Жұмыс бағдарламасы «Биологияға кіріспе»


Правдин Ф.Н. Дарвинизм. - А., 1973 (каз.яз)



бет4/13
Дата09.06.2016
өлшемі460.5 Kb.
#124293
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.Правдин Ф.Н. Дарвинизм. - А., 1973 (каз.яз)

2.Тоќаев З.Ќ. Гистология, эмбриология жєне цитология практикумы.-Семей,

3.Күзенбаева Ә. Адам анатомиясы. – Алматы, 2001

4.Стамбеков, С.Ж. Молекулалық биология :Оқулық -Новосибирск,2003

5.Мұхамбетжанов К. Генетика және селекция негіздері.-Алматы.,



Тақырып 5. Жасуша-тіршіліктін бірлігі.

Мақсаты: Жасуша мен жасуша емес құрылымдардың жалпы құрылысын зерттеу.

Дәріс тезистері: Жасуша теориясы және оның маңызы

Жасуша теориясының шарттары:

Прокариоттар (ядросыз)

Эукариоттар (ядросы бар).

Өсімдік жасушалары. Саңырауқұлақ жасушалары. Жануар жасушалары. Эукариотты жасушалардың негізгі құрылымдық бөліктері: жасуша мембранасы, цитоплазма және ядро.

Пассивті транспорт. Қарапайым диффузия немесе осмостык қысым.

Активті транспорт.

Фагоцитоз.

Эндоцитоз, экзоцитоз.Цитоплазма. Эндоплазмалық тор. (ЭПТ)Гольджи аппараты. Лизосомалар.Қозғалыс органоидтары.

Микротүтікшелер мен микрофиламенттер. Цетриоль.Ядро1665 жылы Роберт Гук өзі ойлап тапқан қарапайым микроскоп астында, ағаштың кабығын зерттей отырьга алғаш рет жасушаларды көрген. Алғаш рет ғылымға «жасыуша» терминін енгізген.

Жасуша теориясы және оның маңызы 1838 жылы Т.Шван және М.Шлейден жасуша теориясын қалыптастырды. Сондықтан бұл теория Т.Шван-М.Шлейден теориясы деп те аталады. Жасуша теориясының ашылуы биологияның дамуына үлкен үлесін қосты.

Жасуша - тірі организмдердің қүрылымдық және қызметтік бірлігі болып табып табылады.

Жасуша теориясының шарттары:

• Жасуша тіршіліктің құрылымдық бірлігі болып табылады. Барлық тірі ағзалар жасушалардан құралады.

• Жасуша тіршіліктің қызметтік бірлігі болып табылады. Тіршілікке маңызды қызметтердің барлығы жасуша деңгейінде жүреді.

• Бір және көпжасушалы организмдердің жасушалық құрылысы, қызметі жалпы бірдей болады.

• Әрбір жаңа жасуша аналық жасушаның бөлінуі нәтижесінде пайда болады.

• Жасуша тіршіліктің генетикалық бірлігі болып табылады. Әр жасуша хромосомасында ағзаның дамуы туралы ақпарат сақталады

Жасушалардың екі типін ажыратады: Прокариоттык және эукариоттық жасушалар

Прокарноттар (ядросыз). Олардың қа-лыптаскан ядролары болмайды, ядролық заты цитоплазмада мембранамен шектелмей орналасады. Прокариоттар тобына барлық бактериялар, онын ішінде цианобак-териялар, немесе көк-жасыл баддырлар жатады. Негізгі кұрылымдык бөліктері: жасуша мембранасы, цитоплазма.
Эукариоттар (ядросы бар).

Эукариотгык жасушаларда қабықшамен шектелген ядросы болады. Эукариоттық жасушаның цитоплазмасындағы цитозольға тіркелген көптеген мембраналы оргоноидтар бар. Әр бір оргоноидтың өзінік бір ерекше функциясы болады. Мұндай мембраналы оргоноидтар прокариоттык жасушада болмайды. Эукариоттык жасуша прокариоттық жасушаға карағанда көп есе үлкен болады. Жасушаның атқаратын қызметі оның үлкендігіне де байланысты болады. Эукариоттық жасушалардың үлкендігі 10-100 м диаметрде болады. Ол бактериядан 10 есеге үлкен. Эукариоттар тобына қарапайымдылар, саңырауққлактар, өсімдіктер және жануарлар жатады. Олардың жасушалық кұрылысында белгілі айырмашьшықтар бар.



Өсімдік жасушалары әртүрліпластидтердің, орталық үлкен вакуолінің, целлюлозадан түратын жасуша қабығынын болуымен ерекшеленеді. Жасушаорталығында центриоль болмайды. Қор заты крахмал түрінде жиналады.

Саңырауқұлақжасушаларыңда жасуша қабығы болады, бірақ хитиннен тұрады. Орталық вакуоль болады, ал пластидтер болмайды. Кейбір саңырауқұлақжасушаларының орталығында центриоль болады. Қор заты гликоген түрінде жиналады.

Жануар жасушаларында жасуша қабығы, орталық вакуоль және пластидтер болмайды. Барлық жасуша орталыктарында центриоль болады. Қор заты гликоген түріңде жиналады.

Эукариотты жасушалардың негізгі құрылымдық бөліктері: жасуша



мембранасы, цитоплазма және ядро.

Жасуша мембранасы

Жасуша құрамындағы заттарды сыртқы ортадан бөліп тұратын мембрананы плазмалық мембана деп атайды. Барлық органеллалар да өзінің сырткы ортасынан биологиялық мем-браналар аркьглы бөлініп тұрады. Барлық био-мембраналардын негізгі құрылыс элементі фосфолипидтер болып табылады. Оның май қышкылдарынан кұрататын гидрофобты майлы бөлігі жэне фосфор кьппкылыньщ қалдығы мен радикалдан тұратын гидрофтъді бөлігі болады. Гидрофобты сондары ішке, ал гидрофильді бастары сыртка карай бағытталып екі кабат фосфолипидтен құралған қос кабатты мембрана түзіледі. Жасуша мембранасы жасатпаға ерекше төзімділік жэне серпімділік касиет береді. Оның бетінде өсінді-лер мен ойыстар болады, бүл мембрана кұрамына кіретін және эртүрлі маңызды қызметтер атқаратын нәруыздардың болуына байланысты. Нәруыздар липидті қабаттың ішкі және сыртқы бетінде немесе бойлай орнапасуы мүмкін. Сыртқы бетінде орналаскан кей нәруыздарға көмірсулар бекітілген. Жасуша мембранасыньщ бетінде орналасқан нәруыздар мен көмірсулардың мөлшері мен құрылысы әртүрлі болады Бұл жасушаларға өзіндік ерекше қасиет беріп әртүрлі үлпа жасушаларының ажыратылуына негіз болады.

Жасуша мембранасындағы нэруыздар сырткы ортадан сигналдарды кабылдап оңдейді және эртүрлі молекулаларды таңдамапы түрде жасуша ішіне және сыртына тасымаддайды.

Барлық органоидтардың мембрана құрылысы жасуша мембранасына ұксас болады, олар тек нэруыздар мен липидтердін мембрана құрамында орналасуы мен молшеріне байланысты ажыратылады.

Жасуша тіршілігіндегі біркатар манызды қызметтерді жасуша мембранасыатқарады. Олар: жасушаға ерекше іргетас болады, богде заттардың енуінен корғайды, цитоплазманы механикалык және химиялык закымданулардан сактайды, ұлпадағы жасушалардың өзара қарым-катынаста болуын камтамасыз етеді, таңдамалы түрде қоректік және кұрылымдык заттар мен соңғы өнімдердің тасымаддануын қамтамасыз етеді, жасуша ішілік заттардын бір қалыпта болуын реттеп отырады.

Жасуша мен оны қоршаған орта арасында әрдайым зат алмасу прцестері жүріп отырады. Жасуша мембранасында болатын саңылаулар аркылы су, иондар және ұсақ молекулалар пассивті немесе активті транспорт аркылы тасымалданады. Ал макромолекулалардын тасымалдануы фагоцитоз және пиноцитоз процестері арқылы жүзеге асады.

Пассивті транспорт - энергия жұмсалынбай, заттардың концентрация градиенті бойьшша орын ауыстыруы. Қарапайым диффузия немесе осмостык қысым арқылы жүзеге асады.

Активті транспорт - энергия жұмсалынып, заттардың концентрация градиентіне қарсы тасымалдануы. Мембрана құрамындағы нәруыздар арқылы жүзеге асады.

Фагоцитоз - жасуша мембранасында пайда болған өсіңділердің цатты заттарды қоршап алуы арқылы тасымалдау түрі.

Пиноцитоз - жасуша мембранасында пайда болған ойыстарда су немесе суда еріген заттардың жиналып, бүршіктенуі арқылы жүзеге асатын тасымалдау түрі.

Фагоцитоз немесе пиноцитоз арқылы заттардың жасуша ішіне тасымалдануы эндоцитоз, ал жасуша сыртына тасымалдануы экзоцитоз деп аталады.

Цитоплазма

Жасуша мембранасының ішкі беті мен ядро арасындағы жасушаның негізгі құрылымдык бөлігі. Цитоплазма құрамына органоидтар, тұздар мен органикалыққосылыстар, микро-филаменттер және негізгі зат гиалоплазма кіреді. Ядро мен барлық органоидтар арасындағы кеңістікті гиалогшазма толтырып жатады. Ол басым көпшілігі нэруыздар болып келетін органикалық және бейорганикалық заттардан тұратын күрделі қоймалжың құрылым. Гиалоплазма әрдайым қозғалыста болады және жасуша ішіндегі транспортты, органоидтар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Цитоплазма құрамындағы органоидтар мембраналық құрылыстарына қарай бір мембраналы (эндоплазмалык тор, гольджи аппараты, лизосомалар), қос мембраналы (митохондриялар, пластидтер) жәнемембранасыз (рибосомалар, жасуша орталығы) болып бөлінеді.

Эндоплазмалық тор (ЭПТ)

Эндоплазмальгқ тор - жасуша цитоплазмасындағы органикалық заттар синтезі мен транспотртын қамтамасыз ететін кзекшелер мен каңаддардан құралған күрделі мембраналық жүйе. Ол цитоплазмадан кұрылысы жағъшан плазмалық мембранаға ұқсас мембранамен шектелген. Бұл мембраналарда жасушанаң тіршілігін камтамасыз ететін көптеген фермештер орналасады.

Эндоплазмалық тормембранасының кұрылысьша қарай тегіс және түйіршікті болып бөлінеді.



Тегіс эндоплазмалык тор. Жасушада көмірсулар мен майдың түзілуі, жиналуы және тасыматдануына катысады. Мембраналарында осы процестерге қатысатын ферменттер жүйесі бар.

Түйіршікті эндотахмальщ тордыңбетінде көптеген рибосоматар орналасады. Түйіршікті эндоатазматык тордың басты кызметі нәруыз бшаттезі болып табылады. Нәруыз тор мембранасыньгң бетіндегі рибосомаларда жүзеге асады және езектерімен жасушаның баска бөліктеріне тасыматданады. Тор мембранасында нәруыз биосіштезіне қатысатын ферменттер жүйесі белші бір реттілікпен бөлінеді.

Сонымен эңцоплазмалық тор жасуша гшін қаптап жатқан күрделі жүйе. Ол жас\тла тіршілігіне маңызды органикалык заттарды түзіп, олардьщ жасуша ішінде және жасушалар арасыңца тасымалдануын қамтамасыз етеді.

Гольджи аппараты

Гольджи аппараты жартылай иілген қос мембраналардан түрады. Бұл мембраналар аралығында қуыстар болады және шеттерінде ауалы көпіршіктер орналасады. Эндоплазмалық торда түзілген нэруыз, көмірслар мен майлар тасымалданып гольджи аппаратына түседі. Олар сонда жиналып бөлініп шығуға дайын секрет түрінде сақгалады. Гольджи аппараты секрет бөлетін жасушаларда көп болады. Мысалы, сілекей, тер, ішкі секрециялық бездер. Гольджи аппаратының тағы бір қызметі лизосомаларды түзу болып табьшады.

Лизосомалар

Лизосомалар - мембранамен бөлінген жасуша ішілік көпіршіктер. Олардың құрамьщда органикалық қосылыстарды ыдьфататьш гидролитикалық ферменттер болады. Лизосомалар жасуша ішіндегі ыдырату процестерін жүзеге асырады және жасуша сыртына бөлнетін ферменттерді сақтайды (ас қорыту ферменттері). Кейде лизосомалар жасушаларды тіпті жасуша топтарын ыдыратуы мүмкін.

Эндоплазмалық торда синтезделген фер-менттер гольджи аппаратына тасымалданып, оның көпіршіктері түрінде бөлініп шығады. Осы көпіршіктерден кейін лизосомалар түзітеді Бұл бірінші лизосомалар деп аталады. Лизосомалар жасушаньщ басқа мембранала-рымен косылып өзгеруі мүмкін. Осылай түзілген лизосомалар екінші лизосомалар деп аталады. Олардың бірінші реттік лизосомалардан ерекшелігі кұрамывда міндетті түрде шығу тегі лизосомадан бөлек субстраттар бо-лу керек. Мысалы, фагоцитоз және пиноцитоз аркылы жасушаға енген көпіршіктерді ыдырату кезінде көпіршіктер кұрамындағы плазмалық мембрана бөліктерімен қосылып екінші реттік лизосомалар түзіледі. Лизосомамен косылуға қабілетті көпіршіктер екі түрлі болады, жасуша ішілік және сырттан енген көпіршіктер. Әр лизосома кұрамында бінеше он-даған ферменттер болады. Лизосомалар іш жағынан жарғақшалар арқылы көптеген ұяшықтарга бөлінген, осының аркасыңда ферменттер бір-бірімен араласпайды. Лизосома мембранасы өте берік болады, сондыктан өз ферменттерінің цитоплазмаға түсуіне кедергі болады. Лизосомалар барлық өсімдік, жануар және саңырауқүлақ жасушаларыңца кездеседі.

Вакуоль


Вакуоль - жасуша шырынына толтырылған цитоплазмалық құрылым. Вакуольдің қуысын толтырып түрған шырын жасушадағы зат алмасу өнімдері болып табылады. Оның кұрмына суда еріген органикалық кышкылдар, кор заттары, минералды түздар және соңғы өнім заттары кіруі мүмкін. Вакуль мембранасын тонотаст деп атайды. Вакуольдің кызметі ретінде жасушадан сонғы өнім заттарын шығару, қоректік заттарды жинау, су-электролитті тепетендікті сақтауды көрсетуге болады.

Митохондриялар

Митохондриялар - жасушадағы сопақша цилиндр тэрізді. саны бірнешеден бірнеше мынға жететін органоид. Саны мен пішіні жасуша активгілігіне байланысты. Ол цитоплазмадан екі мембрана аркьілы ажыратылады - сырткы тегіс және ішкі қатпарлы (кристалар). Органоид ішіндегі қоймалжың затты матрикс деп атайды. Кристалардың бетіңде тыныс алу ферменттері орналасады, олардың ішіндегі ен маныздыларының біреуі АТФ-аза. Ол АТФ молекуласының түзілуін қамтамасыз етеді. Митохондрияньщ ішкі қуысында рибосомапар, ДНК жэне РНК молекулачары болады. Митохондриялар бөлінуге қабілетті. Олардың қызмегі энергия көзі болатын А ТФ синшезі.

Пластидтер

Пластидгер тек фотосинтездеуші эукариотты жасушаларға тән органоидтар. Құрылысы жағынан митохондрияларға ұқсас болып келеді, цитоплазмадан екі мембрана арқылы ажыратылады. Пластидтердің үш түрі бар:

Хлоропастар. Диск тэрізді екі мембранальі жасыл гогастидтер. Ішкі куысында рибосомалар, ДНК, ерекше мембрана кұрылымды фаналар болады. Ішкімембранасдан тығыздалған мембраналык жүйе тшакоидтар түзіледі. Тилакоидгар үйінді түріңде жиналып граналарды кұрайды Граналар езара байланысқан. Тилакоидтар ішінде жасыл хлорофилл пигменттері болады. олардың арқасында күн сәулесінің энергиясы химиялық энергия ЛГФ-кеайналады.

Хромопласшор. Хромогшаст кұрамындағы каратиноид пигменттері өсімдік бөліктеріне қызыл жэне сары түстер береді. Әртүря пигменттері бар хромошіастардың бірігуі гүлдер мен жемістерге алуан түрлі түстер береді.

Лейкопластар. Пигменттелген, түссіз пластидтер. Қоректік зат - крахмалдың жиналатын орны. Өсімдіктің жерасты мүшелеріңде жэне түссіз бүліктерінде кездеседі. Лейкопластар жарыкта хлоропластарға, хлоропластар хромопластарға айналуы мүмкін.

Рибосомалар

Рибосомалар - рРНК мен нәруыздан кұралатын диаметрі 15-35нм шар тэрізді ұсак органоидтар. Мелшері эр түрлі еи суббөлшектен тұрады. Ядро ішіңцеп ядрошықта түзіледі. Рибосомалар цитоп-лазмада бос немесе түйіршікті эвдоплазмалык тор бетінде орналасады. Рибосомалар нэруыз синтезіне катысады, синтезделегін нәруыз түріне байланысты олар аРНК арқылы байланысқан полисомалар түзеді. Рибосомалар жасушалардың барлықтүрінде кездеседі.

Қозғалыс органоидтары

Жасуша қозғалысын миротүгікшелер мен микрофиламенттер арқылы жүзеге асады. Микротүгікшелер - кабырғалары тубулиннәруызынан тұратын ұзын қуысты цилиндрлер. Микрофиламенттер - актин нәруызынан тұратын өте жіңішке жіпшелер. Бұлшық ет жасушаларында оның жиырылуын қамтамасыз ететін құрылымдар түзеді. Микрофиламештер питокереге негізін кұрайды, ал микротүтікшелер жасуша ішілік транспортты, органеллалардың қозғалысын, жасушаның белінуін жүзеге асырады. Микротүтікшелер талшыкшар, кірпікшелер және центриольдерді түзеді.

Центриоль - жасуша орталығының кұрамына кіреді, бір-біріне перпеңдикуляр түрде орналаскан жұп органоид. Олардың әркайсысы қуысты цилиндр тэрізді пішін түзеді. Оның қабырғасы 9 триплетке топтасқан 27 микротүтікшелерден тұрады. Центриольдер жасуша бөлінуін қамтамасыз етеді.

Ядро

Ядро - екі кабатты мембранамен қоршалған шар тәрізді кұрылым. Мембраналар, кұрамына хроматин мен ядрошыктар кіретін ядроның негізгі заты - кариоплазманы қоршап тұрады. Бұл мембраналар плазмалық мембранамен ұқсас болып келеді, бірақ көптеген саңырауларының болуымен ерекшеленеді. Саңылаулар мембрананы бойлай орналасады және олар арқылы ядро мен цитоплазма арасында заттардың алмасуы жүзеге асады. Саңьшаулардың мөлшері ядродан ірі молеулалардың цитоплазмаға өтуіне мүмкіндік береді.



Ядролық 1-10 мкм шамасындағы шар тәрізді дене. Оның қызмегі рРНК сингездеу больш табылады.

Хроматин - нәруызбен байланысқан ДНҚ-н шиыршықтанбаған молекуласы. Хроматин-ді тыныштық күйдегі жасушада байқауға болады. Нәруыздармен қосылып шиыршықтанған ДНҚ хромосома түзеді. Хромосомалар жасуша бөлінер алдында түзіледі, онда генетикалык ақпарат сакталады. Хромосомалар-дың саны мен пішіні жануарлар мен өсімдікгер түріне байланысты болады. Соматикалық жасушаларда дишіоидтьі, гаметаларда гаплоидты хромосомалар жиынтығы болады.

Хромосомалар негізгі генетикалық акдаратты сактап оны келесі ұрпаққа беріп отырады және жасушадағы барлық процестерді бақылайды. Сақталған ақпараттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет