Жұмыс бағдарламасы «Адам анатомиясы»



бет12/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.49 Mb.
#133543
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Мойнақ (перешеек) — isthmus rhombencephali — ортацғы ми­ра ауысатын жер. Оның қүрамына мыяалар кіреді:

Ортаңғы ми

Ортаңғы ми — mesencephalon — филогенез процесінде негізі-нен көру рецепторының әсерімен дамиды, сондықтан оның ең басты түзілістерінің көзді нервтендіруге қатысы бар. Дәл осы жерде есту орталықтары түзіледі, олар одан орі көру орталык-тарымен бірге ортацғы ми кақпағынын, төрт төбешігі түрінде улкейіп өсті. Күрделі жануарлар мен адамда алдыңғы^ ми қыр-тысында есту және көру анализаторларының қыртыстық шетте-рінін пайда болуымен ортанғы мидың есту және кәру орталык-тарынын өздері бағынышты куйге әуысып, аралык, кыртысасты орталықтарына айналады. Жоғары сатыдағы сүтқоректілер мен адамда алдыңғы мидың дамуымен байланысты ортанғы ми ар-қылы соңғьГ миды жүлынмен байланыстыратын өткізгіш жол-дар (ми аякшалары) өте бастады.

Осының нәтижесінде адамнык ортанғы миында: 1) кыртыс­асты көру орталықтары мен көз бүлшыкеттерін иервтендіретін нервтердің ядролары; 2) кыртысасты есту орталықтары; 3) бас миы кыртысын жүлынмен байланыстыратын және ортаңғы ми аркылы транзитті өтетін барлық жоғары көтерілетін және төмен тусетін өткізгіш жолдар; 4) ортанғы миды орталық нерв жүйе-сінің басқа бөлімдерімен байланыстыратын ақ зат шоғырлары бар. Осыған сәйкес адамда мидың ең кіші жоне' ең қара-пайым күрылысты белімі болып табылатын ортаңғы мидың екі негізгі белігі болады: кыртысасты есту және көру орталыктары орналасатын кақпақ пен негізінен өткізгіш жолдар отетін ми аяқшалары.

1. Дорсальды бөлік — ортаңғы ми қақпағы — tectum mesen-cephali. Ол сүйелді дененің артқы шетінІң астында жасырынған және айқаса өтетін екі — бойлық және келдеиен — жүлгелер арқылы жүптаса орналасатьш терт төбешікке бөлінеді.

Жоғарғы екі төбешік — colHcuIi superiores — кыртысасты көру орталыктары, ал екІ төменгі тебешік — collicuJi Іпрегіо-res — қыртысасты есту орталыктары. Әрбір төбешік латеральды алға және жоғары, аралык миға карай жүретіи төбешік тұтка-сы — brachiurn соІНсиіі деп аталатынға ауысады. Жоғарғы тобе-шіктің түткасы — brachium colliculi superioris — таламус жас-тықшасы — pulvinar — астынан латеральды иінді денеге — cor­pus geniculaturn iaterale — келеді. Теменгі төмпешік түткасы — brachium colliculi mferioris-trigonum Ierrinisci-дің жоғарғы жиегі бойымен sulcus lateralis mesencephali-ға дейін өтіп; медиальды иінді дене — corpus geniculatum mediate — астында жоғальш кетеді. Аталған иінді денелер аралык миға жатады.

2. Вентральды бөлік — ми аякшаларьшда — pedunculi ce-
rebri — барлық алдыңғы миға өткізгіш жолдар бар.

Ми аякшалары көпір жиегінен бүрыш жасай ажырап, үлкеи ми сыңарлары қабатына бататын екі жуан жартылай цилиндр-лік ақ тәж тэрізді.

3. Ортаңғы ми куықшасыньщ бірінші куысының калдығы бо­
лып табылатын ортақғы ми куысы — жіцішке өзекше пішінді, ол
ми суқұбыры — aqueductus cerebri—деп аталады. Ол IV қа-
рыишаны III қарыншамен қосатын, эпендимамен астарлаиған
өзек. Суқұбыр дорсальды жағынан ортанғы ми қакпағымсн,
вентральды жағынан ми аяқшалары жамылғысымен шектелген.

Ортаңғы мидың ішкі құрылысы. Онын көлденен. кесіндісінде үш негізгі бөлікті ажыратуға болады. 1) қақпақ пластинка-сын— lamina tecti; 2) pcdunculi cerebri-діқ жоғарғы бөлімі бо-лып табылатың жамылғыны — tegmentum; 3) pedunuculi cereb-гІ-дің— вентральды бөлімі немесе мн аяқшасының негізі. Ор-таңғы мидың көру рецепторларының әсерімен дамуына байла-нысты, онда көзді нервтендіруге қатысы бар түрлі ядролар жай-

ғасқаы.

Қарапайым омыртқалыларда жоғарғы қостөбешік көру нер-вінің негізгі аяқталатын жері және негізгі көру ортальіғы. Сүт-коректілер мен адамда көру нервтерінің алдынғы миға ауысуы-на байланысты көру нервінің жоғарғы төбешікпен қалған бай-ланысыныи, тек рефлекстер үшін ғана маңызы бар. ТөменгІ төбе-шік ядросында, сондай-ак, медиальды иінді денеде есту ілмегінің талшықтары — lemniscus lateralis — аякталады. Ортанғы ми қақпағынын жұлынмен екіжақты байланысы — tractus spino-tectalis және tractus tectobulbaris, et tectospinalis бар. Соқғыла-ры жамылгыдағы киылыстан кейін. сопакша ми мен жүлындағы бұлшықет ядроларына барады. Бүл жүлынды сипаттаған ксзде сез болған көру-дыбыстық рефлекс жолы. Сөйтіп, ортаңғы ми қакпағы пластинкасын иегізінен көру жэне есту тһіркендіруле-рі әсерінен пайда болатын әр алуан қнмыл-қозғалыстар үшін рефлекс орталығы деп қарастыруға болады.


Алдыңғы ми — prosencephalon — иіс сезу рецепторымен байланысты дамиды және алғашқы кезде {суда тіршілік ететін жануарларда) таза иіс сезу миы — rhinencephalon— болып та-былады. Жануарлардың судан құрлыққа (ауалы ортаға) ауы-суымен байланысты иіс сезу рецепторының манызы күрт артты, өйткені онын көмегімен жаиуарға жем, қауіп-катер, табиғаттын. басқа да өмірлік маңызды құбылыстары туралы алыстан хабар бсретін ауадағы химиялық заттар — дистанттық рецепторлар арқылы анықталады.

Сонымен катар басқа да анализаторлардын дамып, жетілуІ-нен құрылықта тіршілік ететін жануарлардың алдыңғы миы қатты үлкейіп-өсіп, орталық нерв жүйесінін. баска бөлімдерінен басым болып, иіс сезу миыиан жануардың бүкіл мінез-кұлығын баскаратын мушеге айналады. Жануарлар мінез-күлығының не-гізгі екі формасына: 1) түрдін, тәжірибесіне негізделген инстинк-тивті (шартсыз рефлекстер) және 2) индивидтің тәжірибесіне нсгізделген жеке (шартты рефлекстер) мінезіне сәйкес алдыңғы мида орталықтардың екІ тобы дамиды: а) үлкен ми сыңәрлары-ның негіздік немесе қыртысастылык ядролары; ә) үлкен ми кыртысы. Алдыңғы ми орталықтарының осы екі тобына бар-лык нерв импульстары келеді, олар алдын ала бір жалпы орта-лық —таламус (thalamus) аркылы өтеді {кейбіреуін коспаған-да). Зат алмасуды өзгерту аркылы организмнің ортаға бейімде-луіне байланысты алдынғы мида вегетативтік процестерді бас­каратын жоғары орталыктар пайда болады (гипоталамус). Ал-дыңғы ми екі бөліктен — аралык және сонғы мидан түзілген.



Аралық ми

Аралык ми — diencephalori — бүйірлері жағынан сонғы ми-дың сыңарларымен бітісе өсіп, сүйелді дене мен күмбез астында жайғасады. Алдыңғы мидың қызметі мен дамуы туралы жоға-рыда айтылғанға сәйкес, екі негізғі бөлікті ажыратады: 1) дор-сальды бөлік — thalamencephalon —- афферентті жолдар орталы-ғы жене 2) вентральды белік — hypothalamus — жоғары вегета-тивті орталық.

Қуысы — III карынша (16-сурет).

Таламус


Thalamencephalon ез кезегінде үш бөліктен түрады: тала­мус — thalamus, epithalamus — таламусүсті және metathala-mus — таламус арты аймағы.

A. Thalamus аралык мидыц бүйір кабырғаларында III карын-шаның бүйір жактарындағы сүр заттың жұмыртқа пішінді жұп жиынтығы болып табылады, соның өзінде онын алдыңғы шеті — tuberculum anterius түрінде сүйірленген де, ал ортақғы шеті ке-ңейіп, жастықша — pulvinar — түрінде жуандаған.

Ллдыцғы шеті мен жастыкшаға бөліну кызметі жағынан
thalamus афферентті жолдар (алдыңғы шетІ) орталықтары жэ­не көру орталығы (арткы шеті) болып бөлінуіне сәйкес келеді. Дорсальды беті жұка ак зат қабатымен — stratum zonale ~ жа-былған. Оның латеральды белімі бүйір карыншасына карайды, өзінен кершілес құйрыкты ядро мен telencephalon арасындағы шекаралык жүлгеше — suicus terminalis — аркылы бөлінеді. Осы жүлгемен ми заты жолағы — stria terminalis — өтеді.

Таламустың жұка сұр зат кабатымен жабылған медиальды беті тік орналасқан және III карынша қуысына карай, оның ла­теральды қәбырғасын.күрайды. Ол үстінті жағында дорсальды беттен ак ми жолағы — stria medullaris thalami — арқылы шек-теледі. Таламустардың екі медиальдъг беті езара сүр дәнекер — adhesio interthalarnica — арқылы косылған. Таламустың лате­ральды беті ішкі капсуламен —capsula interna — шектеседі. Та-ламустың төменгі беті ми аякшасы үстінде орналасып, оның жа-мылғысымен бітісіп өседі. Таламустың ак кабатшалары бар сүр массасы — laminae medullares thalami — топографиясына бай­ланысты алдыңғы, орталык, медиальды, латеральды, вентральды жэне арткы деп аталатын жеке ядроларға бөлінеді.

Таламустың функциональдык маңызы өте зор. Онда аффе-рентті жолдар ауыстырылады. Оның арткы ядросындағы жасты-ғында — pulvinar — көру жолы талшыктарының бір бөлігі (кыр-тысасты көру орталығы, таламустын, ассоциативті ядросы), ал-дыңғы ядроларда corpora тапттііагіа-дан шығып, таламусты иіс сезу аймағымен байланыстырады, Орталык нерв жүйесініқ төмен жатқан бөлімдерінен шығатын қалған барлык афферентгі сезімтал жолдар оның қалған ядроларында аяқталады. Соны-мен таламус сезімталдықтық барлық дерлік түрлерінін қыртыс-асты орталығы болып табылады. Бұл жерден сезімтал жолдар-дың бір бөлігі кыртысасты .ядроларына (сол себепші таламус экстрапирамидалық жүйенің сезімтал орталығы болып табыла­ды), бір бөлігі тікелей кыртыска барады — tractus thalamocorti-calis.

Б. Epithalamus. Екі таламустағы striae medullares артка ка­рай бағыт алып, екі жағында trigonum habenulae деп аталатын кеңейген жер түзеді. Бұл соңғыдан «жүген» деп аталатын кыс-ка, жінішке түзіліс шығады, ол карама-карсы жағынан жүгені-мен бірғе томпақ денемен — corpus pineale — қосылады. Corpus pineale алдынан екі қосылыспен бірге байланыскан. Біршама карағай кылканына үқсайтын томпак дененің өзі кұрылысы мен қызметі жағынан ішкі секреция бездеріне жатады.

В. Metathalamus. Таламустын. артында екі кішкене төмпе-шік — иінді денелер — corpus geniculatum laterale et mediate — бар.

Көлемі кішілеу, бірақ айкындау көрінетін медиальды иінді дене төменгі төмпешік тұткасының алдында таламус жастығы-нык астында жатады, одан айқын жүлгемен бөлінғен, Онда есту ілмегінін — lemniscus lateralis — талшықтары аяқталады, сол себепті ол ортаңғы ми какпағыньщ төменгі төбешіктерімен бірге кыртысасты есту орталығы болып табылады. Латеральды нінді дене үлкендеу, жайпак тәмпешік түрінде жастықтың теменгі ла­теральды жағында орналасады. Онда көру жолынық латераль­ды бөлігінің кебі аяқталады (жолдың қалған бөліғі pulvinar-да аяқталадьг). Сондықтан pulvinar мен ортаңғы ми қакпағынын, жоғарғы тебешіктері және латеральды иінді дене кыртысасты керу орталығы болып табылады. Екі иінді дене ядролары орта-лық жолдар аркылы тиісті анализаторлардын қыртыстык шет-терімен байланыскан.

Гипоталамус

Гипоталамус — hypothalamus — сөздін- кең мағынасында III карыншанын түбі астында вентральды, артқы гипоталамус аймағын — regio hypothaiamica posterior — коса substantia perforate posterior алдында орналаскан түзілістерді біріктіреді. Қүрсакта дамуға сәйкес hypothalamus екі бөлімге бөлінеді: ал-дыцғы бөлім — regio hypothalamica anterior. Бүған tuber cine-rcum, infundibulum және hypophysis, сондай-ак tractus opticus-псн hiasma opticum біріктіріледі: артқы бөлімге —corpora mamillaria мен regio hypothaiamica posterior жатады. Гипотала­мус аймағынын, ядросы портальды тамырлар (гипофиздың аддынгы бөлігімен) және гипоталамогипофиздік шоғыр аркылы гипофизбен (оньщ арткы бөлігімен) байланыскан.

Осы байланыстар арқылы гипоталамус пен гипофиз ерекше гнпоталамус-гйпофиздік жүйе тузеді.

A. tuber cmereum — сұр төмпешік corpora mamillaria-ның ал­


дында жатады, сүр заттын жұка пластинкасынан түратын Ш
карыншанын. төменгі кабырғасының сынар куысты шығыңкы
жері болып табылады. Төмпешік, үшы тар куыс воронкаға — in­
fundibulum — созылған, онық тұйық ұшында түрік ершігіне сү-
йек ойысында жататын гипофиз — hypophisis — жайғаскан. Сүр-
төмпешікте жоғары вегетативтІ орталык болып табылатын жэне
атап айтқанда, зат алмасу мен жылу реттеуге эсер ететін сүр
зат ядролары орналасады.

Ә. Chiasma opticum — көру киылысы, сүр төмпешік алдында орналасып, көру нервтерінің — nn. optici — киылысынан тү-зілген.

Б. Corpora mamillaria — емізік тәрізді денелер — substantia
perforata posterior-дын алдында ортаңғы сызык бүйірлері бойын-
да симметриялы жаткан, дөқгелек екі кішкене ак түсті кұры-
лым. Әр дененін, ішінде ак заттын беткі кабаты астында екі сүр
ядро жатады. >

Қызметі жағынан corpora mamillaria кыртысастылык иіс сезу орталыктарына жатады.

B. Regio hypothaiamica posterior — арткы гипоталамус айма-
ғы. Бүл таламус астында орналаскан ми затының кішкене бөлі-
мі. Онда substantia nigra-дан латеральдылау аралык миға жа­
татын сопакша дене жатады. Ол экстрапирамидалык жүйенің
бір буыны болып табылады, онын вегетативтік кызметтері де
бар деп есептеледі.

Соңғы ми

Бүрын атап көрсетілгендей, соқғы ми — telencephalon — екі жартышардан —- hemispheria сегеһгі — түрады. Әрбір жарты-шардың күрамына жамылгы іііс сезу миы және негіздік ядролар енеді. Соңғы мидык, екі қуыіішасының бастапқы қуыстарынын, қалдығы бүйір қарыншалар — ventriculi laterales. Соңғы ми ен бірінші алдыңгы мидың иіс сезу рецепторы мен (иіс сезу миы) байланысты пайда болады да, содан кейін ол жануар мінез-қү-лығын басқаратын мүшеге айналады, соның өзІнде онда түрлік реакцияларға (шартсыз рефлектсер) нсгізделген инстинктивті мЧнез-құлық орталықтары және жеКе тәжірибе (шартты реф-лекстер) негізделген мінез-қүльтқтык қыртысастылық ядролары мен орталықтары — үлкен ми қыртысы пайда болады. Осыған сойкес содғы мида таряхи даму ретіне қарай мынадай орталық-тар топтарын ажыратады:



  1. Иіс сезу миы — rhinencephafon — вентральды орналаскан
    ең көне және сонымен бірге ен. кіші бөлігі.

  2. Сыңарлардың негіздік немесе орталық ядролары, қыртыс-
    асты — соңғы мидың ең тереңінде жасырынған кене белігі
    (раісепсерһаіоп).

  3. Қыртыстыц сұр заты — cortex — ецжас бөлігі, және соны­
    мен бірге қалған бөліктерін бүркемелеп жауып тұратын ен, үл-
    кен бөлігі, осыдан келіп оны «жамылғы» немесе «шапан» —
    pallium—деп атайды.

Эволюция процесінде орталық нерв жүйесі белімдерінің ішінде сонғы ми жылдамырак және күштірек өсетіндіктен, ол адамда мидьщ ең үлкен бөлігіне айналып, екі көлемді он және сол жақ жарты шарлар — hemispheria dextrmn et sinistrum — түріие не болады. Мидыц бой лық саңылауының тереңінде екі жарты шар өзара біреуінен екіншісіне көлдеиең баратын нерв талшықтарынан түратын горизонталь пластинкамен — сүйелді денемен — corpus collosum — байланысқан. Сүйелді деиеде ал-дыңғы темен иілетін шетін немесе иінін — genu corporis collosi — ортаңғы бөлігін (денесІн) — truncus corporis collosi және содан кёйін буылтық түріпде жуапдаған артқы үшын — splenitim corpo­ris callosi — ажыратады. Бұл бөліктердің барлығы мидын саги-тальды кесіндісінде екі жарты шар арасында жаксы көріиеді. Сүйелді дененіқ иіні темен иіліп, суйірленіп, тұмсық — rostrum corpovis callosi — түзеді, ол жұқа пластинкаі-а — lamina rostralis — жалғасады. Қүстұмсық пластинка өз кезегіпе lamina termi-nalis-ке созылады.

Сүііелді дене астында екі доға тәрізді ак, тәжден түратыи қумбез — fornix — орналасқан. Олар әздерінін. орта түстарында corpus fornicis өзара қосылған, ал алды. мен арт жағынан ажы-расып, алдында күмбез бағаншасын — columnae fornicis, арт жағында күмбез аяқшаларын — crura fornicisтүзеді. Күмбез аякшалары артқа қарай бағыт алып, бүйір карыншалардыц те-менгі мүйіздеріне түсіп, сол жерде fimbria hyppocampi-ға ауы-сады. Сүйелді дене буылтығының астында, күмбез аяк,шалары-нын, аралығында comissura fornicis-ті түзетін нерв талшықтары-нын көлдснен, шоғырлары тартылған. Күмбездіц бағаналары ми негізіне дейін созылып, сол жерде hypothalamus-тыц сүр заты арқылы өтіп, емізікше денелерде аяқталады. Col ига пае fornicis өздерінін артында жатқан III қарыншаны бүйір қарыншалармеи байланыстыратын қарыншааралық тесіктері шсктейді. Күмбез баганаларының алдында көлденең орналасқан нерв талшықта-рынан түратын ақ тусті алдықғы дәнекер — comissura anterior — жатәды. Күмбездің алғы бөлІгІ мен сүйелді дененІн арасында ми тканінің жүқа вертикальды пластинкасы — мөлдір перде sep­tum pellucidum — керілген, оныц қабатында кІшкене саңылау тә-різді қуыс — cavum septi pellucidi — жайғасқан.

Ми сыңарларыиыц негһдік ядролары

Ми сыкарларынық бетінде сұр қыртыстан басқэ тағы да онын қабатында негіздік ядролар жэне қыртысасты деп аталатын сұр зат жиындары болады. Қыртысасты ядролардық үш жиыны бар: ^..«■. піаііеігіііп жанр rnrous amvsdaloidem.


Ми қабықтары

Ми қабығы — meninges —жұлын қабықтарының (қатты, торлы және жүмсақ) тікелей жалғасын кұрайды.

Қатты қабық —dura mater encephali —басқа қабықтар сыр-тында жататын тығыз ақшылдау дәнекер тканьды қабық. Оның сыртқы беті тікелей бассүйектеріне жанасып, олар үшін сүйек қабығы болып есептеледі, оның жұлынның дәл осындай кабы-ғынан езгешелігі осында. Миға қараған ішкі бетІ эндотелиймен жабылған, осы себепті тегіс жэне жылтыр. Онымен мидын, тор-

лы қабығының арасында кішкене мөлшердегі сүйықтықпен Тол-тырылған тар саңылау тәрізді кеністік — spatium subdurale — болады. Кей жерлерде қатты кабық екі жапырақшаға жарыла-ды. Мүндай жарылу веналык қойнаулар аймағыида, сондай-ақ үшкіл нерв түйіні жатқан самай сүйегі пирамидасының төбесін-дегі шүңқыр аймағында (impressio trigemini) кездеседі. Қатты қабықтың ішкі бетінен бірнеше өсінділер шығады, олар ми бө-ліктері арасына өтіп, бір-бірінен бөледі.

Falx cerebri — үлкен ми орағы, екі үлкен ми сықарлары ара­сында сагиттальды бағытта орналасқан. Ол бассүйек күмбезі-нің орта сызығы бойымен жиектеріне бекіп, алдыңғы жіңішке шетімен crista galli-re бітісіп өсіп, ал артқы кен жиегімен мишық шатырының жоғарғы бетімен бітісіп кетеді.

Tentorium cerebelli — мишық шатыры, горизонтальды керіл-ген, екі еңісті шатыр секілді жоғары қарай сәл дөқестеу плас­тинка. Бүл шүйде сүйегінін, — sulcus sinus transversi — жиекте-ріне және екі жағында самай сүйегі пирамипасыиын, жоғарғы кыры бойына, сына тәрізді сүйектің processus' clinoideus poste-rior-ына дейін бекиді.

Ғаіх cerebelli — мишық орағы үлкен мн орағы сияқты орта сызық бойымен — crista occipitalis inter Па-мы бойлай шүйде сү-йегінің үлкен тесігіне дейін орналасып, ол тікелей тесіктІ бүйір жақтарынан екі аяқшасымен қаусырады. Бұл аласа өсінді ми-шықтың артқы ойығына еніп түрады.

Diaphragma sellae — ершік диафрагмасы, түрік ершігі түбін-де гипофиз үшін шүқырды үстіңгі жағынан шектейтін пластинка. Оның ортасынан hypophisis-ден шығатын — infundibiiKim-ға rip-налган тесік өтедІ.

Қатты қабықта меншікті веналарынан басқа мидан қан жи-найтын қатты қабык қойнаулары — sinus durae matris деп аталатын қойнаулар болады.

Қойнаулар — қатты қабықтың меншікті кабатында онын. өсінділерінін бассүйекке бекитін жерлерінде жайғасып^ веналар-дан қабырғаларыньщ күрылысымен өзгешеленетін, қақпақша-лары жоқ веналық өзектер (көлденең кесіндісінде үшбүрышты). . Қабырғалары қатты қабықтыа керілген жапырақтарынан түзіл-ген, сондықтан кескенде қабыспайды да, жарақаттанганда үңірейіп тұрады. Вена қойнаулары қабырғаларының серпімсіз-дігі бассүйек ішіндегі қысым өзгергенде қанның еркін ағып кетуін қамтамасыз етеді, бүл мидың үздіксіз қызмет жасауы үшін мацызды.

Мынадай қойнаулар бар: sinus transversus — ең үлкені және кеңі, шүйде сүйегінің sulcus sinus transversi-де, tentorium cere-ЬеШ-нін артқы жиегінде орналасады, ол жерден sinus sigmoi-deus-ке жалғасады да, sulcus sinus sigmoidea-да орналасады, одан әрі foramen jugulare арқылы v. jugularis interna-га жалға-сады. Осының арқасында көлденең қоннау сигма тәрізді қойиаумен бірге бассүйек қуысындағы барлык вена қаны үшін негізгі коллектор қызметін атқарады. Оган бір бөлігі тікелей,

бір бәлігі жанама жолмен барлық калган қойиаулар (смнустар) кұяды.

Тікелей құятындар: sinus sagittal is superior, ол falx cerebri-дің жоғарғы жиегімен букіл sulcas sinus sagittalis superioris-тін. боЙымен crista galli-ден бастап, protuberantia occipitalis in-terna-ға бекітілген жерінде орналасады, ол жоғарыға дейін өтеді. Sinus sagittalis superior-дын. бүпірлерінде, қатты қабық қабатында кішкенс қуыстар — қан көлдері деп аталатындар орналасады, олар бір жағынан қойнаумен және диплоилық иеналармен, екінші жаіынан қатты қабықтың жэне мидын. вена-ларымеп катынасады. Sinus occipitalis, falx cerebelii-дің crista occipitalis interna-ға бекітілген жерінде орналасады, ол жоғары-да аталған синустың жалғасы ретінде өтеді, одан шүйде сүйегі-нід — foramen magnum-ньщ екі жиегіи бойлай орналасады. Si­nus redus, falx cerebri-дыц мишық шатырына бекитін жерінде орналасады. Ол алдыңғы жағынан ми орағыныц төменгі жиегі бойьшсн жүретін төмснгі сагиттальды қойнауды, сондай-ақ ми­дын ең терең бөліктерінен ағып шығатын мидың үлкен вен асы н қабылдайды.

Аталған қойнаулар — sinus fransversus, sinus sagittalis su­perior, sinus red us және sinus occipitalis-тер түйісетін жерде қойнаулар жиыны — confluens sinuum дсген атпен белгілі, ке-нсйген жер түзіледі. БассүйектІн. негізінде түрік ершігі бүйірін-де ішкі үйқы артериясын қоршап жатқан веналық ерім немесе бір-бірІмеи айқасып жатқан қуыстар түрінде кеуекті қойнау— sinus cavernosus— ррналасқан. Ол қарсы жақтын, қойнауы-мен — fossa liypophisialis-тІн. алдынан және артынан өтетін екі келденең анастомоздармен — sinus interc'avernisi — жалғасады, сол себеіпІ түрік ершігІ аймағында веналық сақин-а түзіледі.

Алдыцғы жағынан кеуекті синусқа жоғарғы көз саңылауы арқылы өте-тін —v. optalmica superior, сондай-ақ alae minoris-тің жисгі бойымен өтетін sinus sphenoparictalis-тің төменгі шеті қүяды.

Қан ксуекті қойнаудан артта жатқан екі қойнауға: sinus pet-rosi superior et inferior-га кетедІ. Олар пнрамиданың жоғарғы жэне төменгі жмектерінде орналасады. ЕкІ төменгІ тастық қой-наулар езара шүйде сүйегінін негіздік бөлігінде, қатты кабық-шаныц қабатыида л<атқан және бәрі қосылып plexus basilaris деп аталатын бІрнеще вена езекшслерІ арқылы байлаиысады. Plexus basilaris омыртқа езегінің всналық өрімдерімен катына­сады, олар арқылы осылайша қан бассуйек қуысынан ағып ке-теді.

Қанның қойнаулардан.ағып шығатын басты жолы ішкі мо-йындырық веналары болып табылады, бірақ оған қоса, веналық қойнаулар бассүйек тесіктерІ — foramen parietale, foramen mas-toudeum, canaljs condylaris-тер арқылы өтетін эмиссарлык. ве-налар — vv.' emissariae — арқылы бассүйектің сыртқы бетіндегі веналармсн қосылады. Бассүйектен foramen ovale және canalis liypoglossalis арқылы нервтермен бірге шығатын кішкене веналар да осындай роль атқарады. Сомдай-ақ қатты қабықшаныя койнауларына бас сүйектерінін кеуекті затынык веналары да қүядіы; олар басқа ұшымен бастыц сырткы веналармен банла-нысады.

Vena diploicae — іш жағынан эндотелий қабахымен астар-ланған бассүйектін, жалпақ сүйектерІнің кеуекті затында өте-тін, бір-бірімен анастомозданатын өзектер болып табылады.

Торлы қабык, —arachnoidea encephali — жүлыпдағы свяқты қатты кабықтан субдуральды кеңістіктің капилляр саңылауы-мен бөлінеді. Торлы қабык жұмсақ кабық сиякты мидын жүл-гелері мен ойыстарына енбейді. Жүмсақ және мелдір қабықша арасы сұйыққа толы торасты кскістік —- cavitas subarachnoidea-lis құрады. КейбІр жерлерде, көбінесе ми табанында, торасты кеңістігі өте күшті дамып, сүйықтығы бар кен де терең цистер-налар түзеді (19-сурет).

Мынадай цистерналар болады:

I. Cisterna cerebeliemedularis — (ең үлкені) мишықтың арт-кы жиегімен сопақша ми арасында жататын ен үлкен цистерна.

2. Cisterna interpeduncularis — ми аяқшалары арасында.



  1. Cisterna chiasmatis — көру қиылысы алдында.

  2. Cisterna fossa lateralis cerebri — аттас шүкыршақта.
    Барлық торасты кеңістіктер өзара кеңінен қатынасьш, шүііде

сүйегі үлкен тесігі арқылы тікелей жұлынвын торасты кеңістігі-несозылады. Сонымен қатар олар IV қарыншаныц артқы қабыр-ғасындағы: cisterna cerebellemedularis-ке ашылатын apertura la­teralis ventriculi quarti және apertura mediana ventriculi quarti арқылы ми қарыншаларымен тікелей катынасады. Торасты ке-ністіктерінде дәнекер тканьды көпіршелер — trabeculae arach-noideales — және қоршаған сүйықтық арқасындэ қысылып калу-Дан сакталатын ми тамырлары жайғасады.

Торлы кабықтың қүрылысыныц ерекшелігі — онын түйірлеpi — granulationes arachnoideales — вена синустары қуысына немесе қатар жатқан қан көлшіктеріне еніп тұратын дөңгелектеу сұр кызғылт түсті торлы кабықтын өсінділері. Олар балаларда да^ ересектерде де болады, бірақ картайған кезде барынша үл-кейіп, көбейеді. Түйірлер көлемдерін үлғайтып, бассүйектеріне қысым жасау арқылы олардың ішкі бетінде foveolae granulates деген атпен белгілі ойыстар түзеді. Түйірлер сүзілу аркылы жұ-лын сұйьіқтығыиыц қан арасына ағып кетуін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет