Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығымен бекітілген 6М110300 -«Мейірбике ісі»


Бағдарлама Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет17/81
Дата21.02.2024
өлшемі0.56 Mb.
#492643
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
РП 10 предметам. каз (3)

Бағдарлама



  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Медициналық көмек сапасын жетілдіру басым дәрежеде мейірбике ісі мамандарының кәсіби құзіреттілігінің, кәсіби мәдениетінің және әлеуетінің даму деңгейіне тәуелді, өйткені денсаулық сақтау саласындағы мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесі қызметіне қоғамның күннен-күнге артып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шынайы әлеуетті мүмкіндіктеріне және ауқымды кадрлық ресурстарға ие(бүкіл медициналық персоналдың 67,4%) денсаулық сақтау саласының құрамдас бөлігі болып қала береді.
Постиндустриалдық қоғамнан өзгерістері тұрақты орын алатын, ал жаһанды ақпараттану осы процесстің үдеуіне қолқабыс ететін инновациялық қоғамға өту мейірбике ісі мамандарынан практикалық іс-әрекет барысында орын алатын проблемаларды шешуде, мейірбике кадрларын басқару тиімділігін қамтамасыз етуде, жемісті кәсіби қызметпен өзін-өзі дамытуда мейірбике ісі мамандарының мотивациялық бағыттылығын күшейтуде ғылыми тәсілдерді қолдану талап етіледі.
Басқа медициналық ғылымдармен салыстырғанда мейірбике ісі қалыптасу сатысында тұрған салыстырмалы тұрғыдағы жас ғылым деп саналады. Әлемнің көптеген мемлекеттеріндегідей ҚР оның дамуын мейірбикенің кәсіби қызметінің мазмұнын қайта саралаумен және мейірбике ісінің іргелі негізін, мейірбике кәсібінің жеке даралығының негіздерін жасаумен байланыстырады.
Орта медициналық білімі бар мамандардың қазіргі кезеңде қолданып жүрген кәсіби іс-әрекеттерінің жаңа технологиялары олардың кәсіби қызметінің әр-түрлі проблемалы жақтарын қамтиды. Оларда мейірбикелерді даярлау тұрғындарға мейірбикелік көмек көрсету сапасы, кадрлық ресурстарды қолдану мейірбикелер қызметіне жаңа технологияларды ендіру мәселелері қамтылады.
Қазіргі кезеңдегі отандық денсаулық сақтау саласының дамуына өзіндік үлес қосып отырған мейірбикені мемлекет пен қоғам өзінің кәсіби міндеттер шеңберін өздігінен орындауға қабілетті тұлға ретінде қарастырады. Осыған байланысты орта медициналық персоналдың кәсіби қызметіне үлкен талаптар қойылады, олардың көмегімен орта медициналық персонал еңбегінің тиімділігі бағаланып, сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерді іздестіру іске асырылады.
ҚР парктикалық денсаулық сақтау саласында мейірбике қызметінің басқарудың әр-түрлі модельдері бар. Медициналық ұйым өзіне тиімді, құрылым мен даму стратегиясына оңтайлы басқару моделін өздері анықтайды.
Көбінде медициналық ұйымдарда(мекемелерде) денсаулық сақтау саласында орныққан, яғни дәрігердің басқаруымен мейірбикенің дәрігерлік нұсқауларды орындау міндеті жүктелген модель мойындалған. Мейірбикелік қызметті басқарудың дәстүрлі құрылымның кемшілігі стратегиялық мәселелерге зиян келтіре отырып, көптеген ағымдағы мәселелерді шешу жұмыстары жүктелген бас мейірбикенің мүмкіндігі шектеулі болуымен байланысты.
Науқастарға медициналық көмек көрсету процессінде мейірбикелер дәрігерлердің нұсқауларын орындаушы болумен қатар дәрігерлердің тең құқықты серіктесі болатын мейірбикелік қызметтің жаңа технологиялық моделін жасау қажеттігі туындап отыр. Жоғары мейірбикелік білімі бар мамандарды даярлау, мейірбикелік қызметті басқарудың жаңа моделін жасауға мүмкіндік беретін басару мәселелері бойынша белгілі бір білімге ие тұлғаларды тәрбиелеуді іске асырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет