Жұмыс бағдарламасы «Биологияға кіріспе»


Правдин Ф.Н. Дарвинизм. - А., 1973 (каз.яз)



бет3/13
Дата09.06.2016
өлшемі460.5 Kb.
#124293
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.Правдин Ф.Н. Дарвинизм. - А., 1973 (каз.яз)

4.Стамбеков, С.Ж. Молекулалық биология :Оқулық -Новосибирск,2003

5.Мұхамбетжанов К. Генетика және селекция негіздері.-Алматы.,

8.Бiрiмжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. - Алматы,

9.Фазылов С. Экология: Лекциялық курс.-Павлодар,2005

12.Қасымова Ж.С. Топырақтану: теориялық және практикалық курсы: оқу-әдістемелік құралы.-Семей.,2010



Тақырып 4. Тірі ағзалардың химиялық құрамы

Мақсаты: Биология ғылымының негізгі салаларымен танысу, жұйе қалыптастыру.

Дәріс тезистері: Тірі ағзалардың химиялық құрамы: макроэлементтер,

микроэлементтер, улътрамикроэлементтер .

Бейорганнкалық заттар. Минералды тұздар.

Органикалық заттар.

Көмірсулар. Моносахаридтер. Полисахаридтер. Көмірсулар қызметі.

Липидтердін түрлері. Липидтер қызметі.

Құрылымдық. Регуляторлық.Қорғаныштық. Жануарлар организмі үшін су көзі. Энергияны депонирлеу. Тіршіліктің маңыздыбиополимерлеріне нуклеин қышқылдары, нәруыздар мен полисахаридтер жатады. Органикалық заттар жасушаның шамамен 20-30% құрайды.

Клетканың құрамына кіретін химиялық элементтерді кездесу мөлшеріне қарай үш топқа бөлеміз:



1.макроэлементтер - Сутегі, оттегі, көміртегі, азот - осы төрт элемент жасуша құрамының 98%-ға жуығын құрайды, күкірт, фосфор, хлор, калий, магний, натрий, кальций, темір - бұлардың жиынтығы 1,9%құрайды.

2.микроэлементтер - Марганец, мыс, мырыш, йод, фтор, кобальт және т.б. -0.1%, жасуша құрамының өте аз мөлшерін құрайды.

3.улътрамикроэлементтер - Алтын, сынап, селен және т.б. Жасуша құрамында бүл элементтердің мөлшері өте аз болса да, олар тіршілік үшін өте маңызды жэне өздеріне тән ерекше атқаратын қызметтері болады.

Атомдық деңгейде органикалық және бейорганикалык заттардың химиялық кұрамы арасында айырмашылық болмайды, айырмашылық одан жоғарырақ молекулалак денгейде көрінеді. Химиялық элементтер жасушалардың ққрамында органикалық және бейорганикалық иондар мен молекулалар түрінде кездеседі. Жасушаның құрамына кіретін маңызды бейорганикалық заттарға - су және минералды тұздар, органикалык заттарға -көмірсулар. майлар. нәруыздар және нуклеин қышқылдары жатады.

Бейорганнкалық заттар

Су - тіршілік процееінін негізгі көзі болып табылады және оның молекуласы жасушаның негізгі бөлігін құрайды (60-80%). Судың ерекше қасиеттерінін бірі оның молекуласының асимметриялығында. Осы қасиетке байланысты су молекуласы полюсті (диполь) болады.

Су еріткіш қасиетке ие, суда полюсті және зарядталған заттар ериді, оларды гидрофильді заттар деп атайды, ал зарядталмаған заттар ерімейді, суда ерімейтін заттарды гидрофобты заттар деп атайды.

Су молекулалары арасында сутектік байланыстар түзіледі, осы байланытардың түзілуі немесе ажырауына байланысты ағзадағы температура реттеліпотырады.

Жасушада жүретін химиялықреакцияларға қатысатын заттар суда еріген түрде болады, сондықтан жасуша мембранасы арқылы заттар суда еріген түрде ғана тасымалдана алады.

Жасуша құрамының басым бөлігі су болғандықтан, судың қатысуымен барлық химиялың процестер жүреді және осмос пен тургорлық қысымдар реттеліп отырады.



Минералды тұздар. Жасушадағы тіршілік процестерінде маңызды орын алатын минералды түздар су ерітіндісінде катиоңдар (К+, Са2+, Мg2+, Na+) аниондарға (С1,SO42", НР042", НС03", NO3) ыдырайды.

Әртүрлі катиондардың жасуша ішінде және сыртында концентрациялары әртүрлі болады, бұләрекет потещиялының пайдаболуына әкеледі. Мысалы тірі жасуша ілінде К+ концентрациясы жоғары, Na+ концентрациясы төмен, ал қан плазмасында керісінше болады. Бұл жасуша мембранасының таңдамалы өткізгіштігімен сипатталады және сыртқы ортадан жасуша ішіне судың көптеп еніп тургор қысымының пайда болуын қамтамасыз етеді.

Аниондар жасуша ішіндегі жәнесыртындағы рН деңгейін тепе-теңдікте ұстап тұрады. Кейбір иондардың жетіспеуі (Ғе, Р, Мg, Со, Zn) нуклеин қышқылдары, гемоглобин, нәруыздардың және т.б. түзілуін тоқтатуы мүмкін, себебі олардың түзілуінде құрылымдьщ бөлшектерінің көздері болып табылады.

Көмірсулар



Көмірсулар - көміртегі, сутегі және оттегінен құралатын органикалыққосылыстар. Оларды қарапайым моносахаридтер, олигосахаридтер және күрделі - полисахаридтерге бөледі.

Моносахаридтер - көп таомды спирттердің кетонды немесе альдегидті туындылары. Олардың жалпы формуласы Сп(Н20)т. Олар көміртегі атомының саны бойынша триозалар(З), тетрозалар(4), пентозалар(5) және гексозалар(б) болып бөлінеді. Моносахаридтердің ішіндегі кеңінен тараған пентозалар: рибоза, дезоксирибоза. гексозалар: глюкоза, фруктоза, галактоза.

Олигосахаридтер - 2 мен 10 арасында ауытқитын моносахаридтерден. құралатын көмірсулар. Табиғатта көбіне дисахаридтер түрінде кездеседі.

Полисахаридтер - мономерлері өзара гликозидтік байланыстарарқылыбайланысып, бірнеше рет кайталаныпкездесетін полимерлер. Полисахаридтердін мономерлері моносахаридтер болып табылады. Мономерлер саны көбейген сайын полисахаридтердің ерігіштігітөмендейді. Жоғары молекулалыполисахаридтер ішіндегі кеңінентарағандары: өсімдіктерде - крахмал мен целлюлоза, жануарларда - гликоген.

Көмірсулар қызметі:

1 .Жасушадағы барлық процестерде энергияның негізгі көзі болып табылады. 1г глюкоза 17.1 кДж (4.2 ккал) энергия береді.



2..Құрылымдықкызмет атқарады. Өсімдіктерде жасуша мембраналары құрамына целлюлоза кіреді.

З.Қор жинау қасиеттеіне ие. Крахмал мен гликоген глюкоза көзі.

4. ДНҚ, РНҚ жэне АТФ компоненттері.

Липидтер

Липидтер - жоғары май қышкылдары мен глицериннің қүрделі эфирлері. Жасушаның 5-15%, ал майұлпалары жасушаларының 90% дейін кұрайды. Липидтер гидрофобтық немесегидрофильді-гидрофобтық қасиетке ие, яғни суда ерімейді немесе оте нашар ериді.

Липидтердін түрлері:

І.Жай липидтер (бейтарап май және воск)

2.Күрделі липидтер (фосфолипидтер. гликолипидтер, липопротеидтер)

З.Стероидтар

Липидтер қызметі:

1 .Құрылымдық. Белокпен бірге мембрана құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді.



2. Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатты болады.

З.Қорғаныштық. Жылуды сақтайды, ішю мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді.

4.Жануарлар организмі үшін су көзі

5.Энергияны депонирлеу. 1 г май ыдырауының нәтижесінде 39 кДж немесе 9.5 ккал энергия бөлінеді.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет