Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығымен бекітілген 6М110300 -«Мейірбике ісі»



бет18/81
Дата21.02.2024
өлшемі0.56 Mb.
#492643
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81
РП 10 предметам. каз (3)

Оқыту мақсаты: Мейірбикелердің әдістемелік қамтамасыз етілуін іске асыру, орта медициналық персоналдың жұмыс сапасын бағалау және инновациялық мейірбикелік технологияларды ендіру үшін мейірбикелік практиканы стандарттау.


3. Міндеттері:
-"мейірбике ісі ғылымы" ретінде белгілеуге болатын магистранттарда ғылыми негізделген білім жүйесін жасау
-мейірбикелік іс-әрекетті басқарудың жаңа жетілдірілген жүйесімен магистранттардың танысуы
- алынған білімдеріне сәйкес мейірбикелік кадрларды қолдану және біліктіліктерін арттыру, даярлау жүйесін жетілдіру
-магистрантардың мейірбикелік қызметті ұйымдастырудың жаңа формалары және технологиясынмен , мейірбикелік көмектің кеңейтілген көлемімен түрлерімен танысуы
- кәсіби мейірбикелік ассоцияциялардың дамуына қолқабыс ету мен мейірбикелік істі реформалауға оларды тарту арқылы мейірбике ісі магистранттарын даярлау


4. Пәннің қысқаша мазмұны
1 кредит
Басқа мемлекеттердегі мейірбикелік істі ұйымдастыру мен дамыту тәжірибесі мейірбикелік персоналдың қызметі өзгеріп және дәстүрлі мейірбикелік практика орнына аураханаларға патологиялық жағдайдағы ауруламен қатар жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау проблемаларына бағыттталған көмектің жаңа түрлері келіп отыр.
Мейірбикелік көмектің сапасы науқастарға күтім көрсетудің ұйымдастырушылық жаңа түрлерін, мейірбикелік персоналдың технологиялары мен стандарттарын ендірумен анықталады. Дүние жүзі бойынша мейірбике мамандарын даярлау негізіне жүйелендірілген ғылыми тәсіл алынған
Соңғы жылдары жаңа мейірбикелік технологиялар отандық денсаулық сақтау практикасына ендіріліп отыр: герентологиялық науқастарға және ауыр науқастарға үйінде медико-әлеуметтік көмек ұйымдастырылған; сусамырмен (диабет) ауруы бар науқастардың, бронх астмасы(демікпе) бар науқастардың өзін-өзі бақылау мектебі, аллергиялық ауруы бар науқастардың денсаулық мектебі ұйымдастырылған.
Арнаулы бөлімдерге мейірбикелік технологиялар ендіріліп отыр; гинекология; неврология; колопроктологиялық; урологиялық; хирургилық; эндокринологиялық; кардиологиялық; күйік бөлімі.
Әдебиеттерде амбулатория-емханалық қызмет, стационарлық бөлімдерде, әлеуметтік қамтамасыз етуші балалар мекемелері, онкологиялық диспансерлерде мейірбикелік технологияларды қолдануға нұсқаулар бар.
Кадрлық әлеуетті жүйелі талдаусыз және мейірбикелік персоналды жүйелі басқару мен мейірбикелік қызметті жүйелі басқаруды іске қоспай мейірбикелік персонал қызметін және олардың кәсіби әлеуетін тиімді қолдану мүмкін болмайды.

2 Кредит


Медицинанаң қазіргі даму қарқындары, емдеу-профилактикалық процесске заманауи технологияларды ендіру, жүйені компьютерлендіру, заманауи аппратуралары бар емдеу-профилактикалық ұйымдарды және медициналық жабдықтарды модернизациялау қазіргі деңгейдегі мамандардың даярлығын едәуір өзгертуді талап етеді . Практикалық денсаулық сақтау талаптарын және білім деңгейлері әртүрлі мамандарды практикалық қолдануға қатысты талаптарын ескере отырып, орта медициналық және фармакологиялық білімі бар мамандардың қосымша және негізгі базалық білімін жетілдіру қажет.
Қазіргі кезеңдегі мейірбикелік персоналдың қызметін жан-жақты деп сипаттап, жоғары технологиялы клиникалық араласуларды жүргізуді , дәл солай бастапқы медициналық-санитарлық көмек беру шеңберінде кең көлемдегі қызметтерді көрсетуді қамтиды. Әрекет ету тактикасын таңдаудағы шешім қабылдауы кезінде мейірбикелердің өздігінен жұмыс жасау мүмкіндігі де едәуір кеңее түседі.
Мейірбике ісін дамытудың қазіргі заманғы концепциясына сай мейірбике , бірыңғай команда құрамында өз бетінше жұмыс істеуге қабілетті жоғары білікті, дәрігердің және науқастың серіктесі бола білетін маман болуы тиіс.
Медициналық мейірбикелердің кәсіби даярлығын, ынталылығын тиімді қолдану үшін инновациялық тәжірибені зерделеу , өз тәжірибесін толық жасап, оны мейірбикелердің практикалық қызметінде ұсынылатын қызметтер сапасын арттыру үшін қолдану қажет.
Соңғы жылдары ірі емдеу-профилактикалық мекемелерде мейірбикелік персоналды басқару сапасын көтеруге және мейірбикелік қызмет жетекшілерінің беделін арттыруға қолқабыс болатын мейірбикелік персоналмен жұмыс жасау бойынша бас дәрігердің орынбасары лауазымы ендірілген . Көптеген медициналық ұйымдарда мейірбике қызметінің сапасын бақылау, аурухананың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын және фармокологиялық тәртіпті бақылау функциясын атқаратын мейірбикелер Кеңесі жемісті жұмыс жасап келеді. Кеңестер жұмыс орындарын ұйымдастыруға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, бөлімдердің эстетикалық безендірілуіне көңіл бөледі.
Бірқатар ЕПМ мейірбикелік процесс технологиясын ендірумен байланысты келесі қызметтер пайда болды: мейірбике-координаторлар, науқастарға күтім жасау бойынша мейірбикелер-кеңесшілер, күндізгі стационар мейірбикелер және т.б. Мейірбике-координатор науқастың нақты қажеттіліктерін анықтайды, науқастың туыстарымен пост мейірбикесінің науқастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекет жоспарын, стратегиясын белгілейді, мейірбикенің жасаған жұмысының тиімділігін және мейірбикелік араласудың кәсіби деңгейін бағалайды.
Медициналық көмектің бұлай ұйымдастырылуы науқасты және оның туыстарын емдеу мен реабилитациялау процессіне тартуға мүмкіндік беріп, осы арқылы емдеу барысында науқастың өзін медициналық персоналдың тең серіктесі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасап, бақылауға болатын көмек сапасын кепілдендіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет