Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы
«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша
5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Жұмыс оқыту бағдарламасының
(Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/17
|
БЕКІТЕМІН
Декан факультеті
_________Ж.Т. Сарбалаев
«___»__________201 __ж.
Құрастырушы: филология ғ.к., аға оқытушы Курманова З.К.
Журналистика кафедрасы
«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша
5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Жұмыс бағдарламасы 2013 жылдың жұмыс оқу жоспарының 5В050400 «Журналистика» мамандығының элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
Кафедра отырысында талқыланды «___»____________201__ж.
№ _____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ Алдабергенов Қ.М.
«____» ________201__ж. № _____ хаттама
Гуманитарлық - педагогикалық факультетінің оқу – әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«___»______________201__ж. №___ хаттама
Факультеттің ОӘК төрайымы________________ Ксембаева С.К.
«____» ________201__ж.
1. Пәннің төлқұжаты.
Пәннің атауы «Тіл біліміне кіріспе»
Мамандық: 5В050400 «Журналистика», 3 курс
Кредит саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3
Курс: 3
Семестр: 6
Барлық аудиториялық сағат саны – 45 сағ.
Дәріс -30 сағ.
Тәжірибелік/семинар сабақ -15сағ.
CӨЖ- 90 сағ.
cоның ішінде ОCӨЖ- 22,5 сағ.
Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағ.
Бақылау түрі
Емтихан – 6 семестр
Пререквизиттер
Журналистің тіл мәдениеті
Практикалық стилистика
Постреквизиттер
Стилистика
Стилистика және редакциялау
2. Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары:
Курманова Зауреш Кенесовна - филология ғылымдарының кандидаты, журналистика кафедрасының доценті. Кафедра №262 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 673638. Қабылдау күндері: сейсенбі, сәрсенбі 11.00-12.00
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты:
«Тіл біліміне кіріспе» пәні тіл білімінің ғылым ретінде танылуы, тіл білімінің ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, тіл білімінің зерттеу әдістері жайлы мәлімет беріледі, тілдің мәні мен қызметі жайлы, тілдің шығуы мен дамуы жайында, тілдің лексика, грамматика, фонетика салалары жайлы түсінік береді. Тәжірибелік сабақтар теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді. Пәнді оқытудағы басты мақсат - студенттерді тілді ғылыми негізде қарастыра білу қабілеттеріне баулу.
Пәннің міндеттері:
- студенттерге жүйелі түрде лингвистикалық білім беру;
-
тіл мен қоғамның өзара қатынасын, тіл білімі ғылымының даму жолын жалпы тіл білімімен тығыз байланыста жеткізу;
-
тіл заңдылықтарын игерту, сол арқылы студенттердің теориялық білімдерін ұштау;
-
тілдің құрылымдық жүйесін сақтай отыра, әр саланың зерттеу өрісін таныту;
-
қазақ тіл білімінің өзекті мәселелеріне қатысты зерттеулерді сараптау, талдау, машықтарын жетілдіру.
4. Пәнді оқу қорытындысында студенттер мыналарды білуі керек:
-
тіл білімінің салаларын, тілдің қоғамдағы орнын;
-
тілдің мәні мен қызметін;
-
тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орнын;
-
студенттер тіл білімінің негізгі ұғымдарын, терминдерін, оның басты-басты теориялық қағидаларын білуі қажет;
-
тіл білімінде тілдің дыбыстық жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы сөз етіледі. Сондықтан студенттер тілдің түрлі салаларын, онда қарастырылатын мәселелерді толық білуі қажет;
-
алған теориялық материалдарын жүйелі, тиянақты, жеткізулері тиіс.
Пәнді оқу қорытындысында студенттер мынаны істей алуы керек:
-
студенттер дәріс сабақтарында алған теориялық білімдерін тәжірибелік сабақтарда жүйелі жеткізе білуі керек;
-
өз бетінше ізденіп, жұмыс істей білуі керек;
-
ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, тұжырымды пікір айта алулары керек.
5. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптың аталымы
|
Сағат саны
|
Дәріс
|
Тәж.
|
СӨЖ
|
ОСӨЖ
|
1
|
Тіл білімі ғылымы және оның зерттеу обьектісі. Тіл білімі салалары, олардың өзара байланысы. Ішкі, сыртқы лингвистика. Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі, ерекшеліктері.
|
2
|
1
|
|
6
|
2
|
Тілдің қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны. Тіл және қоғам. Тілдің қоғамда атқаратын қызметі, анықтамасы, мәні.
Тіл және ойлау. Тілдің басқа ғылым салаларымен байланысы.
Тілдің таңбалық сипаты, даму заңдылықтары, құрылымдық, жүйелік қасиеттері. Тіл және сөйлеу, олардың байланысы және арақатынасы.
|
2
|
1
|
2
|
6
|
3
|
Тілдің тарихи дамуы. Тіл дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тілдің шығуы. Ұлт тілдері. Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы.
|
2
|
1
|
2
|
6
|
4
|
Дүние жүзі тілдері, олардың жіктелуі. Халықаралық жасанды тілдер. Машина тілі және оның қолданылуы.
|
2
|
1
|
2
|
6
|
5
|
Тілдің дыбыстық жүйесі. Тіл білімінің фонетика саласы, негізгі заңдылықтары. Дыбыс пен фонеманың өзіндік белгілері. Дыбыс пен әріп ерекшеліктері. Дыбыстау мүшелері, қызметі.
|
2
|
1
|
2
|
6
|
6
|
Тіл біліміндегі негізгі фонетикалық құбылыстар. Тіл біліміндегі негізгі фонетикалық процестер мен заңдылықтар. Дыбыстардың үндесуі мен өзгеруі.
|
2
|
1
|
2
|
6
|
7
|
Буын және екпін, олардың түрлері. Түрлі тілдердегі екпін мен интонацияның ерекшеліктері. Орыс және қазақ тілдеріндегі дыбыс, буын, екпін, интонациялардың ерекшеліктері. Орфоэпия жайлы ұғым.
|
2
|
1
|
2
|
6
|
8
|
Жазу. Дыбыстау тілі және жазу. Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері.
|
2
|
1
|
2
|
6
|
9
|
Лексикологияның міндеті мен зерттеу нысаны. Лекикологияның бөлімдері: ономасиология, семасилогия, фразеология, этимология, лексикография
|
2
|
1
|
2
|
6
|
10
|
Сөз мағынасы. Моносемия және полисемия. Сөз мағынасының өзгеру себептері мен ауыс мағынада қолданылуы. Қазақ тіліндегі көп мағыналылық, берілу жолдары.
Мағыналық топтар.
Сөздік құрамның стильдік қабаттары. Сөздік құрамның тарихи дамуы.
|
2
|
1
|
2,5
|
6
|
11
|
Грамматика, оның салалары мен түрлері.Грамматиканың қарастыратын мәселелері. (Гр. единица, гр.категория және формалар).Грамматиканың түрлері(тарихи,синхрониялық, салыстырмалы). Грамма-қ тәсілдер туралы түсінік. Аффиксация, ішкі флексия, қосарлану, бірігу тәсілдері. Сөздердің орын тәртібі – грамматикалық тәсілдердің бірі. Екпін мен интонация тәсілдері.
|
2
|
1
|
2
|
6
|
12
|
Тілдің грамматикалық құрылысы. Сөздің морфологиялық құрылымы. Түбір морфема мен негіз. Аффикстік морфема және олардың түрлері. Грамматикалық форма және сөз формалары туралы түсінік. Сөздің синтетикалық формалары. Сөздің аналитикалық формалары. Сөздің синтетика – аналитикалық формалары.
|
2
|
1
|
2
|
6
|
13
|
Сөз таптары. Сөз таптары мен олардың классификациясы. Сөз таптарының шығуы мен дамуы.
|
2
|
1
|
|
6
|
14
|
Сөйлем мен сөз тіркесі. Сөз тіркесі жайлы ұғым. Сөздердің байланысу амалдары мен формалары. Қиысу. Матасу. Меңгеру. Қабысу. Жанасу.
|
2
|
1
|
|
6
|
15
|
Сөйлем түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем.
|
2
|
1
|
|
6
|
|
Барлығы:
|
30
|
15
|
22.5
|
90
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны.
Дәріс №1 Тіл білімі ғылымы және оның зерттеу обьектісі.
Жоспар:
1.Тіл білімінің басқа ғылыммен байланысы.
2.Тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орны.
3.Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.
4.Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні.
Лекция мақсаты: тілдің шығуы мен оның ішкі құрылымы мәселелері бойынша базалық білім беру.
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. “Тіл білімінің негіздері”- университеттер мен пединституттардың филология факультеттерінде өтілетін теориялық пән .Пәннің мақсаты мен міндетіне орай, бұл оқулықта тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдері қарастырылып, оның басты –басты теорияларық мәселері бандалады.
Басқа да ғылым салаларындағы сияқты, тіл білімінде әлі де толық шешімін таппаған кейбір мәселелер және олар жайында әр түрлі пікірлер мен байымдаулар бар. Болашақ филолог - мамандардың ондай мәселелерден де хабардар болғаны жөн. Осыны ескере келгенде, әр түрлі пікір таласын тудырған, әлі де болса үңіле түсуді қажет ететін кейбір мәселерді атай отырып, оларды зерттей түсудің маңыздылығына назар аударуды мақұл көрдік.
2. Тіл- әрбір адамның өмір бойы қолданатын ең маңызды құралы.
Ғылым атаулы, әдетте, екі топқа бөлінеді: оның бірі-жаратылыс тану ғылымдары, екіншісі-қоғамдық ғылымдар. Ғылым атаулының бұлайша екі үлкен топқа бөлінуі, сайып келгенде, олардың нені зерттейтіндігімен байланысты. Шындық болмыстағы құбылыстардың бір тобы материалдық құбылыстар, жаратылыс құбылыстары болса, екінші тобы – қоғамдық құбылыстар. Материалдық құбылыстарды, жаратылыс құбылыстарын жаратылыс тану ғылымдары (физика, химия, биология, математика және осылардан бөлініп шыққан басқа ғылымдар) зерттесе, адам баласы қоғамындағы құбылыстарды (яғни қоғамдық құбылыстарды) қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, саяси экономия, заң ғылымдары және т.б.) зертейді.
Тіл білімі ғылымдардың осы аталған екі тобының қайсысына жатады? Бұл мәселе ғылым тарихында түрліше қаралып, осыған орай, түрліше шешіліп келеді. Мысалы, XIX ғасырда кейбір ғалымдар тілді жаратылыс құбылыстарының қатарына жатқызды да, осыған орай, тілді зерттейтін тіл білімін де жаратылыс тану ғылымындарының қатарына қосты. Неміс лингвисі Август Шлейхер (1821-1868) дәл осындай пікірде болып, тілді тірі организм сияқты құбылыс деп есептеді.Оның пікірінше, тіл де тірі организмше туады, өседі, қартайып тозады, өледі. Август Шлейхер тілді биологиялық құбылыстардың қатарына жатқыза келіп, оны (тілді) зерттейтін тіл білімін де жаратылыс тану ғылымдарының қатарына қосты. Алайда, Август Шлейхердің бұл тұжырымы мүлдем қате. Бұлай дейтініміз: тіл мен тірі организмнің арасында түбірлі айырмашылықтар бар. Тірі организмнің өлуі биологиялық тұрғыдан болмай қойылмайтын шарасыздық. Ал тіл қандай бір тірі организмнен болсын анағұрлым ұзақ өмір сүреді. Тіл өз дамуының ішкі заңдары бойынша дамып отырады, бірақ оның тірі организм сияқты өлуі шарт емес.Тірі организм биологиялық құбылыстардың қатарына жатса, тіл қоғамдық құбылыстардың қатарына жатады. Демек, Август Шлейхердің тілді тірі организм деп, табиғат құбылыстарының қатарына жатқызуы қаншалықты қате болса, тіл білімін қоғамдық ғылымдардың емес, жаратылыс тану ғылымдарының қатарына қосуы соншалықты қате. Тіл – қоғамдық құбылыс, сондықтан оны зерттейтін ғылым – тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады.
3. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орнын және оның басқа ғылымдармен байланысын жете түсіну үшін, қазіргі замандағы ғылымның сипаты туралы мәселеден хабардар болу өте-мөте қажет.Қазіргі заманда бір жағынан, ғылымның бұрын болмаған жаңа салалары жасалып, ғылымда диференциация процесі жүріп жатса, екінші жағынан, екі немесе бірнеше ғылымның өз ара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәріне ортақ, бәріне бірдей қатысты проблемаларды бірлесе зертейтін дербес ғылыми дисциплиналар жасалып, ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр.
Ғылым атаулының осылайша даму барысында тіл білімі де басқа көптеген ғылымдармен байланысқа түсіп, солармен қанатаса дамып келеді. Ол, ең алдымен, қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Бұлай болатыны мынадан: тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуымен бірге дамитын қоғамдық құбылыс ретінде, қоғам мүшелерінің пікір алысу, қатынас жасау құралы ретінде қарастырады.Тіл білімі тілдің шығу тегін, жасалуын және дамуын зерттегенде, тарих ғылымының деректерінде пайдаланатыны сияқты, тарих ғылымы халық тарихын, қоғам тарихын зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін де пайдаланады. Сондай-ақ, тіл білімі археологиямен де, этнографиямен де байланыста болады. Бұл байланыс мынадан: тіл талай заманның жемісі, қазіргі тілдің элементтері өте ерте заманда жасалған. Ал археология болса, ол халықтардың ежелгі көне мәдениетін зертейді,этнография халықтардың ерте кездегі тұрмысы мен әдет ғұрпын зертейді.Осыған орай, археология мен этнографияның деректері тіл тарихына қатысты мәселелерді зертеуде, айқындауда өте құнды материал ретінде қызмет ете алады.Тіл білімінің бір саласы - этнолингвистика тілді сол тілдің иесі- халықтың мәдениетімен байланысында зерттейді.Тіл білімінің археология мен этнографиямен байланысы бір жақты байланыс емес, екі жақты байланыс. Бұлай дейтініміз: археологиялық және этнографиялық деректер лингвистика үшін қаншалықты пайдалы болса, лингвистикалық деректер археология этнография үшін соншалықты пайдалы болмақ.
4. Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен қатар жаратылыс тану ғылымдарымен де тығыз байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы, физиканың акустика саласы қарастырады. Сөйлеу процесі дыбыстарды айту және тіл дыбыстарын қабылдаумен тікелей байланысты.Ал бұл процесті дыбыстардың артикуляциясы (сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының жасалуы) жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зертейді.Тілдің күрмелу себебін медицина мамандары атап айтқанда, психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зертейді. Мұның үстіне, элоктронды машинамен аударма жасаудың, инфармация теориясының және кибернетиканың бірсыпыра мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр.
Бұл айтылғандар тіл білімінің дербес ғылым бола отырып, әр түрлі қоғамдық ғылымдармен де, жаратылыс тану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өз ара байланыста болатынын және жалпы білімдік үлкен мәні бар екендігін көрсетеді
Тіл білімі немесе лингвистика – тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл-қоғамдғы адамдардың өз ара пікір алысу , бір-бірімен қарым-қатынас жасау. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикакалық құрылысы болады.Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында, мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында қарастырылса, сөздік құрамы лексикология саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында қарастырылады.Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде бірнеше салаға немесе бөлімге, мысалы, фонетика саласы сипаттама фонетика, салыстырмалы –тарихи фонетика, экстриментальды фонетика және т.б. болып бөлінеді.Мұндай ішкі салалар немесе тармақтар жайында мағлұмат осы кітаптың әр тарауының тұс-тұсында беріледі.
Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары даму, біртіндеп жетілу күйінде болады. Тілдің әртүрлі салаларының даму сипаты мен қарқыны түрліше болуы мүмкін. Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамиды. Тіл білімі (немесе лингвистика) тілдің әр түрлі жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің әр түрлі жақтары (дыбыс жүйесі мен сөздік құрамы және грамматикалыққұрылысы) бір-бірімен өз ара тығыз байланысты болатыны сияқты, тіл білімінің оларды (тілдің әр түрлі жақтары) зертейтін салаларыда (фонетика мен лексикология және грамматика) бір-бірімен өз ара тығыз байланыста болады.
Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, тілді шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы сипаттама тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрониялық лингвистика деп аталады.
Белгілі бір тілді, оның жүйесі мен құрылымын ғылыми тұрғыдан талдап түсіндіру және оның даму заңдарын ашып айқындау үшін , ол тілді және ондағы фонетикалық, лекси калық, грамматикалық құбылыстарды біріншіден, шығуы мен дамуы тұрғысынан, екіншіден, ол құбылыстарды туыстас тілдердегі біртектес құбылыстармен салыстыру тұрғысынан зерттну қажет. Ф. Энгельс тілді тарихи тұрғыдан зертеудің және оны туыстас тілдермен салыстыру тұрғысынан қарастырудың маңызы туралы былай деп жазды: “…Ана тілінің материясы мен формасы” түсінікті болғанда , оның пайда болуы мен бірте-бірте дамуы зерттеліп отырғанда ғана түсінікті болады, ал егер, біріншіден, ана тілінің өзінің өшкен формаларын және, екіншіден, түбірлес тірі және өлі тілдерді назарсыз қалдыратын болсақ , әлгілердің түсінікті болуы мүмкін емес. Демек, тілді, ондағы әр түрлі құбылыстарды шығу мен дамуы тұрғысынан және ол құбылыстарды туыстас тілдардегі ұқсас немесе біртектес құбылыстармен салыстыру тұұрғысынан қарастыру тілдің шынайы табиғатын, оның даму заңдарын ашып айқындаудың басты шарты болып саналады.
Толық мағынасындағы ғылым ретінде тіл білімінің өзі тілдерді тарихи және салыстыру тұрғысынан зерттеудің негізінде, дәлірек айтқанда, тілдерді зерттеуде салыстырмалы-тарихи методты қолданудың нәтижесінде, салыстырмалы-тарихи грамматиканың негізінде XIX ғасырдың басында жасалды. Бұған дейін де, әрине, тіл білімі болған. Бірақ XIX ғасырға дейінгі тіл білімінде тілдің және ондағы сан алуан құбылыстардың шығуы, дамуы және олардың себептері айқындалмай, тек сипаттама берумен шектеліп келді. Бір сөзбен айтқанда, XIX ғасырға дейінгі тіл білімі тілдегі құбылыстарды ғылыми талдау тұрғысынан түсіндіру дәрежесіне көтеріле алмай, оларға сипаттама берумен ғана шектелді.
Ал ХІХ ғасырда ғылым атаулыда , әсіресе қоғамдық ғылымдар садасында, соның ішінде тіл білімінде әр түрлі құбылыстардың өзгеруі, тарихи дамуы тұрғысынан қарастыратын көзқарас пайда болып, ғылыми зерттеулерде историзм принципі қолданыла бастады. Осы дәуірдегі ғылым туралы Гегельдің ғылымға сіңірген еңбегі жайында Ф.Энгельс “Анти-Дюринг” деген кітабында былай деп жазды: “…Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе , яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты”. Тілдердің өзгеру және даму заңдары ашылып айқындалды. Осының нәтижесінде тіл білімі ғылым ретінде жасалып қалыптасты.
Жеке бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тіл білімі бар да (мысалы: қазақ тіл білімі, ағылшын тіл білімі және т.б ), ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі – нақты бір тіл туралы немесе оның дамуының заңдары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, жалпы тіл білімі мен жалқы тіл білімі бір емес. Алайда, бұл екеуінің арасында өз арасында қарым-қатынас әрқашан сақталады. Тіл білімінің жалпы теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдетте бір ғана тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады, олардың ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижелерін сүйеніш етеді және осылардың бәрін жинақтай келіп, жалпы териялық топшылаулар мен қорытындылар жасайды. Зерттелген тілдер мен олар жайындағы деректер неғұрлым көп болса, жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасауға мүмкіндіктер де соғұрлым мол болады. Жалпы тіл білімі дамуының қазіргі кезеңінде мұндай мүмкіндіктер, бұрынғы дәуірлердің қай-қайсынан болсын анағұрлым мол. Қазіргі замандағы ғылымның барлық салалары сияқты тіл білімі дежан-жақты дамып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |