Жұмыс бағдарламасы 2008 жылғы №3а 22 ақпан 051101 «Мейірбике ісі»



бет14/16
Дата23.06.2016
өлшемі1.49 Mb.
#154840
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

2. Мақсаты: Студенттерге патогенді микроағзаларға әсер ететін химиотерапиялық препараттармен емдеудің микробиологиялық, молекулалы-биологиялық негіздерін түсіндіру. Химиялық препараттардың қалыпты микрофлораға кері әсерін түсіндіру.

3. Дәріс тезистері.

Медицинаның қазіргі этапында антибиотиктер микроорганизмдерге қарсы күресетін, әсер ететін бірден-бір препарат болып табылады.

«Антибиотик»-түсінігін С.Ваксман былай береді. «Антибиотиктер»-дегеніміз мироорганизімдерден түзілген заттар болып бактериялардың өсуін тоқтататын және бактерияларды жою қасиетіне ие. Антибиотиктердің негізгі продуценті микроағзалар болып табылады. Антибиотиктердің емдік қасиеті айқын болу үшін келесі міндетті қасиеттері болуы керек

1.Төмен концентрацияда (10-30 мкг/мл) ауру қоздырғыштарын жою және өсуін кобеюін тоқтату керек.

2. Антибиотиктердің ықпалын адам организміндегі сұйықтықтар төмендетпеу керек.

3. Антибиотиктер микроағзаға тез әсер ету керек, яғни қысқа мерзімде көбеюін тоқтату керек.

4. Антибиотиктер макроағзаға кері әсерін тигізбеу керек.Аллергендік және токсигендік қасиеттері болмау керек.

5.Антибиотиктер науқастың сауығуына кедергі жасамау керек.

6.Антибиотиктер иммундық реакцияға кері әсерін тигізбеу керек.

Инфекциялық аурулардың химиотерапиясы дегеніміз–бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың және протеилардың қоздыратын ауруларын химиотерапиялық дәрі-дәрмектер арқылы емдеу яғни дәрі-дәрмектермен адам ағзасындағы инфекциялық агенттердің өсуі мен көбеюін таңдаулы түрде тежеу. Микроағзаға қарсы препараттың таңдап әсер етуін қамтамасыз ету үшін препарат тек қана микроағзалар бар мишеньге әсер ету керек, бірақ мишень макроағзаның жасушасында болмауы керек.

Химиотерапиялық препараттар спектр белсенділігіне қарай:микроағзалардың жасушалық формасына әсер ететін (бактерияларға қарсы, саңырау- құлақтарға қарсы, протозоиарға қарсы) қарсы әсер ететіндер тар спектрлі және кең спектрлі болып бөлінеді.

Антибиотиктерге тұрақтылығы бойынша табиғи және жүре пайда болып бөлінеді.

Жүре пайда болған тұрақтылықтың гендік негізі R-плазмидалар мен байланысты.

4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе

5. Әдебиет.

Негізгі:

1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.

4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.

5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.

6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.

7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.

8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.

10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.

Қосымша:

1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.

2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.

3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.

4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.

5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.



Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

6. Қортынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Антибиотиктердің таңдап әсер ету механизмін түсіндіріңіз?

  2. Антибиотиктер қалай алынады?

  3. Микроорганизмдердің антибиотиктерге тұрақтылығы немен байланысты?

4 Дәріс


1. Тақырыбы: Микроорганизмдердің экологиясы. Адам организмінің микрофлорасы. Дисбактериоз. Инфекция туралы түсініктер. Инфекциялық процестің сипаттамасы.

2. Мақсаты: Студенттерді экожүйенің негізгі факторларымен таныстыру оларға анықтама беру. Микробтардың басқа биогендік элементтері айналымындағы ролін түсіндіру. Студенттерге инфекция туралы түсінікке анықтама беру және инфекциялық аурулардың кезеңдерін түсіндіру, сипаттама беру.

3. Дәріс тезистері.

Санитарлық микробиология қоршаған ортаның микрофлорасын, оның адам денсаулығына әсері бағытында зерттейді. Санитарлық микробиологиялық зерттеулер эпидемиологтар мен гигена мамандарына ішек, респираторлық және басқа да инфекциялардың қоздырғыштарының берілу факторы ретінде су, ауа, топырақ, медициналық құрал-жабдықтардан басқа да обьектілердің қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу үшін алынатын сынамалар, талдау әдістері, сондай-ақ обьектілердің микробиологиялық ластануының жіберілетін деңгейі нормативтік құжаттар мен стандарттар басқа ресми құжаттар мен қатаң белгіленеді.

Инфекциялық үрдіс инфекциялық аурудың негізін құрайды. Инфекциялық ауру даму үшін макроағзаға микроағзаның әсер етуі қажет. Инфекциялық кезең бірнеше этаптан тұрады.

1.инкубациялық кезең.

2.продромальды кезең.

3.аурудың айқындалуы.

4. аурудың сауығуы.

Инфекциялық үрдістің дамуында паразит феномені негізгі маңызды роль атқарады. Паразит қожайын есебінен қоректеніп ағзасын уақытынша немесе мәңгілік мекен етіп,екі ағза бір-бірімен қарама-қарсы жағдайда өмір сүреді.

Инфекциялық үрдістің стадиялары.

Бірінші стадия –микробтың макроағзаға енуі яғни, қақпа арқылы кірген жерінде үйреніп қалыптасып макроағза жасушасына жабысады.

Екінші стадиясында-колонизация қақпада микроағзалар, яғни кілегей шырышты қабатта, теріде жайылып жасушамен ұлпаларға тарала бастайды.

Үшінші стадиясы-диссеминация жайылу, микроорганизім бүкіл ағзаға таралады.

Төртінші стадиясы-макроорганизімнің қорғаныс спецификалық, бейспецификалық факторларын микроағзаның токсинін нейтралдауға, ағзадағы гомеостазды қалыптастыруға жұмсалады.

Бесінш стадия – инфекциялық үрдістің аяқталуы, яғни ағзаның микробтардан тазаруы,ағзада иммунитеттің қалыптасуы. Кейбір жағдайда үрдіс өліммен аяқталуы мүмкін, егер микробтар мен макроағзалар арасында тепе-теңдік қалыптасса, микроб тасып жүрушілік байқалады. Бактерия токсині –эндотоксин,экзотоксин.



4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе

Әдебиет.

Негізгі:

1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.

4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.

5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.

6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.

7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.

8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.

10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.

Қосымша:

1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.

2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.

3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.

4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.

5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.



Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

6. Қортынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Топырақ микрофлорасының санитарлық көрсеткішін атаңыз?

  2. Су арқылы қандай жұқпалы аурулар таралады?

  3. Қалыпты жағдайда адам ағзасында қайсы органдар стерильді?

  4. Инфекциялық аурулардың кезеңдерін атаңыз?

  5. Коллонизация –сөзін түсіндіріңіз?

  6. Токсин түрлерін атаңыз?

5 Дәріс


1. Тақырыбы: Иммунитет. Иммунитет түрлері мен формалары. Бейспецификалық қорғаныс факторлары. Антигендер. Антиденелер. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактика және иммунотерапия негіздері.

2. Мақсаты: Студенттерге иммунология бөлімінің маңыздылығын, иммунитет түрлерін, организмнің бейспецификалық қорғаныс факторларын түсіндіру. Фагоцитоз стадияларын талдау. Комплемент жүйесіне түсініктеме беру. Студенттерге бактериялар мен вирустардың антиген түрлерін үйрету. Адам организмінің антигендерін талдау. Антигендердің иммунды-компонентін жасушалармен өзара әсерін талдау.

3. Дәріс тезистері.

Иммундық жүйенің спецификалық факторына қарсы денелер, иммунды фагоцитоз, лимфоциттердің цитотоксигендік функциясы тез және баяу жоғарғы сезімталдық, толеранттылық, иммунологиялық еске сақтау.

Иммунтет түрлері туа пайда болған, жүре пайда болған болып бөлінеді.

Негізгі бейспецификалық қорғаныс факторлар бұл тері және кілегей шырышты қабат, ферменттер, фагоциттеуші жасушалар, комплемент, интерферон, қан сарысуы ингибиторлары.

Фагоцитоздың негізгі қызметі;

1.Организмнен жойылған жасушаларды және оның құрылымын алып тастайды.

2.Ішкі ағзаға түскен тыныс жолдары арқылы (көмір, минеральді және басқа шаңдарды) алып тастайды.

3.Бактерия және вирустардың бөлінді уларын және өнімдерін жояды.

4.Лизоцим, комплемент компоненттерін, интерферонды, интерлейкинді синтездейді.

5.Иммундық жүйенің қалыптасуында қатысады.

6.Т-хелперлер мен антигендердің кездесуін жүзеге асырады.

Комплемент гуморальді иммунитеттің негізгі факторы болып табылады.

Комплемент қызметі 1. микробтардың лизисінде қатысады.2. хемотоксигендік белсенділікке ие. 3.анафилаксияда қатысады. 4. фагоцитозда қатысады.

Антиген –органикалық, коллоидты құрылымнан тұратын бөгде зат (ақуыз, полипептид полисахарид, жоғары молекулалы нуклеин қышқылы, ақуыздың липидтер мен полисахаридтер мен байланысқан комплексі) адам организміне тері астына, кілегей шырышты қабат арқылы, бұлшық ет арасына, вена ішіне, ауыз арқылы жібергенде организмде спецификалық иммундық реакциялардың дамуына алып келеді.

Антигендердің негізгі екі қасиеті бар.

1.Антидене түзу қасиеті.

2.Өзіне тән белгілі антиденелермен байланысқа түсуі яғни сенсибилизацияланған лимфоциттермен байланысқа түсу қасиеті.

Бөгде заттар–ол жоғары молекулалы байланыс. Олар мынандай қасиетке ие –бөгделік, спецификалық, иммуногендік, коллоидты құрылым, организм сұйықтығында ерігіштік қасиетке ие.

Антигендер екі түрге бөлінеді –толық қанды, толық қанды емес гаптендер. Толық қанды антигендер –бұл бөгде зат информациясын хабарлаушы белгілерге ие, қарсы дене түзу және лимфоциттердің сенсибилизациясын түзу қабілеті бар. Толық қанды емес антигендер, қарсы дене түзілуін шақырмайды, лимфоциттердің сенсибилизациясын болдырмайды. Бактерия антигендері О- термостабильді, жіпшелі–Н–антиген, капсулалы К-антиген. Аутоантигендер өзі алынған организмге иммундық жауап береді, оларға ми, көз хрусталигі, сперматазоидтар. Организмдегі иммундық жүйенің жауабының түзілуіне Т-В –лимфоциттер және макрофагтар қатысыды.



4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе

5.Әдебиет.

Негізгі :

1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.

4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.

5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.

6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.

7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.

8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.

10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.

Қосымша:

1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.

2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.

3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.

4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.

5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.



Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

6. Қортынды сұрақтары (кері байланысы):

1. Иммунология терминіне түсініктеме беріңіз?



  1. Фагоцитоз стадияларының маңызы?

  2. Қайсы бактериялар Н-антиген түзеді?

  3. Гаптендердің айырмашылығы?

  4. Аутоантигендер дегеніміз не?

6 Дәріс

Тақырыбы: Патогенді және шартты патогенді коктар (стафилококтар, стрептококтар, менингококтар, гонококтар).

Мақсаты. Студенттерге стафилококтар, стрептококтар, менингококтар мен гонококтардың биологиялық қасиетін, микробиологиялық диагноз қою әдістерін үйрету.

Дәріс тезистері.

1.Коктарға жалпы сипаттама. Стафилококтардың морфологиялық, биохимиялық қасиеті, антиген құрылымы. Патогендік факторы, сыртқы ортаға төзімділігі, клиникасы, иммунитеті, микробиологиялық диагностикасы, алдын-алу, емдеу әдістері.

2.Стрептококтардың морфологиялық, биохимиялық қасиеті, антиген құрылымы. Патогендік факторы, сыртқы ортаға төзімділігі, клиникасы, иммунитеті, микробиологиялық диагностикасы, алдын-алу, емдеу әдістері.

3.Менигококтардың морфологиясы, дақылдылық қасиеті, антиген құрылымы, патогендік факторы, сыртқы ортаға төзімділігі, клиникасы, иммунитеті, микробиологиялық диагностикасы, алдын-алу, емдеу әдістері.

4. Гонококтардың морфологиясы, дақылдылық қасиеті, б/х – қасиеті, потогенді факторы, сыртқы ортаға төзімділігі, клиникасы иммунитеті, эпидемиологиясы, микробиологиялық диагностикасы, алдын –алу, емдеу әдістері.

Коктар тобына шар тәрізді стафилококтар, стрептококтар, энтерококтар, пневмококтар, пептококтар, вейлонеллалар кіреді. Тыныс алу түріне қарай аэробты, микроаэрофильді, факультативті анаэробты, қатаң анаэробты коктар болып бөлінеді. Стафилококтар Staphilacoccus тегіне жатады, өзінің ішіне келесі түрлерді кіргізеді.

1:Staf.aureus.

2:S.epidermidis.

3:S.sаprophiticus.

Бұл бактериялар факультативті анаэроб коктар қатарына кіреді жұғындыдан алынған таза дақылда моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады.

Коктар морфологиялық қасиетіне қарай және ауру қоздыру қасиетіне қарай да бір-біріне ұқсас келеді .

Аталған коктар іріңді қабыну процесін қоздырады. Іріңді-қабыну аурулары- хирургиялық аурулардың 35-40%, әр 3 ауру іріңді қабыну процесімен ауырады. Іріңді қабыну процесі тек қана хирургиялық, акушер-гинекологиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық ауруханаларда да кездеседі.

Әдеби мәліметтерге сүйенсек 25-50% іріңді қабыну процесін коктар қоздырады.

Гр+ бактерия, шар тәрізді диаметрі 0,5-1,5 мкм жүзім сағағына ұқсас орналасады.

Жасуша қабырғасының негізгі компоненті пептидогликан, рибитейхой және глицеринтейхой қышқылы болып табылады .

Негізгі қоректік орталары сары -уызды тұзды агар, қоректік ортада крем түсті бұлыңғыр дөңгелек сары түсті колониялар түзеді.

Колониялардың түсі липохром пигментінің барлығымен түсіндіріледі, оның түсінің сары түске енуі оттегі бар қанды, көмірсутегі, болмаса сүтті қоректік орталарда байқалады.

Қанды агарда коллониялар гемолиз зонасын түзеді.

Б/Х активтілігі (белсенді) каталазаны өндіреді Фогес-Проскауэра реакциясы оң, нитратты нитритке болмаса азотқа дейін қалпына келтіреді.

Антигендік құрылымы күрделі. Түріне тән АГ –болып тейхой қышқылы болып табылады.

S. aureus - рибитейхой қышқылы

S. epidermidis–глицеринтейхой қышқылы S. saprophyticus – 2 қышқылды да өзінде сақтайды.

Патогенді факторлары болып стафилококтардағы микрокапсула, жасуша қабырғасының компаненттері, агрессия және токсиндік ферменттер.

Микрокапсула-бактерияларды полиморфты ядролық фагоциттермен фагоцитоздан қорғайды, микробтардың адгезиясына және микроағзалардың ұлпа арасына таралуын алып келеді.

Ет сорпалы пептонды ортада біркелкі лайлану байқалады.

Стафилококк төмендегі қасиетке ие токсин бөліп шығарады.

1.гемотоксиндік – эритроциттерді лизиске алып келеді.

2.лейкоцидин- лейкоциттерді жоюшы

3.некротоксин-ұлпаны некрозға алып келеді

4.летальді токсин- жануарларды өлтіруші қасиеті

5.энтеро токсин тағамнан улануды шақырушы токсин

Пигмент түзу түріне қарай

1 Stafilococcus aureus – алтын түсті пигмент

2 Stafilococcus albus – ақ түсті пигмент

3 Stafilococcus citreus – лимон сары түсті пигмент

Адамдарда жиі патоген – қасиетін көрсететін стафилококк түрі бұл алтын-сары түсті стафилококк.

3 топқа бөлінеді.

1 патогенді.

2 шартты патогенді

3 патогенді емес (сапрофитті)

Патогенділік белгісі болып маннитті ыдыратуы, гемотоксин, некротоксиннің барлығы патогенділік көрсеткіші болып табылады.

Стафилококтар бізді қоршаған ортада, ауада, шаңда, адам терісінде ауыз мұрын қуысында, жарақаттарда кездеседі.

(Streftococcus) моншақ тәрізді тізіліп орналасады.

Стрептококтар қозғалмайды, споралары жоқ. Грам әдісімен бояғанда оң, физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімсіз.

Стрептококтардың көпшілігі аэробтарға және факультативті анаэробтардың қатарына жатады, бірақ арасында қатаң анаэробты түрі де болады. Организмнен бөлініп шыққан стрептококтар жасанды қоректік ортаға біртіндеп үйрене бастайды. Қоректік ортаға қан сарысуын, болмаса қан қосқанда көбеюі жақсарады. Стрептококтар келесі токсиндерді бөліп шығарады (гемолизин, лекоцидин, фибринолизин). Диффузды фактор ұлпа арасындығы кеңістіктен бактериялардың өтуіне жәрдем береді.

Патогенді стрептококтардың патогенді емес стрептококтардан айырмашылығы қанды агарда гемолиз береді, және фибринолитикалық белсенділікке ие.

Менингит өткір инфекциялық аурулардың қатарына жатады, қоздырғышы Neisserie mеningitides, ауа-тамшы жолымен таралып мұрын жұтқыншақ кілегей шырышты қабатында жергілікті қабынуды, артынша минингитті септицемия (менингококцемия) және мидың жұмсақ қабықшасын қабындырады (менингококты менингитті шақырады).

менингококтар-дөнгелек пішінді диаметірі 0,6-1,7мкм жұптасып орналасады, жоғарғы жағы бір-біріне қараған, иілген тегіс орналасқан. Жасушалар полиморфты. Гр – жіпшелері жоқ, спорасы жоқ.

Қатаң аэроб, қоректік орталардан құрамында ақуыз (белок) қосылған, сарыуыз, қан сары суында жақсы өседі. Мюллер – Хилтон қоректік ортасында да жақсы өседі. РН – 7,2-7,4 қалыпты температура 37с, 30 -38с жақсы өседі. Жоғарғы концентрациясы СО2, ылғалдылық менингокок қоздырғышының өсуіне ықпалдандырады.

Қанды агарда нәзік дөңгелек жылтырақ күл түсті коллониялар түзеді.

Б/Х- белсенділігі төмен. Глюкоза, мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады. Индол, күкірт сутек түзбейді. Шартты патоген нейссериялардан айырмашылығы сахарозадан крахмал тәріздес полисахаридтер түзбейді.

А,В,С,Д серологиялық тип түзеді. Патогенді А-тип, эпидемияның таралуын В-С типтері жекеленген инфекцияның таралуына алып келеді.

Негізгі патогендік факторы капсуласының барлығында, ол менингококты барлық факторлардың әсерінен, бірінші фагоцитоздан қорғайды. Менингокок-өте жоғары токсигендік қасиетке ие эндотоксин бөліп шығарады. Басқа потогендік факторларға, кірпікшелер, сыртқы мембрана ақуызы, гиалуронидаза, нейраминадаза жатады. Кірпікшелер жұтқыншақтың мұрын бөлімінің кілегей қабатына еніп қабыну процесін қоздырады.

Лабораториялық жануарлар минингокок қоздырғышын аз қабылдайды. Ақ тышқанға, теңіз шошқасына астар ішілік қабатына жібергенде жануарлардағы күшті интоксикация өлімге алып келеді. 11-18 апталық тауық эмбрионының аллонтоис қуысына жібергенде 48 сағ. кейін эмбрионның өлуіне алып келеді.

Инфекция тасушы науқас адам, бактерия тасушы.

1-ші топ генерализацияланған түрі (1%жалпы ауру ішінде).

2-ші топ назофарингит (10 -20% жалпы ауру ішінде).

3-ші топ дені сау тасымалдаушылар. Тұрақты иммунитет қалыптасады, қайта ауру аз кездеседі.

Бактериоскопиялық, бактериологиялық, серологиялық әдістер кеңінен қолданылады.

Гонококтар-Neisseri әулетіне, N. Gonorrhoeae түріне жатады. Морфологиясы-диплококтар кофе дәндері сияқты жұптасып орналасады. Спора түзбейді , қозғалмайды, микрокапсула түзеді, Гр.-қатаң аэроб, қоректік орталарға талғампаз, тек қана адам ақуызы (қансарысуы қосылған агарда, асцит-агарда) жақсы өседі. Қансарысулы агарда майда жалтырақ тамшы тәрізді колониялар түзеді. Б/Х қасиеті- белсенділігі төмен тек қана глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады. Антигендік құрылымы:1. сыртқы мембраналы ақуызды антиген. 2. жасуша қабырғасының липополисахаридті антигені. Патогенділік фактор: 1.адгезиялы–фимбрии (кірпікшелері), 2.эндотоксин, фагоцитозды жоюшы. 3. агрессиялық ферменттер гиалуронидазы, нейраминидазы. Клиникасы: 1.Урогенитальды, экстрогенитальды. 2.гонококты септикопиемия. 3.жас нәрестелердегі коньюктивит бленорея. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптаспайды.

1. Жедел түрінде қынаптан, уретрадан бактериоскопиялық жағынды.

2. Созылмалы түрінде бактериоскопиялық, бактериологиялық, серологиялық-КБР, иммуноиндикация. Емдеу әдісі –этиотропты терапия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет