Жұмыс бағдарламасы 2008 жылғы №3а 22 ақпан 051101 «Мейірбике ісі»



бет2/16
Дата23.06.2016
өлшемі1.49 Mb.
#154840
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Құралдар: сәулелі, бинокулярлы микроскоптар, бактериологиялық анализатор, автоклавтар, термостаттар, құрғақ ыдыстық пештер, центрифуга, тоңазытқыштар, аквадистиллятор, бактерицидті шам, офистік қондырғылар және компьютерлер, ноутбук, мультимедиялық проекторлар, зертхана ыдыстары жуатын және залалсыздандыратын арнайы қондырғылар.

Жабдықтар: микробиологиялық зертхана жабдықтары және зертханалық ыдыстар, бұлынғыр стандарттар жинағы, микроорганизмдерді бояу үшін бояулар жинағы, микроорганизмдерді идентификациясын жасау үшін тест-системалары, иммерсиялық май, дозаторлар, пипеткалар, қоректік орталар, микроорганизмдердің атласы, көрсетуге арналған жұғынды препараттар, компьютерлік бағдарламалар, мультимедиялық оқулықтар, оқу құралы, оқу кестелері, слайдтар, интернет кластар.

2.10 Әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

  2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

  3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.

  4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.

  5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.

  6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.

  7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.

  8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

  9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.

  10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

  11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

  12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.

Қосымша:

  1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.

  2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.

  3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.

  4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.

  5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.

Электронды ресурстар:

  1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

  2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

  3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

  4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).


  1. 1 үлгі


Микробиология пәні бойынша жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісім хаттамалары




Пән

Оқу материалының мазмұнын көрсетілген реті бойынша өзгерту туралы ұсыныс

Келісімге қатысушы кафедраның хаттамасы № айы, күні

Алғы реквизиттер

1

Экология және тұрақты даму

Экология курсын оқу барысында қоршаған ортада микроорганизмдедің таралуына аса көңіл аудару: су, топырақ, ауа, қоршаған орта обектілердің микрофлорасы; табиғатта заттар алмасуына микроорганизмдердің қатысуы; табиғатта азоттың көміртектің, күкірт, фосфор және темірдің қайталап алмасуындағы микробтардың ролі

Хаттама №________

_________ 2013ж


2

Медициналық биология генетика негіздерімен

Генетика негіздерімен молекулалық биологиялық курсындағы оқу материалдарының мазмұнын және олардың берілу тәртібін мақұлдау. Сондай-ақ, мына аталған: құрылысы, генетикалық ақпараттардың негізгі берілу жолдары, нуклейн қышқылдары мен нәруіздардың биосинтезі мен қызметтері деген сұрақтарға үлкен мән берілуі керек.

Хаттама №________

_________ 2013ж


3

Физиология

Жасушалардың фагоцитозы, мононуклеарлы фагоцитоз туралы түсінік.

Адам ағзасын гомеостазындағы сарысу және иммуноглобулин туралы түсінік. Иммунды жүйенің ағзалары мен тіндері. Иммунокомпетенті жасушалардың иммунды жасушадағы кооперациясы. Иммунды жауаптың нейрогуморальды теориясы.


Хаттама №________

_________ 2013ж


4

Патологиялық физиология

Иммунология негіздерін оқып, үйрену.

Хаттама №________

_________ 2013ж


Реквизиттен кейінгі

1

Жалпы гигиена

Микробиология пәні бойынша оқу материалдарының берілу кезектілігін мақұлдау. Жалпы гигиена курсында қоршаған ортаның, яғни: топырақтың, судың, ауаның, тамақтың адам ағзасына әсері зерттеледі. Жеке гигиена мәселелеріне және оның халық арасында таралуына медицина қызметкерлерінің үгіт-насихат жұмыстарына ерекше назар аудару керек.

Хаттама №_________


_________ 2013 ж


2

Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі.

Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы, қоздырғыштардың дақылдық және биологиялық қасиеттері

Хаттама №______

__________2013ж


3

Хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі.

Медициналық көмек көрсету барысында іріңді қабыну инфекцияларының қауіпті факторлары. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын-алуын бақылау.

Хаттама №________

_________ 2013ж


4

Акушерлік ісінде және гинекологиядағы мейірбике ісі.

Несеп шығару – жыныс мүшелерінің тұрақты және транзиторлы микрофлорасының бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулері. Қалыпты микрофлораның сандық құрамын және дисбактериозда олардың өзгерісін анықтайтын әдістеи. Зертханалық мәліметтерді бағалайтын критерийлерді ескерту.

Хаттама №________

_________ 2013ж

Биохимия, биология және микробиология

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.к. Есіркепов М.М.


Қалыпты және пат.физиология кафедрасының

меңгерушісі, к.м.н.: Жолымбекова Л.Д.

Жалпы гигиена және экология кафедрасының

меңгерушісі, доцент: Долтаева Б.З.

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология

кафедрасының меңгерушісі,

доцент: Абуова Г.Н.


Хирургия - 1 кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.к., доцент: Жұмабаев Т.Ж.

Акушерия және гинекология кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.к., доцент: Тлеужан Р.Т.




Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

СИЛЛАБУС


Пән: Микробиология
Пән коды: Мik 2207
Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»
Оқу сағатының көлемі (кредит) 90 сағат (2кредит)
Курсы және оқу семестрі: 2, ІІІ


Шымкент 2013 ж.

Силлабус биохимия, биология және микробиолгия кафедрасы жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі» - 051101 негізінде құрастырылып, кафедра мәжілісінде талқыланды:


Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. __________ Есіркепов М.М.

хаттама № ___ “___” __________ 2013 ж



7. Оқытушылар туралы мәлімет:




Аты - жөні

Ғылыми атағы

Ғылыми жұмыс саласы

1.

Сейтханова Б.Т.

м.ғ.д., профессор л.а

"Микробиологическое обоснование влияния микрофлоры беременных женщин на формирование нормо-патофлоры кожных покровов новорожденных", 31 ғылыми мақала.

2.

Омарова Г.С.

Аға оқытушы

17 ғылыми мақала

3.

Курманбекова Ш.Ж.

Аға оқытушы

«Биологические свойства микроорганизмов уретры», 8 ғылыми мақала.

4.

Алимжанова Г.Т.

Аға оқытушы

8 ғылыми мақала

5.

Қонысова Х.С.

оқытушы

14 ғылыми мақала

6.

Султанова Ж.С.

оқытушы

10 ғылыми мақала

7.

Абдраманова А.А.

оқытушы

4 ғылыми мақала

8.

Жанысбекова М.К.

оқытушы

2 ғылыми мақала


8. Байланыс ақпараты:

ОҚМФА биохимия, биология және микробиололгия кафедрасы. Кафедраның орналасқан жері: Әл-Фараби алаңы – 1, e-mail: medakadem@rambler.ru бас оқу ғимараты, 3-қабат (301,303-1,305,307,308-1,308-3,310 ауд.)


9. Пәннің саясаты

  • Студент түзілген кестеге сәйкес дәріс және тәжірибе сабақтарына қатысу міндетті.

  • сабаққа кешікпеу;

  • сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпак);

  • сабақты жібермеу, ауырған жағдайда анықтаманы көрсету;

  • жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;

  • оқу процесіне белсенді араласу;

  • академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;

  • үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын өз уақытында және нақты орындау;

  • тапсырмалар орындалмаған жағдайда және дәрістің бір сабағына себепсіз қатыспаған жағдайда айып балы 0,66%-дан аспайды және ол жіберілу рейтінгісінен алынады (қатыспаған сабақ саны көп болған жағдайда айып балы келесі жолмен есептеледі: жіберілген дәріс сабағының саны х 0,66).

  • оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;

  • кафедра мүлкіне ұқыппен қарау.


2. Бағдарлама:

1. Кіріспе.

Микробиология базалық пән ретінде білуі әр бір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым жағынан клиникалық және теориялық медицинаның маңызды мәселелерін шешеді.

Медициналық микробиологияның зерттейтін нысанасы – микро-организмдердің жүйелеуін, морфологиясын, физиологиясын, генетикасын, экологиясын зерттейді; адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерін, аурулар қоздырғыштарының патогенді факторларын, олардың клеткалық және молекулярлы-генетикалық деңгейде әсер ету механизмдерін, оларды бөліп алуы мен идентификациясын, спецификалық терапиясы мен алдын алуы.

Микробиологияны оқымай медицинаның аса маңызды мәселелерін шешуі мүмкін емес, мысалы адамдардың жұқпалы ауруларын төмендету және жою, шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған ауруханаішілік инфекцияларды төмендету және жою, олардың арнайы сақтандыруы мен терапиясы.


2. Пәннің мақсаты:

студенттерге инфекциялық және инфекциялық емес патологиясында микроорганизмдердің ролі туралы заманауи білімін және клиникалық диагнозды дәлелдеу, антимикробты терапия принциптері мен арнайы сақтандыру шараларын қарастыру үшін микробиологиялық әдістердің мүмкіншіліктерін жеткізу.


3. Оқыту мақсаттары:

  • патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің жіктелуі мен қасиеттерінің жалпы сипаттамасына түсініктеме беру;

  • тексерілетін материалдан микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін, идентиыикация принциптерін, микробқа қарсы препараттарға микроорганизмдердің сезімталдығын/ төзімділігін анықтау туралы түсініктеме беру;

  • макро-және микрооорганизмдердің қарым-қатынасының молекулалық механизмдері туралы түсінік қалыптастыру;

  • инфекциялық агенттерден макроорганизмнің негізгі қорғаныс механизмдеріне және иммунологиялық реакция типтеріне сипаттама беру;

  • микробтар тудырған ауруларының патогенезі, инфекциялық иммунитет қалыптасу негізіне, арнайы сақтандыруы мен терапиясына принциптеріне түсініктеме беру;

  • кең таралған инфекциялық және микробтық этиологиясы бар инфекциялық емес аурулардың заманауи микробиологиялық диагностика әдістерімен таныстыру;

  • микробиологиялық зерттеуге биологиялық материалдар алу ережелері туралы түсініктеме беру;

4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Cтудент

білуі тиісті:

  • инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ретінде микроорганизмдердің негізгі қасиеттерін(морфологиялық, физиологиялық, антигенді, патогенді факторлары) және олардың экологиясын;

  • адам организмінің қалыпты микрофлора өкілдерін;

  • организмнің спецификалық және бейспецификалық антимикробты қорғаныс факторын;

  • инфекциялық иммунология мен аллергологияның негіздерін;

  • адамдар кең таралған жұқпалы ауруларының патогенезін, микробиологиялық диагностика принциптері мен әдістерін;

  • микробты ауруларының рациональді антибиотикатерапия және арнайы сақтандыру принциптерін;

  • антибиотиктер мен дезинфектанттардың антимикробты белсенділігін анықтау әдістерін;

  • асептика мен антисептика, дезинфекция мен стерилизацияның микробиологиялық негіздерін;

  • балалар мен ересектерде аурудың клиникалық көріністеріне сүйене отырып микробиологиялық зерттеулер қортындыларын интерпретация жасауын;

істей алуы тиісті:

  • бактериологиялық зертханада эпидемияға қарсы талаптар мен қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

  • емдеу мекемелерінде медицина қызметкерлері инфекциялық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  • микробиологиялық зерттеулерге пациенттерден материал алу;

  • патологиялық материалдан( ірің,нәжіс және т.б.) микроскопиялық препараттар дайындау және оларды сәулелі микроскопта иммерсиялық жүйе көмегімен қарау;

  • морфологиялық және тинкториальдық қасиеттері бойынша микроорганизмдердің дифференциациясын жасау;

  • бөліп алған дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын және биологиялық сұйықтықтарда антибиотиктер деңгейін анықтау;

  • ластанған материалды зарарсыздандыру, микроорганизмдер дақылымен, жұқпалы материалмен ластанған қолды антисептиктермен тазартуын;

  • дезинфекция және стерилдеу сапасына бактериологиялық қадағалау қорытындысын бағалау;

  • микробиологиялық зерттеулер қортындыларына интерпретация жасау;

дағдыларын игеруге тиісті :

  • тексерілетін материалды алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу;

  • микроскопиялық зерттеу әдісін жүргізу.

2.5 Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму, медициналық биология генетикамен, физиология, патологиялық физиология.
2.6 Реквизиттен кейінгі: жалпы гигиена,эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі, хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі, акушерлік ісінде және гинекологиядағы мейірбике ісі.
7. Пәннің қысқаша мазмұны:

Микробиология пәні, мақсаты, міндеттері. Микробиология фундаментальды жіне қолданбалы ғылым ретінде. Медициналық микробиологияның зерттеу нысаналары:бактериялар, саңырауқұлақтар, арапайымдылар және вирустар. Микробиологиялық зертханалар ұйымдастыру принциптері. Микробиологиялық зерттеу әдістері: микроскопиялық, дақылдық, серологиялық, биологиялық, аллергологиялық, молекулярлы-генетикалық. Провизордың тәжірибелік қызметіне және медицинаның жетістікеріне микробиологияның маңызы. Микробиологиялық зерттеу саласына отандық және шетел ғалымдардың қосқан үлестері және жетістіктері. Жеке медициналық микробиологияның түсініктемесі, мақсаты, міндеттері және әдістері.



8 Сабақтың тақырыптық жоспары:

Дәрістің тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы

(сағат)


1

Микробиологияның мақсаты мен міндеттері. Бактериялар мен вирустардың морфологиясы, ультрақұрылымы, қызметтері және химиялық құрамы. Бактерияларды жүйелеу принциптері.

Шолу

1

2

Бактериялар мен вирустардың физиологиясы және биохимиясы. Бактериофагтар.

Ақпараттық

1

3

Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлы- биологиялық негіздері. Антибиотиктер. Бактериялардың дәрілерге тұрақтылық механизмдері.

Ақпараттық

1

4

Микроорганизмдердің экологиясы. Адам организмінің микрофлорасы. Дисбактериоз. Инфекция туралы түсініктер. Инфекциялық процестің сипаттамасы.

Мәселелік

1

5

Иммунитет. Иммунитет түрлері мен формалары. Бейспецификалық қорғаныс факторлары. Антигендер. Антиденелер. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактика және иммунотерапия негіздері.

Ақпараттық

1

6

Патогенді және шартты патогенді коктар (стафилококктар, стрептококктар, менингококктар, гонококктар).

Презентация

1

7

Патогенді және шартты-патогенді энтеробактериялар.

Презентация

1

8

Тырысқақ вибрионы. Кампилобактерлер. Хеликобактерлер.

Презентация

1

9

Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары: оба, бруцеллез, туляремия, сібір күйдіргісі. Патогенді микобактериялар.

Презентация

1

10

Вирустар-респираторлы аурулардың қоздырғыштары. АИВ-адам иммунитет тапшылығы вирусы. Онковирустар.

Презентация

1




Жалпы сағаты:




10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет