Жұмасаев Бейсен Алашбайұлы Бұл кітапты Алла ризалығы үшін әкем Алашбай анам Торғай Рухтарына арнаймын



бет6/6
Дата15.06.2016
өлшемі3.28 Mb.
#137044
1   2   3   4   5   6

02.03.2000ж.
Мен Аллабергенова Фарида осы жерде некемізді қиып берді жұбайым Батырбаймен. Он екі жылдан кейін неке суын ішіп, үш баламның жолын аштық деп ойлаймын. Біздерге себепші Бейсен аға. Біз бұл кісіге ризамыз.

15.06.2000ж.

* * *

Бисмилләһир – рахманир – рахим

Біз, Тараз қаласының тұрғындары, бір топ мешіт қызметкерлері және медресе түлектері Аллаһу тәғәләнің ықпалымен Асауан сахабаның мазаратын зиярат еттік.

Алған әсерлерімізде шек жоқ, бабаның көптеген қасиеттері туралы тыңдағандарымыз өз алдына, көзбен көргендерімізді айтып жеткізе алмаймыз!

Жерлеріңде осындай қасиетті әруақ иесі бар Сіздер қандай бақыттысыздар, бабаға зиярат етуге келіп керемет әсерленіп қайтқан Біздер қандай бақыттымыз!

Бұл жерден шын ниетімен іздеген адамға дертіне дауа, жанына жеңілдік табары ақиқат.

Аян арқылы халық игілігіне қызмет етіп жүрген бауырларымыздың жанқияр еңбектерін көру үшін көз керек, асқан сезімталдық, Аллаға деген шын сенім керек!

Бәрімізге Алла жар болып Асауан бабамыздың рухына игілік етіп, бабамыздың рухына игілік етіп, бабамыздың рухының Біздер үшін қайыр дұға жүруін нәсіп қылсын! Әмин!

Медетбек

Шәбденбекұлы, Серік Садықұлы

Данияр Сайлаубекұлы

Алла разылығы үшін мен Данияр Сайлаубекұлы ЖОТРК-да режиссер болып жұмыс істеймін Асауан бабамның әруағына қызмет етемін.

2.03.2000ж.

Жамбыл Теле Дидарының

«Әруақ қоғамы».
* * *

Биссимила рахман рахим

Мен Орынбасардың әкпесі Ахметова Әуескүл Есімқызы. Мен әруақ қуалап ауырып жүргеніме міне 4 жыл болды. Біздің үлкен аталарымыз: «Қамысстрой» деген жерде екен. Бір жылы келгенбіз. Міне биыл да сол атамыздың бейітіне деп келіп едім. Ертең барамыз деген күні маған құдай аян берді. Ұзын жол тап-таза төңірегінде талдар. Жолдың бер жағында шляпа киген кісі. Содан ағам мен жеңгем осы атаның басына әкелді. Сонда осы жерге келсем, түсімде көрген кісім осы жерде екен.

Я, Алла! Айналайын құдайым осы атамыздың әруағы қолдап, қоршап жүрсін. Әр уақытта осы атаға келіп бас иіп тұрамын.

Тұрар Рысұлов

ауданы

Құлан ауылы

Ахметовтер әулеті
Мен Орынбасар Есімұлы құдай итеріп осы Асауан сахаба бейітіне ниет қылып келдім. Әрдайым Атаның әруағы қолдан жүрсін. Құдайдан тілеген нәресте берсе екен. Міні енді бүгін бата алып қайтамыз.

Ниетім қабыл болды.

Атаның әруағы қабыл болсын.

Жұмағұл тегі

Құлан ауылы
* * *

Бейсен атадай қазақта ақсақал көбейе берсе екен. «Ақылды қария, ағынды дария» деп халық осында адамды айтса керекті.

Тілек етіп, ниет қылушылар: отбасы Зиябек, зайыбы Гүлшат, қыздар Аружан.

13.07.2002ж.

* * *

Біз Әбу-Бәкір әулеті Алматыдан келіп отырмыз.

Алладан тілек тілеп, ниет етіп ұлымызға шипасын берсе екен дейміз.

Әулие атамыздың әруағы қолдасын!

Сіздерге Алла қуат берсін!

Алланың нұры жаусын!

Алла жар болсын,

Жақсылық тек Алладан болсын!

Келген мұсылман қауымның да келген аяғы сауаптан болып, құт-береке дарып, Атамыздың жұлдызы жанып, батасын Алла қабыл еткей!
Әбуевтер әулеті;

Алматы қаласы.

Улбала апа Ергебай

Әмина апа Күміс

Нұрбол; Сәби. Әділ

03.03.2002ж.

* * *

Бісімилла рахмани рахим

Алла атымен сөз бастайын

Тәу етіп келіп қондық осы үйге,

Санама кеттім таза ойды түйген.

Құрметтеп келдік баба басыңызға,

Ақындық ақ жүрекпен басымды ием.
Тілегім осы үйге мол бақ кірсін,

Пенделер шын тілегін жолдай жүрсін.

Асауан Сахаба-дай киелі әруақ,

Бейсен аға өзіңді қолдап жүрсін.
Қауыштым сәл ұмытқан дінімменен,

Арнадым шашуымды жырымменен.

Жеңілденіп мен үйге қайтып барам,

Төгілген шын мейірім нұрыменен.
Табылып қазақтың бір азаматы,

Аянбай болса беріп қаражатты.

Езілген кірпіштерді лақтырып

Өрсе ғой қыш кірпішпен мазаратты

Бабамыз орнынан бір аунап түссе,

Тиер-ау бәрімізге салауаты.
Әміржаннан Серік Жүнісханұлы

14.04.2002ж.

* * *

Асауан сахаба асына

Есітіп ас беру хабарды,

Ақын жан жүрегі ағарды.

Шырақшы ақсақал алғы хат,

Қабылда ақыннан жоралғы.

Шу бойы тас жолмен таласқан,

Алланың жері де, ала аспан.

Бұл тілек әр жанға ұялар,

Жамағат, оқырман, жарасқан.

Ғасырлар өтуде толқытар,

Кейінгі өткені олқы, тар.

Қандастар бастадық жаңасын,

Теңіздей толқыны қалқытар.

Дозақтай еді ғой өткені,

Жақсылық жаңасы жеткені.

Соғыстан, аштықтан құтылдық,

Кетпесін қуаныш келгені.

Тартты ма дәм-тұзы әруақтың,

Келіпті жандары жан-жақтың.

Арқадан кеп қалдым ағайын,

Әруақтың сауабын алмақпын.

Асауан сахаба, әулие,

Осы ас біздерге тәрбие.

Ұрпағы ақсақал Бейсенқұл,

Өткізген сауапты жан ие.

Уа, әруақ жайланған жанатта,

Пейіште бөленген рахатқа.

Кейінгі жастарың аман боп,

Жүрсе екен парызы салмақты.

Сұраймын соларды жылатпа,

Мезгілсіз сұлатып, құлатпа.

Елімнің тамыры бекісін,

Жастарды жеткізші мұратқа.

Шырақшы аман бол, бақ қонсын,

Қыздарың пәк болып, ұлыңа тақ қонсын.

Осынау жиналған жамағат,

Тілеуі, тілегі ақ болсын.

Қарағандылық Асқартегі

Тайтөлеу Жылқыбайұлы

05.06.2002ж.

* * *

Бісімилла рахмани рахим

Мен Асауан-бабамыздың басына бір рет келгеннен кейін жеңілденіп қайттым.Өстіп елдің жүрегін жылытып отырған, Бабамыздың-әруағын сыйлап, шырағын өшірмей отырған Бейсен ағамызға нұр үстіне нұр жаусын демекпін.

Бабамыздың жатқан жері жаннәтті, төрі пейіш, Алладан-Рахым Пайғамбардан шапағат болсын.

Бабаға бас иген мұсылмандардың бәрінің тілектері қабыл болғай. Аминь.

Қызыңыз Іңкәр. 17.04.2002ж.

* * *

Назимова Зиннат Кирмановна

1976 йили баним Отам Назимов Кирман Шайих уғли дедики мислиманин аллах йул қуйса печати олади. 2000 й-дан сора.

Алла шукур о ғуна етдух.

10.05.2002 йил.

пос.Толе би ул.Балуан Шолак, 201

* * *

Бісімилла рахмани рахим

Алланың атымен бастаймын.

Мен Әбдікерім бабамның әулиетінен Әлнұрұлы Нұралы Теміртау қаласынан Асауан сахабаның аруағына ниет етіп келдім.

Бабаның әруақытта жарық жұлдызы төбемізден нұрын шашсын. Бабама сұрап келген тілектерім орындалды, мың рахметімді айтамын. Жаның жәнетте болсын. Топырағың торқа болсын.

Алланың рахымымен нұр шапағат тисін.

15.05.2002ж.

Қарағанды облысы Теміртау қаласы

* * *

Бісімилла рахмани рахим

Біз әдилеп зиарат жасап келіп отырған сонау Қарағанды облысы Теміртау қаласынан Бабамыз Асауан сахабаның әруағына басымызды иіп, Алладан тілек тілейміз.

Халқыма тыныштық, береке, бірлік беріп, жолыққанда жолымыз болып әрқашанда Бабамыздың әруағы қолдап қолпаштап жүре берсін.

Бабамыздың күтушілеріне тілейтініміз әрқашанда ақ ниетпен, ақ жолдары, бақыт тілейміз. Бойларына күш-қуат берсін.

Үйге береке кіре берсін, күнде қыдыр келе берсін. Ішіп-жеген сауабымыз, барша әруақтарға тие берсін.

Алтынбек-Алма

Нұрмағамбет-Рая

Теміртау қаласы

* * *

Мен Бердіқұлова Сәулегуль Әбіханқызы қазіргі кезде Астана қаласының тұрғынымын. Қасиетті әулие Асауан Баба әруағына тағзым етіп екінші келуім. Жолыма нұр құйып, бойыма қуат берді. Айналайын ағайындар, мұсылмандар!

Қасиетті Аталардың әруағына тағзым етіп, Аллаға бет бұрыңыздар! Баршаңызды Құдай оңдап, әруақ қолдасын!

Халық емшісі,

С.А.Бердіқұлова

* * *

Мен Жүнісбеков Тіріжан Шу қаласының Алтынсарин көшесіндегі №20 үйде тұрамын. Түсімде ақ сәлдесі бір ұзын бойлы кісі қасыма малдас құрып отырып, маған мен мына жақтан келдім, - деп осы әулиені көрсетті. Осы кісі келгенде бас жағымда тұрған сағаттың сыртылдаған дауысы қатты естілді. Ол кісі кеткеннен кейін дауысы естілмеді. Сонымен ниет қылып әйелім Мейраммен келіп отырмыз.

18.11.2002ж.

* * *

Мен Шакирова Жанар Акбарқызы 2000-шы жылы операцияға түстім, бауырым ауырып (эккинококкоз) деп. Содан 2002 жылы қыс айында бауырыңда тағы (эккинококкоз) құрт бар операция жасау керек деді. Содан осы Асауан бабамыздың басына келіп, Бейсен ағаға қаралдым. Осы жердің суын ішіп, суына шомылдым. Кейін сәті түсіп әулиелерді араладым. Бейсен аға «Баба Түкті Шашты Әзиз бабаның суына жеті рет барасың» деді. Аллаға шүкір бабаның суына бардым. Енді осы әулиеге келіп бата ғылып, құран оқытып тұрамыз.

Аллаға шүкір!

Енді осы бабаның басында отырған Бейсен ағаға, Гуля әкпеге нұр үстіне нұр жаусын, ғұмырлары ұзақ болсын деп мың да бір рахметімді айтамын. Кішкентай қыз Мөлдірдің қызығын көрсін!

Ал мына жазып отырған себебім:

Аят Дыбысұлының «Қолдан жасалған қабір киелі орынға жатпайды» деген мақаласын оқып қайран қалдым. Мен оған басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ дер едім. Әйтпесе, әулиенің айтқаны мен құм жерден 7 метрден су шыға ма, 41 ауруға ем болып, халыққа шапағаты тиіс жатыр. Келген адамдар әулиеге құран бағыштап, Алладан тілек тілейді.

Асауан сахаба атаның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болып, халыққа шапағаты тие берсін, иманын, байлығын берсін.

Әумин! 2004 жыл.

* * *

Мен Жақыпбектегі Байжан қазір Шу қаласында тұрамын. Туып-өскен ауылым Көкқайнар.

2003 жылдан бастап денсаулығым болмай ауыра бастадым. Содан Тараз қаласында ауруханаға барып жатып емделдім. Бірақ жазылып шыққанның орнына одан да қатты ауырып шықтым. Ол жерде маған дәрігер-терапевт болатын. Енді сізге деді невропатологқа еміңізді жалғастыру керек деп қорытынды жасады. Содан менің науқасым күннен күнге үдей берді. Шуға келген соң невропатологқа емделіп көрдім, одан да болмады. Басқа да дәрігерге көріндім, ине де қабылдадым. Қанша емделсем де ем қонбады, жағдайым нашарлап кетті. Содан емшілерге де барып көрдім, одан да болмады.

Қайтадан Төле биге барып дәрігерге көріндім. Сол кезде такси жалдап күнде барып ем алдым. Онда да болмады. Содан таксист ағай айтты, осы сен атаның басына басып көрсейші, бір себебі тиіп қалар, тіпті өзің жүдеп кеттің,- деді. Содан келесі күні кіші баламды ертіп Асауан бабаның басына келдім. Сонда балам күніге қасымда жүреді. Дәретке де барғанда да қасымда жүреді. Қалай осы атаның басына келген соң денсаулығым жақсара бастады. Күніге суынан алып, жуынып, басына түнедім. Осы жерге келіп ауырып жүрсем де қолымнан келгенше қолғабыс тигізіп жүрдім. Бір Алланың құдіреті шығар атам түсімде шақыратын болды. Сөйтіп атаның суретін салдым. Менің атаның басына 2004 жылы август айында келдім. Қарнымда таңбалар болған, солардың бірі қалмай кетіп қалды, қазір үзбей келіп тұрамын, суды үзбей алып ішемін. Баламның көмегінсіз өзім шауып жүрмін. Әуелі үйден атаның басына жаяу келетін болдым. Аллаға шүкір. Асауан бабаның басынан денсаулығым дұрысталып, алдағы уақытта бір Алла қолдасын.

Әумин!

03.05.2005ж

* * *

Біз Семей өңірінен келген Түйчебеков Совет, Жақсыманов Мұратбек, Оралдан келген келініміз Разғалиева Гүлсім, бауырымыз Түйчебеков Дәулетті жоғалтып алып едік. 2005 жылы 4 шілде айында Оралдан Семейге шыққан кезде жолда жоғалып кеткен. Содан міне, 9 ай өткенде Асауан сахаба кесенесінен табылып отыр. Осы кесене басында отырған Бейшен деген кісі тауып беріп отыр. Осы кісіге Алладан мың да бір рахмет айта отырып, жанұясына зор денсаулық, бақыт, береке берсін. Алланың жолында істеген істері жемісті болсын. Туған-туыстарымыздың атынан көп-көп рахмет айтамыз. Алла тілегіңізді қабыл етсін.

10.03.2006ж.

Семей қаласы

Жақсыманов Мұратбек, Уральск

Туйчебеко ва Гүлсім, Дәулет, Аягөз

Туйчебеков Советхан
****

Осы кітаптың алғашқы жүз данасы шығып таралғаннан кейін,кейінгі тираж шығуына біраз тоқтады, себебін шеше алмадық.О, баста бұл кітап аяндықпен жазылған еді, әулиенін айтуымен, көрсетілгенімен, жазылып, жарық көрді.Ендігі, алғашқы даналарды біраз халық оқып, біразы шындық деп, біразы «дөкейлерден қорықпаймысың, келіп ,қырып кетсе не істейсің?»- дегендер де болды. Ендігі осы кітапта аттары аталғандарға бірінші Алла, екінші осы Асауан бабамыздың аяндықпен айтқаны:

«Мына пенделер әлі де болса , кешірім сұрайма деп едім?Әлі де болса өз қателерін түзесін деп ,біраз тоқтатып едім. Ендігісін аямай турасын жазып. Толықтырып көрсет! Енді ешкімге кешірім жоқ!»-деген аяндық болған .

Алғашқы жазылған кісілердін аттарынын ішінде Асылбектін Мейраш деген әкпесі қайтыс болғаннан, ағасы Асылбай балаларымен келіп:

- Біздің шаруамыз жоқ, Асылбек өз білігімен жүргені-ғой. - деп келіп Құран оқытып кетті.

Данияр Сайлаубеков қажы атанып ЖОТРК-дан түспей қайта- қайта көрсетуде. « Туран-Әлем Банкіде» ашылған есеп-шоты жабылған жоқ, заң жүзінде тексертуге және есеп-шотты жабтыра алмадық себебі өкіметтін құзыры жетпеді.Өйткені бұл заман алаяқтар заманы болды.

Науатхан Рысқулов « Тельман » участкесінде « Жақсылық » деген құрылыс заттары және есік терезе жасайтын цех ашып жұмыс істеп жатыр. Сонымен қоймай елге дағбырт жібертіп «Ол жер Бейсендікі»- дейді екен. Бұрында да «Асауан» атты құрылыс фирмасын ашып оны күеу баласы Ержанын атынан ашқан еді.

Әкеге қарап ұл өсер,

Анаға қарап қыз өсер


Тәүіптеріміз Оразкүл, Сәуле, Нұрсұлұ, Дана , Тараздық Жанар, Асылбектін қол шоқпары Ахан Байболатов өсек таратқанша мен емес бірінші Алла, екінші осы жерде жатқан Асауан атадан біліпте-білмей істеген күнәләрі үшін күндіз келуге болады-ғой, түнделетіп ұрланып, тығылып «Омар» мен « Мустафада » жүрген қызық па?

Абрахман мен Бастаубай ағаларымыз ата-сақалы аузына түскенде, ақыл-кеңес берер жасқа келгенде, жас бала секілді өтірік айтып әкім Қарашолақов мың доллар сұрап жатыр деп,сол ақшаны алып кеткен.

Өсетін елдін қарты - қазына болар,

­ Өспейтін елдін қарты-қазымыр болар.

Бір ғана осы сәуір айында келіп Құран оқытып, мал құдайысын берген құдай- әруақтан кешірім сұраған Болат Рысмендиев ғана

болды.

Ата көрген оқ жанар,

Ана көрген тон пішер.

демекші Әке-шешесінен көргенін жасады.



Ол кісіні кінәләуға бола ма? Менін түсінігім бойынша Асылбек, Данияр, Наутхан, Калинин ауылынын тұрғыны тәүіп Жұмахан сияқтылардын екі ортада делдал болып жүргендердін кесірі көп тиген.

«Шу өңірі» газеті 25.06.2008ж.

«Пікірлер тоғысы» атты мақала да Аят Әлмаханов-Төле би мешітінін бас имамының айтқан сөзі:

«Шу қаласы мен Төле би ауылы аралығында Асауан сахаба өмірде болған ба , болмаған ба ол жағы белгісіз. Соған қарамастан олар күре жолдын бойына орнығып алды. Енді мешіт ашпақшы, соған тиым салынса дейміз...»

Бұл дөнгелек үстел 19.06.08ж әкімшілікте болды. Осы дөңгелек үстел болардан бір күн бұрын яғни 18.06 күні таңғы бестер шамасында бір Ауди автокөлігі ұшып келіп әулие кесенесіне келіп соғысты. Келіп соққан күштін,қаттылығы сондай фундаментен

кейін қаланған кірпіш биіктігі бір жарым метрдей жердегі ішке кіріп кеткен.Көліктін бір дөңгелегінін қабырғада ізі қалған. Ішкі жағында жоғарғы жағы « смещение » берген.Кесене кіре беріс оң жақ босағасы жарамсыз болып есептеледі. Ал апатка ұшыраған үш жігіт өлердей мас болғанымен, аман-есен дені сау, сынық жоқ, ауруханада 3-4 күн жатып шығыпты.

Осы апат не себебтен болды? - деген сауалға жауабы «Шу өңіріне» шыққан мақала. «Асауан сахабаға» өкімет тарапы, не болмаса имамдар тисе бастағанда жол бойында осындай апат дәлелге болады. «Әруақ бар» - дегенде, ал оны пенделер соқыр түсінбейді.

01.07.08ж. осы апаттын қаулысын алдық онда былай делінген:



Постановление

об отказе в возбуждении уголовного дела.

Дознователь Шуйского РОВД ст. лейтенант полиции Асилов К.У. рассмотрев материалы по факту ДТП имевшего ло автотрассе Шу- Мерке-Бурыбайтал 18.06.08г.

Установил:

18.06.08г. примерно в 5.00 часов меестного времени водитель автомашины марки Ауди-100 за г/н 415 LFM Кариев Зият Кайратович 1983 г.р. прож. По г. Шу ул.Комсомольская №35 направляясь со стороны автовокзала в направлении с. Толеби совершил самоопрокидывание автомашины в результате чего автомашина наехала на захоронение «Асауан сахаба», расположенное слева по ходу движения автомашины. В результате данного ДТП


Кариев З. К. Получил телесные повреждения в виде

ЗЧМТ, СГМ, его пассажир Даутбаев А. телесные поврежденния в виде «Ушиба и ссадин нижних конечностей» и они были доставлены в больницу.

Опрошенный Кариев З.К. пояснил что управляя своей автомашиной

Примерно со скоростью 60км/ч, не доезжая захоронения «Асауан- сахаба», его автомашину резко потянуло влево и он не смог спрвиться с рулевым управлением. Это произошло из-за того, что переднее левое колесо на ходу взорвалось. При таких обстоятельствах дела видно, что в действиях водителя Кариева З.К. отсутствует состав преступления, предусмотренного по ст. 296 УК РК , а имеет место несчастный случай.

Постановил:

1. В возбуждении уголовного дела по отношении Кариева З.К. отказать за отсутствием состава преступления.

2. О принятом решении уведомить заинтересованных лиц.

3. Копию постановления направить Шуйскому межрайонному прокурору.

Дознаватель Шуского РОВД

Ст. лейтенант полиции Асилов К.У.
Бұл оқиға Шу аудан тұрғындарына ескерту, бірақ оны түсінетін кім бар? Аят мырзамыз: «мешіт ашпақшы, соған тиім салынса дейміз» - деп аудан тарапынан көмек сұрап отыр екен. « Әруақты жерден ат үркеді », ат емес темір үркіп жатқанда,біздің имамдарымыз үрікпеді. Заңсыз мен не істеп отыр екенмін? Аллаға шүкір! Әділет департаментінін басқармасында тіркелген жарғымыз бар. № 9862-1919-К-Р 12.12.06ж.

3. ҚОР ҚЫЗМЕТІНІҢ МЕН МАҚСАТТАРЫ

3.1 Қордын негізгі мақсаты мешіт соғу.

3.2 Қор қызметінін мәндері:

- қайырымдылық қызметі;

- мешіт құрылысы;

- баспанасы жоқ балаларға пананы ашу.
Менде сендей кезімде, болғам керемет.

Әй, жолаушым атыңнын басын бұра кет.

Зиянатыңды жасай кет.

Бізде сіздей болғанбыз,

Сізде біздей боларсыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет