Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум



бет2/9
Дата09.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#124219
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны.

««Әлем әдебиетінің тарихы»» курсы - Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен танысу. Ежелгі түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет – бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, олардың ежелгі түркі ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері екендігін түсіндіру. Бұл тақырыптарды күнделікті сабақ барысында кеңейтілген түрде, ғылыми түрде оқытулуы керек. Нәтижесі - студенттер теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алуы. Білім алушының өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланып, ауызекі сөйлеуді және жыраулардың толғауларын жатқа айта білу керек.
2.3.2Пәннiң мақсаты:

«Балалар әдебиеті» – ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.

Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:

Аталмыш пәнді игеруде қазақ әдебиеті тарихының кезеңі, Әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің дамуының алғашқы кезеңі. Сонымен бірге конспект жасау, реферат жазу, аннотациялай алу және әдебиеттермен жұмыс істей алу, тестілеу әдістерін білуі шарт.


2.3.3 пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру; студенттердің халық ауыз әдебиеті пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу; қазақ балалар әдебиетінің даму тарихы, балаларға арналған алғашқы оқу құралдарының шығуы туралы; балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні туралы; қазіргі заман балалар әдебиеті туралы мағлұмат беру.

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

Курстың теориялық бөлімінде «Балалар әдебиеті» пәнінің ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер беру, семинар сабақтары және зертханалық сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді.

2.3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:





  • Балалар әдебиеті пәнін игеру барысында студент бала тәрбиесінің күрделілігі мен маңызын жете түсініп, ұстаздың этикет пен мәдениет деңгейінің жоғары болуын үнемі назарда ұстауы тиіс. Балалар әдебиеті пәнінің тарихын терең меңгеріп, оның өкілдерінің шығармаларымен толық танысу.

  • Пәнді ұйымдастыру кезінде оқушылардың жас ерекшелігіне айрықша көңіл бөлуді студенттерге ескерте отырып, игерту.

  • Студенттердің, болашақ маман иелерінің өздері оқытатын оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін үнемі назарларында ұстауға, балалармен қарым-қатынасты үйлестіре білуді үйрету.

2.3.5 Курс пререквизиттері:

«Әдебиеттануға кіріспе», «Халық ауыз әдебиеті».
2.3.6 Курс постреквизиттері: Пәнді меңгеруге төмендегідей қосымша білім көздері көмектеседі:

«ХҮ-ХҮІІІ ғасыр әдебиеті», «ХIХ ғасыр әдебиеті».


&&&

###002-004#2.4 Әдебиеттер және қорлар

  1. Ш. Ахметова, Қазақ совет балалар әдебиеті., 1976 ж.

  2. М. Әуезов, Әдебиет тарихы, Алматы, 1991 ж.

  3. Ә. Қоңыратбаев, Қазақ әдебиетінің тарихы, Алматы, 1994 ж.

  4. Б.Ыбырайым, Сырлы әлем /қазіргі қазақ балалар прозасы/, А. 1997

  5. Қазақ әдебиетінің тарихы, ІІІ том, Алматы, 1979 ж.

  6. М. Ғабдуллин, Қазақ халық ауыз әдебиеті, Алматы, 1996 ж.

  7. Б.Қапасова, Қазақ балалар лирикасы /60-90ж.ж./ Павлодар, 2004ж

  8. А.Ақтанова. Қазіргі қазақ балалар драматургиясы. Семей, 2008ж.

  9. Қ.Баянбаев, Қазақ балалар кітапханасы. Алматы, 1991ж.

  10. Қ.Матыжанов, Бөбектерге арналған фольклорлық поэзия жанры. Алматы, 1990ж.

  11. С. О. Садырбаев Қазақ халық ауыз әдебиеті, хрестоматия, Алматы, 1992 ж.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Ш. Ахметова «Қазақ балалар әдебиеті», Алматы, 1974 ж.

  2. С. Қирабаев, «мектеп және қазақ әдебиеті», Алматы, 1979 ж.

  3. Қ. Ергөбеков, «Мейірім шуағы», Алматы, 1985 ж.

  4. С. Көбеев, «Орындалған арман», Алматы, 1954 ж.

  5. Ы. Алтынсарин, «Таза бұлақ», Алматы, 1988 ж.

  6. А. Құнанбаев, ІІ томдық өлеңдері мен аудармалары, Алматы, 2002

  7. Абай тағылымы, Алматы, 1986 ж.

  8. Абай өлеңдері, Алматы, 1996 ж.

  9. Ә.Табылдиев. Халық тағылымы. Алматы, 1992ж.

Қ.Мырзалиев. Қазақ балалар кітапханасы. Алматы, 1984ж

&&&

###002-005#2.5 Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі

Модульдар бойынша пән мазмұны

2 кесте

Модуль атауы

Тақырып атауы

Мазмұны

Әдебиет

1

2

3

4

1 Модуль


Балалар әдебиетінің бастауы.


Халық ауыз әдебиеті

1.Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты.

2.Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы.

3.Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер – тіл дамыту құралы


  1. Ш. Ахметова, Қазақ совет балалар әдебиеті., 1976 ж.

  2. М. Әуезов, Әдебиет тарихы, Алматы, 1991 ж.

  3. Ә. Қоңыратбаев, Қазақ әдебиетінің тарихы, Алматы, 1994 ж.

  4. Б.Ыбырайым, Сырлы әлем /қазіргі қазақ балалар прозасы/, А. 1997




2 Модуль

ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.






Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізі.

Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы




Абай Құнанбайұлының қазақ балалар әдебиеті тарихында алатын орны



1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет

2. Махамбет Өтемісұлы өмірі

3 Махамбет жырлары – тарихи оқиға шежіресі..

1. Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы

2. «Қазақ хрестоматиясы» еңбегі

3. Ы.Алтынсарин өлеңдері

1.Абай өмірі мен шығармашылығы

2.Абай өлеңдері

Поэмалары мен аудармалары

3.Абай ғақлиялары.




1. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А. 1965.

2. Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиеті(ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ) А. Мектеп. 1981.

3. Қ.Жұмалиев. Егеулі найза(зерттеулер) А. Арыс. 2003.
1. Ш. Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі, А., 1965.

2.Ыбырай Алтынсарин тағылымы. А. Жазушы. 1991.

3.Әнуар Дербісәлин. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен қызметі туралы.

А. 1965.


4. Әсет Ламашев. Ыбырай Алтынсарин. А. Ана тілі. 1991.

5.Ә.Сыдықов. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. А.Мектеп. 1969.

1.Ш. Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А. 1965

2.«Абай» энциклопедиясы. А. Атамұра. 1995.

3.М.Әуезов.Абай Ќұнанбаев. А. Рауан. 1997

4.С.Жүнiсов. М.Әуезовтiң Абайтану туралы лекциясынан. А.

Санат.1996

5.С.Ќасќабасов. Абай жєне фольклор. А. Білім. 1995.




3 Модуль

ХХ ғасыр бас кезіндегі балалар әдебиеті

Ағартушылық демократтық бағыт өкілдері



Ұлт-азатшыл бағыт өкілдері

1.Ш.Құдайбердіұлы,

2.С.Торайғыров, 3.С.Дөнентаев, 4.С.Көбеев


1.А.Байтұрсынов, 2.М.Жұмабаев,

3.М.Дулатов, 4.Ж.Аймауытов)




  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А., 1965

  2. Б.Кенжебаев. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. А.Білім. 1993.

  3. 20 ѓасыр басындаѓы ќазаќ єдебиеті. –А.,1994.

  4. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А. Білім. 1998.

  5. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана. 2002.

  6. 3.ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. А. Мектеп. 1983.




4 Модуль


1920-30 жылдардағы балалар әдебиеті



1960-80 жылдардағы балалар әдебиеті



Туысқан халықтар әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалар

1.20-30 жылдардағы балалар әдебиеті(С.Сейфуллин, Б.Майлин)

2.І.Жансүгіров

3.М.Әуезов

1.1960-80 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің дамуы.

2. Ө.Тұрманжанов


  1. Орыс балалар әдебиетінің дамуы

  2. Орыс әдебиеттанушылары балалар әдебиеті ерекшеліктері жайында.

Орыс балалар әдебиеті шығармалары

1.Ахметов Ш. Ќазаќ совет балалар єдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1976.

2.Ахметов Ш. Ќазаќ балалар єдебиеті тарихыныњ очерктері. –Алматы:

Мектеп,1965

Ахметов Ш. Ќазаќ совет балалар єдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1976.

ЕргµбекТұрманжанов. –Алматы: Рауан, 1992.

Қ.Ергөбек. Арыстар мен ағыстар. А. 2003.

Ќазаќ совет балалар жазушылары. –А., Жалын. 1987.

Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. А. 1980.

Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы:



  1. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. А., 1976.

  2. Советская детская литература. М. Просвещение. 1978. Под ред.

В.Д.Разовой.

  1. Дет. литература. М. Просвещение. 1989. Под ред. Е.Е.Зубаревой.

Зарубежная детская литература. М. Просвещение. 1974. Под ред.

И.С.Чернявской.

Русская литература для детей. М. Изд. центр. Академия. 1998. Под

ред. Т.Д.Полозовой





&&&

###002-006#2.6 СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны
СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

3 кесте




Тақырыптар

Жұмыс түрі

Тапсыру мерзімі

Балл

1

Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.Бесік жыры мен тұсау кесу жыры.Санамақ, Өтірік өлең,жаңылтпаш..

Ауызша баяндау,жаттау

І апта

4

2

ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.



жаттау

ІІ апта

5

3

Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.

жаттау

ІІІ апта

4

4

ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті..

Ауызша баяндау

ІҮ апта

5

5

С.Торайғыров және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт

Конспект

Ү апта

4

6

А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.


пікірлесу

ҮІ апта

5

7

Қазақ кеңес балалар әдебиеті. Б.Майлин,І.Жансүгіров әңгімелері.

Әдеби талдау

ҮІІ апта

5

8

Б.Соқпақбаев балалар тақырыбындағы шығармашылығының жаңашылдығы, көркемдік шеберлігі

талдау

ҮІІІ апта

4

9

Ө.Тұрманжанов «Сабантой», «Құмырсқалар ,аралар-қиыспас дос-құдалар»

жаттау

ІХ апта

4

10

Қ.Баянбаевтың прозалық туындыларының танымдық мәні.

Әдеби талдау

Х апта

4

11

Қ.Мырза Әли шығармалары

жаттау

ХІ апта

5

12

Қазіргі балалар поэзиясы М.Мақатаев шығармаларының бала тәрбиесіндегі маңызы.

жаттау

ХІІ апта

5

13

Қазіргі балалар драматургиясы.

Балалар драматургиясындағы ұлттық рең, дәстүр мен жаңашылдық, стиль ерешелігі.




Ауызша баяндау

ХІІІ апта

5

14

Е.Елубаев драмалық туындыларындағы тартыс

Әдеби талдау

ХІҮпта

5

15

Қазіргі балалар әдебиеті .

конспект

ХҮапта

4


&&&

###002-007#2.7 Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар


  • {пәнді оқуға қажетті уақытты жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша кеңестер;

  • студент әрекеттерінің ретін сипаттау;

  • ПЭОӘК материалдарын пайдалану бойынша ұсыныстар;

  • әдебиетпен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар;

  • емтиханға дайындық бойынша кеңестер және т.б.}



&&&

###002-008#2.8 Курс форматы

Пән бойынша офф-лайн және он-лайн сабақтар жүреді. Офф-лайн сабақта студенттер материалды дербес оқып игереді, практикалық сабақтарды, модульдар бойынша бақылау тапсырмаларын орындайды, межелік тестілеу өтеді. Топтық он-лайн семинарлаода ең маңызды тақырыптар талқыланады. Әрбір он-лайн семинардың күні мен уақыты, тақырыбы мен тапсырмалары алдын ала хабарланады. Осы семинарларға белсенді қатысу керек. Сонымен қоса, пән бойынша он-лайн кеңестер жүргізіледі, олардың кестесі курс ішінде жазылады. Офф-лайн кеңес алу үшін оқытушыға хат жазып, жауап алуыңызға болады.


&&&

###002-009#2.9 Курс саясаты

Пәнді студент дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқыңыздыр, оқытушының жұмыс бағдарламасында немесе практикалық сабақтарда берген әдістемелік нұсқауларын мұқият оқыңыздар. Тек дәрістер материалымен шектелмей, курс ішінде көрсетілген электрондық қорларды, әдебиетті оқыңыздар. Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындаңыздар, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек. Бақылау тапсырмаларын уақытында орындап, тексеруге жіберу қажет, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек. Бақылау мерзімдері: 1-8 апталардағы тапсырмалар мен тестілер үшін – 8-аптаның соңы, қалғандары үшін 15-аптаның соңы.


&&&

###002-010#2.10 Баға қою саясаты

Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны:

1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 300 балл,

2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда – 300 балл.

Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 600.

Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:

1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша – максимум 120 балл)

2. Он-лайн семинарға қатысқаны және белсенділігі үшін (қатысу үшін – 20 балл, белсенділігі үшін максимум 100 балл)

3. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)

Курстық жұмыс жеке бағаланады.

Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.

Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.



&&&

###002-011#2.11 Студент білімін бақылау

Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:



  • ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)

  • межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)

  • қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан және курстық жұмысты (жобаны) қорғау, мамандықтың МЖМБС-на сәйкес).

Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.

Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте).

Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы

4 кесте


Әріптік жүйедегі баға

Баллдың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95 – 100

Өте жақсы

А–

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы


В

3,0

80 – 84

В–

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық




С

2,0

65 – 69

С–

1,67

60 – 64

D+

1.33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарсыз

I

NA

-

Аяқталмаған

P

-

өтті

Пәнді өтті


&&&

###002-012#2.12 Қашықтықтан кеңестер беру және оқу үдерісінің күнтізбелік графигі

5 кесте


№ р/б

Апталар__1__2__3__4'>Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Жиыны

1-рейтинг

1

Бақылау түрі







ТМ1










ТМ2

МБ1

300

балл

2

Баллдар







150










120

30

3

Кеңестер

OF

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

№ р/б

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Жиыны

2-рейтинг




1

Бақылау түрі

ОС

ТМ3










ТМ4

МБ2

300

балл


2

Баллдар

75

75










75

30

3

Кеңестер

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

Белгілеулер: ТМ-модуль бойынша тапсырма; ОС-он-лайн семинар; МБ-межелік бақылау;

OL – он-лайн кеңес; OF- офф-лайн кеңес




    1. Дәріс сабақтар тезистері

&&&

$$$002-001-000$3.2.1 1-ДӘРІС
Кіріспе. Балалар әдебиеті туралы түсінік
&&&

$$$002-001-001$3.2.1.1 Балалар әдебиеті – рухани қазына

&&&

$$$002-001-002$3.2.1.2 Қазақ балалар әдебиеті жайындағы зерттеулері,балалар әдебиетінің ерекшеліктері


  1. Балалар әдебиеті – рухани қазына.

Балалар әдебиеті жайында әңгіме қозғағанда, біздің есімізге ХХ ғасырдағы орыс әдебиеті дәстүрі түседі. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен алғашқы күндерден бастап-ақ М.Горький балалар әдебиетін дамыту жөнінде пікір айтып, практикалық шараларды жүзеге асыра бастаған. Санкт-Петербургте балалар журналын ұйымдастырған, балаларға арналған сериялық кітапхана жасау керектігін айтып, бағдар сілтеген. Ойлап қарасақ, ұлы жазушының осы іс-әрекетінде көрегендік жатады екен. Өйткені, балалар әдебиеті – жалпы әдебиеттің дамуы үшін баспалдақ болады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған балалар әдебиеті. Қазақ балалар әдебиетінің түп атасы – Ыбырай Алтынсарин. Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев шығармалары арқылы дамып, өрістеді. Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады.

М.Әуезовтің “Көксерек” философиялық әңгімесі, Ө.Тұрманжановтың “Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар” мысал-поэмасы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі қазақ балалар әдебиетінің табысына айналды. Қазақ ақын-жазушылары аталған шығармаларымен әлемдік балалар әдебиетінің образдық галлереясын жаңалады, жанрлық байлығын толықтырды дей аламыз.

С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, С.Омаров секілді аға буын шығармаларынан ХХ ғасыр басындағы, сол жылдардағы балалар тағдырын табамыз. Бертінде Б.Соқпақбаев, С.Бақбергенов, Н.Серәлиев, О.Сәрсенбаев, М.Мағауин, М.Қаназов Отан соғысы жылдарындағы балалар өмірін бейнеледі. Әдебиетке жаңа буын келді. Олар әдебиеттегі кейіпкерді жаңалады. Әрбір жаңа буын өз өмірбаянын әкеледі әдебиетке. Демек, біз қазақ әдебиетінің жас буын шығармашылығымен таныссақ – жаңа буын өмірбаянымен табысуға, сырласуға тиісті екенбіз. Егер ол шығармалар балалар әдебиеті туындысы болса, міндет екі есе ауырлайды деген сөз. Өйткені, авторлардың бала шақта түйсінген өмір сыры, талғамы басқа, көркемөнер жөнінде байламы бөлек, ғылыми-техникалық прогресс қойнауында тіршілік кешіп отырған бүгінгі бала оқырманды шығарма ретінде сүйсіндіруі, түйсіндіруі, шарапатымен қозғауы керек қой.

Өкінішке қарай, қазақ балалар әдебиетіне деген ынта-ықылас кейін келе түрлі себептермен бәсеңдеді де, көкейкесті көп проблемаларын ортаға салып шешу үрдісінен жаңылып қалды. Балалар әдебиетінің ендігі халі жекелеген таланттар еркінде қалған еді. Сондықтан, қазақ балалар әдебиеті әдебиетке жігерлі, білімді таланттар келген сәттерде ғана ілгерілеп, көп ретте іркілумен келді. Солай дей тұрсақ та, қазақ балалар әдебиетінің өзіндік қызықты тағдыры, сан алуан проблемалары бар. Қазіргі қазақ балалар әдебиеті - орыс тіліне, орыс тілі арқылы әлем халықтары тіліне жүйелі аударылып, жұрт назарын жете аударып жатпағанымен, өз тілінде недәуір ілгеріліп өскен әдебиет.

Қазақ балалар әдебиеті – қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Жас балалар өздерінің алғашқы кішкентай ойындарынан бастап-ақ үлкен кісілердің істеріне еліктейді. Жас баланың ой-арманы асқақ келеді. Олар да ұшқыш болып аспанда шарықтасам, суда жүзсем, түрлі машиналар ойлап шығаратын ірі конструктор болсам, мұғалім, ғалым болсам, космонавтар қатарына қосылып, солардай жер жүзін таң-тамаша етсем деп қиялданады. Қалай да тез өсіп үлкендер қатарына қосылуды, даңқты адамдардың қатарында болуды аңсайды.

Жасөспірімді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.

Жазушы М.Пришвин қаламынан шығып, кейін қанаттанып кеткен “Балалар әдебиеті – кішкентайлардың үлкен әдебиеті” деген пікірде көп мән-мағына бар. Табиғатпен іргесін ашпай, гармониялық бірлікте қалам тербеп өткен ойшыл айтып отырған “кішкентайлар”, тереңірек ой жіберіп қарасақ, адамзат болашағы болып шығады. Ендеше, балалар әдебиеті сол болашақ, келешекті тәрбиелейтін рухани үлкен күш қой.

Жете үңіліп қарағанда, бүгінгі балалар әдебиеті уақыт талабынан кенжелеп келе жатыр. Кенжеліктің ең басты себебі балалар әдебиетінің профессионалдық талабынан, өзіндік ерекшелігінен туындайды. Соның көбісі қазіргі бала табиғатының күрделілігінен туындап отыр. Әрине, бала табиғатының күрделілігі – ұлы Л.Толстойдан бері сан рет қайталанып, айтылып, жазылып келеді. Әйтсе де, әр кезеңнің уақыт, қоғамға сай өзіндік күрделі сипаттары болған шығар-ау, ол бірақ, тап бүгінгі уақыт перзенттеріндей жұмбақ күйге айнала қоймаған. Зерттеуші Акимованың пікірімен айтсақ: “бүгінгі бала табиғатының күрделілігі сонша – ол ғылым үшін жаңа пәнге, өнер үшін бұрын-соңды болып көрмеген материалға айналып отыр”. Бұл күрделілік уақыт күрделілігінен туындайды.

Ғалымдар зерттеуіне қарағанда, әр бір он жылдықта дүниеге келген сәби, бала психологиясы бір-бірінен көп алшақ жатады екен. Қазіргі таңда Халықаралық балалар әдебиетін зерттеу қоғамы(МОИДЛ) құрылу сыры да осында жатса керек. Міне, осындай сәтте, адамзат болашағы үшін, ұрпақ тәрбиесі үшін еңбек ететін патриот болмаса, кімнің балалар жанын зерттеп, шығарма жазуға тәуекелі бара қойсын? Оның үстіне біздің балалар әдебиетіне назардың төмендігі, бар жұпарын балаларға арнайтын таланттардың еңбегі бағалана бермейтіні де әдебиеттің бұл саласының өркендеуіне кедергі болмай тұрмайды.

Балалар әдебиеті - әрбір ұлт мәдениетінің мықтап қаланған тас іргесі, халықтың рухани ахуалын балалар әдебиетінің дамуымен өлшеу керек, балалар әдебиеті жолға қойылмай тұрып, әдебиетіміз кемелдену үстінде деп мақтанушылық – үйдің ірге тасын қаламай тұрып, шатырын жабамын деген әурешілікпен бара-бар.

2. Қазақ балалар әдебиеті жайындағы зерттеулер

Балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан басталды. 1927 жылы “Өтірік” деген жинаққа жазған алғысөзінде І.Жансүгіров “Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады”- деп өтірік өлеңге бірінші рет анықтама береді. 1931 жылы жазған “Мен қалай жаздым?” мақаласында “Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бір ойым осы әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді” – деген. М.Әуезов “Әр жылдар ойлары”, “Ертегілер” деген еңбектерінде “Балалар әдебиетінің арғы төркіні халықтық шығармалардан туады” деп көрсетеді. С.Ерубаев “Балалар әдебиетін жасайық” деген мақаласында(1930) мектепте оқитын жүз мыңдаған оқушылардың балалар әдебиетіне шөліркеп отырғандығын айтады. Б.Бұлқышевтің Қазақстан Жазушыларының ІІ съезі қарсаңында жазылған “Балаларға жақсы кітаптар керек” мақаласында балалар әдебиетіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келе жатқандығы айтылады.



С.Ерубаев қазақ балалар әдебиеті жайында. Горькийдің 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында жарыққа шыққан “Тағы да сауаттылық туралы”, “Балалар әдебиеті туралы”, “Балаларға -әдебиет”, “Тақырыптар туралы”, “Балалар кітаптары мен ойындары туралы жазбалар” мақалаларында да болашақ балалар жазушыларын тәрбиелеу мәселесі басты орынға қойылды. Саттар мақаласының нысанасы да осыған саяды: “… нақтылы міндеттемелер алыңыздар, балалар көркем әдебиетін жасауда өздеріңізді жауапты деп санаңыздар. Болайын деп отырған жазушылар съезінде мәселе көтеріңіздер. Өздерінің тілегендерінен қызғылықты, түсінікті кітап, әңгіме, өлеңдер жазып беріңдер, балалар өміріне жақын келіңдер. Балалар өмірінің өзгешелігімен танысыңыздар, балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер”. Ендеше, қандай тақырыпта жазылмасын, балалар шығармаларының басты кейіпкері баланың өзі болуға тиіс. Балалар әдебиетінің осынау басты ерекшелігін Саттар ақын-жазушыларға “…балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер” деу арқылы аңғартып өтеді. Сөйтіп, С.Ерубаевтың аталған мақаласынан балалар әдебиетін ересектер әдебиетінен дараландырып тұратын сипаттарға сол тұстағы қазақ қаламгерлерінің назарын аудармақ болған мақсатын байқағандаймыз.

Саттар хат иелері – кішкентай оқырмандар жөнінде былай дейді: “Бұл оқушылар – кітапқа, қызғылықты өмірге, күреске құмар оқушылар. Бұлардың бәрі де “қызғылықты кітап жоқ, ал болса аз” дейді” /273 б./. Бұл санамаланған қасиеттердің бала психологиясына тән екендігін және қызықты кітапқа деген зәруліктің қазақ балалар әдебиетінде әлі күнге орын алып отырғандығын ескерсек, Саттар ой-пікірі, ескертуінің сол кезең үшін ғана елеулі болып қоймай, қазір де үлкен мәнге ие екендігін айрықша атап айтамыз. “Лениншіл жас” газетінің 1934 жылғы 29 майда шыққан санында бұрынғы Әулиеата қаласының бір мектебі оқушыларының “Бізге көркем жазылған жақсы, қызық балалар кітабы мен ойын, өлең, әңгімелер керек” деген ашық хаты басылады. Саттардың жоғарыдағы “Осы уақытқа дейін біздің қазақ жазушылары балалармен сөйлесуді, өмірімен танысуды, балалардың пікірін білген емес. Бірақ қазақ пионерлері жазушылар бастамаса өздері бастады. Ендігі міндет – пионер қойған тілекті орындауда” деуі осы себепті.

Балалар хатына Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев және тағы басқа ақын-жазушылар жауап береді. Мұқтар Жанғалин екеуі бірігіп жазған орта мектептің 10 сыныбына арналған оқу құралында “…жас жазушылардың қатарынан көрнекті жазушылардың қатарына еркін қосылған талантты жазушы” атанған Ғ.Мүсіреповке де және тағы басқа қазақтың көрнекті ақын-жазушыларына да өзінің “қоғамдық борышым” деп есептеген талап-тілегін інілік ізетпен жеткізе білуін өжет жастың ерлігі деп бағалауға болады.

Б.Бұлқышевтің 30-жылдар аяғында Қазақстан жазушыларының ІІ съезі қарсаңында “Жазушылардың ішінде балалар әдебиетіне ептеп көңіл аударған Қалмақан еді. Ол да соңғы рет балаларға өмір бойы азық қылыңдар деп “Тәтті қауынын” тарту етті де, соңғы уақытта балалардан ол да қол үзіп кетті” дегеніндегі өкпе-назға ұқсас сезім Саттар емеуірінімен 30-жылдардың басында жазушылардың І съезі қарсаңында-ақ “Қалмақанның колхозға жетуі” болып жеткен дей аламыз. Бұл жерде жазушыларды балалар әдебиетін жасауға шақырған Саттардың өзі жас оқырмандарға арнап арнайы шығарма жазды ма деген сауал туады. “Өз сөзіне лайық Саттар Ерубаев (1914-1937) “Терек пен гүл” дейтін әңгіме мен “Мәңгілік өмір туралы” жас ұрпақтың еліктеуіне тұратын өлмейтін де өшпейтін, әрқашан айтып жүретін жыр жазып берді” – делінген 1976 жылы жарық көрген “Қазақ кеңес балалар әдебиеті” оқу құралында /3, 77 б./. 1972 жылы өз алдына жеке суретті кітапша болып шықса да, бұл жырды балаларға тікелей арналып жазылды дей аламыз ба? Әрине, жоқ. Себебі, ересектер үшін жазылған шығармаларды да балалар оқуына ұсынуға болатынын өмірдің өзі дәлелдеді. Мәселен, Горькийдің өзі көзі тірісінде “Дауылпаз туралы жыр”, “Италия жайындағы ертегілер”, “Изергиль кемпір”, “Челкаш” және тағы басқа көптеген шығармаларын жас жеткіншектер назарына ұсынған болатын.

Саттардың балаларға арнайы шығарма жазбауының бір кілтипаны – кішкентайлар үшін шығарма жазудың қиындығын сезінуінде және бұл жауапты іске кірісуге өзінің даяр еместігін түйсінуінде деп топшылаймыз. “Ойлап, түпкі маңызына жете түсініп алмай, кешігіп қаламыз деп шалағай жазсақ, әрине, қарқын мен сапаны бір-біріне қарсы қойған боламыз. […] Құрылыстан қалмау үшін, құр қалмады деген атақ алам деп жылдам қосылу (бұл бәрібір қалғандық) жақсылыққа жеткізбейді, қарқынмен қабат мәселені жете түсініп, ойланып, маңызды қылып жазу керек” /1, 361 б./. Міне, осындай ойлардың иесі жас Саттардың еш дайындықсыз сыншыл да сезімтал, талғампаз қауым – балаларға шығарма жазуға міндеттеме алуы мүмкін де емес еді. Денсаулығының дімкәстігіне қарамастан “көркем шығарма жазумен қатар, әлеумет тіршілігінің бәріне араласып, пікірін айтып отырған” Саттардың көрнекті ақын-жазушы ағаларына сыпайы тілмен “балалар әдебиетін жасайық!” деуі олардың даярлығына кәміл сенгендігі деп ұққанымыз жөн.

Б.Бұлқышев балалар әдебиеті жайында. 1934 жылы Қазақстан жазушыларының бірінші съезі қарсаңында С.Ерубаев “Балалар әдебиетін жасайық” деген мақаласымен былай деп ұран тастаған еді: “Болайын деп отырған жазушылар съезінде мәселе көтеріңдер. Өздерінің тілегендерінен қызғылықты, түсінікті кітап, әңгіме, өлеңдер жазып беріңдер, балалар өміріне жақын келіңдер. Балалар өмірінің өзгешелігімен танысыңыздар, балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер”/3, 375-б./. Баубек те Қазақстан жазушыларының ІІ съезі қарсаңында жазылған “Балаларға жақсы кітаптар керек” мақаласында балалар әдебиетіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келе жатқандығын айтады. Мақаладан Баубектің бала психологиясын жетік білетіндігі байқалады. Олардың әр нәрсеге әуестенгіш, әсерленгіш, жылт еткен құбылысқа ынтық көңілдерін тап басып көрсетеді. Балалар үшін үлкен тәрбие құралы – көркем әдебиет екендігін жұртшылық есіне салады. “Жазушылардың ішінде балалар әдебиетіне ептеп көңіл аударған Қалмақан еді. Ол да ең соңғы рет балаларға өмір бойы азық қылыңдар деп “Тәтті қауынын” тарту етті де, соңғы уақытта балалардан ол да қол үзіп кетті. Мүмкін, Қалмақан балаларға “Тәтті қауын” есейіп, ер жеткенше қорек етуге жетеді деп жүрген болар. Бірақ балалар бірнеше “Тәтті қауын” сияқты тәтті әдебиет жемістерін күтіп отыр. Қалмақанның мұнысына да рахмет. Басқа ақын-жазушылар “Тәтті қауын” түгіл балалардың әдебиет қорына бір уыс бүлдірген де қосқан жоқ” деп/1, 378-б./ жазады Б.Бұлқышев.

Баубек сынына іліккен Қ.Әбдіқадыров 1930 жылдары балаларға арнап екі кітапша шығарған болатын. Қалмақанның “Тәтті қауын” әңгімесі 1933 жылы жазылып, 1936 жылы осы атпен аталған әңгімелер жинағына енгізілді. Ал Баубектің мақаласы 1939 жылы “Октябрь балаларының” 29 мамыр, №40-шы нөмірінде жарияланды. Қалмақанның балаларға арналған шығармаларынан қалам қабілеті қарымын таныған Баубек оның үш жыл бойы үнсіз жатқандығына қынжылады. Дегенмен басқа жазушылармен салыстырғанда оның бүлдіршінге ұсынылған дүниелері бар екендігіне шүкіршілік етеді. Демек, Баубекті қынжылтатын жайт – сыншылар сынайтын балалар әдебиетінің жоқ екендігі. “…біздің ақын-жазушыларымыз балалар әдебиетіне көңіл бөліп, балалардың тілегіне сай жақсы, қызықты шығармалар бере алмай келеді”- дейді /1, 379-б./ Баубек. Әдебиетке, әсіресе балалар әдебиетіне қатысты жоқ-барды қанағат еткен дұрыс емес. Мәуелі ағаштан жылдан-жылға мол жеміс күту – қандай заңды болса, әдебиеттен де жақсы туынды талап ету сондай табиғи, қажетті, заңды.

“Балаларға жақсы кітаптар керек” деген мақаласы Қазқстан жазушыларының ІІ съезі қарсаңында жазылса, “Жазушылармен әңгіме” съезд өткен соң жазылды. 1939 жылы “Октябрь балалары” газетінің 12 шілде №50-ші нөмірінде жарық көрді. “…Қазақстан жазушыларының екінші съезі(1939) әдебиеттің рухани жүдеушілігі жағдайында өтті. Онда жаңа әдебиеттің табыстары сөз болмады”- дейді /2, 74-б./С.Қирабаев съезд жайында. “Октябрь балалары” газетінің ұжымы ұйымдастырған әңгімеге Қазақстан жазушылары ІІ съезінің делегаттары мен облыстардан келген ақын-жазушылар қатысады. А.Тоқмағамбетов, Ә.Әбішев, Ж.Тілеков, С.Машақов және тағы басқалары балалар әдебиетін жандандыруға қатысты өз ұсыныстарын айтады. Сөйтіп бұл жиында “Октябрь балалары” газетінің коллективі пионерлер мен мектеп оқушыларының тілегіне сәйкес көркем тілді, терең сюжетті әңгімелер, қызық поэмалар, ертегілер, сапта жүргенде әнге қосып айтатын жақсы өлеңдер жазуды ақын-жазушыларға ұсыныс етіп қойды.”/1, 385-б./. Бұның өзі Баубектің тікелей қатысуымен өткен шара, балалар әдебиетін дамытуға арналған игілікті істердің бірі еді.

Қазақ балалар әдебиетінің сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың 30-жылдарында басталса, Баубектің балалар әдебиеті мәселелеріне арнаған мақалалары сол тұстағы зерттеулер сапында балалар әдебиетінің даму ерекшелігінен қалың жұртшылықты хабардар етті. Сонымен Баубек ізденісі өткеннен бастау алған және өзге ел мәдениеті мен әдебиеті дәстүрінен үлгі алған сапада ғана емес, жаңашылдыққа бой алдырған сапада да жемісті болды.

Балалар әдебиеті жайында жазылған сын-мақалалар, әсіресе, Отан соғысы жылдарынан кейін кең қанат жайды. М.Ғабдуллин өзінің оқу құралында халық ауыз әдебиетінің кейбір жанрларында балалар фольклорына жататын мұралар барын атап өткен. Қазақ балалар әдебиетінің әр түрлі жанрлары жайында С.Қирабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, А.Нұрқатовтың, С.Сейітовтің, Ә.Дербісәлиннің, С.Ордалиевтің, Б.Сахариевтің, Н.Ғабдуллиннің мақалалары баспасөз беттерінде жарияланды. Аталмыш салада ойлы пікір айтқан ғалымдар мен қаламгерлер қатарын кейінірек Б.Ысқақов, Қ.Мырзаәлі, Ә.Табылдиев, З.Серікқалиев, Е.Елубаев, С.Қалиев, Қ.Ергөбек, Б.Сарбалаев, Б.Ыбырайым, Ә.Бөпежанова және т.б. құрады. 60-70 жылдар аралығында Ш.Ахметовтің қазақ кеңес балалар әдебиетін зерттеген еңбектері жарық көрді.

С.Қирабаевтың «Қазақ совет балалар әдебиетінің кейбір мәселелері»(Әдебиет және искусство. 1954. №2.), Ә.Тәжібаевтың «Жас ұрпаққа жақсы әдебиет әдебиет жасайық»(Жұлдыз, 1961. №6), А.Нұрқатовтың «Балаларға арналған шығармалар туралы»(Халық мұғалімі, 1954. №2), С.Сейітовтің «Ілияс Жансүгіровтің балаларға арналған шығармалары»(Қазақ тілі мен әдебиеті, 1958. №1), Ә.Дербісәлиннің «Қазақ балалар әдебиеті жайында бірер сөз»(Қазақ тілі мен әдебиеті, 1959. №2), С.Ордалиевтің «Балалар драматургиясының кейбір мәселелері»(Халық мұғалімі, 1954. №11), Б.Сахариевтің «Балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні»(Халық мұғалімі, 1950.№7), Н.Ғабдуллиннің «Орынсыз сөз ойландырар болар»(Қазақ әдебиеті, 1960.) деп аталатын мақалалары баспасөз беттерінде жарияланды.

Ақын Қ.Мырзаәлінің «Сөз сиқыры» сын кітабы, К.Матыжанның қазақ балалар фольклоры, Б.Ыбырайымның қазақ балалар әдебиеті жайында жазған еңбегі, Қ.Ергөбек құрастырған және жазған «Мейірім шуағы», «Сөзстан», «Қазақ совет балалар әдебиеті», «Арыстар мен ағыстар»(1-том) кітаптарын айтуға болады. Бұл саладағы айтулы еңбектер санының саусақпен санарлықтай аз болуы қазақ балалар әдебиетінің зер сала зерттейтін мәселелері әлі де болса жетерлік екендігін байқатады.



Балалар әдебиеті жайында балалар ақыны Қ.Баянбай былай дейді: “Балалар әдебиеті барша әдебиеттің бастауы болуы керек. Балалар әдебиетіне қатынаспаған жазушылар жақсы дүниелер тудыруы мүмкін. Бірақ балалар әдебиетін парақтамаған жазушының бір кемшілігі сезіліп тұрады. Горькийдің балалар жазушысы өзге жазушылардан да сапалы жазуы керек дейтін сөзі бар. Шынында әдебиеттің қайнар бастауы, әрі балаларды әдебиетке әкелетін шығармалардың сапасыз болуға хақысы жоқ”. “Балалар әдебиеті меніңше, барлық әдеби, мәдени ой-санамыздың қалыптасуына тұңғыш ықпал ететін бастау дер едім. Әдебиеттің бастауы фольклор десек, осы фольклордың негізі бесік жырынан басталады. Тақпақ, санамақ, өтірік өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш мұның бәрі үлкен әдебиетке жол салатын балалар әдебиетіне жатады.”- дейді Е.Өтетілеуұлы.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет