Жұмыс бағдарламасы, Аралық бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар устройство транспортной техники



бет2/2
Дата09.06.2016
өлшемі427.05 Kb.
#124367
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2

3.1 Аралық бақылау жұмысының мақсаты

Аралық бақылау жұмысының мақсаты «Көлік техникасының құрылысы» пәнінен білімдерін тереңдетіп, бекіту болып табылады.



3.2 Аралық бақылау жұмысының тақырыптарын таңдау


Аралық бақылау жұмысын бірінші және екінші аралық бақылауға сәйкес кестелерден таңдайды, яғни бірінші аралық бақылау үшін №1 кестеден, екінші үшін - №2 кестеден. Тапсырма үш сұрақтан тұрады. Бақылау жұмысының тапсырмалары кестеден келесі тәртіпте алынады: студенттің сынақ кітапшасының шифрының соңғы саны бойынша бағанға кірген үш тақырып таңдалады. Мысалы: студенттің сынақ кітапшасының шифры – 135012. Бұл шифр үшін келесі тақырыптар алынады: 1.2, 1.12, 1.22. және екінші кестеден 2.2, 2.12, 2.22.


1-кесте.


Сынақ кітапшасының шифрының соңғы саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0


1 сұрақ

1.1

1.2

1.3

1.4

1.5

1.6

1.7

1.8

1.9

1.10

2 сұрақ

1.11

1.12

1.13

1.14

1.15

1.16

1.17

1.18

1.19

1.20

3 сұрақ

1.21

1.22

1.23

1.24

1.25

1.26

1.27

1.28

1.29

1.30

2-кесте.



Сынақ кітапшасының шифрының соңғы саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0


1 сұрақ

2.1

2.2

2.3

2.4

2.5

2.6

2.7

2.8

2.9

2.10

2 сұрақ

2.11

2.12

2.13

2.14

2.15

2.16

2.17

2.18

2.19

2.20

3 сұрақ

2.21

2.22

2.23

2.24

2.25

2.26

2.27

2.28

2.29

2.30


3.3 Аралық бақылау жұмысын орындауға қойылатын талаптар


Аралық бақылау жұмысы тапсырмаға сай толық көлемде орындалуы керек.



3.4 Аралық бақылау жұмысын ресімдеу тәртібі

Аралық бақылау жұмысы оқушы дәптеріне немесе компьютермен тергенде А4 форматында орындалады. Жұмыс төмендегі талаптарға сай болуы керек: қарастырылған сұрақтың мәні толық ашылуы керек, есептеулер негізінде графиктерсалу керек, сауатты және стандартқа (ССМТ 2.105 мәтіндік құжаттардың мазмұны мен ресімделуіне қойлатын жалпы талаптар) сәйкес ресімделуі керек.



5 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

5.1 бірінші аралық бақылауға арналған тапсырмалар




    1. Механикалық көлік құралдарының техникалық сипаттамасы.

Механикалық көлік құралдарының жіктемесі мен индекстеуін қарастыру. Жеңіл, жүк немесе автобустардың бір моделінің техникалық сипаттамасын келтіру.
1.2 Піспекті қозғалтқыштың жалпы құрылысы

Қозғалтқыштардың жіктемесін келтіру. Піспекті қозғалтқыштың жалпы құрылысын сипаттау. Қозғалтқыштың сұлбасын келтіру. Іштен жану қозғалтқышының және оның механизмдері мен жүйелерінің қызметін, құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру.


1.3 Айналшақ-бұлғақты механизм

Піспекті іштен жану қозғалтқышының айналшақ-бұлғақты механизмін қарастыру. Бұлғақты механизмнің сұлбасын келтіру. Айналшақ-бұлғақты механизмнің құрылысын, қызметін, жұмыс істеу принципін, оның бөлшектерінің құрылымының ерекшеліктерін толық түсіндіру.


1.4 Іштен жану қозғалтқыштарының жұмыс істеу тәртібі

Қозғалтқыштың жану камерасының формасының сұлбасын салу. Олардың ерекшеліктерін қарастыру. Цилиндрлердің жұмыс істеу тәртібі мен оның қызметін түсіндіру. Сегіз цилиндрлі төрт тактілі қозғалтқыш цилиндрінің жұмыс істеу тәртібін келтіру. Піспектердің құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру.


1.5 Тарату білігі төмен орналасқан газ тарату механизмі

Тарату білігі төмен орналасқан газ тарату механизмін қарастыру. Тарату білігі төмен орналасқан газ тарату механизмінің құрылысының сұлбасын келтіру, оны сипаттау. Тарату білігі төмен орналасқан газ тарату механизмінің қызметін, құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру.


1.6 Тарату білігі жоғары орналасқан газ тарату механизмі

Тарату білігі жоғары орналасқан газ тарату механизмін қарастыру. Тарату білігі жоғары орналасқан газ тарату механизмінің құрылысының сұлбасын келтіру, оны сипаттау. Тарату білігі жоғары орналасқан газ тарату механизмінің қызметін, құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру.


1.7 Іштен жану қозғалтқышының сұйықпен суыту жүйесі.

Іштен жану қозғалтқышының сұйықпен суыту жүйесінің сұлбасын келтіру. Оның қызметін, құрылысын және жұмыс істеу принципін қарастыру. Желдеткіш жетектерінің типтерін атау және олардың ерекшеліктерін көрсету. Термостаттың құрылысының сұлбасын салу, оның қызметі мен жұмыс істеу принципін түсіндіру. Сұйықпен және ауамен суыту жүйелерінің салыстырмалы бағасын беру.


1.8 Майлы картермен іштен жану қозғалтқышының майлау жүйесі

Майлы картермен іштен жану қозғалтқышының майлау жүйесінің қызметін, құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру. Майлы картермен іштен жану қозғалтқышының майлау жүйесінің сұлбасын салу. Майлау жүйесіндегі клапандар, олардың орналасқан орны, қызметі және жұмыс істеу принципі.


1.9 Майлы картерсіз іштен жану қозғалтқышының майлау жүйесі

Майлы картерсіз іштен жану қозғалтқышының майлау жүйесінің қызметін, құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру. Майлы картерсіз іштен жану қозғалтқышының майлау жүйесінің сұлбасын салу. Майлы картерсіз іштен жану қозғалтқышының майлау жүйесіндегі сорғылар, олардың орналасқан орны, қызметі және жұмыс істеу принципі. Май сүзгілерінің және оларды тазарту тәсілдерінің жіктемесі. Ортадан тепкіш май сүзгісін салу және оның құрылысы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру.


1.10 Ұшқынмен тұталатын карбюраторлы іштен жану қозғалтқыштарының қоректендіру жүйесі

Ұшқынмен тұталатын карбюраторлы іштен жану қозғалтқыштарының қоректендіру жүйесінің қызметін, сұлбасын және құрылысын түсіндіру. Жағармай қоспасын қарастыру. Ауа сүзгілерінің түрлерін атау және олардың жұмысын түсіндіру. Қарапайым карбюратор мен оның жұмысын қарастыру. Карбюратор жүйелері, олардың қызметі, құрылысы және жұмыс істеу принципі.


1.11 Ұшқынмен тұталатын бүріккішті іштен жану қозғалтқыштарының қоректендіру жүйесі

Бензинді бүрку жүйелерін қарастыру. Олардың құрылымдық ерекшеліктері мен жұмыс істеу принципін түсіндіру. Қажетті түсіндіретін сұлбаларды келтіру.


1.12 Газбаллонды қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі

Газбаллонды автомобильдердің қоректендіру жүйесін қарастыру. Газбаллонды қозғалтыштардың қоректендіру жүйесінің сұлбасын келтіру. Газ араластырғыш пен газ редукторының құрылысы мен жұмысын баяндау.


1.13 Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесіндегі жоғары қысымды отын сорғысы

Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің түйіндері мен механизмдерінің тізімі. Дизельді қозғалтқыштың жоғары қысымды отын сорғысы, оның қызметі, құрылысы және жұмыс істеу принципі. Жоғары қысымды отын сорғысының секциясының плунжер жұбының сұлбасын салу және отынды бүрку мөлшерін реттеу принципін түсіндіру. Бүріккіштің суретін келтіру, оның қызметін, түрін, құрылысын және жұмыс істеу принципін келтіру.


1.14 Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесіндегі жоғары қысымды отын сорғысының бүркуден озу жалғастырғышы (муфта)

Жоғары қысымды отын сорғысының бүркуден озу жалғастырғышын салу. Оның қызметін, құрылысын және жұмысын түсіндіру. Жоғары қысымды отын сорғысының айналымдарын барлық режимде реттегішінің кинематикалық сұлбасын келтіру. Оның қызметін, құрылысын және жұмысын түсіндіру.


1.15 Жеңіл автомобильдің іліністіргішінің құрылысы

Жеңіл автомобильдің іліністіргішінің құрылысын қарастыру. Іліністіргіштің суретін келтіру. Іліністіргіштің қызметін, түрлерін, құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру. DSG іліністіргішінің құрылымы мен жұмыс істеу принципін, артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау.


1.16 Жүк автомобилінің іліністіргіші

Жүк автомобилінің екі дискілі іліністіргішінің құрылысын қарастыру. КамАЗ типтес автомобильдердің іліністіргіш жетегінің пневмогидрокүшейткішінің кинематикалық сұлбасын салу және оны түсіндіру.


1.17 Гидромеханикалық беріліс қорабы

Гидромеханикалық (автоматты) беріліс қорабының кинематикалық сұлбасын салу. Оның құрылысы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру. Гидротрансформатордың құрылысы. Оның қызметін, құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру. Гидротрансформаторды сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді атау. Қажетті түсіндіретін сұлбаларды салу. Фрикциондардың құрылысы.


1.18 Механикалық беріліс қорабының құрылысы

Жүк автомобилінің бес сатылы беріліс қорабының үлгісі негізінде механикалық беріліс қорабының құрылымын қарастыру. Берілген беріліс қорабының кинематикалық сұлбасын сызу және оны түсіндіру. Жүк және жеңіл автомобильдердің беріліс қораптарының синхронизаторларын салу, олардың жұмыс істеу принципін түсіндіру.
1.19 Вариаторлар

Вариатордың кинематикалық сұлбасын сызу. Оның құрылысы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру. Вариаторлар мен механикалық беріліс қораптарының құрылымдарының салыстырмалы сипаттамаларын беру.


1.20 Таратқыш қораптар

Таратқыш қораптың кинематикалық сұлбасын келтіру. Оның құрылысы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру. Дифференциалды жетекпен таратқыш қорабын қарастыру. Оның кинематикалық сұлбасын келтіру. Қызметін, құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру. Дифференциалсыз қарапайым қорабымен салыстырғандағы дифференциалды тарату қорабының артықшылығын көрсету.


1.21 Карданды беріліс

Карданды берілісті салу. Оның құрылысын түсіндіру. Бұрыштық жылдамдығы тең емес топсаларының сұлбасын келтіру, олардың жұмысын түсіндіру Карданды берілістің аралық тіреуіштерінің құрылысын қарастыру.


1.22 Карданды беріліс

Бұрыштық жылдамдығы тең топсалардың түрлерін келтіріп, олардың құрылыстарын сипаттау, жұмыстарын түсіндіру.


1.23 Бас беріліс, дифференциал және жартылай осьтер

Бас берілістердің түрлерін келтіру, олардың сұлбасын салу және артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету. Қажетті сұлбалар мен суреттерді сала отырып, дифференциал және жартылай осьтердің қызметін, жұмыс істеу принципін сипаттау.


1.24 Автомобильдің аспасы

Автомобиль аспаларының түрлерін және олардың атқаратын қызметін сипаттау. Жеңіл автомобильдің тәуелсіз аспасының құрылымын қарастыру. Телескоптық типті амортизаторды салу, оның құрылысын және аспаның тербелісін қайтару кезіндегі жұмыс принципін түсіндіру.


1.25 Доңғалақтар мен шиналар

Автомобиль доңғалағының кесілген кескінін салу. Дискілердің құрылысының ерекшеліктерін және олардың белгілеулерін түсіндіру. Автомобиль доңғалаққаптарының құрылысының ерекшеліктерін, оларды дайындау кезінде қолданылатын материалдарды сипаттау. Автомобиль доңғалаққаптарындағы таңбалаулар мен жазуларды түсіндіру. Камерасыз шиналардың артықшылықтарын көрсету.

1.26 Автомобильдің пневматикалық аспасы

Автомобильдің пневматикалық аспасының сұлбасын салу. Оның құрылысы мен механизмдерінің жұмыс істеу принципін түсіндіру. Аталған аспаның артықшылығын көрсету.


1.27 Рульдік басқару

Автомобильдің басқарылатын доңғалақтарының орнату бұрышын (алшақтау, түйісу және шүберіннің иілу бұрышы), олардың қызметін және жұмыс істеу принципін сипаттау. Түсіндіретін сұлбалар келтіру. Гидрокүшейткішпен рульдік басқаруды қарастыру. Оның сұлбасын салу. Тура қозғалыста және руль доңғалағының бұрылысы кезінде күшейткіштің құрылысы мен жұмысын түсіндіру.


1.28 Гидравликалық тежегіш жүйесі

Вакуумдық күшейткішпен тежегіштің гидравликалық жетегінің сұлбасын салу. Вакуумдық күшейткіштің құрылысы мен жұмысын түсіндіру. Күшейткішті басқару механизмінің басқару әрекетін түсіндіру.


1.29 Пневматикалық тежегіш жүйесі

Автомобильдің пневматикалық тежегіш жүйесінің құрылысын түсіндіру. Тура және кері әрекет ететін тежегіш крандарының сұлбаларын сызу, оларды бақылайтын механизмдердің жұмысын қарастыру. Энергоаккумулятормен тежегіш камерасының суретін салу және оны түсіндіру.


1.30 Аялдау тежегіш жүйесі

Жеңіл және жүк автомобильдерінің аялдау тежегіш жүйелерін қарастыру. Олардың сұлбасын сызу, құрылысы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру.

5.2 Екінші аралық бақылауға арналған тапсырмалар
2.1 Тұтандырудың түйіспелі-транзисторлы жүйесі.

Тұтандырудың түйіспелі-транзисторлы жүйесінің принциптік сұлбасын құрастыру. Негізгілерін нөмірлеп, қысқаша олардың атқаратын қызметін сипаттау. Тұтандыру жүйесінің элементтерінің құрылысы мен жұмыс іст еу принципін қарастыру: (тұтандыру катушкасы, электронды коммутатор, тұтандыру оттықтары және т.б.).


2.2 Түйіспесіз тұтандыру жүйесі

Автомобильдердің түйіспесіз тұтандыру жүйесінің принциптік сұлбасын құрастыру. Аталған тұтандыру жүйесінің импульстер датчиктерінің типтерін және олардың жұмыс істеу принциптерін көрсету. Батареялық және түйіспелі-транзисторлы жүйелермен салыстырғанда түйіспесіз жүйенің артықшылықтарын атау. Электронды коммутатор атқаратын қызметтер.


2.3 Аккумулятор батареясы

Аккумулятор батареясының суретін салу, оның негізгі бөліктерін көрсету. Аккумулятор батареясының мақсатын, құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру. Заманауи аз қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін батареялардың құрылымдық ерекшеліктерін атау. Автомобиль аккумулятор батареяларының таңбалануын түсіндіру.


2.4 Генератор

Автомобиль генераторларының электрлік сұлбаларын келтіру. Айнымалы ток генераторының артықшылығын атау. Айнымалы ток генераторының мақсатын, құрылысын, жұмысын түсіндіру. Айнымалы ток генераторының «өздігінен реттелу» қасиетін түсіндіру.


2.5 Реле-реттегіштер

Автомобиль генераторларының кернеуін реттеу тәсілдерін сипаттау. Электрмагнитті тербелмелі типті қарапайым реле-реттегіштердің және жартылай өткізгіш транзистрлы кернеуді реттегіштің сұлбасын келтіру, олардың жұмыс істеу принципін түсіндіру. Жоғарыла аталған реле-реттегіштердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету. Интегралды кернеуді реттегіштердің артықшылықтарын атау.


2.6 Пайдаланылған газдарды бейтараптандыру жүйесі

Бензинді қозғалтқыштардың пайдаланылған газдарын бейтараптандыру жүйесінің сұлбасын келтіру. Жүйенің негізгі түйіндерін атау және олардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін қысқаша сипаттау. Пайдаланылған газдардың үш компонентті каталитикалық бейтараптандырғыштарының мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу принципін қарастыру.


2.7 Қозғалтқышты іске қосу жүйесі

Электрстартерді қосу сұлбасын сызу және оны түсіндіру. Стартердің электрқозғалтқышының, тарту релесінің және стартерді қосу муфтасының құрылысын және жұмысын қарастыру (сәйкес суреттерді келтіру).


2.8 Жарықтандыру және сигнал беру аспаптары

Автомобильдерде қолданылатын жарықтандыру және сигнал беру аспаптарын атау. Автомобиль фарасының суретін келтіру және оның элементтерінің мақсаты мен құрылысын түсіндіру. Заманауи отандық және шетелдік автомобильдердің жарықтандыру аспаптары мен сигнал беру шамдарының ерекшеліктерін атап көрсету және олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін қарастыру: фаралар (гомофокальды, бифокальды фарлар, блок-фарлар), жарықтандыру көздері (қыздыру лампалары, галогенді лампалар, ксенон лампалар, жарықдиодты лампалар), шамдар (габариттік, стоп-сигнал, бұрылу көрсеткіштерін қайталағыштар, артқы жүріс). Автомобильдің дыбыс сигналының суретін келтіру және құрылысы мен жұмысын қарастыру.


2.9 Басқарудың борттық жүйесі

Заманауи автомобильді басқарудың борттық электронды жүйесін сипаттау (борттық компьютер). Борттық микропроцессордың бақылауы мен басқаруында болатын қозғалтқыштың жүйелерін көрсету. Басқарудың борттық жүйесі үшін ақпараттарды жинау датчиктерін (қозғалтқыштың айналымы мен біліктерінің күйінің датчиктері, температураның, енудегі ыдырау, детонация, ауа шығыны, дроссельдің күйі және т.б.) атау және олардың автомобильде орналасқан орындары мен жұмыс істеу принциптерін көрсету. Қажет болған жағдайда түсіндірме суреттері мен сұлбаларын келтіруге болады.


2.10 Бақылау-өлшеу аспаптары

Автомобильдерде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын атау. Қажетті суреттерді келтіре отырып, бірнеше құрылымдар үлгісінде термовибрациялық және электрмагнитті (логометриялық) типті бағыттық көрсеткіштер мен датчиктердің жұмыс істеу принципін сипаттау. Автомобиль спидометрі мен тахометрінің құрылысын түсіндіру.


2.11 Автоматты беріліс қорабын басқару жүйесі

Гидромеханикалық (автоматты) беріліс қораптарын басқару жүйесінің сұлбасын салу. Берілісті ауыстырып қосудың ортадан тепкіш реттегішінің, фрикциондарды іске қосудың реттығындық механизмінің, берілістерді қосудың жалқы және қос фрикциондарының құрылысы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру.


2.12 Сатысыз механикалық берілістердің жұмысын басқару механизмдері

Сатысыз механикалық берілістердің жұмысын басқару механизмдерін қарастыру. Бірнеше сұлбаларды келтіру, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру. Беріліс сандарының өзгеру механизмдерінің салыстырмалы сипаттамаларын келтіру.


2.13 Жетекші доңғалақтардың жетегі

Алдыңғы жетекті жеңіл автомобильдің жетекші доңғалақтарына жетекті салу. Жетекте қолданылатын карданды топсалардың құрылысы мен құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру. Жұмыс істеу принципін қарастыру.


2.14 Алдыңғы аспа

Замауи алдыңғы жетекті жеңіл автомобильдің алдыңғы аспасының суретін келтіру. Аспаның серпімді, өшіретін және бағыттаушы элементтерінің құрылысын және жұмысын түсіндіру. Аталған аспаның салыстырмалы сипаттамасын беру.


2.15 Қозғалтқыштың турбокомпрессоры

Іштен жану қозғалтқышының газтурбиналы компрессорының жұмысының сұлбасын келтіру. Қозғалтқыштағы үрмелеудің мақсаты. Турбокомпрессордың құрылысы мен жұмыс істеу принципі


2.16 Газтарату механизмі

Заманауи жеңіл автомобильдердің: а) ВАЗ-2107; б) ВАЗ-2109; в) клапандарды гидравликалық итергіштермен (гидрокомпенсаторлар) кез келген шетел автокөлігінің газтарату механизмдерінің кинематикалық сұлбаларын салу. Жоғарыда аталған автомобильдердің клапанды механизмдеріндегі жылу саңылауларын реттеу қалай жүзеге асырылатынын түсіндіру. Клапанды гидравликалық итергіштің құрылысы мен жұмысын жеке қарастыру.


2.17 Трансмиссиядағы вискомуфта

Автомобильдердің трансмиссиясындағы вискомуфтаның жұмысын қарастыру. Вискомуфтаның суретін немесе сұлбасын келтіру. Оның мақсаты мен жұмыс істеу принципін түсіндіру.


2.18 Роторлы-поршеньді қозғалтқыш

Роторлы-поршеньді автомобиль қозғалтқышының сұлбасын салу. Онда қозғалтқыштың негізгі бөліктерін көрсету. Роторлы-поршеньді автомобиль қозғалтқышының жұмыс істеу принципін түсіндіру. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.


2.19 Көпконтурлы пневматикалық тежегіш жүйесі

КамАЗ үлгісінде заманауи жүк автомобильінің сенімділігі жоғары пневматикалық тежегіш жүйесін қарастыру. Аппараттардың қосулы сұлбасын салу, оны қысқаша түсіндіру. Көпконтурлы тежегіш жүйесінің (бір-бірінен оқшауланған 5 тежегіш контуры) негізгі түйіндерін атау. Аталған контурлардың қызметтік мақсаты мен әрекет ету принципін түсіндіру.


2.20 Блоктауға қарсы жүйемен (БҚЖ) тежегіштік басқару

Блоктауға қарсы жүйемен (БҚЖ) жабдықталған автомобильдің тежегіштік басқаруын қарастыру. Блоктауға қарсы жүйемен (БҚЖ) жабдықталған автомобильдің артықшылықтарын атау. Блоктауға қарсы жүйемен (БҚЖ) жабдықталған тежегіш жүйесіне кіретін құрылымның элементтері және олардың функциясы. Автомобильге БҚЖ-ін орнату сұлбасын келтіру. БҚЖ-сін басқарудың датчиктерінің, тежегіш гидрожетектерінің және электр блоктарының құрылымдық ерекшеліктерін көрсету. Механикалық, электрмеханикалық және электрондық БҚЖ-не салыстырмалы сипаттама беру және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.


2.21 Өткіштігі жоғары автомобильдер

Өткіштігі жоғары автомобильдердің құрылымдық ерекшеліктерін (қозалтқыш, трансмиссия, жүріс бөлігі) атау. Автомобильдердің өткіштігін арттыру жолдарын көрсету. Толық жетекті автомобильдердің трансмиссиясының сұлбасын келтіру.


2.22 Автопоездар

Автопоездардың жіктемесін беру. Автомобиль-тартқыштардың құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіру. Автомобильдердің тарту-тіркеу құрылысын қарастыру.


2.23 Өзіаударғыш автомобильдер

Өзіаударғыш автомобильдердің құрылымының ерекшеліктерін, жалпы мақсаттағы автомобильдерден артықшылықтарын түсіндіру. Өзіаударғыш автомобильдердің кузовтарының типтерін атау, оларға салыстырмалы баға беру. Гидравликалық көтеру механизмінің сұлбасын салу және жұмысын түсіндіру.


2.24 Өзітиейтін автомобильдер

Өзітиейтін автомобильдерге сипаттама беру. Жебелі крандармен, маятник типті порталды крандармен және жүк көтеретін борттармен өзітиейтін автомобильдерді қарастыру. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету. Аталған типті автомобиль кузовтарының қажетті сұлбалары мен суреттерін келтіру.


2.25 Сұйықтарды тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар

Автомобиль-цистерналардың мақсаты мен жіктемесін сипаттау, оларға қойылатын талаптар. Сүт, мұнай өнімдері, сұйылтылған газдарды тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналардың құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру. Қажетті түсіндірме суреттерін келтіру. Сұйық битумдарды тасымалдауға арналған цистерналардың ерекшеліктерін көрсету.


2.26 Сусымалы және тозаң тәріздес жүктерді тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар

Сусымалы және тозаң тәріздес жүктерді тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналардың мақсатын, жіктемесін және кузовтарының құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру. Осындай жүктерді тасымалдайтын резервуарлардың сұлбасын келтіру. Сусымалы және тозаң тәріздес жүктерді тиеу, түсіру тәсілдерін көрсету.


2.27 Автомобиль-фургон

Автомобиль-фургондардың мақсатын, жіктемесін көрсету. Жалпы мақсаттағы автомобильдерден артықшылықтарын түсіндіру. Жиһаздарды, нан-тоқаш өнімдерін тасымалдауға арналған автомобиль-фургондарға қойылатын талаптар. Олардың құрылымдарын сипаттау.


2.28 Автомобиль-рефрижераторлар

Автомобиль-рефрижераторлардың құрылымдарын сипаттау. Фургондарды суыту тәсілдерін келтіру. Суыту жүйесі жетегінің сұлбасын келтіру, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Автомобиль-рефрижераторлардың суыту жүйесінің негізгі агрегаттары мен түйіндері.


2.29 Көлемі ұзын жүктерді тасымалдауға арналған автопоездар

Өлемі ұзын және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арналған автопоездардың құрылымдарының ерекшеліктерін атау. Олардың құрылымына қойылатын талаптар, негізгі түйіндерінің түрлерін атау және олардың құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау.


2.30 Құрылдыс құрылымдарын тасымалдауға арналған автопоездар

Құрылдыс құрылымдарын тасымалдауға арналған автопоездардың ерекшеліктерін қарастыру. Құрылдыс құрылымдарын тасымалдау кезінде автопоездарға қойылатын талаптар. Құрылыс құрылымдарын тасымалдауға арналған мамандандырылған құрылғылардың түрлерін атау және олардың негізгі түйіндерінің құрылымдық ерешеліктерін сипаттау.


6 ЕМТИХАНҒА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


  1. Көлік техникасы қандай негізгі бөліктерден тұрады?

  2. Көлік техникасын қандай белгілері бойынша жіктейді?

  3. Қандай көлік құралдары жолаушыларға арналған жылдымалы құрамға жатады?

  4. Қозғалтқыштар жылу энергиясын механикалық энергияға айналдыру тәсілі бойынша қалай жіктеледі?

  5. Көлік техникасының трансмиссиясы не үшін қажет?

  6. Мамандандырылған автомобильдердің түрлері?

  7. Автомобиль қозғалтқыштарының негізгі типтері қандай?

  8. Такт дегеніміз не?

  9. Карбюраторлық немесе дизельді қозғалтқыштардың жұмысының толық циклы қандай тактілерден тұрады?

  10. Сығу дәрежесі дегеніміз не?

  11. Төрт тактілі дизель қалай жұмыс істейді?

  12. Қозғалтқыштың V тәрізді цилиндрлерінің орналасуының артықшылығы қандай?

  13. Иінді біліктегі тегершік (маховик) не үшін қажет?

  14. Карбюраторлы қозғалтқышпен салыстырғанда дизельді қозғалтқыштардың артықшылықтары қандай?

  15. Мікбастың сақиналарының қызметі қандай?

  16. Қозғалтқыштың жұмысының тәртібі?

  17. Иінді біліктің ішіндегі каналдардың қызметі?

  18. ІЖҚ-ның жапсырмасының антифрикциондық қабатының құрамына не кіреді?

  19. Газ үлестіру механизмінің қызметі?

  20. Газ үлестіру фазалары дегеніміз не?

  21. Қозғалтқыштың майлау жүйесінің қызметі?

  22. Май сорғысы қалай жұмыс істейдл?

  23. Әртүрлі майлау жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері?

  24. Редукциялық клапан не үшін қажет?

  25. Майды тазарту үшін қандай сүзгілер қолданылады?

  26. Центрифуганың негізгі бөлшектері?

  27. Картердің желдеткіш жүйесінің қызметі?

  28. Қозғалтқыштың аса суып кетуінің салдары қандай?

  29. Жабық типті суыту жүйесіндегі суытқыш сұйық қандай температурада қайнап кетеді және неліктен?

  30. Желдеткіш жетектерінің қандай типтері бар?

  31. Суытқыш сұйықтың тиімді температурасы қандай?

  32. Термостаттардың толықтырғыштары ретінде нені қолданады?

  33. Карбюратордағы тұрақты отын деңгейін қалай ұстап тұрады?

  34. Пайдаланылған газдардың шуылын төмендету үшін дыбыс тұншықтырғышта қандай тәсілдер қолданылады?

  35. Жоғары қысымды отын сорғысының құрамына не кіреді?

  36. Бензинмен салыстырғанда жанатын газдардың артықшылықтары қандай?

  37. Қозғалтқышты сұйық отыннан газ отынына ауыстыру үшін қандай өзгеріс енгізу қажет?

  38. Қысылған және сұйылтылған газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың арасындағы айырмашылықтар?

  39. Қосымша кедергінің құрылысы мен қызметі?

  40. Түйіспелі тұтандыру жүйесінде конденсатор не үшін қажет?

  41. Ажыратқыш не үшін қажет және қалай жұмыс істейді?

  42. Тұтандырудың озуы қандай шекте өзгереді?

  43. Автомобильдің қай жерлерінде жарықтандыру аспаптары орналасқан?

  44. Дыбыстық сигнал қалай жұмыс істейді?

  45. Стартердің генератордан айырмашылығы қандай?

  46. Айнымалы ток генераторы автомобильдің электр жабдығына қандай өзгеріс әкеледі?

  47. Іліністіргіштің гидравликалық жетегін механикалық жетекпен салыстырғандағы артықшылығы?

  48. Іліністіргіш трансмиссияны динамикалық артық жүктемелерден қалай қорғайды?

  49. Ілінісудің жетекші және жетектелуші арасындағы байланыс сипаты бойынша жіктемесі

  50. Іліністіргіштің қаптамасынан иін күшінің басу дискісіне берілу тәсілі қандай? Іліністіргіш пен оның жетегінде қандай реттеулер болады?

  51. Іліністіргіштің жетекші бөлігінде инерцияның ең аз иін күші не үшін қажет?

  52. Планетарлы беріліс қорабының тістегеріші?

  53. Синхронизаторлардың қызметі қандай?

  54. Беріліс қорабында жоғары берілістерді қолданады?

  55. Шыршатісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  56. Қораптағы фиксатордың қызметі мен құрылысы қандай?

  57. Қорапта екі берілісті бір уақытта қосқан кезде не болады?

  58. Тісті ілінісу типі бойынша қораптардың жіктемесі?

7 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер


  1. Алиев Б.А. Автомобильдер мен қозғалтқыштар теориясы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2010. – 209б.

  2. Мусабеков М.О. Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 359б.

  3. Жүнісбеков П.Ж. Автомобиль құрылысы және пайдаланылуы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2010. – 349б.

  4. Вахламов В.К. Автомобили. Основы конструкции. Учебник для ВУЗов. М.: Издательский центр «Академия», 2004.- 528 с.

  5. Стуканов В.А. Устройство автомобилей: Учебное пособие.- М.: «Форум», 2006.- 496 с.

  6. Роговцев В.Л., Пузанков А.Г. Устройство и эксплуатация автотранспортных средств: Учебник водителя – М.: Транспорт, 1991. – 432 с.

  7. Вишняков Н.Н., Вахламов В.К. и др. Автомобили: Основы конструкции – М.: Машиностроение, 1986. – 304 с.

  8. Литвинов А.С., Фаробин Я.Е. Автомобиль: Теория эксплуатационных свойств – М.: Машиностроение, 1989.- 240 с.

  9. Гришкевич А.И. Автомобили: Теория – М.: Высшая школа, 1986. – 203 с.

  10. Гришкевич А.И. и др. Автомобили: Конструкция, конструирование и расчет. Трансмиссия – Минск: Высш. школа, 1985. 240 с.

  11. Осепчугов В.В., Фрумкин А.К. Автомобиль. Анализ конструкций, основы расчета – М.: Машиностроение, 1989. – 304 с.

  12. Михайловский Е.В. и др. Устройство автомобиля. – М.: Машиностроение, 1985. – 352 с.

  13. Сергеев В.П. Автотракторный транспорт: Учебник для вузов. – М.: Высшая школа, 1984. – 304 с.

  14. Тракторы. Конструкция: Учебник для вузов. Под общ. ред. И.П. Ксеневича. – М.: МГТУ «МАМИ», 2001. – 821 с.


Қосымша әдебиеттер


  1. Автомобильный справочник. Перевод с англ. Первое издание. – М.: Издательство «За рулем», 2000 – 896 с.

  2. Великанов В.И., Бернацкий В.И. и др. Автомобильные транспортные средства – М.: Транспорт, 1977. – 326 с.

  3. Автомобили: Испытания – Беляев В.М., Высоцкий М.С. и др. – Минск.: Высшая школа, 1991. – 187 с.

  4. Бурков М.С. Специализированный подвижной состав автомобильного транспорта - М.: Транспорт, 1979.-296 с.

  5. Серия: “Руководство по ремонту автомобилей зарубежного производства”

  6. Ютт В.Е. “Электрическое и электронное оборудование автомобилей”, 1996.- МАДИ.-121 с.

  7. Краткий автомобильный справочник: НИИАТ. М.:Транспорт, 1988. -224 с.

  8. Чумаченко Ю.Т. Устройство техническое обслуживание и ремонт автомобилей: Учебное пособие / Под редакцией А.С. Трофименко. Изд-во «Феникс», 2005.–544


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет