Жұмасаев Бейсен Алашбайұлы Бұл кітапты Алла ризалығы үшін әкем Алашбай анам Торғай Рухтарына арнаймын


«Әруақтар маған аян берді» Шу өңірі



бет2/6
Дата15.06.2016
өлшемі3.28 Mb.
#137044
1   2   3   4   5   6

«Әруақтар маған аян берді» Шу өңірі.

/көзқарас/

Төле би ауылының шыға берісіндегі оң қапталында соңғы кездері лашық пайда болды. Ол ары-бері өткендердің назарын аудармай қоймайды. Бұл не деген сауал, әрине бізді мазалады. Бір сәті түскенде сол жерге аялдап, түнге қарай жылт ете түсетін шырағданның мәнісін білмек болдық. Лашық иесі Бейшенқұл Алашбайұлы Жұмасай деген жас адам екен. Өзі Алға ауылынан көрінеді. Бұл жерде – отырғаныңызға не сыр бар және мына шырақ түнге қарай неге мазалайды?

Өткен заманда бұл жерге Асауан деген сахаба жерленген. Мен әулиенің әруағын күзетемін.

Осы жерде біраз шегініс жасауға тура келіп тұр. Өйткені, Асауан деген әулие есімін бұрын-соңды естігеніміз жоқ және тарих беттерінен де мәлімсіз. Сондықтан аты-жөні жоқ белгісіз әруақтың аты-жөнсіз табыну бізді жаман таң қалдырды. Асауандай адам тарихта болмауын, әулие екендігін сіз қалай айтасыз. Маған әруақтар аян берді. Шырақшының жауабы осы ғана.

Рас, осы бір-екі жылда аталмыш белгісіз әулиенің бейіті жатыр деп қауесет тарады. Оны күні бүгінге ешкім елемей келді. Әруақ өкпем екен, сондықтан оны жанынан өте бере «автоапаттарға ұшыраудамыз» дегендер қаптап кетті. Мұндай түскен дақпыртты өз мүддесіне, пайдасына шығарды. Бұған мысалдар көп-ақ.

Осыдан ширек ғасырдай бұрын Торғай даласында бұқаралық «шырағданы» пайда болады. Әртүрлі сауалдарға «пәленше» деген әулиенің мазаратын күтемін дейді. Сол-ақ екен, ары-бері өткендер тәуап етіп, тиын-тебен тастайды, құрбан шалады. «Шырағданым» бір жылға жетпей байып шыға келеді. Секем алған жергілікті өкімет оның ісіне араласып, «әруақ» дегенді көпшіліктің қатысуымен ашқанда, астынан иттің сүйегі шығады.

Ал қазір уақыт басқа: коммунистік идеология келмеске кетті. Бірақ демократияны жамылғандардың істері көбіне теріс. Бейшенқұл Алашбайұлының «іс-қимылы» сондай пайдакүнемдік әрекеттердің бірі болып жүрмесін. Өйткені өз басым «аян берді» дегенге сенбеймін. «Аян» өзін-өзі нандыру дегеннен шығады. Ал оның арты фанатизмге әкеліп соғатынын көпшілігіміз, өкінішке қарай біле бермейміз.
Н.Қоңырбаев

Еңбек ауылы

Екі аптадан кейін «Мазарат па, жоқ әлде...» деген Төле би мешітінің бас имамы Аят мырзаның мақаласы шықты.

Мазарат па, жоқ әлде.... Шу өңірі.

Қолымызға қалам алғызған Төле би ауылы мен Шу қаласының арасындағы зираты жоқ дөң жерге топырақ үйіп, қолдан жасалған «Асауан сахабаның қабірі». Онда топырақ үюшілердің айтуынша оның түсіне сахаба кіріп сол жерде жатқанын, және басына күмбез тұрғызуға аян беріпті-міс. Содан бері осы «киелі» орынға зиярат етушілер түнеп, тілек тілеп, басына шырақ жағуды, құрбандық та шалып сол сияқты іс әрекеттерді істеп жатқан көрінеді.

«Сахаба» деп Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызды көрген, соңынан ерген, соғыста, яғни оның жорықтарында бірге болған адамды айтады. Сахабалар осыдан ХІҮ ғасыр бұрын өмір сүрген. Олардың саны 100 мыңнан асқан. Ал енді Шу алқабына Асауан есімді сахаба келді деген дерек жоқ және дәлелденбеген. Себебі қазақ сахарасына Ислам араға бір ғасырдан аса уақыт салып жеткен. Ол кезде сахабалар тұрмақ олардың көзін көрген табиғиндердің өзі де қалмаған-ды. Ал, діни тарихи кітаптар мен мұрағаттардың дерек көзінен Асауан есімді сахабаның болғаны туралы бір ауыз сөз де табылмады.

Біз мұсылмандар, Алланың сөзі – Құран мен пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның хадисіне сүйенеміз, шариғат жолымен жүреміз. Осы себепті Төле би ауылы мен Шу қаласының аралығындаы қолға алынып жатқан іс-әрекет не Құранға, не хадиске, не шариғатқа сәйкеспейді, қайшы. Мұның бастамашылары дінімізге, елімізге жаны ашып, жақсылық істеп жатыр деуге ауыз бармайды, керісінше бұл ойдан шығарған сахабаның атын бетке ұстап, оңай жолмен мал табудың құйтырқы амалы.

Құранда былай делінген: «Алладан өзге саған пайда, не зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалынба. Егер оны істесең, онда күдіксіз сен залымдардан боларсың» («Юныс» сүресі, 106 аят). Және бір аятта былай делінген: «Міне, шексіз Алла ол хақ. Сөз жоқ, олардың Алладан өзгеге жалбарынғандары босқа. Күдіксіз Алла – Ол өте-өте жоғары, аса ұлы» («Лұқпан» сүресі, 30 аят).

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде: «Сіздердің бұрынғылар пайғамбарларының қабірін ғибадат орнына айналдырған. Сендер ондай істемеңдер. Мен ондайдан қайтарамын», - делінген.

Пайғамбарымыз қабірлердің үстіне кесене (күмбез) тұрғызудан қайтарған, өйткені бұл шіріктікке апарады. Неге? Өйткені адам баласы діни білімсіздіктен бара-бара тілекті Алладан емес, сол қабірден жатқан мәйіттің рухынан тілеп, әрі оған бас июге дейін баруы мүмкін. Шариғатта қабірді зиярат ету екі түрлі:

  • рұқсат етілгені: қабірге зиярат етіп барып, қайтыс болған адамның күнәларын кешіруін Алладан сұрау. Және өзінің осы дүниеден өтіп, арғы дүниеге баратынын еске алу;

  • рұқсат етілмегені: қабірді айналып, тәуәп ету, басына мал сою, түнеу, шырақ жағу, ғибадат жасап, бір нәрсе сұрау және одан тілеу, тағы басқа осы сияқты істер. Өйткені Алла разы боламаған нәрсе қабыл болмайды.

Өкінішке орай, жоғарыда аталған мұндай «елеусіз жағдай» қазір елдің әр жерінен қылаң беріп қалады. Бірен-саран емес. Аталған жолдың қарсы бетінен тағы бір «әулиенің» бейіті пайда болған көрінеді.

Уа, мұсылмандар, түсті кім көрмейді және не көрмейді?! Оның дені шайтан ісі. Сол себепте «аян берген екен» деп қолдап қабір жасай беруге бола ма?!

Егер біреуге бұл дүниеден өткен ата-бабасы түсіне кірсе, ең абзалы оған арнап құран оқып бағыштау, дұға жасау және құдайы тамақ беру. Ата-баба аруағына қанша құран оқытса да көптік етпейді.

Аят Дыбысұлы,

Шу аудандық Төле би мешітінің

Бас имамы.

Редакциядан: байқап отырғандарыңыздай, Аят мырзаның ойы сабақ аларлық. Өйткені ол, сауатты азамат ретінде, дінге ғылыми тұрғыдан қарайды. Имамның сөзі бойынша, «бақсы-балгерлер», «халық емшілері» жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кетіп отыр. Имам ойын былай қорытындылайды: «Көбісінің имандылықтан, исламнан хабары жоқ». Бұл құптарлық пікір.

Соңғы мақала шыққаннан кейін жұма намаздан кейін 5-6 жеңіл машинамен 12 адам келіп әулиенің топырағын шашып, маған сен ақша- дүние үшін отырсың деп қол жұмсап ұрды. Осылардың ішінде Аят мырза, ауданымызда Ираннан келген атаның шәкірті Дархан деген жігіт екеуі бастап келген екен. Әулиенің топырағы шашылып сынған-сынған жерінде шашылған бойы екі аптадай жатты. Әулиенің топырағы шашылған күні аяндық болды.

- Қарағым, балам. Мына молдалар ілімді екен. Мөрдің жарыққа шығатын кезі келді. Мөрдің астындағы жазуын оқып, аударып, мағынасын шығарып берсін. Апарып көрсет! Иран атаңа, содан кейін топырағымды шашқан Аятқа апарып көрсет! – деп бұйырды.

Иран атаға апарып көрсеткенімде:

- Балам, бір байдың мөрі ғой, ана төрге апарып іле сал! – деді.

- Ата, мен аяндықпен келдім. Мен сізге әкеліп отырмын. Шеше алмайсыз ба, оны айтыңыз. Енді бұдан кейін бұл мөрді көрмейтін боласыз – деп үйінен шығып кеттім. Аят мырзаға бардым.

- Сіздердің ілімдеріңіз мықты ғой, мына мөрдегіні оқып, шешіп беріңіз – дедім. Әрі-бері ұстэ ап үндемеген бойы тұрды:

- Молдеке не болды? – деп едім, үн-түнсіз төмен қараған бойы қалды. Мен бұрылып кеттім.

Бір күні аяндық болды.

«Балам, алдағы жұмада жеті еркек болып жеті жерден жеті уыс топырақ алып топырағымды үйесіңдер. Бұдан былай топырағым ешқашан шашылмайды» деген. Жұма да келді. Түске қыздар күріш басып, шай қайнатып дайындады. Қыз-келіншектер көп, еркектер бесеу отырдық.

- Аға, шай дайын болды. Не істейміз? - деп сұрады қыздар.

- Шай, тамақты әкеле беріңдер. Әулие қате айтпаушы еді. Келер- дедім.

Тамақты кіргіздіріп, құран оқып, шай ішіп отырғанда Шу жақтан екі тәжік келді. Жол-жөнекей тоқтап, сұрасты. Сол кісілерге айтып едім, екеуі қуана-қуана келісті. Сөйтіп жеті еркек болып топырағын қайта үйдік.

«Асауан сахаба кім еді?» деп халық келе бастады. Осы көп халықтың ішінде дәлелмен келген Әріп ата, Аманжол ата, Әзиз молда, Серік досым және тағы басқалар бар еді.

Аян болды.

- Қарағым, балам мына аяқ жағыма (орнын көрсетіп) орындық қойып, құран оқы. Өйткені, менің қас дұшпаным, мені өлтірген адам осы жерде жатыр. Дұшпандарым басыма шығып бара жатыр. Сол себептен дұшпанымды басып отырып, құран оқы – деді. Көрсеткен жеріне орындық қойдым. Содан кейін ісім жайлап алға басты.

Бір күні аян болды.

- Балам, бұлағыңды қаз. Жеті метр жерден үш көзді болып айдаһарың шығады. Су шыққан күні мен жарыққа шығамын. Бұл суың 41 ауруға ем болады.

Семьясынан ажырасып, өзі араққа салынып кеткен, Бұхарадан көшіп келген Батыр деген жігіт келген еді.

Жұбатсаң бір бейшара жылағанды,

Сол жақсы құлпыртқаннан бұ ғаламды.

Жүз құлды құтқарғаннан мың есе артық,

Құл қылсаң ақ пейлмен бір адамды.

Аяндықты соған айтып, Батыр құдық қаза бастады. Жеті метр жерге жетіп қалғанда құдықтын қазуы тоқтап қалды . Неше түрлі сөз болды, Асылбек деген келіп:

- Сен 7 метр емес, 70 метрден су таба аласың ба? Айдалада қып-қызыл құмның ішінде. Сен құдық қазамын деп елді қырайын деп жүрсің бе? – деген еді.

- Өлсең, жөніңмен өл. Жынды болсаң, өзің жынды бол. Құдық қазамын деп, астында көміліп қалсын дейсің бе? – деп Батырды талай азғырған еді. Жиырма күннен аса қазылды. Екінші наурыз 2000 жылы түске қарай Асылбек, Нұрсұлу, Оразкүл деген тәуіптер, марқұм Нұрсұлудың күйеуі Серік тағы екі адам келді. Олар шай ішіп, сыртқа шығып:

- Не болды суларың? – деп күлді. Сонда мен:

- Су міне шығады. Жақын қалды, көмектесіңдер. Астына мен-ақ түсейін, сендер топырағын алып тұрыңдар. Мейлі, өлсем мен өлейін. Көмілсем өзім көмілейін, расписка жазып берейін – дегенімде Батыр:

- Аға, мен түсейін, мен барайын.

- Жоқ, өзім түсемін.

- Аға, мен түсемін,- деп Батыр құдыққа түсіп кетті. Асылбектің сөзіне ренжіп, мен будкаға кіріп кеттім. Бір уақытта марқұм Серік жүгіріп келіп:

- Молдеке, су шықты! – деп айқай салды.

- Қанша көз?

- Біреу.

- Біреу болса менікі емес. Ата үш көз деген. Жан-жағын көрсін- дедім, Бір кезде Батыр:

- Үш көз, үшеу - деді.

Асылбек тұрып:

- Әй, жан-жағын қазып көр. Төртінші, бесінші шығып қалар - деп кекетті. Батыр қазып еді, басқа көз болмады. Су тез көтеріле бастады да Батыр сыртқа шығып кетті. Лай судан тартып ішіп тұрып тұрғандарының бәрінің айтқаны:

- Су тәтті екен, - деп айтып жатты.

Асылбек тұрып:

- Мейлі, суы шықты. Енді жарыққа шыққанын көрейік. Жүріңдер,-деп бәрі жиналып кетті.

Ей надан, баста жоқ боп туыпсың сен,

Жел тапқан жалғыз ғана қуыссың сен.

Кептелген екі жоқтың арасында,

Жан-жағың , жап-жалаңаш қуыссың сен.

Сағат үштерде су шықты, сағат 5-тер шамасында бір иномарка машинамен үш кісі келіп түсті. Бұлар кім болды екен деп алдарынан жайлап шықтым. Иномарка машина тоқтаса, сескеніп жүретінмін , себебі, әкімшілік, прокуратура қудалап жүрген кез еді.

- Бұл қандай жер, бұл жердің өмір тарихын айтып беріңізші, - деді.

Сөйлесе таныса кеттік. Сөйтсем Тараздан келген үлкендеу кісі Әбдіқадір мешітінің зам.имамы Медетбек деген кісі. Жамбыл ТРК-да режиссер болып жұмыс істейтін Данияр Сайлаубеков және шофер.

Асауан атаның өмір тарихын айтып отырғанда Шу жақтан келе жатқан велосипедпен бір жігіт тұрған машинаға өзі соғысып, велосипед үшке бөлініп жігіт жарақат алды. Шофер бала жұдырығын ала жөнелді. Сонда велосипедтегі бала:

- Аға, мен көрген жоқпын, - деді.

- Сен қалай көрмейсің? Дәу машина ғой мынау, - деп бой бермей жатыр еді. Медетбек шофер балаға:

- Әй, тоқта! Ішкен шығар, көрші, - деді.

- Жоқ, аға, сап-саумын. Жұмыстан келе жатыр едім. Машинаны көрген жоқпын.

- Болды, тоқтат! – деді Медетбек.

Жаңа Шудың мешітіне бардық. Бізге бұл жер туралы не деді? Төле би мешітіне бардық, ол жердегілер не демеді? Әкімшілікке бардық, олар не деді? Өздерің қараңдаршы! Мынандай үлкен машинаның жол шетіндегі тұрғанын көрмедім деп отыр. Алла тағала көзін байлап қойған, көрсетпей. Қарашы, өзі жарақат алды. Бұл бала өліп кеткенде не істейтін едің? Жоқ, бұл әулиеге қол ұшын береді екенбіз, бізден көмек сұрап отыр екен, - деді. Сол кезден бастап Әбдіқадір мешіті қол ұшын бере бастады. Ыдыс-аяқ, киіз әкеліп берді.

2000 жылдың басында әкім Рысмендиев Болатқа арыз жазып, жер сұрап бардым. Қол қойылып, Төле би ауылдық әкімі Жұмағұлов Сағатқа бардым. Құжаттар дайын болғанда, апарайын деп жүргенде аяндық болды.

- Балам, құжаттарды берме! Мықты бол!

Жұмағұлов Сағатқа барып едім:

- Тастап кет, біз тексеріп қағаздарды, шешімін шығарамыз - деді. Үлкен кісі, әрі десе жақын нағашым қағаздарды тастап кеттім. Содан бір барғанымда:

- Жоғалтып алдым, қайта жина! – деді. Құжаттарды қайтадан жинап жүрдім.

Аудан әкімшілігіндегі заңгер, прокуратура, милиция екі күннің бірінде келіп мазалайтын.

- Қамау керек сені!

- Жындыханаға өткіздіру керек! – дейтін.

Қайта-қайта қудалаудың соңында жүргенімде бір күні Жұмағұлов Сағат өзі келіп:

- Әкең біздің әкпемізді алып, адам болып еді. Сен қайдан шыққан бәлесің. Мен жұмыстан кетпей, бұл жерден саған жер жоқ! – деп қарқылдап күлді. Мен нағашымның сөзіне ыза болып:

- Күнтулер жақсы қыздарын жеті атадан астық деп, өздерің алып жаман қыздарың болғаннан кейін әкеме бергенсіңдер ғой. Сол жаман әкпелеріңнен шыққан мені бәле деп отырсың ғой-дедім.

- Әй, сен иттің баласына дауа жоқ екен! – деп қолын сілтеп кетті. Үш-төрт рет алдына бардым.

- Мен тірі тұрғанда саған жер жоқ! – деп қайтарып жіберді.

Мамыр айында Әбдіқадір мешітінің имамдары Данияр осы әулиенің асын беретін болып, әрі мөрдегі сөзді талқылап шешпек болып, бірталай адамдармен жиналды. Ас өткеннен кейін мөрді талқылап, бір әрпін шеше алмады. Сол кездегі пікір-талас

«Ақ жол» газетінен 30 мамырда мақала.

Асауан сахаба туралы.Аян мен аңыз ақиқат па?

Жақында біздің меншікті тілшіміз Шу қаласы мен Төле би ауылы арасындағы асфальт жолда талай рет автоапат болған жер туралы бір мұсылман аян көріп, осында Асауан сахаба жатыр деп елге хабар еткенін хабарлады. Шырақшы Бейсен әлгі жерге үй тігеді, құрылыс салғыза бастайды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы қарсаңындағы 5 мамыр күні Асауан сахаба «бейіті» басында ас беріледі. Тағы бір қызығы осы «Асауан сахаба мазараты» деп жазылған жерде ары-бері өткен, тоқтаған жұртқа Алладан келген мөр көрсетілуде. Тараз қаласында тұратын, алпыстан асқан Вера Николаевна деген орыс әйелі ислам дінін қабылдаған соң ол кісі де Асауан сахаба туралы түсінде аян көріп, алғашқы аянды мақұлдады дегенді тележурналист Данияр Сайлаубеков редакцияға келіп, жазып берді. Бұл Асауан сахаба мазараты, табылған мөр туралы облыстық теледидардан хабар да көрсетілді.

«Ақ жол» газетінің редакциясына Шу ауданындағы Асауан сахаба мазараты, табылған мөр туралы мақұлдаған пікірлермен қатар оған қарама-қарсы уәждар да айтылуда. Сонымен, шындық қандай?

Біз өз елімізше әуелі «сахаба» дегеннің кім екендігін білу үшін 1995 жылы Алматыда «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы шығарған «Ислам» энциклопедиясына көз салдық. Кітаптың 12-ші бетінде «әл-асхаб» деген сөзге мынадай түсінік берілген: (Сахаба – жақтаушы деген ұғымды береді) – Мұхаммедтің ісін жалғастырушылар, онымен тығыз қарым-қатынаста болған, жорықтарға бірге аттанған адамдар. Кейін Мұхаммед бір рет көргендерді, тіпті бала кезінде де көргендерді де әл-асхаб – сахаба деп атады. Әл-асхаб Арабиядан тыс жерлерді жаулап алу – шапқыншылық дәуірі басталғанда мұсылман армиясының негізін құрады. Әл-асхабтың үстем топтары мұхаджир мен ансарлар деп аталды. Бұлар оларды алғашқы халифалардың басшы орындар мен жоғары дәрежелі қолбасшылыққа сайлауына ықпал етті. Әл-асхабтың халифаттағы жағдайы өте жоғары болды, оларға 641 жылдан бастап ең жоғары 3-тен 5 мың дирһам еңбек ақы төленді.

Ислам тарихында әл-асхаб Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін оның идеясын сақтап қалды. Мұхаммедтің сөзі мен ісі (хадис) және өздерінің ерекше үлгілі істерімен қоса пікірлері – суннаны қалыптастырып, исламның этикалық-құқықтық ілімнің негізі болды. Бұлар Пайғамбардың ісін жалғастырушы және суннаның негізін қалаушылар ретінде біртіндеп өздерінің зиратына табынды. Өлгендер жайында оларды дәріптейтін шығармалар жаза бастады. Мұсылмандар Құран оқығанда 33 мың сахабаға дұға бағыштайды.

Сонымен, Мұхаммед пайғамбардың көзін көрген сахабалар Талас, Шу бойына келген бе? Бұл жөнінде тарихи деректер не дейді? Араб әскерлері мұсылман дінін тарату үшін Орта Азияға Мұхаммед пайғамбар қайтыс болған 632 жылдан бір ғасырдай өтісімен 714-15 жылдары келген. Арабтарға қарсы соғысқа Жетісу, Шу бойындағы түркештер қағаны Сұлу да Самарқан жақта әскерімен қатысып, жауынгерлігі үшін «мұззахим» яғни «сүзеген» деген атақ алған. Бұл соғыс Самарқан жерінде 737 жылы болған. Алайда, араб әскерлерінен самарқандықтар да, жетісулық түркештер де жеңіліп қалған. Сұлу қағанды осындай жағдайда өз қолбасшыларының бірі өлтіреді. Араб мұсылмандары – сахабалары 751 жылы Тараз қаласының түбіне келіп, қытайлардың қалың әскерімен соғысып, оларды күйрете жеңеді. Қалған-құтқан қытайлар жансауғалап еліне қашқан соң түркілер мұсылман дініне топ-тобымен ене бастайды. Тарихи деректер осы соғыстан кейін араб әскерлері Тараздан ары ешқашан жорық жасаған жоқ деп ашық жазады. Олай болса, 751 жылдан кейін сахабалар Шу жеріне де бармаған, деп түйіндеуге болады.

Ал, мөр жөніне тоқталсақ, оны Қазақстан діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкіл имамы Уәлихан Ибадуллаев 1852 жылға сәйкес келеді, ол ишан пірдің мөрі болуы мүмкін деп санайды. Түркиядан келген, «Әулиеата» мешітінде ұстаз Дауран Байрақши мөрдегі жазуды «Жерад каспей» деп оқып, ондағы араб цифрларын мұсылманша хижра жыл санауға есептегенде 1376 жыл дегенді ұсынды. Ал, қазіргі жыл санауға көшу үшін оған хижра басталатын 622 жылды қоссақ, 1998 жыл болады. Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласынан келген діндар Қойбұллаев Төлбасы мөрді Алланың мөрі деп санайды. «Әулиеата» мешітінің бұрынғы бас имамы Әлайдар қажы Әміреев мөрдегі жазуды «Кіріс башы - 53761» деп оқыды. «Әулиеата» мешітінің қазіргі бас имамы Мұхамеджан қажы мөрде кісінің «Мұхаммед шейх» деген есімі жазылған, ал, араб әріптерінің сандық мағынасымен есептегенде қазіргі жыл санаумен 1852 жылға тура келеді, бұл мөр бір көзі ашық сауатты адамның жеке мөрі болуы тиіс, деген қорытынды жасайды.

Сонымен, Асауан сахаба және оның «мазарат» басындағы шырақшы Бейсеннің қолындағы мөр туралы айтылған пікірлер әр алуан. Біз Бейсен шырақшының діндарлығына еш шек келтірмейміз. Сөйтсе де, Асауан сахаба және мөр туралы шындық әртүрлі айтылғанымен, ақиқат біреу ғана болуы тиіс қой. Оны тек бір Алла ғана біледі. Сондықтан да аңқау елге ақиқатқа анық көз жетпей жатып тек аян немесе аңыз негізінде әулие тауып беруге асықасақ қайтеді, ағайын дейміз. Аянды Алла да, сайтан да беретіндігін мұсылмандар білуі тиіс. Шындыққа жету үшін мәселен зерттей түсу керек. Ең әуелі республикалық, облыстық дін тарихын білгірлерінің өзара пікір алысып, бір ұйғарымға келген пәтуас ынсыз ұсыныс айтуды біз де жөн көре алмай отырмыз.

Б.Әбілдаұлы, «Ақ жол» 2000 жыл, 30 мамыр.
Соныменен мөр астындағы жазуды шеше алмай жігіттердің бірі суретке түсіріп, Кеңес өкіметі кезіндегі Бұхара Самарқандтағы мешіттерге апарып оқытуға жіберді. Сол жақтан апарған жігіттерге қағазға 300 дана ғып, параққа көбейтіп:

- Біз шеше алмадық, өте құпия жазу екен, аманат келген адамдарға бой тұмарға,жол тұмарға таратып отырсын,-депті молдалар.

Сол кезден бастап Алла ризалығы үшін келген адамдарға тегін бой тұмарға , жол тұмарға деп таратып отырмын.

Әбдіқадыр мешітінін берген асы. 15.05.2000
28.08.2000 жылы аудан бас сәулетшінің С.Нұрбековтің нұсқамасы келді.
НҰСҚАМА

Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлының «мазар-кесене» салуға тиым салынған хатына байланысты «Асауан Сахаба» кесенесі құрылысын жүргізуге жер учаскесін бөлу туралы Аудан Әкімі тарапынан шешім қабылданбаған.

Шу-Төле би жолының бойындағы «Асауан сахаба» кесенесі құрылысы рұқсат құжаттарысыз, Заңсыз жүргізілуде. Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, құрылыс жүргізуді жедел тоқтатуды сұраймын.
Шу ауданының бас сәулетшісі С.Нұрбеков

Әйтеуір Даниярдың келіп-кетуі көбейді. Бір келгенінде Ербол Сағиұлының анықтамасын әкеліп берді.
АНЫҚТАМА

Шу өңіріндегі «Асауан» ата қабірін тұрғызуға шариғат заңдарына сәйкес шығарылған сауабтарды негізге ала отырып, ағаш отырғызып гүлдендіруге қарсылығымыз жоқ деп білдіреміз.
Тараз қаласы

«Әулие-Ата» мешіті

Қ.М.Д.Б.-ның өкілі

Бас имам: Ербол Сағиұлы

03.03.2000ж.

Тағы бір келгенінде Даниярдың айтқаны:

- Мен осы жердің қожайынымын. Менің айтқаным болады – деп маған құжаттарының көшірмесін беріп

- Танысып отыр, - деп кетті. Осы құжаттардың ішінде жер таңдау актісін таныдым.


Асауан-ата кесенесінің құрылысына

жер учаскесін таңдау

АКТІСІ

Төле би ауылы « » ______ 2000ж.
Комиссия төрағасы Төле би ауылдық округі Әкімі С.Жұмағұловтың төрағалығымен, құрамында Шу ауданының бас сәулетшісі С.Нұрбеков, аудандық жерге орналастыру комитетінің төрағасы Н.Чмирев, аудандық СЭС-тің бас дәрігері М.Болотин, аудандық өрт қауіпсіздігінің бастығы Е.Торғаев, аудандық электр жүйесінің бастығы Ә.Есіркенов, аудандық қазтелеком бастығы А.Базилов, аудандық жол полициясының бастығы Н.Көрпелдесов, Шу аудандық экология және биоресурстар комитеті А.Землянских 24 наурыз 2000ж. Асауан-ата кесенесінің құрылысын жүргізуге жер учаскесін таңдап, тексерді.

Жер учаскесін Төле би – Шу көлік жолының бойындағы батыс жақ бетінде 1000 метр қашықтықта орналасқан. Жер учаскесінің рельефті ойлы-қырлы.

Кесе құрылысының планы 1000 шаршы метр құрайды.

Комиссия мүшелері, алаңы 1000 шаршы метр жер учаскесі.

Асауан-ата кесенесінің құрылысын жүргізуге жарамды деп есептейді.
Комиссия төрағасы: С.Жұмағұлов

Комиссия мүшелері: С.Нұрбеков

Н.Чмирев

Е.Торғаев

Ә.Есіркенов

А.Базилов

Н.Көрпелдесов

А.Землянских

М.Болотин
Комиссия мүшелеріне өзім жүріп қол қойғыздырғанмын. Мұнда жазылған 24 наурыз 2000 жыл Асауан ата кесенесінің құрылысын жүргізуге жер учаскесін таңдап тексерді дегені. Ал Даниярға сол қағазға Жұмағұлов «түзетілген, растаймын, қолы 06.03.2001 жылғы» деп қойылған. Сол күнгі 06.03.2001 жылғы №200 шешімімен Даниярдың атына 5 жылға жалдау шартымен келісімге отырады.
200

06.03.2001 жыл
ТӨЛЕ БИ АУЫЛДЫҢ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

ШЕШІМІ
Азамат Д.Сайлаубековке

«Асауан-Ата» тарихи ескерткішін

салу үшін уақытша жер

пайдалану құқығын беру туралы
Азамат Д.Сайлаубековке «Асауан-Ата» кесенесін аумағымен орналастыруға берілген жер учаскесін уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы мемлекеттік жер ҒОО-ның Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорны ұсынған құжаттарды қарай отырып және Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» заңының 14 бабын негізге ала отырып:

ШЕШІМ ЕТЕМІН:

  1. Азамат Сайлаубеков Даниярға Төле би округіне қарасты Төле би Шу автожолы бойынан, жалдау шартымен 5 жыл уақытша мерзімге «Асауан-Ата» кесенесін аумағымен орналастыру үшін жалпы көлемі 1,0 гектар жарамсыз бөгде жер учаскесінде пайдалану құқығы және оны әрі қарай ұзартуына берілсін.

  2. Жер учаскесі бөлінбейді, пайдаланудағы ауыртпашылықтар, сервитуттық жоқ деп белгіленсін.

  3. Жылдық жалға төлем бағасы 100 процент мөлшерінде бекітілсін.

  4. Азамат Данияр Сайлаубековке 1 айлық мерзімде құқықты куәландырылатын құжат дайындау үшін мемлекеттік жер ҒОО-ның Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен шартқа отыруды және оны жылжымайтын мүліктерді есепке алу орталығында тіркеуді ұсынады.


Төле би ауылдық

округінің Әкімі: С.Жұмағұлов
Данияр келгенде сұрадым:

  • Бұның не? Бұл қалай болады? Маған айтпай не істеп жүрсің? Менің еңбегім қайда?-дегенге ол күліп:

  • Бейсен, қойшы. Еңбек кімде ақша, кімде дүние сонда болады. Сен ақымақсың. Бұл жердің қожайыны - мен боламын. Фонды президенті – Ерімбетқажы Қонақбаев болады. Жақында ас береміз. Асқа шейін аман-сауыңда бұл жерден кет. Әйтпесе, ит құсатып сүйретіп тастаймын. Елге мазақы боласың, көз түрткі боласың. Осыны істемесең, Данияр атым өшсін! – деді.

  • Бұлар көп, мен жалғыз. Не істеймін, құрсын – деп үйге кетіп қалдым. Сол күні Асауан ата келіп:




Бейсен, Ерімбетқажы Қонақбаев, Данияр Сайлаубеков. 2001ж.

- Қарағым, балам. Қайт әулиенің басына. Қайтпасаң әкпеңді аламын. Өзің екі аяқтан қаласың. Сол жерге отырғыздырып қоямын. Қайтып барсаң әкпеңнің жасы ұзақ болады. Бірақ, бір қолы кем болады. Балам, әлі саған қастасқандардын бәрін тәуелді қылып алдыңа алып келемін.

- Асылбек пен Даниярға бере берші, керегі жоқ, - деп айтысып отыр екенмін, сонда маған:

- Балам, саған берген ілімді оларға бергенімде, сені аяқпен емес басыңмен жорғалатар еді. Болды, қайт орныңа!-деді. Оянсам, таң атып қалыпты. Дәрет алып, намаз оқыдым. «Бұнысы несі» екен деп ойлап жүрдім. Таңғы шай ішіп отырғанымда жиенім келді.

- Мамам больницаға түсті. Бір жағынан ұстап, миына қан кетіп жатыр. Врачтар адам болмайды дейді – деп жылады. Дереу жиналып ауруханаға бардым. Барсам әкпем ес-түссіз жатыр. Қолымнан не келеді? Әйтеуір өлсе Алла алдынан жарылқасын деп дем салдым. Ертеңіне ең үлкен бауырым келді.

- Әй молда, жүр. Әкпеңді көрейік, - деді. Қарындасын көріп врачтармен сөйлесіп келіп айтқаны:

- Жібекті адам болмайды, дайындала беріңдер, - дейді врачтар, мына күйеу балаға ауыр болады. Ағайынды үшеуіміз малын алайық. Балалары кішкентай, не көріп кетті.

Бауырым сол сөзді айтып тұрғанда көрген аяндық ойыма сақ етіп түсе қалды.

- Әкпем өлмейді, өмір-жасы ұзақ болады. Мен кеттім әулиеге. Өлсем өлігім сол жерден шығады, - деп кетейін дегенде Рымкүл айтты:

- Әні, аға көрдіңіз бе? Айттым ғой сізге, әулие деп кетеді бала-шағаға қарамай. Сол жерде келген әйелдермен шай ішкеніне мәз болады. Сізге айтып едім ғой,- деді. Сонда бауырым:

- Не бар сол жерде? Әулие жоқ деп жатыр ғой. Мына имамдар Аят та айтып жатыр Әбдірәсіл күнәһар болады дейді. Сен шынымен жынды болған шығарсың. Олардың дипломы бар. Қайдағы әулие? – деді. Айтқан сөздеріне ыза болып, қолымды сілтеп әулиеге жаяу кетіп қалдым. Келе жатып өз-өзіме серт бердім. Өлсем өлігім осы жерден шығады тек,бауырларыма кесірім тимесе болды деп. Әулиеге келсем будканың ішінде Асылбек пен марқұм Айнаш екеуі ортаға бір бөтелкені алып, арақ ішіп отыр екен.

- Айнаш, осы жерде сен менің басымды жарып едің. Асылбектің сөзін сөйлеп жүргенің осы екен ғой. Құртыңдар көздеріңді,- деп будкадан қуып шықтым. Осы күннен бастап Асылбек өштесті, қастығын үдейтті, кетіп бара жатып:

- Көреміз сені, не істейсің? Менің қайынағам Махмұд тұрғанда қолыңнан келгеніңді істеп ал! Бәрібір бұл әулие де, жер де менікі болады, - деп Айнаш екеуі күліп, қол ұстасып кетті.

Сол күні Жібек әкпемді ауруханадан шығарып алып кетті. Мен әулиеге қайтып келгеннен соң әкпем жайлап өз-өзіне келе бастады. «Өледі» деген әкпем он күннен кейін қол-аяғы қимылдап, тілге келді. Бірақ, сол қолының басы ғана кем болды.

«Әулие аяндықпен шақырды. Біз күтеміз» деп Асылбектің жиендері Биғазы, Бауыржан, қарындасы Шолпан, күйеу баласы Қуат жүрді. Бұлармен бірге Жарқын деген жүрді,бұларға Батыр, Санат, Ескендір деген жігіттер қосылды. Ол кезде қыз-келіншектер, жігіттер осында түнеп, мен қонаға үйге кетіп қалатынмын.

Данияр мен Асылбек сол кезде тура айтқан екен. Себебі олар көп, мен жалғыз. Жалғыз болғаным сол, отасқан 15 жыл бірге тұрған әйелім Рымкүл ол да қарсы болды. Оған шешесі Зина қосылды. Неше түрлі сөзге қалдым. Қазақ атам айтқан екен:

«Жаман қатын жақсы еркектің төрдегі басын есікке сүйрейді,

Жақсы қатын жаман еркектің есіктегі басын төрге сүйрейді» деген. Дұшпандардың сөзіне ілесіп көршілері тағы бар, мені ұрып өлтіретін адам жоқ. Көзі ағып жылай берген соң, 8 айдың айлығын алып, сонау Құмөзектен енем Зинаны үйдің қасына көшіріп әкеліп едім. Сонда менің не шекем қызғаны бар еді? Зина көшенің арғы бетінде тұрады, мен бергі бетінде тұрамын. Менің үйіме 5 минут сайын келіп, не бір өсекті Рымкүл екеуі айтатын. Сонда мені бауырларымның алдында, ағайын, жора-жолдастарымның сол кезде дос дейтін дос та жоқ, бүкіл халыққа мені жексұрын, оңбаған, қатын ұрғыш, еркектің жәлебі, дуакеш атандым.

Күндердің күнінде бір жақтан Данияр ас береміз деп, мына жақтан Рымкүл қыз асырап аламын деп жүрді

- Мен де өңкей ұл туғанмын. Қыз асырап аламын -деп бой бермей қойды. Айттым:

- Әй, құдайға шүкір. Ұлдарың бар ғой. Тумаған ол қыз кейін қандай болады? Қойсаңшы .-десем, көнбеді.

- Мейлі, алсаң ал, бірақ мына ас өтсін, - дедім.

- Мақұл- деп келісті.

Бұрын осы әулиеге бір келіншек келіп-кетіп тұратын Гүлфайрус атты. Анда-санда келіп қонып, құран-намаз оқып үйреніп жүрген. Сол қыз босаныпты, қызды тастаймын дегенін Рымкүл қайдан естігенін ауруханаға барып сөйлесіпті. Сонда Даниярдын айтқаны есіме түсті:

- Елге күлкі, мазақы боласың, - дегені.

- Бұлар не істейін деп жүр?- деп ойладым. Аста Данияр телевидениесін әкеліп қойды. Асылбек тәуіптерімен келді. Бәрі қайта-қайта жиналып, сөйлесулері көбейді.

Жағынып,күнелткенше жауыздарға,

Құзғын боп,қу сүекті жалғыз қарма.

Ішкенше арамзанын бал-шәрбатын,

Арпаңның күлшесін же, жалғыз қалда.

Ақыры, айхай-шу шықты. Менің жеңгем Қарлығаш кезінде менің Әскербек бауырымды менсінбей тастап кеткен еді. Әскербек ағам жесір қалған басқа әйелге қосылған. Кезінде отырып келген Қарлығаш жеңгем түрмеден «списать етіліп» ауырып, әулиеге келген еді. Осы жерден жазылып, намаз-құран үйреніп, сол жеңгем қолына пышақ алып жүгіріп, маған айтқаны:

- Сен оңбағансың! Менің босағамда тұрған мөр. Мөрді маған қайтар. Бермесең тура осы жерде сені қарабет қып, өзіме пышақ жұмсап өлемін,-деді. Елдер деген шуылдап, қайдан келгені, Қарлығаштың жиені Ескендір жүгіріп келіп қолындағы пышаққа жармасты.

- Тәте, пышақты беріңіз! – деп әйтеуір қолынан пышақты тартып алды. Сол кезде менің айтқаным:

- Қарлығаш, менің бауырымды «бай деген байпақ» тауып аламын деп едің ғой. Сен кеткен адамсың, басымды қатырма. Мөр тұрмақ саған тас та жоқ! – деп айтып бұрылып кеттім.

Сөйтіп осы әңгімемен ас өтті. Бұл жыр тек бастамасы еді. Асырап алатын қызды шешесімен үйге шығарып алып келіп, бала қырқынан шыққанша үйде қалжалайтын болдық. Гүлфайрус үйде болып, баланы еміздіріп отырды. Зина деген жүгіріп келіп:

- Оңбағансың! Бір қатынға бала таптырып. Ал енді сені жынды қылып мына қатынды баққызып отыр,- деп қызына ұрысты. Қайта айналып келіп:

- Сен қайыршысың! Елдің жеті теңгесіне қарап отырсың! Өңкей сайқалдармен «әулие» деп отырсың. Сен не, сол жерге ие боламын дейсің бе? Асылбектің тіреуін көрдің бе, қасында жездесі Басшыбай отыр. Астанада қайынағасы Махмұд, бауыры Қалмырзаев тұрғанда сенің қолыңнан не келеді? Сен жалғызсың, бейшарасың -деп талай небір сөздер естіп едім.

2002 жылдың ақпан айында Рымкүлдің мойнындағы алқасы жоқ болды.

- Рымкүл алқаң қайда? Екі-үш күн болды ғой, көрінбейді- деп сұрағаным сол-ақ екен.

- Турецкий ма? Сатып жібердім. Елдің байы сияқты үлде мен бүлдеге орап отыр ма едің?! - деп аузына ақ ит кіріп, көк ит шықты. Құрысын деп, қолымды сілтеп үйге 3-4 күн бармай қойдым. Балам Ғалымжан келіп:

- Әке, мамамды скорыймен больницаға алып кетті. Скорыйдағыларға Зина:

- Справка беріңдер, байы ұрды, соқты деген. Әне, бүйрегін көгертті, - депті. Осыдан кейін мен үйге бардым, барсам үлкен ұлым Еркебұлан мен Ғалымжан екеуі үйде отыр екен. Ержан мен Мөлдірді Зина үйіне алып кетіпті. Үйге кіргенім сол Рымкүлдің сіңлісі марқұм Света Мөлдірді алып келіп, диванға лақтырып жіберді.

- Мә, ойнасыңды бағып ал! Көрейін сені, қай жәлептерің бағады екен? Өңкей сайыпқұрандар, - деп шығып кетті. Мөлдір шырқырап жылап жатыр. Мен өз-өзіме келе алмай біраз тұрып қалдым. Әйтеуір Мөлдірді алып жұбатып, не істеймін деп тұрдым. Құрысын, не болса о болсын деп әулиеге қарай кеттім. Қолыма ілінген жөргектері мен киімдерін жинай сала әулиеге келдім. Ол кезде Асылбектің жиендері барлығы жиналып кетіп қалған еді. Аяндықпен Сәлима мен Гуля бар еді. Екеуі мен балалармен үйге кіргенде:

- Не болды, Рымкүл қайда? - деген сұрақтарды жаудырды. Мөлдір жылап жатыр. Екеуі алып астын көріп еді, шылқылдап кеткен екен. Біреуі айтты:

- Аға, бала аш. Сүт керек - деді. Мен қайтадан үйге келіп, көршілерден сүт алып келсем ,екі қыз құсып жиіркеніп отыр екен.

- Не болды? - деп едім

- Аға, мына баланы қалай баққан, боқ-сідік сасиды, бала иісі болады ғой. Мына бала аш, тамақ бермеген – деді. Сүтін бөтелкемен беріп еді, кішкене ішсе болды, әлсіреп, қайта-қайта демалып әрең тауысты. Қарны тойғаннан кейін екі қыз баланы суға түсіріп, майлап, таза матаға орап, бір уақытта бала былбырап ұйықтады. Қыздар киімдерінің бәрін түгел жуып, жайып қойды. Мөлдір есін жия алмады. Арқасы көгерген. Сонымен не істерімді білмей отырғанымда Белбасардағы қарындасым Аманкүл келіп қалды. Ауруханаға Төле биге апардық. Врачтар көріп, дереу жатқыздырды. Мөлдірдің қасына Аманкүл жататын болды. Қатты ауырып, система, укол салдырып, сонда врачтар маған ұрысқаны:

- Мына баланы өлтіріп әкеліпсің, шешесі қайда? – деді. Содан кейін жағдайымды айттым:

- Бұл бала асырап алынған бала. Туған шешесі бір тастады, асырағаны екі тастады. Баланы алдыма лақтырып, тастап кетті. Ауру баланы қайда апарамын. Қарындасыммен бірге әкеліп отырмын - дедім. Әрі-бері қарап, тексеріп справка жазып берді. Диагнозы: ушиб мягких тканей ягодицы и спины.25.02.2002г. Ауруханадан шыққан соң қыздар кезек-кезек балаға қарап, кезек-кезек сүтін беріп, астын ауыстырып, сол кезде Мөлдір сегіз айлық еді. Сонда Гуля айтты:

- Бала керек деген адам, жақсылап бағуы керек. Мынау не, сегіз айлық бала деген дастархан жағалап жүремін дейтін уақыты. Мынау не? Әлі отыра да алмайды, - дейді. Бірақ ойласам, сөзінің жаны бар. Осыдан екі-үш күн өтпей милициядан повестка келді. Шақырған уақытысында бардым. Сондағы маған айтқаны:

- Аға, сіз әйеліңізді ұрып, екі бүйрегі көгеріп кетіпті, - деді.

- Бауырым, кел мен сені жақсылап бүйректен ұрып көрейін, көреміз бүйрегің көгерер ме екен, жоқ сен өлер ме екенсің? Не врачтар сондай заключение берді ме? – деп сұрадым.

- Жоқ аға, әйеліңіз арыз жазыпты. Ұрды, соқты, бүйрегімді көгертті- деді де, маған қарап тұрып:

- Аға, ондай әйелді неғыласыз? Жаман шатақ адам екен.

Сонан соң түсініктеме жазып мен кеттім. Март айының ондарында Ғалымжан сабақтан келіп:

- Әке, мамам больницадан шығыпты. Зинаның үйінде жүр, - деп келді. Сәлима естіп қуанды:

- Жақсы болған екен. Енді келіп баланы алып кететін болды -деп. Қыздардың екі көзі төрт болып көшедегі машинаны қараумен болды. Бірақ, Рымкүл келмеді. Бәрімізге, әрқайсысымызға неше түрлі ой келіп, уайымдап жүрдік. Біраз күннен кейін Ғалымжанды сабақтан күтіп, Шудағы үйде отырғанымда үйге Рымкүлдің інісі Талғат кіріп келіп:

- Ержан қайда? – деп сұрады.

- Көрген жоқпын, - деп жауап бердім.

- Жоқ, сен оңбаған әдейі оны тығып қойдың, - деп жүгіріп келіп мені ұра жөнелді. Талғат кеткен соң зорға дегенде далаға шығып, көршілерге айтып скорый шақырттым. Ауруханаға тіркеуге алынып, жатуға тура келді. Сөйтсем сол жақ екі қабырғам сынып, сотрясение алып, біраз жатуға тура келді. Осы жағдайлардан кейін, 3-4 күннен кейін Рымкүлдің бұрынғы күйеуінен туылған баласы Бахытжан повестка алып келді. Қарасам, сотқа шақырылыппын. Рымкүл ажырасуға, дүние-мүлікті бөлуге арызданыпты.

- Мейлі, болыпты- деп қойдым. Екі қыз:

- Аға, балаларға шеше керек. Оның үстіне мына қыз бар, обал. Кешірім сұрай салыңыз, неғыласыз, - деді. Бірақ, әрі-бері ойлап, мен Рымкүлді ұрған жоқпын деп ой түбіне жете алмай екі балама айттым:

- Рымкүлді қайрап отырған біреу бар. Ол ажырасуға арыз жазды. Енді не істерімізді білмей отырмын - деп едім,

- Әке, не болмаса ол болсын. Біз сізбен бірге қаламыз,- деді. Сонымен сотқа екі балам, мен, Гуля Мөлдірді көтеріп баратын болды.

- Бұл қызды неге асырап алады ажырасатыны бар. Жоқ, баланы мен тудым ба? Бұнысы несі, бұл қатынның,- деп Гуляның бұрқан-талқаны шықты. Не керек сотқа бардық. Рымкүл Гуляның қолындағы баланы көріп, түрі сұп-сұр болып кетіп, өңі қашып қасындағы тұрған Ғалымжанға:

- Баланы неге әкеледі? - деп қайта-қайта сұрай беріпті. Сот шақырды,кірдік. Сот Кенжебеков бізді сол жерде ажыратып, екі баладан кіммен қаласыңдар деп сұраған да жоқ. Сонымен сот Кенжебеков мырзаның арқасында мен арақ ішіп, жеңіл жүріске түсіп, басқа әйелден баласы бар ,үйден кетіп қалған деген атқа ие болдым. Екі шешімнің екі түрлі болғанының өзі заң бұзушылық. Біреуінде балалары жауапкерде қалғаны үшін, алым төлеуден босатылады делінген. Екіншісінде, жауапкерге үйді қалдыру үшін, ал осы үйдің жарты ақшасы 32 346 теңгені талапкер пайдасына өндіруге дегені тағы бар. Сонымен баланы көтеріп, сот Құрманбаев мырзаға бара жатыр едік, алдымыздан шықты. Сондағы ол кісінің айтқаны:

- Бейсеке, құтырғаннан құтылған деген. Неғыласың бұл қатынды, таста. Саған адам болмайды, - деп бұрылып кабинетіне кіріп кетті.

Сот Кенжебековтың неке бұзу туралы шешімінен үзінді

7 мамыр 2002 жыл

Ерлі-зайыптар 1992 жылы наурыз айының 19-нан өзара некеде тұрған. Араларында үш балалары бар. Екеулерінің араларында некелік қатынас ақпан айының 2002 жылдан бастап бұзылған, жауапкер арақ ішіп, жеңіл жүріске түсіп, басқа әйелден баласы бар, үйінен кетіп қалған, сол себептен талапкер некесін бұзуды сұрап сотқа арыз жазған.

Дүние-мүлікті бөлудің шешімі

Талапкер Куримбаева Рымкүл Дүйсенбековна мен жауапкер Джумасаев Бейсен Алашбаевич екеулерінің аралығындағы ортақ мүлікті бөлуге.

Жауапкер Б.А.Джумасаевқа Шу қаласы Панфилов көшесі №19 үй 1 пәтердегі үйді қалдыруға, ал осы үйдің жарты құнын 32 346 теңгені жауапкерден талапкер Р.В.Куримбаеваның пайдасына өндіруге.

Б.А.Джумасаевтан Р.Д.Куримбаеваның пайдасына талапкердің төлеген мемлекеттік алымын 647 теңге өндіруге және Б.А.Джумасаевтан мемлекет пайдасына 5000 теңге сот шығынын өндіруге.

Шешімге қарсы болған жақ 15 тәулік ішінде Жамбыл облыстық Шу аудан соты арқылы шағымдануға құқылы.
Шу аудандық сотының судьясы: Кенжебеков К.А.

Шешім заңды күшіне 23 мамыр 2002 жылы енді.
Қол хат

Мен Құрымбаева Рымкүл Дуйсенбековна жауапкер Джумасаевтың арамыздағы даулы үйдің жарты бағасын яғни 32 500 теңгені алдым.

Қоятын талапкерім жоқ.

17.05.2002ж.

Әулиеге келдік. Аң-таң болып бұл қалай болды деп әрі-бері талқыладық да қойдық. Бір күні Рымкүлдің сіңлісі марқұм Света және Бейбіт деген милицияда жұмыс істеген келіншекпен бірге келді. Сонда Бейбіттің айтқаны:

- Аға, неғыласыз. Кешірім сұраңыз. Балалар бар, мына қыз бар, асырап алған. Ақылға келіңіз, - деді. Света марқұмның айтқаны:

- Жезде, сен не жағдай жасап едің? Ылғи Рымкүл деген кесеменен мамамның үйінен шықпайды. Құмшекер, шай берші, таусылып қалды. Тамаққа қататын май берші деп. Ылғи жоқ деп жүретін, ал сен болсаң, әулие деп әйелдермен отырсың. Сен не жақсылық істеп жатырсың? Атауыңды ішкір, екі балаң жалмауыз, тамаққа тоймайды, істеген-істегеніңше жеп қояды,-деп кетті. Кеткен соң ойладым да қыздарға айттым, мына Светаға бір нәрсе көрінер. Әнеугүні Мөлдірді лақтырғаны көз алдымнан кетпейді. Ендігісі мынау. Бұл бала көтермей, менің босағамда түнеп жатып, жүріп көрген екі баласының жақсылығын көрмес. Мынаның түрі жаман деп, қатты ренжідім.

Халқым деген, айналайын. Бес саусақ бірдей емес. Неше түрлі адам келеді. Бірі:

- Қыз туып берген қатының мынау ма? Әй, сайқал, сен бе едің? Үш ұл туған әйелді тастатып, не көрінді- деп біреүі келсе.

Екіншісі бәрін көріп, біліп, соның ішінде жүріп, сыртқа шығып бұрмалап, теріс сөйлегендері де болды. Сөйтіп жүргенде ауылымыздың суырып салма ақыны Әміржанов Серік деген жігіт келіп, қасында тағы да ілесіп келгендері бар. Өзара әңгімелесіп отырғанда, сырттан тағы да бөтен жігіттер келді. Олар неше түрлі әңгіме айтып, біреусін таныдық. Әкімшіліктен еді, оның айтқаны:

- Сен сияқты оңбаған адам отыратын жер емес. Сені ит қосып қуу керек, - деп біраз айқайласып қалдық. Олар кеткен соң Серік:

- Мынау масқара ғой, өткенде біреулер айтқанда сенбей қойып едім. Рас екен ғой, әулие басы айхай - шу, сұмдық қой, - деді. Содан отырып, өткен-кеткенді айтып, соттың қағаздарын көрсеттім. Оқып алып, таң қалып бола алмады. Біраз отырып, қағаз-ручка сұрап алды да, жазғаны:



Ғалымжан, Мөлдір 10 айлық. 2002ж.
Тап болып қайран қалдым сұмдық жайға,

Пендеге ермек бопты қулық, айла.

Қара қылды қақ жарған әділетті,

Іздедім шырылдаған шындық қайда.

Бермейді жанға осы сұрақ тыным,

Жазамын әр нәрсені құрап бүгін.

Алланың жолындағы азаматқа,

Сырына дәмдес болып құлақ түрдім.

Ел билер басшы менен әділ сотқа,

Қояйық қабырғадан сұрақ бүгін.

Жағынып біреулерден шапан алған

Жан емен абыройсыз атақ алған.

Безініп қылығынан әкімнің ел,

Шындық іздеп келеді Сахабадан

Полиция, халық соты, әкім болып,

Кетіпті-ау бас пайдаға жақын болып,

Елім деп еңірейтін ерлер қайда?

Өсек теріп кеткен бе қатын болып

Қадірлер халық едік қолда барды,

Қырсыздқтан кей дәстүр жолда қалды.

Бетке айтқанды жау дедік іштен шалып,

Қол қусырып қолдадық оңбағанды.

Адам ба, әлде заман өзгерді ме?

Түлкі-ұрпаққа япырмау кез келдіме,

Имамдардың иманы жүрек емес,

Берсе енді не шара көздеріне.

Келмейді бар шындықты тасалағым,

Қолдауына сүйенеді ел жасағанның,

Жазылды дертті жандар сырқатынан

Басына тәу еткендер Асауанның.

Көп ұзамай Алға совхозында тұратын Әскербек аға келді де, амандықтан кейін

- Бейсен келген шаруам мынау, үйге Рымкүл, Данияр, Асылбек үшеуі келді. Айтқандары:

- Аға, Бейсен мөрді Бұқарадағы бір молдаға сатып жіберді. Біз кімге сатқанын білеміз. Керек десеңіз алып береміз, - деді.

- Бейсен, бауырым, мөр аталарымыздан келе жатқан аманат еді ғой. Неге сатасың? - деді.

- Аға, мөр өзімде тұр. Ешкімге сатқан жоқпын, - деп едім:

- Мөрді көрмей, мен саған сенбеймін, - деді Әскербек аға.

- Аға, онда күте тұрыңыз тығулы жатқан жерден әкеліп көрсетейін- деп мен кетіп қалдым. Бір сағат болмай қайта келіп,

- Аға, мінекейіңіз - деп, мөрді қолына беріп көрсеттім. Ары-бері ұстап, одан жағасын ұстап,

- Ойпырмай, Рымкүл Данияр мен Асылбекпен келгеніне сеніп едім, ол келінге не болды? – деп сұрады.

- Аға, келініңіз арыз беріп, сот арқылы ажырастық. Балаларым, міне, - дедім. Біраз отырып, кетті. Кетіп бара жатып айтқаны:

- Бұлар енді ағайынды біздің арамызға от салайын деген екен, бұлардан абайламаса болмас, - деді.

Еркебұлан мен Ғалымжан шешесі Рымкүлде қалған інілерін Ержанды ылғи мектепте көріп тұратын. Артық тиындарына ручка, дәптер, кейде мектепте жинайтын ақшаларын екі бала сұрап алып кететін. Бір күні отырып:

- Әке, біз үлкен болдық. Ержанды біз алсақ қандай болар екен? Қалай болса, солай жүр, - деген соң әрі-бері ойлап, заңды болсын деп сотқа бардым. Арыз жазып едім, сот қарамады. Сөйтсем бір күні балалар «Жас алашқа» жазыпты. Шығады дейсің бе?- деп ойлап едім, ол газетте «Ашынғаннан шығады ащы даусым», «Сот бізбен неге санаспайды?» деген мақаламен шықты.

Сот бізбен неге санаспайды?
Беліміз қатаймай,кәмелетке толмай жатып,тағдырдын тәлкегіне түскен жәйіміз бар.Туған анамыз туған деуге аузымыз да бармайды Рымкүл ішімдікке әуестеніп,теріс жолға түсті.Әй бұның не?дейтін нағашы әжеміздің де адам сүйсінер қылығы жоқ. Торғай екеш торғай да балапанын қорғайды емес пе?Ал анамыз балам бар-ау деп ешқашан ойламайды.Бүгінде ана орнына ана болып ,бізге шын жүректен қамқорлық танытып отырған Гүлбадан тәтемізге көптен-көп рахмет.

Үш бірдей баланы баққан, қамқоршы болған әкемізге бар ауртпалық түсті.Әкеміз Бейшен Алашбайұлы-Асауан сахаба кенсенесінің шырақшысы.Ол күндіз-түні бір тынбай,тәу етіп келгендерге ақ ниетімен қызмет етеді.



Еркебұлан, Мөлдір, Ғалымжан.
15 жылдай Алла жолында жүрген әкемізге арақ ішіп, жеңіл жүріске түсті, деп,анамыз Рымкүл 2002 жылғы 7мамырда Шу аудандық сотына ажырасу үшін арыз берген .Көршілердін,күәгерлердің түсініктемелерін ескермей,қаперіне алмай,әкемізді маскүнем етіп, әйелді қолдап 2002 жылғы 23 мамырда аудандық соттың судьясы Кенжебеков біржақты шешім шығарды.Біз,Еркебұлан мен Ғалымжан әкемізде қалдық та, кіші ініміз Ержан шешеміздің қолында кетті. Бүйрегі ауыратын баурымыз Ержанды қолымызға алу мақсатында Шу аудандық сотынын төрағасы Алмас Құрманбеков мырзаға өткен жылы арыз жазғанбыз. Арызымыз қабылданбады.Ендігі арманымыз-Ержанды өзіміздің баурымызға тарсақ дейміз.

Заң біге көмектесуге тиіс.Сот біздің тағдырымызды, болашағымызды неге ойламайды екен? Ана жақта Ержан ініміздің емделүіне ешқандай да жағдай жоқ. Бізді осы мәселе толғандырады.

Ағайынды Еркебұлан мен Ғалымжан

Жұмасаевтар.

Шу ауданы

Жамбыл облысы. №62 3 тамыз 2006жыл.

Жас Алаш.
Сотқа барып жүгінелік деп адвокаттарға бардық. Ер-азаматтардың ішінде заңды мықты біледі деген адвокат болмады. Бәрінің сілтегендері Сәуле деген адвокат. Сәулеге Гуля барып жолығып қалай болады дегенде Сәуленің айтқаны:

- Сіз ол кісіге кім боласыз?

- Ешкім болмаймын. Мен бала бағатын нянька, кір жуатын прачка, тамақ істейтін кухаркамын, - депті Гуля.

- Ол оңбаған шал, білеміз оны. Естігенбіз ол туралы. Сен екенсің ғой, ол шалға қыз туып берген. Сен үшін екен ғой ол Рымкүлді тастағаны -депті.

- Сіз недеп тұрсыз?

- Бара бер, бұл Шу ауданында бір адвокат та, бір прокурорда саған ешнәрсе де шешіп бермейді, - депті Сәуле адвокат.

- Неге шешпейді?

- Басымды қатырмай шықшы, сендердің істеріңді ешкім қолға алмайды. Бар, боссың-депті Сәуле.

Кейін тағы барды. Онда Асылбек пен Даниярдың шаруасымен. Онда да Сәуленің айтқаны:

- Жер, фонды Даниярдың атында. Сендер ешнәрсе істей алмайсыңдар –дегенге Гуля айтыпты
- Жерді 5 жыл арендаға алыпты ғой. Жер кодексінде ... – дей берген екен.

- Бақ десең де, шақ десең де ол жерден сендерге тасым да бұйырмайды. Асылбек пен Даниярдың сөзі жүріп тұрады. Өйткені Рысмендиевтің указаниесі – депті Сәуле.

Сонымен бұларға не деуге болады. Адвокатымыз адам өлтірсе де құқығын қорғайтын заң қызметкері емес пе? Біз жай ғана өзіміздің элементарный құқығымызды қорғай алалмаймыз. Бұл Шу ауданымыздың біз үшін іліп алар заңгер болмағаны ма? Әрине болмағаны, себебі айналып келгенде бәрі бір-бірімен байланысып жатқан адамдар.

2003 жылдың қазан айының басында Данияр қасында екі келіншекпен келді. Қолдарында газеті бар. Сөйтсек қолдарында куәлігі бар екен. Тараз облысының емшілер ассоциациясынан деген.

- Бізге мына газеттегіні тексеруіміз керек. Сіз білесіз бе, бұған жауап беру керек - деп қайта-қайта қолындағы газетті шошаңдатты.

- Беріңізші, оқып көрейік, - деді Гуля.

- Жоқ! – деп Гуляға бермей қойды.

Сол кезде бір кісілер құран оқытуға келіп отыр еді. Сол кісілердін біреуі

-Қандай адамсыңдар, ақ жолда жүрміз дейсіңдер, келіп анау-мынау әңгіме айтасыңдар. Беріңіз газетті, біз оқимыз! - деді. Сонда Данияр тұрып:

- Мейлі, берші оқысын. Не істейді дейсің?

Біраз әңгіме болып дәлелмен бұл әулиенің ашылғанын айтып, мөр туралы айтып біраз айтыс-тартыс болды. Бірақ отырған кісілер үшеуіне жаман айтып тастағаннан кейін алды-арттарына қарамай кетті. Отырғандар Даниярдың тастап кеткен газетін алып оқыды. Сөйтсек «Түркістан» газеті ортасындағы вкладышы екен 25.09.2003ж. шыққан Болат Айтман деген азамат екен. Әрі-бері талқыға салып, не де болса, ақша - дүниенің арқасында жазылғаны белгілі болды. Болат Айтманды көрген жоқпыз, танымаймыз. Бірақ Данияр режиссермын деп атын, арын сатып жаздырған екен деп қойдық. Әйтпесе он қайнаса сорпасы қосылмайтын анау «Туркістан» газеті бізде Жамбыл облысында Шу ауданында Төле би ауылында жатқан әулиені жамандап жазатын несі бар? Мені «миссионер» дейтін мен басқа дін уағыздап отырмын ба? Жоқ, иегова, баптистер сияқты басқа дін таратып, басқа дін шығарып отырмын ба? Мен Аллаға серік қосып, шірік келтіріп отырмын ба? Шымкент облысында ауыл-ауылдарда бар әулие Сайрам қаласында көше-көшесінде бар әулие біздің киелі Шу бойында болмай ма.? Шу бойы киелі, қасиетті небір батырларымыз, небір әулие-әмбиелеріміз, небір тарихта қалған шайқастар жері бар. Сонау Кенесары бабамыздың жер үшін ,елі үшін шайқасқан жері осы Шу өңірі емес пе? Кім біледі, қандай киелі қасиетті өз заманында аты қалған, халыққа қызмет еткен ер-азаматтар өткенін тек қана бір Алла біледі.

Осы уақиғадан кейін 3-4 күннен кейін Данияр мен Асылбек тағы да келді. Келе олардың тисе келетін әдеті болды. Сөйтіп тұрғанда Гуляның айтқаны:

- Осыларыңды қашан қоясыңдар? Асылбек, ешкім жетіскенінен әулиеде отырмайды. Осы сендер қатын сияқты дамбалдарыңды қолдарыңа алып мен көрдім, мен таптым, мені дуалап қуып жіберді, – деп өсек айтқанша мықты болсаң отырмайсың ба? Өсек айтқаннан басқа өнерің жоқ - деп. Кетейін деп еді Данияр Гуляны қолтықтап:

- Гуля, мен саған бір нәрсе айтайын, жүрші былай- деп қолтықтап еді, қолын қағып жіберіп:

- Айтарыңды осы жерде айт!

- Гуля, сенің басың жұмыс істемейді. Рымкүлдің тастап кеткен балаларын бағып отырсың. Тастап кеткен ойнастан туғанын да сен бағып отырсың.

- Онда сендердің шаруаларың болмасын. Құдай басқа бермесін деп айтыңдар.

Сонда Данияр:

- Гуля былай істейік. Бейсенді, қызды алып жүр больницаға барайық. Екеуінің қандарын тексертейік. Егерде екеуінің қаны бір болса, осы жерден кетесіңдер. Қандары бөлек болса, қаласыңдар. Мәшине дайын, жүр кеттік.

Гуля Данияр мен Асылбекке кезек-кезек қарады да, күлді де:

- Не, сендер мені Рымкүл деп отырсыңдар ма? Айтыңдаршы? Қаршадай бесіктен белі шықпаған сорлы баланың не кінәсі бар? Туған шешесі бір тастады, асырағаны екі тастады, не болды баламен алысып? Бармаймын ешқайда. Сендерде ақша бар, дүние бар. Врачтарды сатып алған шығарсыңдар. Мен қайдан білейін? Сендердің бір ауыз сөздеріңе сенбеймін. Ал балаға келсек, Бейсен он қатыннан он бала таптырса да бағатын мен. Сендердің нелерің кетті- деп еді, Асылбек пен Данияр бір-біріне қарап:

- Сен қатынға дауа жоқ екен- деп бұрылып кетті.

«Қала толған адамды өсекке үйір бүлдірер,

Қора толған сан малды қотыр сиыр бүлдірер».

Одан 3-4 күннен кейін Данияр мен Асылбектің қолшоқпары Байболатов Ахан келді. Ол да келе Гуляға тиісті.

- Оңбаған! Сайқал! Біреудің сүттей ұйып отырған семьясын бұзып, Рымкүл деген қандай керемет адам- деп еді, бұл сөзді естіп тұрған Ғалымжан қасына барып:

- Ахан, сен не былшылдап тұрсың? Не оттап тұрсың, шешеміз жақсы болса отырмаймыз ба соның қасында- деді. Аханның сондағы айтқаны:

- Асылбектің Махмұты бар, Даниярдың Серік Үмбетовы бар. Қолдарыңнан не келеді- деп. Құрысын неше түрлі сөз айтылды. Одан қала берсе, тәуіптері Тараздық Жанар деген келіп, ол да неше түрлі әңгіме айтып, Ерімбетқажы Қонақбаевтың шашбауын көтеріп, ол кететін. Біздің Шу ауданының тәуіптері Нұрсұлу, Оразкүл, Сәуле, Кенжекүл, Дана кезек-кезек келіп Асылбектің сөзін сөйлеп, ақша-дүниеге сатылып жүргендерін кейіннен білдік. Одан қала берсе, мешіттен қалмайтындар, жұма намаз жібермейтіндер келіп имам айтты деп, олар келіп қанды қарайтып кететін.

«Жүрегім таза болсын, тек киімім лас болса да,

Жер-дүниеде көп-ақ-ау, жүрегі нәжіс бишара».

Имам айтты, бұл жер таза емес, шірік дейді. Бұл қалай болғаны? – деп сұрайды. Талайына айтқаным бар: «Имамдар өлмейді, өлсе де шайтан болып ұшып жүреді, сауатсыздықтары, оқымағандықтары, сол әруақтың тамағын ішіп, киімін киіп дүниесін пайдаланып, жаназасын шығарады. Сөйтеді де болмайды дейді. Сауаты болса ең таза жер осы қабырстан. Бұл жерге ниет қылып келе жатқанда 40 қадам қалғанда адам бойындағы сайтан нағылет қалып қалады екен. Сайтан тезірек осы жерден шықса екен, оны азғырсам екен деп тұрады екен. Білсе, бұл жерде Аллаға тікелей қызмет ететін періштелер дабыл таппай тұрады. Олар Мүңкір-Әңкір, Әзірейіл, Жебірейіл, Әзірет- Әлінің қылышы тұрады. Бұндай жерге келгенде, әруақтан сұрамайды Алладан сұрайды, Әруаққа бата жасайды. Сол себептен халықтың әулиеге барып, дастархан жайып құдайы беретіні сол. Атамыз қазақ айтқан: «Құдайыңды сауыңда бер», «Аллаға бер де, жалын!» деген осы. Имамдарымыз бізге дүние жетпейтін болды деп сайтанның жолымен жүргені ғой. Алла тағала бәрімізге нәсіпті шашып қойған. Мақал бар: «Абысын тату болса, ас көп» деген діни жолдағы біз тату болсақ, халық бұлай бұзылмас еді, басқа дінге мойын бұрмас еді. Көп ел не істерін білмейді. Намазың болмаса оразаң қабыл болмайды дейді. Құранды тура оқымасаң күнәһар боласың дейді. Имам- бізге халыққа ұстаз емес пе, алғашқы мектепке барғанда әріп үйрететін. Сол кезде тура айтылмағанды түзететін имам. Ислам дінінде қорқытып, үркітіп жолға салмайды. Жәйменен жік-жігімен, әр нәрсені өз орнымен түсіндіріп айту керек. Оны ол адам орындай ма, жоқ па естігеннен кейін күнәсін өзі көтереді. Бұндай әңгімелер көп болды.

Сұм тағдыр! Сұмырайларға нан бересің,

Су мен жер, үй салтанат сән бересің,

Бір үзім нанға зар боп жүргендер көп,

Ал маған адал жанда бар еді өшің?

Осы қазан айының ортасында Сайлаубеков Данияр аудан прокуроры Сейтжанов Қайсар мырзаға арыз жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет