прокуроры М.М.Әбдеков 30.04.07ж №7р7 , Нұр-Отан ХДП № 583 от 16.08.07г. зам. С.Громов мырзадан.,одан кейін Президент кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков мырзаға , Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Тұрсынов мырзадан келген жауптары бар.
Төле би ауылының тұрғыны
Спатаева Гүлбадам ханымға
Сіз 2007 жылғы 20 тамызда аудан әкімі Б.Ж.Қарашолақовтың қабылдауында болып, жеке мәселеңіз жайлы кездескен көрінесіз. Қабылдауда аудандық «Шу өңірі» (07.02.2007ж.) газетінде жарияланған «Шындыққа жүгінсек» атты мақаланы теріске шығаруға аудан басшысынан көмек сұрағаныңызды білдік. Осы мақаланың авторы Асылбек Өткелбаевпен арнайы жолыққанымызда: «Шындықты жазып отырмын. Оны дәлелдей аламын. Менің мақаламды теріске шығаруға келіспеймін» - деп нақты жауап берді.
Осындай негізге байланысты Сіздің аудан әкіміне айтқан талап-тілегіңіз бақылаудан алынатындығын хабарлаймын.
Ізгі ниетпен,
Шу аудандық баспасының
бас редакторы А.Қосақов
Сөйтіп, бір күні түстен кейін телефонмен біреумен жарты сағаттай сөйлесті. Сөйтсем Қасымбеков Махмұдпен сөйлесіпті. Ол кісінің көмек беремін дегенін айтып қуанды. «Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» деген Асылбек бір келгенінде қайынағам Махмұд тұрғанда, бауырым Қалмырзаев тұрғанда қолыңнан ешнәрсе келе қоймас деп еді. Сол айтқаны дұрыс та шығар. Асылбектің сенгені Астанада, біреусі Президенттің оң қолы, біреуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп жатыр. Астанада ол кісілер отырғанда мына ауданымыздағы әкім аппараты не істейді? Барлығы жабылып жатып бір Асылбекке шамасы келмеді. Орыста айтқан: «Не трогай гавно, три года вонять будет» деп. Ал Асылбектің сасып-бықсып келгелі 7 жылдан асып барады. Сөзінде тұрмаған еркек еркек емес, біздің де адамымыз бар айтатын. Бірақ, айтуға намыс көрдік. Өз тіршілігіміз өзімізде, өз проблемамызды өзіміз шешуге тырысамыз. Өмір деген күрес. Қандай қиыншылық болмасын соны жеңе білу керек, төзімділік,сабырлық керек. Өз басым осы Алланың ақ жолына түскелі бері, осы әулие ашылғалы бері титтей де болса нәрсесі қиыншылықпен келе жатыр. Имамдарымыз қарсы. Тәуіптеріміз отыр, неше түрлі амал жасап. Әулиенің суын алдырып, оған дем салдырып, оқытып, осы судың арқасында талайы авторитет жинап отыр. Әкімшілік тарапы отыр «былай барса арба сынады, былай барса өгіз өледі». Бізден гөрі, дипломы бар деп имамдарға сенеді.
Мен жазушы емеспін, бірақ та осы әулиеде болған, бастан кешкен оқиғаларды жүзден бірін ғана оқырман алдына жайып салып отырған себебім осы. Қазақ атам айтқан, «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деп. Рас, бірі ақша дүниесіне сеніп отырса, бірі орнына сеніп отыр. Ал біреулер тіреп тұрған дөкейлеріне сеніп отыр. Ал менде бір Алла, бір әруақ. Осы жерде жатқан әулиенің арқасы. Әйтпесе мен кіммін? Ел сияқты ақшам да жоқ, дүнием де жоқ бар байлығым - осы балаларым.
Екінші халықтың арқасы, сіздердің арқаларыңыз. Бірі келіп ұрсып жатса, бірі рақмет айтып жатыр. Бірі келіп тырнақ астынан бәле іздесе, екіншісі батасын беріп жатыр. Бес саусақ бірдей емес.
Осынау қиын өмірден өнеге ал, кел, үйрен,
Сонда ғана өзіңнен зұлымдық әркез жеңілген.
Біреулер айтар:
- Не, әулиеге жамандар ғана келген бе? - деп.
-Жоқ! Әулие кесенесі көтеріле бастағанда Ұрқия деген тәуіп қызымыз өзінің шәкірттеріне айтып, фундаментіне көмек берді. Ақсүйек Қожаның қызы емес пе жөн-жосықты білетін. Кейін үйі көтерілгенде, «басымыз ауырып, балтырымыз сыздағанда» ұялмай келіп жатсақ деп құдайы мал беріп, қол ұшын берген.
Шолпан деген қызымыз бауырларымен, қайын-жұртымен келіп, бір күн кешке дейін қол еңбегімен көмек берді.
Ауылда сыйласып жүрген бір жігіттер 3-4 мәрте келіп «асар» жасап кетті.
Тоғайдағы Майра, Алтын, Сәуле қыздарымыз келіп, көшеде көрсе қағып кететіндерді бабаның басына әкеліп, бастарын иіп талайдың кеудесіне нан пісіп жүргендердің не бар сол жерде деп айтқандардың осы әулиеге әкеліп әруақ құдайдың бар екенін танытты.
Басқа Шу өңірінде тұратын қызметтегі жігіттер де аз емес, қол ұшын беріп көмек берген. Бірақ, атын атап, айтқанға сескенеміз. Себебі бұрында да көмек бергендер жұмыстарына кедергі болды. Сол себептен аттарын атамауға шештік. Оларға Алланың нұры жаусын! Әулие-әмбиелер қолдап бала-шағасының қызығын көрсін деп, бата бергеннен басқа қолымнан келер ешнәрсе жоқ! Сондай ақ ниетті, жүрегінде иманы бар ұл-қыздарымыз көбейе берсе екен деп Алладан тілек тілеймін.
Бұрында да Данияр прокуратураға арызданып ІІБ бізді тексеріп жатқанда Ермекбаев Талғаттан Даниярдың арызының көшірмесін сұрап ала алмадық, бермей қойды. Сол кезде қол ұшын берген Шалқар деген жігітті көп ұзамай анашамен ұстатып, жұмыстан шығарылды.
Осы әулиеде вагон сыртын кірпішпен қаптап берген, пешін салып берген Ахай деген, ол да анашамен сотталды.
Ахай бауырларымен құдайы бергенде. 2002ж.
Үй салуға, көмек беріп жүрген Мыңаралдық Нұржан деген үй бітіп, кешке маған айтпай шығып кетті. Сол күні ол да анашамен ұсталып кетті.
Алғашқы жылдары Бекбасовтар әулиеті көп келетін. Қалтай майор званиесін алғанда осында құдайы мал берген еді. Ол да кейін анашамен ұсталып кетті.
Қарап отырсаң көп адамдар жақсы болып, осы әулиенің қолдауымен күшін ала бергенде анашасы бар пара алды деп көп ұл-қыздарға қызметтеріне кедергі болды. Осындай жағдайлардан кейін қазіргі көмек қол ұшын беріп отырғандарды атын атауға қорқамыз. Себебі қолдарында ақша дүниесі барлар көреалмаушылықтың арқасында не істемейді дейсіз?
Ал тәуіп қыздарымызды айтып отырған себебіміз бұл қыздар тәуелсіз Алла, әруақ деген соң намаз құраны бар анша-мұнша нәрсе пәле жоламайды.
Осы 16 қарашада Шу өзені жағасында «Нұрбұлақтың» ашылуына бардық. Таспаға түсіріп алдық.. «Нұрбұлақ» туралы айтарым мынау: егемендік алғалы бері президентіміздің өзі әруақ деп Бәйдібек бабамыздың, Домалақ анамыздың, 10 ата, 8 аналарымызға қойған белгілері ба. Ал біздің қасиетті Шу өңірінде әулие жоқ деуге бола ма? Ендігі Өмірбек Байгелдиев мырза «тарихта бар» дегенге сүйеніп отыр. Осы әулиелі жер деп жиналған халық ішінде Шу ауданымыздың бас имамы Аят мырза мен Шу қаласының бас имамы Әбдірасыл мырза болған жоқ. Сондағы халықтың күбірлеп сөз қылып жатқаны:
- Бұлары несі? Халықпен бірге болу керек, - деді бір егделеу кісі.
- «Шірік» деп келмеген ғой, - деді екіншісі.
- Бір Алла біледі, ешкі мен қой бірге жатады. Әркім өз кінәсін өзі тартады.
Соған қарағанда бұл да дұрыс шығар. Осы өткен-кеткен жайттарды ортаға салып, халық, көпшілік өзі таразылайды. Ақ-қарасын заң шешіп бермесе де, халқым, елім, жұртым аман болсын, әруақ құдай өзі таразылап жатар.
Әрине алдын-ала «Шу өңірі» газетіне жасап. Бір ауыз сөз- ақ екен сонау ауыл сыртына Шу өзенінін табанында Комхоз «Нұрбұлақ» кешенін салып, Байгелді мырзанын указаниесі деп техника бөлініп, жұмысшылар бөлінген. Ал енді сол кешеннін ашылу салтанатына халықты тегін автопарктен автобустар бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: |