ЖҰмыс бағдарламасы «050718- электрэнергетика»



Дата06.03.2016
өлшемі165.94 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыстық бағдарлама




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

«Химия» пәнінің


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«050718- Электрэнергетика» мамандығының сырттай оқитын студенттеріне арналған

Павлодар

Мемлекеттік жалпыға міндетті

мамандықтың білім стандарты

мен типтік бағдарлама

негізінде әзірленген

пәннің оқу жұмыс бағдарламасына

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/07



БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор _________Н.Э.Пфейфер 20___ж. «___»__________

Құрастырушы: аға оқытушы __________Колпек А.К.


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
«Химия» пәні бойынша
«050718 – Электрэенергетика» мамандығының сырттай оқитын студенттеріне арналған

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқу жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті мамандық стандарты ҚР МЖМБС 3.08.334-2006 негізінде әзірленген және С. Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесі отырыснда бекітілген «___»______ 20__ж., № __ хаттама


20__ж. «___»__________ кафедра отырысында ұсынылған № __ хаттама


Кафедра меңгерушісі ________________________ К.Х. Жапаргазинова

ХТжЖ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20___ж. «____»_________ №_____ хаттама

ОӘК төрайымы ______________ У.Д. Буркитбаева




КЕЛІСІЛГЕН
Факультет деканы ___________ Қ.Қ. Ахметов «___»_______20 __ж.



ЖжӘҚБ құпталған

ЖжӘҚБ бастығы _______________ А.В. Варакута «___» ______ 20__ж


1. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Пәнді оқытудың мақсаты – студенттердлің білім жүйесін қалыптастыру;

- зат құрылысы, химиялық элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің периодты түрде өзгеру заңдылықтары;

- химиялық процестердің жүру заңдылықтары;

- мұнай-газ өндірісінде қолданылатын техникалық материалдардың химиялық қасиеттері;

- химиялық заңдар мен процестерді қазіргі заманғы техникада қолдану.

Пәнді оқытудың міндеті – химия ғылымының аранайы тараулары мен түйінді негізін студенттердің жетік меңгеруі.

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуге тиісті:

білуі керек: cтудент химия курсын оқу нәтижесінде білімге, ептілік пен дағдылыққа ұмтылады:

істей білуі керек: химияның стехиометриялық заңдарын біліп және тұжырымдап, оны есептеулерде қолдана білу;

- элемент атомының электрондық құрылысы мен физикалық және химиялық қасиеттерінің арасындағы өзара байланыстылығын білу;

- тотығу-тотықсыздану реакцияларының теориялық негіздерін, металдар коррозиясы үрдістері заңдылықтарын және одан қорғау әдістерін білу;

- органикалық химия негізгі қағидаларын және полимерлік қасиеттерін білу.


2. Пререквизиттер – «Химия» пәнін меңгеру үшін төмендегі пәннің негізгі мағлұматтары қажет:


  1. Мектептегі химия курсы

  2. Мекутептегі физика курсы

  3. Мектептегі жалпы химия курсы



4. Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары



р/с


Тақырыптар атауы

Сағат саны

Дәр.

Прак

Зерт.

СОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Атомдық молекулалық ілімнің негізгі қағидалары.

1

1

-

10

2

Атомның құрылысы және химиялық элементтержің жүйеленуі.

1

1

2

12

3

Химиялық процестердің энергетикасы. Химиялық кинетика

1,5

1

-

25

4

Су. Ерітінділер.

1,5

-

2

9

5

Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрохимиялық процестер

1

-

2

10

6

Элементтер химиясы және олардың негізгі қосылыстары

-

-

-

9

Барлығы:

6

3

3(6) (

75


4.2 Пәннің тақырыптық мазмұны

1 Тақырып. Кіріспе. Атомдық молекулалық ілімнің негізгі қағидалары. Химия ғылымы. Материя мен қозғалыс туралы түсінік. Жаратылыстану жүйесіндегі химияның ролі. Өнеркәсіптік өндірістерді химияландыру. Химияның табиғат пен техника дамуын оқып үйренудегі маңызы. Энергетика саласындағы проблемаларды шешудегі химияның ролі. Негізгі химиялық ұғымдар: атом, молекула, жай зат, химиялық қосылыс. Атомдық және молекулалық масса. Моль, молярлық масса. Химиялық элемент. Изотоптар. Радиоактивтілік құбылыс. Химияның негізгі заңдары. Массаның сақталу, тұрақтылық, жай еселі қатынас, жай көлемдік қатынастар, эквиваленттер, Авогадро және газ заңдары. Идеалды газ. Газ тұрақтылығы. Менделеев – Клайпейрон теңдеуі. Қоспадағы газдың парциалды қысымы. Газдың салыстырмалы тығыздығы.

2 Тақырып. Атомның құрылысы және химиялық элементтердің жүйеленуі. Атомның кванттық – механикалық моделі. Квант сандары. Атомдық орбиталдар: Паули принципі. Атомдық орбиталдарды толтыру реті және ережесі. Көп электронды атомдар құрылысы. Клечковский ережесі. Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және элементтердің периодтық жүйедегі орны мен химиялық қасиеттері арасындағы байланыс. Элемент атомдарының электрондық және электронды-құрылымдық формалары. Элементтер тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі. Д.И. Менделеев периодтық заңның маңызы.

4 Тақырып. Химиялық процестердің энергетикасы. Химиялық кинетика. Химиялық термодинамикадағы негізгі түсініктер мен шамалар. Ішкі энергия және энтальпия. Химиялық термодинамиканың 1-ші заңы. Химиялық қосылыстардың түзілу энтальпиясы. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Термохимиялық заңдар. Термохимиялық есептеулер. Энтропия, химиялық термодинамиканың 2-ші және 3-ші заңдары. Химиялық реакциялардың бағыттылығы. Гиббс энергиясы. Химиялық реакциялардың жылдамдығы (гомогендік және гетерогендік). Массалар әсер ету заңы. Реакцияның жылдамдығына температураның әсері. Вант-Гофф ережесі. Аррениустың активтену энергиясы, активтелген комплекс туралы түсінік. Гомогенді және гетерогенді катализ. Қайтымды химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік, Ле-Шателье принципі. Химиялық тепе – теңдік константасы мен Гиббс энергиясы өзгеруімен байланысы.

5 Тақырып. Су. Ерітінділер. Ерітінді типтері. Ерітінділер концентрациясын көрсету әдістері. Электролиттер мен бейэлектролиттер ерітінділері. Ерітінді бетіндегі бу қысымы және құрамы. Рауль заңы. Осмос және осмос қысымы. Вант-Гофф теңдеуі. Ерітіндінің қайнауы және қатуы. Криоскопия және эбулиоскопия.и Электролит ерітінділері. Күшті және әлсіз электролиттер. Әлсіз электролит ерітінділері қасиеттері. Судың электролиттік диссоциациясы. Ортаның сутектік көрсеткіші. Ерітінділердегі иондық теңдеулер. Тұздар гидролизі. Ерігіштік. Ерігіштік көбейтіндісі. Тұнба мен ерітіндідегі иондар тепе-теңдігі. Гидролиз константасы және дәрежесі. Сатыланып гидролиздену. Қайтымды және қайтымсыз гидролиз. Табиғи сулар және оның құрамы. Судың кермектілігі. Табиғи судың коллоидты заттары және оны алып тастау. Суды жұмсарту және тұзсыздандыру.

6 Тақырып. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрохимиялық процестер. Тотығу-ттықсыздану реакцияларының мәні. Элементтердің бос күйінде және қосылыстардағы тотығу-тотықсыздану қасиеттері. Тотығу-тотқысыздану реакцияларының теңдеулерін құру әдістері: электрондық баланс әдісі, жартылай ионды-молекулалық реакция.

Электрохимиялық үрдістер классификациясы. Металдардың электрондық потенциалдары. Гальваникалық элемент. ЭҚК және оны өлшеу. Стандартты сутектік көрсеткіш. Redox-потенциалын есептудегі нернст теңдеуі. Тотығу-тотықсыздану потенциалына рН әсері. Электролиттер ерітіндісі мен балқымасы электролизі. Еритін және ерімейтін анодтар қатысуындағы электролиз. Фарадей заңдары. Тоқ бойынша шығым. Электролиздің өндірісте қолданылуы. Коррозияның негізгі түрлері. Химиялық және электрохимиялық коррозия. Жер асты коррозиясы. Металдарды коррозиядан қорғау.



7 Тақырып. Элементтер химиясы. Металдар химиясы. Металдар қасиеттерінің Д.И. Менделеевтің периодтық системадағы орнына тәуелділігі. Металдарды алудың негізгі әдістері. р- металдар және оның қосылыстарының қасиеттері. Өтпелі металдар қасиеттері, IV-VII топ d-элементтері. Темір топшасы элементтері, олардың құймалары және химиялық қосылыстары. Платиналық металдар химиясы. Мыс және мырыш металдар топшасы химиясы. Бейметалдар және металлоидтар. Бейметалдар қасиеттерінің Д.И. Менделеевтің периодтық системасындағы орнына тәуелділігі. VI және VII топ элементтері, оның қосылыстары. IV топтың р-элементтері. Көміртек және оның аллотропиялық түр өзгерістері. Көміртектің моно- және диоксиді. Карбонаттар. Силикаттар. Тұтқыр заттар, олардың энергетика саласындағы ролі. Портландцемент. Қату және қатаю үрдістері. Бетондар коррозиясы және онымен күресу жолдары.

4.3 Лабораториялық жұмыстардың мазмұны

Лабораториялық жұмыстардың мазмұны

р/с

Тақырыптардың аттары

Лабораториялық жұмыстардың мазмұны

Сағаттар саны

1

Атомның құрылысы және химиялық элементтержің жүйеленуі.

Периодтық жүйедегі элементтердің қасиеттерінің өзгеруі

2

2

Химиялық процестердің энергетикасы. Химиялық кмнетика.

Электролиттік диссоциация

2

3

Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрохимиялық процестер.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрохимиялық процестер.

2

Барлығы

6


4.4 Практикалық сабақтардың мазмұны


Практикалық сабақтардың мазмұны

р/с

Тақырыптардың аттары

Лабораториялық жұмыстардың мазмұны

Сағаттар саны

1

Кіріспе. Атомдық молекулалық ілімнің негізгі қағидалары.

Химияның негізгі заңдары бойынша есептер шығару: Негізгі стехиометриялық заңдар. Газды қылыпты жағдайға келтіру әдісі.

1

2

Атомның құрылысы және химиялық элементтержің жүйеленуі.

Атом қрылысының күрделілігі. Атомдық орбиталдар. Паули принципі. Квант сандары. Хунд және Клечковский ережелері.

1

3

Химиялық процестердің энергетикасы. Химиялық кинетика

Массалар әсер тету заңы. Химиялық реакциялар жылдамдығының константасы. Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принципі. Тепе-теңдіктің ығысу шарттары және оған әсер ететін факторлар.

1

Барлығы

3



4.5 СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі сағатпен

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысу

10

2

Практикалық сабақтарға дайындық

Тәжірибелік жұмыстарды орындау әдістемелерін үйрену

ТЖ орындау

10

3

Есеп дайындау мен лабораториялық жұмыстарды қорғау

Есеп

ТЖ қорғау

10

4

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалдарды үйрену

Конспект және т.б.

Коллеквиум және т.б.

15

5

Семестрлік тапсырмаларды орындау

Реферат, доклад және т.б.

СЖ қорғау

10

6

Бақылау жұмыстарына дайындық




МБ 1, МБ 2, коллеквиум және т.б.

20

Барлығы

75



Студенттерге өз бетінше оқуға арнайы ұсынылатын тақырыптар
1 Тақырып. Кіріспе. Атомдық молекулалық ілімнің негізгі қағидалары. Изотоптар. Радиоактивтілік құбылыс. Идеалды газ. Газ тұрақтылығы. Менделеев – Клайпейрон теңдеуі. Қоспадағы газдың парциалды қысымы. Газдың салыстырмалы тығыздығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,6,10]



2 Тақырып. Атомның құрылысы және химиялық элементтердің жүйеленуі. Атомның кванттық – механикалық моделі. Элемент атомдарының электрондық және электронды-құрылымдық формалары. Элементтер тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі. Д.И. Менделеев периодтық заңның маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4,9]



3 Тақырып. Химиялық процестердің энергетикасы. Химиялық кинетика. Термохимиялық есептеулер. Энтропия, химиялық термодинамиканың 2-ші және 3-ші заңдары. Аррениустың активтену энергиясы, активтелген комплекс туралы түсінік. Гомогенді және гетерогенді катализ. Қайтымды химиялық реакциялар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,5,10]



4 Тақырып. Су. Ерітінділер. Ерітіндінің қайнауы және қатуы. Криоскопия және эбулиоскопия. Әлсіз электролит ерітінділері қасиеттері. Ортаның сутектік көрсеткіші. Ерітінділердегі иондық теңдеулер. Табиғи сулар және оның құрамы. Судың кермектілігі. Табиғи судың коллоидты заттары және оны алып тастау. Суды жұмсарту және тұзсыздандыру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,6,11]



5 Тақырып. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрохимиялық процестер. Тотығу-тотқысыздану реакцияларының теңдеулерін құру әдістері: жартылай ионды-молекулалық реакция.

Электролиттер ерітіндісі мен балқымасы электролизі. Жер асты коррозиясы. Металдарды коррозиядан қорғау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,4,7,9]

6 Тақырып. Элементтер химиясы. Өтпелі металдар қасиеттері, IV-VII топ d-элементтері. Темір топшасы элементтері, олардың құймалары және химиялық қосылыстары. Тұтқыр заттар, олардың мұнай-газ өңдеудегі ролі. Портландцемент. Қату және қатаю үрдістері. Бетондар коррозиясы және онымен күресу жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,9,11]




«050718-Электрэнергетика» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/10




050718 – Электрэнергетика мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Химия пәні


Оқу түрі

Пәннің жалпы көлемі

Семестрлер бойынша бақылау түрі

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кредиттер

Академиялық сағаттар

кредиттер

Аудиториялық сағаттар

(ак.сағаттар)



СӨЖ

(ак. сағаттар)



барлығы

ауд

СӨЖ

емт.

сын.

КЖ

КЖ

барлығы

дәр

пр.

лаб

барлығы

СОӨЖ

Арнайы кәсіптік білім базасындағы сырттай

2

90

15

75

+


































1,2

2

90

6

3

6

90

75





























































































































Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер :

1. Аханбаев К.А. Химия. – Алматы.: Білім, 1994

2. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 2000.

3. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы.: Анна тілі, 1992.

4. Глинка Н.Л. Общая химия. – М.: Высшая школа, 1999.

5. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии. – М.: Астрель, 2004.

6. Коровин Н.В., Масленникова Г.Н., Мингулина Э.И., Филиппов Э.Л. Курс общей химии. – М.: Высшая школа, 2000.

7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. – Алматы.: Бiлiм, 2003.


Қосымша әдебиеттер:
8. Задач и упражнений по общей химии /Под ред. Коровина Н.В. – М.: Высшая школа, 2004.

9. Фролов В.В. Химия. – М.: Высшая школа, 1999.

10. Угай Я. Общая химия. – М.: Химия, 1994.

11. Карапетьянц М.Х., Дракин С.Н. Общая и неорганическая химия. – М.: Химия, 2000.



12. Лилин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.Л. Задачи по неорганической химии. – М.: Высшая школа, 1990.

13. Яшкарова Г., Омарова Н. М., Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстары әдiстемелiк тұралы. – Семей.: Шәкәрiм атындағы Семей мем. ун-тi, 2007.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер»
umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет