ҚОҒАМҒА Қажеттісі – елжанды ұрпақ



Дата23.02.2016
өлшемі32.32 Kb.
Егемен Қазақстан

№251 (25221) 13 ТАМЫЗ СӘРСЕНБІ 2008 ЖЫЛ



ҚОҒАМҒА ҚАЖЕТТІСІ – ЕЛЖАНДЫ ҰРПАҚ

 

Бүгінгі егемен еліміздің жаңа ғасырда жедел дамыған адамзат қоғамының көшінен қалмай, нарықтық, бәсекелестік, ақпараттандыру заманында биік белестерден көрінуі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында атап көрсетілгендей, тәрбиенің мәнді, ұлттық білім беру жүйесінің жоғары деңгейіне қатысты. Елдің болашағы өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарды тәрбиелеу болса, ол үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастыратын тәлімді тәрбие берілуі шарт.

“Әкеден – ақыл, анадан – мейір” демекші, баланы жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеуде отбасының берері зор десек, олардың жеке басы­ның мінез-құлқын қалыптастыруда, жо­ғары адамгершілік қасиеттерді сіңірудегі ортаның өзіндік әсері бар екенін де жасырмаймыз.

Білім мен тәрбиенің іргетасы, ең тамаша бастауы – отбасы және мек­теп. Демек, олардың берік ынтымағы, бір­лесе атқарған қызметтері жас ұр­пақтың лайықты тәрбие алуына жол аша­ды. Отбасы әрбір адам үшін киелі бе­сік болса, білім шаңырағы – алтын ұясы. Отбасы мен мектепте әрбір жас­тың қуанышы, қызығы, мәңгілік ұмы­­тылмас бал дәурені өтіп, тәрбие мен білім негіздері қаланып, қалып­тасады.

Мектептің отбасы тәрбиесіне ық­палын арттыру үшін ата-аналарға мек­теп есігін айқара ашып, балалармен өткізілетін әртүрлі тәрбиелік іс-ша­ралар мен сабақтарға, мектептен тыс жұмыстарға қатысуына мүмкіндік туғызылуы қажет.

Осыған орай облыстық ата-аналар қо­ғамдық бірлестігінің жұмысын жан­дан­дыру мақсатында М.Тынышбаев атын­дағы өлкетану мұражайының ғи­ма­ра­тында Алматы облыстық ба­ла­лардың құ­қықтарын қорғау депар­таменті адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімі қызметкерлерінің ұйым­дастыруымен жалпы ата-аналар жи­налысы өткізіліп, оған аудандық, қа­лалық ата-аналар ко­ми­тетінің мү­шелері, облыстық білім беру қыз­­меткерлерінің, аумақтық кәсіподақ ке­­ңесінің, қалалық кәсіподақ ұйымының өкілд­ері және республикалық ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. Олар бүгінгі жас ұрпақ бойында биік адамгершілік қасиеттерді қалыптас­ты­ру­мен қатар, кәсіби білім беру мақ­са­тын­дағы алда тұрған мін­деттерге тоқталып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Облыстық ата-аналар қоғамдық бір­лестігінің жұмысын жандандыру ар­қылы жастарды отансүйгіштікке, бауыр­малдыққа, әдептілікке тәрбие­леп, бі­лім мен біліктіліктерін, дағдылары мен шеберліктерін, ас­қақ адамгершілік қа­дір-қасиеттерін, жаңа дүние­та­ным­дық көзқа­рас­та­рын, саламаттылығын, ұнам­ды мінез-құлық нормаларын адам­гер­шілік-рухани құндылықтар арқылы қа­лыптастыруды мұрат етті. Осы орайда өткізілген жиында ата-ана­лар комитеті қоғамдық бірлестігінің төр­айымын, басқарма мүшелерін тағайындап, есеп комиссиясының құрамы бекітілді.

Қоғамдық бірлестік жиынында ата-ана­лар комитетінің төрайымы сай­ла­нып, ата-аналар жарғы жоба­сымен таныстырылды, жұмыс жоспары бекітілді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың биылғы Жолдауында жастар ел өміріндегі үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек екендігі және осы мақсатта жаңа деңгейдегі жұмыс талап етілетіндігі алға қойылғаны бел­гілі. Демек, бүгінгі жастардың бел­сенділігін шыңдау, кәсіби дай­ындау мектеп қабырғасынан бастау алуы қажет. Сонымен қатар, бала­лар­дың құқығын қорғауды да естен шығармай, ата-ана мен ұстаз жүйелі байланыс орнатып, бірлікте жұмыс істеуі қажет.

Жиынға қатысқандар жас ұр­пақты отаншылдық рухта тәр­бие­леп, адамгершілік қағидаларын қалыптастыру қоғам қажеттілігі еке­нін баяндап, осы бағытта бірлесе жұ­мыс жасаудың тиімділігі мен алдағы міндеттерді айқындады.



Авторы: Г.ЕРМЕКБАЕВА, Алматы облысы бойынша балалар құқығын қорғау департаментінің директоры.
Каталог: fileadmin -> user upload -> files -> Almaty obl
Almaty obl -> Алма Есенбаева
Almaty obl -> Газета «Жетісу» №68 16 маусым 2009 жыл Акция «Балалар еңбегінің қаналуына жол жоқ»
Almaty obl -> «Жетісу» газеті 17-мамыр 2008 ж. №55 ата-ананың ҚАМҚорлығынсыз қАЛҒан балалар саны артуда
Almaty obl -> Жетісу №6(17132) 17 қаңтар 2009 жыл Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бас маманы Маргулан Қатубеков Өзін-өзі тани білу Орыс жазушысы Л. Толстой айтқандай: «Тән үшін өмір сүрген азап шектіреді
Almaty obl -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
Almaty obl -> Арнайы рейд «Жарты жыл желім иіскедім, одан қатты қасірет шектім»
Almaty obl -> «Огни Алатау» 24 мая 2008 года №58
Almaty obl -> А. Үшкемпірова, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы. Жанашыр азаматтарға құрмет Үстіміздегі жылдың маусым айында Алматы қаласында білім жүйесіне қолдау көрсетіп жүрген азаматтарды салтанатты
Almaty obl -> Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің қызметі жайлы ақпарат
Almaty obl -> «Жетісу» облыстық қоғамдық-саяси газет №44 19 сәуір 2008 жыл “Біз Қазақстан балаларымыз”


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет