Жұмасаев Бейсен Алашбайұлы Бұл кітапты Алла ризалығы үшін әкем Алашбай анам Торғай Рухтарына арнаймын



бет5/6
Дата15.06.2016
өлшемі3.28 Mb.
#137044
1   2   3   4   5   6

Шіркін-ай дүние не істетпейді десеңші «Нұрбұлақтын» ашылуына шашуға «Рафаэлло» шашылды. Дастарханы деген құстын сүтінен басқасы түгел. Ұзына бойы жасалған жеті қатар үстел, өлді дегенде мың адамға дайындалған. Қызмет көрсеткен ауданның кафе-рестораннын ұл-қыздары қызмет көрсетті. Ысырап дүниені айтсашы сонда Өмірбек ағамыз не көрсетіп отыр, оданша сол шашылған дүниенін орнына неге жетім-жесірлерге бермейді. Солар бір тойып ішіп-жесе үлкен сауап емеспе.

Өмірбек мырза судын қасиетін айта бастаганда адам күлетін нәрсе, мысалы әр судын өзінін қасиеті, ем-шипасы болады. Ал Өмірбек ағамыздын айтуынша «жеті әулиеден су алып соны бұлаққа құямыз, сонда бұл судын кереметі деген (Алладан демейді) Жоғарыдан келеді» - дейді. «Бір әулиеден су аламыз деп едік ала алмадық себебі бала-шағасымен жаулап алыпты » - депті халыққа.

Абай бол, сұм тағдырға нана берме,

Қайраулы қылышына бара көрме.

Бал берсе, тағдыр саған у қосады,

Аңқылдап ауызыңа ала берме.

Қарап отырсаң кейде қайран қаласың, осы әулие ашылғалы бері 8 жылдан бері асып барады. Әйтеуір, сонау заманнан Абыл мен Қабылдан келе жатқан қызғаншақтықтың кесірінен зұлымдық, сатқындық, өтірік айту, бір-біріне қиянат жасау деген қалмай келеді. Неге ол, неге мен емес деген жаман пасық оймен адам баласы неше түрлі жаман атқа барады.

Бірақ сәттік, ғұмыр бізге сыйлайды,

Соның өзін бір-біріне қимайды.

Бірін-бірі жегідей жеп адамдар,

Бірін-бірі қанжылатып қинайды.

Әсіресе, біздің сорлы қазақ ру-руға бөлінеміз, жүз-жүзге бөлінеміз. Одан қала берсе, нағашы жиен, құда-жекжат деп бөлініп, бір-бірімізді түрткілейміз. Осы біздің қасымыздағы «Омар» салынғанда ел біледі түріктердікі екенін, шіркін-ай десеңші адам қызығады. Фундаментінен басталып көтерілді. Інілері, жиендері, ағайын-туысқан деп бірі келіп, бірі кетіп жатты. Дымы шықпады. Ал мына орыстардың шіркеуі неше жыл болды Лыткин спонсор болды. Шіркеу туралы бір сөз естідіңдер ме? Жоқ. Ал бір әулие ашылып еді, баяғы қазақ қырылып жатыр. Сонда бөтен емес жақын нағашым, көршім, кейін құда Асылбек деген жағаласты, одан Данияр қосылды, Науатханның да біраз кесірі тиді.

Адалмын деп ант ішкендер, бір айналып қас болар,

Кеше ғана тәп-тәуір жан – бүгін арам, лас болар.

Ертеңгіге есік ашар – қою түнге сенім жоқ,

Әйтсе де оның жақсы ұрығы жанға демеу ас болар.

Бұл әулие Асауан бабамыз халықтың игілігіне халыққа шарапаты тисін деп ашылған әулие. Бұл әулиенің шапағаты бәріне жетеді. Алла тағаланың құдіреті күшті ғой. Асылбекті, Даниярды, Науатханды даттамаймын. Алла сынағынан өте алмады. Себебі, қолдарында бәрі болды. Ақша, атақ, абырой, бірақ жүректерін арамдық, қулық, менмендік билеп алды.

Мәз болып күні-түні мал жаныңа,

Сенбедің бұл дүниенің жалғанына.

Не қылды, басқаларды қатал заман,

Оянып, бір қарашы жан-жағыңа.
«Жас Алаш» газеті. 21.09.2006ж. №76

«Мемлекеттік марапат туралы немесе «заңдастырылған» ұрылардың қатарында болғым келмейді» - деген Мұхтар Шаханов ағамыздың жазғанын оқ ыдым.

Рас, «Отан да өзінің дараланған ұл-қыздарын марапаттап отыруға тиіс екенін мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бұл таңдау өте әділетті жағдайда жүруі шарт. Қазір біздің елімізде кез келген үлкен дегейдегі заңдастырылған ұрының екі орден, үш медалі бар. Сол тізімнің арасында жүрмеу ар тазалығын сақтау ғана емес, еркектік бақыт та!» деген сөзі бар. Осы сөзіне қатты риза болдым. Шіркін, осындай азаматтарымыз аз ғой, еркек деп айтуға ұялмайсың. Намысты елім, халқым деген азаматымыздың бірі.

Осы бұрынғы аудан әкімі Рысмендиев Болат мырзаға мемлекеттік орден алды дегенін естіп, біраз Шулықтар күлді. Бір үлкен Белбасар ауылынан келген кісінің айтқаны:

- Болатқа орден беріпті, негізі нағашысы Қалмырзаев ұсынды дейді. Адам күлетін нәрсе. Не үшін берді? Шу ауданын талан-таражға салған үшін берді ме? Жоқ пенсионерлердің пенсиясын жеп қойғаны үшін берді ме? - деп әңгіме айтқан еді. Сонда еріксіз ой келді. Онда қандай сыбайлас жемқорлықпен Қалмырзаев «күресіп» жатыр? Әрине, Асылбекке ешкімнің тісі бата алмай отырғаны осы шығар. Бауырына сенеді ғой. Қазақ атамыз айтқан:

«Ет бұзылса, тұз себеді,

Тұз бұзылса не себеді» - деп.

Әрине Астанада отырғандар бұзылса біздің қолдан не келеді? Аудан тарапынан ,заңгерлерге не кінә қоямыз. Алла әруаққа табыс еттім.

Қолыма 22/106 16-30 қарашада 2007ж «Ислам және Өркениет» газетінде шыққан « Ұлы бабалар ізі қалған мекен» атты мақалада :

«Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары барынша сәтті қызғылықты ұйымдастырылған екен. Соның бір ай ғағы Елбасының Әбу-Насыр Әл-Фарабидің қабіріне зиярат етуі болды. Ұлы ғұлама бабамыз өмірінің соңғы жылдарырында Дамаск қаласында еңбек еткенін білеміз. Ол 80 жасқа келгенде осы қалада бақилық болған. Қазір оның зираты Шағын қақпалар деген қаланың көне бөлігіндегі қорымда жатыр.

Осыдан кейін Президент Н.Назарбаевтың көртежі Бейбарыс сұлтан жәй тапқан қорымға бет алды.Ұлы қолбасшы, көреген саясаткер Бейбарыс сұлтаның 1223жылы туғандығы ғана емес, шапқыншылықта құлдыққа сатылған қазақ баласы екендігі де толық дәлелденген. Ол шашырап кеткен мұсылман елдерін темірдей тәртіппен біріктіріп, Каирде 1260 жылдан бастап патшалық құрған.Ол кезде Шам деген жалпы атпен қазіргі Сирия, Иордания, Ливан, Палестина, Израиль. Ол халифат деп аталған империясын 17жыл басқарған. Жиналған көпшілікке Бейбарыс сұлтан мемориалдық кешенін қайтадан қалпына келтірілетін жариялады.»

Өкімет басы Бас муфтий Әбсәттар қажы Дербісәлі Әулиеге зиярат етіп Алладан тілек тілеп ,әруақ тарға бата жасап жүргенде біздің имамдарымыз болмайды Аллаға шірік келтіріп отыр дейді.


«Әруақ, құдайдан бата алғандар»
Тағдырдың сыры терең жете алмаймыз,

Жұмбағын түгел тауып кете алмаймыз.

Керулі көз алдымда сиқыр перде,

Өлеміз, бірақ әрі өте алмаймыз.

Осы әулиеге Тараз қаласынан Надежда Яковлевна деген орыс әйел келді. Келгенде аяндықпен осы Әулие шақырған екен. Атаның түр түсін, қалай келгенін өмір-тарихын дәл айтқан еді... Сол күні түнеді, түнеп ертеңгісін айтты:

- Вы знаете Бейсен, у меня дар от Всевышного смотрите, - деді.

Дастархан үстіндегі алюмин қасық, темір қасық денесіне магнит ұқсап жабыса кетті. Алланың берері көп, құдіреті күшті.


Үміт апа 2002ж.

Біздің имамдар айтпақшы бұндай нәрсе... шайтаннан келеді демесі деп, фотографты әкеліп суретке түсіріп алдық. Бұл кісі ауырып есінен адасқан екен. Бала-шағасы үйінде есігін сыртынан құлыптап кетеді екен. Бір күні қалай екенін дала шығып кетіп, қалаға кетіп қалады. Есінен адасып, жүрген әйел. Әбдіқадыр мешітінің қасына қалай келгенін білмей, әйтеуір азанның дауысын есітіп, денесі босап, жайлап өз-өзіне келіп, рахаттанып мешіт ішіне кіріп кетеді.

Ол кезде жұма намаз басталған екен. Жалаң аяқ, жалаң бас жүрген әйелге мешіт қызметкерлері айтады:

- Нельзя у нас в таком виде находиться?

- Вы знаете, такую песню услышала и мне так хорошо стала! – деп Надежда ауырғанын айтып, ендігі өзін жақсы болғанына таңғалып әңгімесін айтады.

Оны тыңдаған мешіт имамдары айтады:

- Аталарыңызда мұсылман қаны болған. Сізге намаз-құран оқу керек, азан шақыртып мұсылманша ат қою керектігін айтады.

Үйіне барып, бала-шағасы қуанып осыдан кейін «Үміт» деп есімі қойылған екен. Осы Әбдіқадыр мешітінен медресесіне барып жүріп намаз-құран үйренеді. Алла берген қасиетті көріпкелдік, шөп-дәрі



Үміт апа 2002ж.
жасап адам қарайды. Осы әулиеге келіп жүріп алған қасиеті алюмин қасық, темір қасық жабысатын.

Осы 3 жылдай болды Үміт апамыз қасиеттерінен біразынан ажырап қалды, себебі Алланың беріген қасиеттерін өз бас пайдасына, ақша-дүниеге беріліп, атақ үшін пайдаланғысы келді, жалғыз бұл кісі емес. Алла тағала береді қасиеттерді, соны таза ұстамайды, намаз-құранды жиып қояды. Содан кейін алдарына келген адамға «тисе терек – тимесе бұтақ» өтірік – шыны аралас әйтеуір, күн көрудің амалы. Осы әулиенің суын да талай адамдарға алдырып, өзінің шипасы бар суға деп деген қыз келіп құран оқытып, анда-санда қонып жүреді салып, қасиетті судан жазылған адамға мен жаздым дегендер көп.

Әулие ашылғаннан кейін көп ұзамай Сәлима.

Кейіннен аяндықпен Сәлимаға берілген қасиет Құран кітаппен сөйлеу: өзі де бұрын базарда тұрып құмалақ ашатын: Базарға тұрып кітап ашатын болды. Әрине қорқып, алғашқыда жүрексінді. Аянда айтылған:

- «Халықты мұсылмандыққа шақыру, ата-бабаларымыздың жолын көрсету, намаз-құран үйрету имандылыққа шақыру еді. Сәлима кітап ашып сөйлеп жүрді. Имамдарымыз айтуымен неше түрлі адамдар келіп тисетіні көбейді.

- Базар таза емес, сенікі тура емес қасиетті «Құранды базардың ортасында ашып отырсың» – деп.

Ия, базар таза емес шығар. Арақ сатылып-ішіліп жатады, неше түрлі доңыздың колбасасы бар. Бірақ, халық сол базардан тамақтанып, сол базардың арқасында күн көріп жатыр.


Сәлима

Пайғамбарымыз Мұхамед Мұстафа ғ.а.с. бұдан да қиын зам анда дін жоқ кезде ислам дінін уағыздаған кісі, адамдар пұтқа табынып бір-біріне бағынбай, бір-бірін өлтіріп жатқан заманда, қан кешіп жүріп мұсылман дінін таратқан. Сонда да ол кісі сабырлықпен, төзімділікпен, ақылмен жеңіп отырған. Қазіргі шала сауатты имам-молдаларымыз болмайдыны көп айтады. Болмайды құранды моншада, әжетханада оқуға болмайды. Адам өз-өзіне қол жұмсауға болмайды. Өйткені Алланың берген азынаулы өмірге, азынаулы қиыншылығына төзе алмай қол жұмсаған адамның жаны тозақы деген.

Бір жылдан аса Сәлима кітап ашып жүрді. Талай жылап та келді:

Имам мешітте айтыпты деп – неше түрлі адам келіп тиісіп кетеді екен. Бір күні аян болды:

- Балам, қызым кітап ашқанын тоқтатсын, пенделер мені емес құранды сыйламады, қалай болса, солай барады алдына, жалаң аяқ, жалаң бас, дәреті жоқ. Енді қызым тасбих тартып, құмалақты шашып тастап ашатын болады, - деген.

Содан бастап құранды үйде, әулиеде ашып, базарда құмалақты шашып тастап тасбихпен сөйлейтін болды.

Алланың құдіреті күшті ғой ,берері көп.Қасиетті береді,бірақ соны ұстап қалу керек-кішіпейлдікпен ,инабаттылықпен, имандылықпен Аллаға деген ақ ниеттілікпен, себебі ақша-дүниеге бұрылғандарға Алла да,әруақта теріс қарайды сол себебтен де көп тәүіп-емшілеріміздін алғашқыда аты шығып ,арты жын-шайтан болып кеткендері аз емес.

Осы әулиеде ең алғашқы жүрген ұл-қыздардың ішіндегі Санат деген Бәйдібек ауылының жігіті. Әке-шешесі ертеде ажырасып, Санат нағашы апасының қолында қалады. Жолы болмай осы жерде намаз-құран оқып үйреніп жүрді. Бір күні аяндық болды. «Бір қыз келеді, соған қосасың».

Бір күні Тараз қаласынан бір газель боп қыз-келіншектер келді. Көбісі мұғалім екен. Сол қыздардың ішінде аянда көрген қызды таныдым. Ол Айым еді. Қызылорданың қызы Тараз пединститутын бітіріп, қалада жұмыста қалған екен. Санат екеуі сөйлесіп, шүйіркелесіп кетті. Адресін алып Санат қыздарды шығарып салып жүрді. Көп ұзамай екеуін Санат пен Айымды қостым.



Санат пен Айымның тойы. 2000ж.
Ең алғашқы келін боп осы әулиеге беташар тойын жасап, некесін қиып, біраз күн тұрғаннан кейін Таразға екеуі қол ұстасып кетті. Екеуінің Әлімжан деген ұлдары бар.

Қостанайлық шәкіртім Еламан деген жігіт 2002 жылы анасымен бірге келді. Сол жолы Түркістанға бара алмадық. Бірақ шешесі туберкулез ауырып жүрген екен. Осы әулиенің суын ішіп, жуынып, 20 күндей болды. Келер жылы қайта келгенде жаңағы кісіні танымадық. Себебі, бұрынғы солғын түрі жоқ. Ауру адам мазасыз болады ғой, онысы жоқ. Сондағы айтқан әңгімесі: алып кеткен судан анда-санда ұрттап ішкенмін, ауруханада учетта тұрған кісі емес пе, шақыртып тексерсе, неше жерден тесілген өкпесі орны да қалмаған. Кейінгі жылы Еламан мамасымен Түркістанға барып келді.
Олар келіп жатқанда КТК телевидениесінен бір-екі адам келді. Біреусі Рысмендиев Болаттың жиені – ақын жігіт Мухамеджан Тазабеков екен. Екіншісі – Далақайнар совхозының бұрынғы совхоз директоры Өзенбай ,журналистпен бірге осында келіп түсіріп кеткен еді. Көп ұзамай телевизордан қайта-қайта көрсетті, жамандап ақша- дүние үшін отыр деп . Ал түсіріп алған мөр туралы ләм-мим деп аузын ашпаған. Сол кезде дәлелмен көрсетілген мөрді халыққа жария етіп көрсетпеді. Оның астындағы жазуын шешуге молдаларымыздың күші жетпеді деп ойлаймын.


Бейсен, Әпкесі, Еламан. 2003ж.
Мухамеджан Тазабеков ислам діні деп уақабты көп айтады. Бұл Уақаб деген кісі бүкіл дүние жүзіне патша болғысы келгенде Құран –Кәрімнін ішінен өзіне керегін алып, бұрмалаған.Бұл 1745жылы болғаны дәлел тарихта бар екен. Анау болмайды, мынау болмайды деген салдарынан , ақындық қасиетінен ажырап, өзімнен болды демей, елді жазғырады.

Қиын қыстауда жан-жабылып талап жатқанындағы қол ұшын бергендерді қалай ұмытасың? Сол адамдардың бірі – Айнақұлтегі Асылбек, жұбайы – Көкенқызы Мұңлық, әкпесі Үміт, бұл кісілер бала-шағамыздың садақасы деп, әрі жеті ата- бабаларымыздың әруағы қолдасын, Алла ризалығы үшін атаның асын түгел өздері көтерді. Басынан аяғына шейін қызмет көрсетті.

Дүниенің байлығын басына үйіп қойсай да,

Алғыс айтпас пенденің әдеті ғой қашан да.


Асылбек жұбайы Мұңлық әпкесі Үміт берген ас. 2004ж.
Араққа салынып, анаша шегіп, ине салып жүрген Әздеров Мұхтар деген жігіт келді. Әкесі теміржолда жұмыс істеп, шешесі ХПП-да бухгалтер болып жұмыс істеген. Мұхтардың бірінші әйелінде – бір бала, екінші әйелінде – екі қызбен ажырасып кеткен. Содан шешесі ілестіріп келген.

- Не істеймін, апармаған жерім жоқ. Бұл да бір шіріген жұмыртқа болды. Не көмегің бар? – деп келген еді. Бұдан кейін күзде қатты ауырып, дірідеп, қалтылдап келді.

- Аға, помогите! Я устал, больше не могу, - деп еді.

- Мұхтар, менің қолымнан не келеді? Міне тамағың, міне жататын жерің. Жат, көреміз! – дедім.

Нәр тартпай алғашқы күні судан басқа ешнәрсе ішпеді. Тамақ ішерде қолы дірілдеп, қасық ұстай алмай отыратын. Екі балам суын, шәйін алып беріп дәретке бірге барып жүрді. Үш-төрт күннен кейін өз-өзіне келе бастады. Жайлап құран-намаз үйренді. Сөйтіп, бізбен бірге ораза ұстап, темекісін қойып, кейде қонып қалып, кейде үйіне барып жүрді. Осында Әділбековтер әулиеті келіп тұратын. Марқұм Мейірхан тоғайда бұзылған мектепті сатып алып, Алла ризалығы үшін мешіт ашып, бала оқытатын медресесі бар еді. Бұрынғы Талғат деген молда бала елдің анау-мынау сөзіне ілесті ме, әйтеуір мешіті жабылып қалған екен. Бибінұр апамыздың күйеуінің істеген жақсылығына мен өзім іштей риза болып, талай елдің сауабын алды ғой деп, әруақ ырза болмай, тірі байымайды, - деп сол мешітке Мұхтарды азаншы ретінде ұсындым. Құдайға шүкір, жаман болған жоқ. Қазір намазы бар, аузында құраны бар, иманды жігіт. Базарда діни кітаптар сатады.



Дүйсен. 2004ж.
Қиналып, жолы болмай жүрген Шу қаласында Дүйсен деген қасапшы бала келді. Анда-санда қонып жүрді. Бір күні айтты:

- Аға, менен не көмек керек? – деді.

- Дүйсен, аяндық болып еді. Мына жерден 15 метр жерден дәрет суыңды қаз деген. Шамаң келсе соған көмек бер! – деп айттым.

Дүйсен 15 метр трубасын алып келіп, компрессорды әкеліп көрсетілген жерден құдықты қаздырып, су шықты. Сол апрельдің 10 болатын 2004ж.

Ақбақайлық Байтақ деген жігіт әйелімен Түркістанға барған еді. Барып келгеннен кейін:

- Беке, мен ескерткіш жасайтын жерде жұмыс істеймін. Егер де осы атаға тас, мрамор керек болса, размерін айтыңыз. Мен өз қаржыма бала-шағамның садақасы деп жасап беремін, - деді.

Содан күзде аяндық болды. Размерін айтып жібердім. Тасы келді. 5-6 жігіт жабылып жатып әрең түсірдік. Беріп жібергені көк тас екен. Содан ескерткіш қылып қоятын болдық. «Оңды-солды үлкен-кішіге жол апатынан қайтыс болғандарға белгісін қой!» – деген соң. Содан бас жағына қояйын деген едім. Қаламады.


Ескерткіш. 2005ж.

Себебі, «жылап тұрып алады, аяқ жағыма қой!» - деп орнын көрсетті. Содан тасқа «Асауан баба жол апатындағыларға» Бейсен, Байтақ деп жаздырдым.

Осы өткен жазда АҚШ-тан Индиана штаты Блумингтон қаласынан Дэл деген Американдық жігіт келді. Университет бітіріп, диссертация жазып жатыр екен. «Қазақстандағы мұсылмандылық пен имандылық». Бұл жігітке біз өте риза болдық, келгенінен кеткенше инабатты, кішіпейіл, сауатты және мұсылмандылық туралы, әсіресе, «Алла», «әруақ» дегенді ажырата білетін адам. Алматы қаласында көп адамдармен сұхбаттасқан болған екен. Ислам діні неше түрлі тармақтарға бөлінетінін айтты. Біз өз басымыз Дэлге риза болғанымыз – бірінші қазақ тілінде еркін сөйлеу, салт-дәстүрімізге өте қанық болуы. Кеудесіне қолын қойып:

- Ассалау ма ғалейкум! – дегеннің өзіне алғашқыда кішкене кідіріп қалып, сасқалақтап қалып,

- Уағала алейкум ассалам! – деп жауап бердім.

- Мен кеше келіп едім, сіз болған жоқсыз. Бір бала алдымнан шықты. Қағазға хат жаздым да, ертең келемін,- деп айтып кеттім. Содан дастархан басына шақырдым. Бас пен қуырдақ қуырып едік. Американдық келеді деген соң. Тарелка, вилка, қасық, пышағымен дайындаған едік. Бірақ Дэлдің айтқаны:

- Сіздер әуре болмаңыздар. Мен қазақтар сияқты қолмен жеймін, бес саусақпен, - деп тарелка, пышақтарды сыдырып тастады. Алдына бас пен жамбасты қасына қойып:

- Бізде қазақта сыйлы қонаққа беретін осы, - деп едім.

- Ата, мен білемін. Университетке түскенде мұғалімім қазақ болатын. Сол кісіден төрт жыл бойы дәріс алдым. Қазақша жазу, оқу, салт-дәстүрін бәрін үйретті. Төрт жылғы еңбегімді осы Қазақстанда пайдаланғым келді. Бізде кітапханамызда көп мақала кітап бар. Бірақ өзім көріп, естіп, білейін деп келген едім. Көп сұрақтар қойды.



Бейсен, Дэл, Мәкен Уақтегі. 2007ж.
Соның ішінде:

- Мен бір үйде қонақтамын. Ол кісілер бұл жерге қарсы, дұрыс емес, «шірік» атайды. Атадан келе жатқан салт-дәстүр- дейді.

Дэлге кімнің үйінде тұратынын сұрастырып едік Сах-заводта тұратын Зейнулқожа екен.

- Ата-баба дәстүрі емес, әулиелерге барып тілек тілеп, Алладан сұрайды. Салт-дәстүріміз деген, мысалы, қыз ұзату, той жасау, сүндет той, аталарымыз жауға шапқанда «әруақ!» деп шапқан. Былайша айтқанда ұранымыз. Сол Зейнулқожа қайдан шыққан? Әрбірден кейін осы арабтар емес пе аталары? Дэлмен біздің ой-пікірлеріміз бір жерден шығып отырды.





Қайрат. (ортада) 2006ж.

Қайрат және анасы Бәтима Шалданбаевтар көп көмек көрсетті.Наурыз, ас бергенде ат салысты.
Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,

Жақсы әйел әмма жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бәрін де өз баласындай.

Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,

Қыранның қырдан байқар баласындай.

Жаман парқы жақсымен бірдей емес,

Жақсы жігіт елінің ағасындай.

Жақсының сөзін әркім пайдаланар,

Миуалы алма, өріктің ағашындай.

Жаманның көкірегі – көр, көзі соқыр,

Жүрер жолдар тал түсті адасып-ай.

Жақсы адам қай жерден ажырайды,

Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай.

Жамандар - өтірікші, өсегі көп,

Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.

Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,

Жанбай қалған ағаштың шаласындай.

Соқтығып әркімге бір ұрынады,

Сиырдың тентек болған танасындай.

Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,

Жылқының қотыр болған аласындай.

Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,

Жұғымды болар елге еркесіндей,

Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,

Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.

Жақсы болар баланың жүзі жақсы,

Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.

Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,

Жасынан бірге өскен еркесіндей.

Жақсы кісі көрінер жыл құсындай.

Жаман адам балтаның ұңғысындай.

«Олақтан салақ жаман» деген мақал

Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай.

Жақсы адам алысты жақын етер,

Беттескен екі таудың тұрғысындай.

Жамандар өсек-аян айтып жүрер,

Ешкімнің білмесе де қылмысын-ай,

Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,

Ақылы ауысқан адамның жындысындай.

Екеуін салыстырып әдейі айттым,

Қажетін қолданарсың тұрмысыңа-ай.

Сүйінбай Аронұлы
Деректі заңды құжаттармен жиналып жазылған осы кішкене кітап аз да болса халық алдына таразылауға жазылды. Ертеңгі күні таң қалмаспын егерде Асылбек те, Данияр да Бейсеннен «қай жеріміз кем» деп отыра қалып кітап жазса. Осы кітаптін алғашқы даналары шығып жатқанда ЖОТРК-а қызметкері Сайлаубеков Даниярды қайта-қайта теледидардан көрсетіпті:

«Біздің әріптесіміз Меккеге қажылыққа барып келді» – деп.

Осыған қарап қайран қалдым Әруақ қоғамының мүшесі аузында құраны, бар Алла-Әруақ дегенде көзінен қан ағады,сөйтіп отырып ақ адал еңбегіне қол сұғып әруақтын атын жамылып ипотекаға үй алып, қажылыққа барып келуін қалай түсінуге болады.Әрине қолдаушысы, қорғаушысы Серік Үмбетов болар кезінде сол кісінің атын жамылып талай келгені бар еді.Қажылыққа қарсылығым жоқ, бірақ ақ адал еңбегімен, тапқанымен бардыма сол күмән, жоқ «Асауан-Сахаба» қайырымдылық қоғамдық қорының атқарушы директоры деген атпен жамылып кім біледі, қандай азаматтарды әруақ-құдай дегендерді алдап- арбап солардын ақша - дүниесімен барып келгеніне .Біздің әріптесіміз- деп ұялмай қайта- қайта көрсетүіне себеп болған шығар. Соны көріп отырып қосымша жазуға тура келді.

«Ниет қабыл болсын дәптерінен»

* * *

Бисмилләхи рахмани раһим!

Мен Батырбай Рахманұлы 1967 жылы 13 ақпан Бұқара қаласында туып-өскенмін. Руым – кіші жүз Ақылбай-Оспан. Менің бұл жерге келгенімнің себебі – жалғыз Алла деп ойлаймын. 8 ақпан күні Сахзаводтағы тәуіпке бардым. Сол тәуіп кітап көтеріп мені осы Асауан сахаба зиратына жолдады. Барып түнеп кел деп. Мен бір күн түнегеннен кейін ертесіне осы зиратты Арыстан бап басында аян көріп әруақты жер жүзіне шығаруға ат салысып шығарған кісіге кездестім. Сол күні түнде Бейсен ағаға аян болып азаңда намаздан кейін маған аянды былай деп жориды. Сен Батырбай 7-8 жыл болған ауырып, мазасыз жүргеніңе. Өзің көп азап көргенсің. Дін жолын ұстамай жүргенімді дәлелдеді. Әкемнің әкелерінің көк тақия кигенін айтып берді. Маған дін жолын ұстауды айтты. Бабаларымда молда кісі болғанын айтты. Маған осы Құран-намаз үйретіп бастады, 3 күннен кейін тағы да аян болды. Маған осы жерді 7 метр қазасың деді. 3 метрден кейін алдыңнан бір нәрсе кездеседі. Сол нәрсе алып шығарып қоясың. Мен ол нәрсені көріп алып қойдым. 7 метрден кейін үш көзді Айдахар шығады деді. Сол 7 метрден кейін айтқан Айдахар бұратылып жылан сияқты үш бұлақ көзі атқылап шыға бастады. 2 минуттің ішінде 83 см су көтерілді. Сол су шыққан сәтте сен аспанға ұшасың деген. Алла Тағаланың бұйрығымен ниет қабыл болды. Оның айтып отырған дәлеліміз сол су шығып атқан кезде Жамбыл қаласынан Данияр деген жігіт ислам жолында жүрген, бізге тап болды. Ол кісі ЖТД әруақ қоғамынан екен. Бейсен ағаның аспанға ұшасың дегені осы екен. Сол 02.03.2000ж. күні мен қазған құдықтан тынық тәтті су шығып, тамақ та, шай да іштік. ЖТД түсірді. Көп әңгіме болды. Тағы Асауан сахаба зиратын түсірді. Жағдайымызды сұрады. Әкімшіліктен имамдардан қандай көмек болды деп сұрады. Көп нәрсені жасырып айтқан жоқпыз. Бірақ халық көп нәрсені дәлелдеп айтып берді. Сол күні 2.03.2000 ж. маған бата беріп, құдыққа «Бұхара» құдық деп ат қойды, тілегім қабыл болды. Асауан сахаба әруағы қолдасын. Алланың құлағына шалдықсын. Илләхи, әумин!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет