Бақылау сұрақтары
1.Тіл білімінің басқа ғылыммен байланысы.
2.Тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орны.
3.Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.
4.Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні.
5. Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты, міндеті
6.Тіл білімінің методологиялық негіздері
7. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму барысы.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №2. Тілдің қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны.
Жоспар:
1.Тілдің табиғаты.
2.Қоғамдық қызметі.
3.Тіл мен ойлау.
Лекция мақсаты: тілдің қоғамдық мәні мен оның негізгі қызметтерімен таныстыру.
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Өмірде алуан құбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдық құбылыстар болып екі топқа бөлінеді.Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады.Ол –қыр-сыры мол, күрделі құбылыс.Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша . Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. В.И.Ленин “Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың маңызы үлкен. Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды. Тарихта мұндай коллектив алғашында ру, тайпа түрінде, кейінде халық тілі , ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, тайпа тілі, халық тілі болды. Адамдар коллективіне – мейлі ол ру немесе тайпа болсын, халық немесе ұлт болсын – осылардың бәріне де тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы оның табиғатын (мәнін) айқындайтын басты қасиеті деуіміз де осыдан. Тіл мен қоғамның өз ара тығыз байланысы – екі жақты байланыс . Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды . Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет . Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметіне қоса тағы бір қызметі бар: ол – экспрессивті қызмет. Тілдің экспрессивті қызметі делініп, әдетте, оның адамның субъективті қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіру қызметі аталады. Тілдің экспрессивті қызметінің, ондағы эмоцианальды –экспрессивті құралдар мен тәсілдердің ойды көркемдеп, әсерлеп жеткізуде , әсіресе көркем әдебиетте маңызы күшті.
Тілді қоғамдық құбылыстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі оның қоғамға қызмет ету белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бірақ, тілдің қоғамға қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың, қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға экономикалық жағынан қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап береді. Демек, тілден басқа қоғамдық құбылыстар, мысалы, базис пен қондырма, қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада : тіл қоғамға қызмет еткенде , адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да , саясат пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі – қатынас құралы болуынан келіп туады.
Тіл мәдениетпен байланысты, бірақ онымен тепе-тең емес. Тілді қондырмамен теңестіру, бірдей деп есептеу қаншалықты қате болса , тілді мәдениетпен теңестіру, бірдей деп есептеу соншалықты қате болмақ. Мәдениет идеологиялық, яғни қондырмалық құбылыстың қатарына енеді, осыған орай, ол буржуазиялық та, социалистік те болуы мүмкін.Ал тіл қатынас құралы ретінде әрқашан жалпыхалықтық сипатта болып, буржуазиялық мәдениетке де, социалистік мәдениетке де бірдей қызмет етеді алады.
3. Тілдің өндіріс құралдарымен қызмет ету жағынан ұқсастығы бар. Тіл мен өндіріс құралдарының ұқсастығы мынада : тіл де, өндіріс құралдары да әр басқа қоғамдық құбылыстарға – ескі құрылысқа да, жаңа құрылысқа да , мысалы, капиталистік құрылысқа да, социалистік құрылысқа да бірдей қызмет етеді, қондырмаға, қоғамдағы таптарға талғаусыз қарайды. Дегенмен, тіл мен өндіріс құралдарын теңестіру, оларды бірдей деп есептеу қате болар еді. Бұлардың арасында түбірлі айрмашылық бар: өндіріс құралдары материалдық игілік өндіреді, ал тіл ештеңе де өндірмейді, адамдардың қатынас құралы, сөйлесу, түсінісу құралы ретінде қызмет етеді.
Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты.Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тілде, ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшеліі көрінеді.
Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде,ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады.
Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.
Диалектикалық матерализмнің ойлау мен тілдің өзара тығыз байланыстылығы туралы қағидасы – кеңес ғылымында әбден орныққан және басшылыққа алатын бірден бір дұрыс қағида. Ал бұл проблеманың (ойлау мен тілдің байланысы туралы проблеманың ) нақтылы мәселелеріне келетін болсақ, олардың ішінде әлі де болса толық шешімін таппаған мәселелердің немесе талас мәселелердің бар екенін мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына, мысалы, тіл мен ойлаудың байланысының нақтылы формасы туралы мәселе, тілдің әртүрлі жақтары – материалдық, дыбыстық жақтарының және осылармен байланысты мағыналық жақтарының ойлауға қатысы туралы мәселе, логикалық және грамматикалық категориялардың қарым-қатысы, сөздің мағынасымен ұғымының арақатысы және байымдау мен сөйлемнің арақатысы туралы мәселе т.б мәселелер енді. Аталған мәселелердің барлығыда күн тәртібіне қойылып та, баспасөз бетінде талқыланып та жүр. Тілге (оның материалдық қабығына),бірінші жағынан, қабылдау мен елестің сезіну, көрнектілік образының қатысы туралы мәселе де талқылауды және айрықша назар аударуды қажет етеді.
Бақылау сұрақтары
1.Тілдің табиғаты.
2.Қоғамдық қызметі.
3.Тіл мен ойлау.
4. Мемлекеттік саясат және тіл.
5. Тілі негізгі қызметі
6. Қазақ тілінің қызметінің кеңейуі
Әдебиеттер тізімі:2,3,6.
Дәріс №3. Тілдің тарихи дамуы.
Жоспар.
1.Тілдің шығуы.
2.Тілдің дамуы.
3.Тілдің өзара әсерлері.
Лекция мақсаты: тілдің шығуы мен оның ішкі құрылымы мәселелері бойынша базалық білім беру.
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі проблеманы бір-бірімен ажыратып алу қажет: оның бірі – жалпы адам баласы тілінің шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі – жеке, нақтылы тілдердің, мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, араб тілі, испан тілі немесе француз тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір –бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы сонау көне заманға – адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына, алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке нақтылы тілдердің немесе туыс тілдердің тобының жасалып құрылуы жалпы адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған. Нақтылы, жеке тілдердің, мысалы, қазақ тілінің, орыс тілінің немесе ағылшын тілінің пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы адамзат тілінің шығуы, яғни адамдардың о баста сөйлеп үйренуі туралы проблеманы қарастырып айқындау үшін, тек қана тарихи-лингвистикалық зерттеулердің өзі тіптен жеткіліксіз болады. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуы және адам баласы қоғамының пайда болуы тәрізді күрделі мәселелермен тығыз байланысты.Осылай болғандықтан бұл мәселелерді бірін екіншісіне байланыстырмай, жеке дара күйінде алып қарастыру да, тыңғылықты түрде шешу де мүмкін емес.
Тіл білімі ғылым ретінде пайда болудан көп замандар бұрын тілдің және ойлаудың шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын аударған болатын. Ғасырлар бойында бұл мәселе туралы философтар мен социологтар , психологтар мен лингвистер түрлі-түрлі пікірлер мен жорамалдар айтып, сан түрлі байымдаулар жасап келді.
Тіл қоғамдық құбылыс. Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына тікелей байланысты болады. Осыдан тілді және оның даму заңдарын сол тілді иеленушілердің тарихы мен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады.
2. Қоғам тілдің дамуына әсер етеді, бірақ тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша емес, өз дамуының ішкі заңдары бойынша іске асады. Тілдің даму заңдары қоғамның даму заңдарына сәйкеспейді. Тілдің дамуы туралы қате көзқарастар болды. Мысалы, Н.Я. Марр тілдің дамуы туралы мәселеде “сатылық даму теориясын” ұсынды. Тілді қондырмалық құбылыстың қатарына жатқызған Н.Я. Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға сай келеді деп есептеді . Ол тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет қопарылыстар арқылы болады дейтін мүлдем қате көзқараста болды. Н.Я.Марр лингвистикалық заңдарды социологиялық заңдармен ауыстырған болатын. Өз сөзімен айтқанда, ол “ семантикада ғана емес , морфологияда да салмақты тілдік құбылыстардың әлеуметтік –экономикалық факторларға байланысты екендігіне аудара отырып, тіл дамуының ішкі заңдарының маңызын төмендетуді” көздеді. Тілдің даму қарқыны туралы мәселе де маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Бұл мәселе жайында Н.Я.Марр тілдің сатылық даму теориясын ұсынып, тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет жарылу жолымен болады деп есептеді. Бұл теорияның қате екендігі тіл білімі жайындағы 1950 жылғы дискуссияда көрсетіліп, тілдің дамуы бар тілді жойып, жаңа тіл жасау жолымен емес, бар тілдің негізгі элементтерін өрістету, жетілдіру жолымен болатындығы, ал тілдің бір сападан екінші сапаға көшуі жарылу жолымен де, бірденг ескіні жойып, жаңаны орнату жолымен де емес, тілдің жаңа сапасы мен құрылымының элементтерін бірте-бірте қорландыру жолымен болатындығы айтылып, бүтіндей тілдің эволюция жолымен дамитындығы дәлелденді. Алайда, тілдің даму қарқыны оның барлық дәуірлерінде бірдей болмауы мүмкін. Жүздеген жылдар бойында елеулі өзгерістерге ұшырамаған тіл белгілі бір дәуірде айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
3. Әр түрлі халықтар бір-бірімен қарым-қатынаста өмір сүреді. Халықтардың арасындағы қарым-қатынас түрлі-түрлі салада – экономикада, сауда, мәдениет т.б салаларда- болуы мүмкін . Халықтардың өз ара бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олардың тілдеріде бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, бір тілден екінші тілге, екінші тілден үшінші тілге тілдік элементтер де ауысады. Тілдердің бір-біріне қарым-қатынасы тоғысу түрінде де, тілдердің бір-біріне әсер етіп, тілдік элементтердің бірінен екіншісіне жай ғана ауысу түрінде де болуы мүмкін.
Тілдердің тоғысу процесінде субстрат деп аталатын құбылыс пайдаболады. Жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен жеке дыбыстарды, кейбір морфемаларды қабылдайды. Жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері субстрат деп аталады.
Зерттеушілер белгілі бір тілдегі тарихи өзгерістердің себебін айқындап дәлелдеу үшін, әдетте, ең алдымен, сол тілдің және онымен туыстас тілдердің материалдарына үңіледі. Егер ол тілде немесе туыстас тілдерде ондай өзгерістердің мән-жайын айқындайтындай деректер болмаса, онда зерттеуші сырттан болатын әсерге, басқа тілдердің материалдарына назар аударады.
Екі тілділік, тілдердің бір-біріне әсері, өз ара бірін бірі байытуы, тілдердің араласуы немесе тоғысуы – осылардың бәріде тілдердің қарым-қатынастарының түрлері болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің шығуы.
2.Тілдің дамуы.
3.Тілдің өзара әсерлері
4. Қазақ тілі мемлекеттік тіл де.
5. Халықтардың және тілдердің қалыптасуы
6. Ұлт тілдері.
Әдебиеттер тізімі:3,15.
Дәріс №4. Дүние жүзі тілдері, олардың жіктелуі.
Жоспар.
1.Тілдердің шығу тегі.
2.Тілді территорияға топтастыру.
Лекция мақсаты: тілдің шығуы мен оның ішкі құрылымы мәселелері бойынша базалық білім беру.
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Дүние жүзінде шамамен 5661 тіл бар. Жер бетінде қанша халық болса сонша тіл бар.Олардың ішінде тайпа тілдері де, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес.Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: ағылшын, қытай, француз, испан, орыс, араб тілдері.
Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы-генеологиялық классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ.Семья деген термин – шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарынң жиынтығы. Ал топ деген – бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді.
Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негіізден тараған тілдердің арасында да болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да құрылымдық, яғни морфологиялық ұқсастық болады..Типологиялық классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип, инкорпоративті тип.
2. Ареалдық топтастыру-географиялық яғни, территориялық орналасу жағынан қарастырады. Бұл топтастыру онша көп қолданыла бермейді. Бұл тек диалектология, ареалдықлингвистикада сөзболады.
Жер шарында мемлекет те, тіл де көп. Лингвистика дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі жолмен топтастырады. Бірі- генеологиялық, екнішісі- типологиялық.
Тілдің генеологиялық және типологиялық топтастырылуы жөнінде мәлімет беру. Дүние жүзі тілдерін салыстырмалы, салғыстырмалы әдістері бойынша зерттеу. Тапсырма арқылы тілдің қай топтан, қай семьядан, қай кластан шыққанын студенттерге анықтату.
Тілдің типологиялық классификациясы. Лингвистикалық типология фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік, семантикалық т.б. белгілерге негізделеді. Қазіргі лингвистика дүние жүзіндегі тілдерді төрт типке- түбір, полисинтетикалы, агглютинативті, флективті топтарға бөледі. Осы төрт типтің әрқайсысына тоқталамыз.
Бақылау сұрақтары:
1) Тіл білімінің зерттеу нысаны.
2) Тіл білімінің салалары.
3) Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімі.
4) Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі.
Әдебиеттер тізімі:3,4.
Дәріс №5. Тілдің дыбыстық жүйесі.
Жоспар.
1.Дыбыс және олардың түрлері.
2.Тіл дыбыстары .
3.Дыбыс және таңба.
Лекция мақсаты: тілдің ішкі құрылымы фонетика және фононлогия қарастыратын шешуші ұғымдырды меңгерту.
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі . Егер сөздер дыбыстардың өз ара тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да бола алмас еді. Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойында өмір сүруіне, ұрпақтан –ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасайды.
Тілдің дыбыстық жағы – сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады. “Сөздік пен грамматикалық құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын, оның физикалық формасын құрайды деп белгілі дәрежеде айтуға болады”.
Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі бір дыбыс арнаулы бір сөздің қолданылумен шектеліп қоймай, көптеген сөздердің құрамында қолданыла береді. Тілдің лексикасын құрастыратын сан мыңдаған сөздер дыбыстық жағынан алғанда, ондаған ғана дыбыстардың әр түрлі комбинацияларынан құралған. Осы тұрғыдан алғанда, дыбыс белгілі бір сөзге байланып қоймай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, нақтылы сөздерден абстракцияланады. Бұған тілдегі дыбыстық заңдылықтардың барлық сөздерге бірдей қатысты болып келуі дәлел бола алады. Мысал ретінде түркі тілдерінде сөздердің алғашқы буынындағы ерін дауыстының әуеніне қарай, екінші буынды да ерін дауыстысының айтылу заңдылығын немесе орыс тілінде барлық сөздерде дауысты дыбыстың ашық буында созылыңқы айтылу заңдылығын және т.б. дыбыстық заңдылықтарды атауға болады.
2. Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқада маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды. Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқада мәселелерін, мысалы, буын, екпін және интонация мәселелерін қарастыру өз ара тығыз байланыста болады. Оның үстіне, тіл дыбыстары мен буын, екпін туралу ілімнің тілдің жазба жазба түріне тікелей қатысы бар. Жазудың теориясы сөйлеудің деректеріне, тіл дыбыстарының фактілеріне негізделеді.
Сонымен фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.
3. Тіл дыбыстарын және оларға тән заңдылықтарды зерттеудің теориялық мәні, атап айтқанда, мынада: дыбыстық өзгерістерді, олардың заңдылықтарын есепке алмай тұрып, лексикалық құбылыстардың да, грамматикалық құбылыстардың да шығу төркінін, өзгеріп дамуын ашып айқындау, соған орай, лексиканың да, грамматиканың да, ғылыми тарихын жасау мүмкін болмаған болар еді. Демек, тілдің замандар бойындағы тарихи даму барысының түрлі дәуірлеріндегі дыбыстық өзгерістерді, оның заңдылықтарын зерттеу мәселесі тіл білімінде өте-мөте маңызды мәселе болып саналады.
Фонетиканың техникалық мәселелерді шешуге де қатысы бар. Телефон мен радиотехниканың кейбір мәселелері, мысалы, байланыс жолдары арқылы берілетін сөздің айқындылығы мен түсініктілігін айқындау мәселелері фонетикалық деректерді есепке алуды талап еиеді. Соңғы жылдарда әр түрлі техникалық проблемалардың тууымен байланысты фонетикаға жаңа міндеттер жүктелді . Ол міндеттер, атап айтқанда, сөзарқылы меңгерілетін механизмдерді жасау, ауызша сұрақтарға жауап беретін информациялық машиналар мен ауызша аударма жасайтын машиналарды конструкциялаумен байланысты.Бұл мәселелерді шешуге фонетистердің де тікелей қатысы бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Дыбыс және олардың түрлері.
2. Тіл дыбыстары .
3. Дыбыс және таңба.
4. Фонетиканың міндеті мен мақсаты.
5. Фонетиканың қарастыратын мәселелері
6. Тіл дыбыстарының акустикалық сипаты
Әдебиеттер тізімі:6,4.
Дәріс №6. Тіл біліміндегі негізгі фонетикалық құбылыстар.
Жоспар:
1.Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері.
2.Ассимляция және диссимляция
3.Дыбыс үндестігі.
Лекция мақсаты: тіл дыбыстарының өзара қарым-қатынасы, фонетикалық процестер (сөйлеу ағынындағы дыбыстардың өзгеруі), комбинаторлық өзгерістер туралы мәлімет беру.
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Тіл дыбыстары, әдетте жеке-дара күйінде айтылмай , сөз ішінде немесе сөздердің аралығында бір-бірімен тіркесіп, өз ара тізбектелген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне-бірі ықпал етіп, бірімен-бірі өз ара үндесіп айтылады. Сөз құрамында дауысты дыбыстардың бір-бірімен өз ара үндесіп айтылатыны сияқты, дауыссыз дыбыстар да бір-біріне әсер етіп өз ара үндесіп айтылады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады.
Түркі тілдерінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін , соған сәйкес жуан дауыстының келуі (тау-лар, тоғай-лар), жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін соған орай жіңішке дауыстының келуі (көл-дер, өзен-дер)түрінде болады. Ал түбір сөздің соңындағы қатаң дауыссыздан кейін қосымшаның да қатаң дауыссыз басталуы немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы(қаз-ға, қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп , өз ара үндесуі болып саналады.
2. Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингармонизм деп аталады да , дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебинттнрде сингармонизм де ассимляцияның бір түрі ретінде қарастырылады. Дауыстылардың бір-біріне әсер етіп , өз ара үндесіп айтылуы да олардың артикуляциясына байланысты екені ескергенде, сингармонизмді ассимляцияның бір түрі ретінде қараудың ешбір оғаштығы жоқ екені рас. Бірақ басқа тілдердегідей емес, түркі тілдерінде сингармонизм құбылысы айрықша орын алады. Бұл құбылыс түркі тілдерінде өте-мөте кең тараған . Осымен байланысты, дыбыстардың өзгеруі, олардың бір-бірімен үндесу мәселерін түркі тілдеріне қатысты сөз еткенде, сингармонизм құбылысына дауыссыздардың үндесу заңдылығымен барабар арнайы тоқталған мақұл.
Сөз құрамында немесе сөздердің аралығында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп , өз ара үндесуі ассимляция деп аталады.
Ассимляцияның нәтижесінде бір дыбыс екінші дыбысты толық бағындыруы да, жартылай бағындыруы да мүмкін . Осыдан келіп , ассимляция толық ассимляция және жартылай ассимляция деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Егер тетелес келген екі дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп , бағындырса , ассимляцияның мұндай түрі толық ассимляция деп аталады. Мысалы, сүзсе деген сөз сөйлеу процесінде сүссе түрінде , басшы деген сөз башшы түрінде айтылады. Бұл сөздердің құрамындағы көршілес дыбыстардың соңғысы (с,ш) өзінің алдыңғы дыбысты (з,с) толық игеріп тұр . Толық ассимляцияның нәтижесінде бір дыбыс екінші дыбысты барлық жағынан – артикуляциялық орны , артикуляциялық жолы, дауыс қатысы жағынан да – түгелдей икемдеп , онымен дәл өзіндей үндеседі.
3. Егер тетелес келген екі дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп өзгертпей , бір жақты , жартылай ғана икемдесе, онда ассимляцияның мұндай түрі жартылай ассимляция деп аталады. Мысалы , күз-дік , жас-тық деген сөздердегі қосымшалардың бірінде ұяңнан, екіншісінде қатаңнан басталып жалғануы сол түбір сөздердің біреуінің соңғы дыбысы ұяң , екіншісінің соңғы дыбысы қатаң болуына қарай икемделіп үндесуінен . Бұл мысалдардағы көршілес келген дауыссыздардың бірі екіншісін өзіне бір жақты ғана –тек дауыс қатысы жағынан ғана - икемдеп тұр. Ассимляцияның мұндай түрінің жартылай деп аталауы да осыдан.
Диссимляция бір тектес дыбыстардың арасында болады. Біркелкі дыбыстардың немесе өз ара ұқсас дыбыстардың әр басқа дыбыстар немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеруі диссимляция деп аталады.
Нәтижесіне қарағанда, диссимляция – ассимляцияға қарама-қарсы құбылыс. Ассимляция құбылысы бойынша әр басқа дыбыстар біркелкі немесе өз ара ұқсас дыбыстар болып үндессе, диссимляция ққұбылысы бойынша біркелкі немесе өз ара өте жақын, ұқсас дыбыстар әр басқа немесе өзара ұқсастығы аз дыбыстар болып өзгереді. Мысалы, феврарь (латынша februarius) сөзінің февраль болып өзгеріп қалыптасуы – осы аталған диссимляция құбылысының нәтижесі. Орыс тіліндегі верблюд сөзі – велблюд сөзінің өзгерген түрі
Достарыңызбен бөлісу: |