$$$002-003-000$3.2.4 Дәріс №4. Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы.
Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы негізгі тақырыптардың бірінен саналады. Өзі түрлі себептермен кешеңдеу болса да, сусап келіп орыс тілі мен мәдениетіне қатты ден қойған, үнемі іздену, оқу арқылы білімділік пен парасаттылықтың биігіне көтеріліп, "көкірек көзі ашылған" Абай көптеген өлеңдерінде оқу, білімді ардақтауға, халқы үшін озық білімнің пайдасын түсіндіруге күш салады. "Шығысым Батыс боп кетті" деген Абай сөзінің бір сыры оның осы өлеңдерінен де танылады. Бұл тақырыптағы "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдері Абайдың ақындыңқа біржола бет бұрған кезеңінде - 80-жылдар ішінде жазылған.
&&&
$$$002-003-001$3.2.4.1 Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы
Орыс және Еуропа мәдениетінің озық үлгілерімен жүйелі танысу Абайдың демократтық көзқарасының, азаматтық тұлғасы мен ақындық болмысының қалыптасуына шешуші әсер етті.
Абайдың ақындыққа, өнерге шындап ден қойған беталыс сапары оның азаматтық тұлғасы қалыптасып, білім-өрісі мейлінше толысқан шағынан басталады. Медресе кезіңдегі шығыс ақындарына шәкірттік көңілмен еліктеп жазылған бірлі-жарымды алғашқы туындылары мен 1882 жылғы "Қансонарда бүркітші шығады аңға" атты шынайы поэзиялық шығарма аралығында шамамен ширек ғасырдай уақыт жатыр. Бұл - Абайдың дүние тану, есею, іздену, білім алу, парасат иесі, азамат, ағартушы, ақын болып қалыптасу мерзімі. Абайдың өз ортасының әділетсіз, озбыр әдетінен безініп, халыққа келу, өнерге келу кезеңі.
Жалпы Абай үшін 80 жылдар екі тұрғыда мақызды: біріншіден, бұл оның поэзияға, ақындыққа шыңдап ден қойған шағы, екіншіден, бұл оның шығармашылығындағы ең жемісті жылдардың бірі. Ол бұл тұста өзінің ағартушылық және саяси-әлеуметтік, сатиралық тақырыптардағы әйгілі өлеңдері мен поэмаларын жазады, сондай-ақ, орыс классиктері Лермонтов, Пушкин шығармаларын аударады. Ақын сыншыл реализм әдісін меңгереді, оның есімі мен шығармалары халыққа кеңінен мәлім болады.
&&&
$$$002-003-002$3.2.4.2 "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін талдау
1822 жылғы патша үкіметінің «Сибирь қазақтарына арнап шығарған уставы» бойынша, қазақ даласы округке бөлініп, округтік бұйрық арқылы билеу тәртібінен кейін Құнанбай Қарқаралы округіне аға сұлтан болып сайланады. Құнанбайдың атын шығаруға бұл жағдайлардың мәні үлкен болды. Өйткені ел билейтін хан, аға сұлтандар бұрын хан, төре нәсілдерінен болып келсе, жоғарғы заң бойынша, ол міндетті төреден болмай-ақ, қарадан шыққан мықты феодалдар да ел басқаруға жарай беру мүмкіншілігі Құнанбайды аға сұлтан етсе, бұл жай-жапсарды жақсы ұға білмеген көпшілік Құнанбайды ерекше бағалайды. «Қарадан туып хан, айырдан туып нар болды» деп, өз кезіндегі феодал табының ақындары Құнанбайды мадақтай жөнеледі.
Өз қолындағы әкімшілік тізгінін Құнанбай өз керегіне толық пайдалана білді. Бірақ ел басқаруда Құнанбай жаңа тәртіп орнатқан жоқ, бұрынғы бір руды екінші руға айдап салу тәрізді ескі әдісті ол да қолдады. Оның бұрынғылардан бір өзгешелігі сол дінді берік ұстау үшін Қарқаралыға мешіт, Меккеге қажылар түсетін «Тәкие» атты үй салғызды. Бұл жағдайларды да ол өзінің ел билеу мақсатына толық пайдалана білді. Діншілдерді өз қолына ұстап, ел басқарудың бір жағын дінге, діншілдерге тіреді.
Құнанбайдың тек өз қара басы ғана емес, оның достасқан, қастасқан адамдарының қайсысы болсын, өзімен деңгел түскен, сол кездің сөз баққан адамдары болды. Талай дау, талай тартыстардың жуан ортасында болуы болашақ ұлы ақын, жас Абайдың шешендік тілге жаттығуларына әсер етпеуі мүмкін емес еді. Абайдың нағашысы - «Шаншан қулары» атанған, күлдіргі, мысқыл сықақпен аты шыққан қазақтың даңқты руларының бірі. Ұлжанның (Абайдың шешесі) ағасы Тонтайдың қожа-молдаларды сықақтап, өлер алдында: «Жазыла-жазыла қожа-молдалардан да ұят болды, енді өлмесек болмас», - деген сөзі күні бүгінге шейін ел аузында. Бұл сықылды сөз тапқыш, мысқылшылдық Ұлжанда да болған. Атасы Құнанбайдың өзі және оның айналасының бәрі де сөз ұстаған шешендер болып, анасы жағынан «Шаншар қуларымен» тамырласып жатуы Абай тәрізді үлкен таланттың ең болмағанда тілі ұшталуына аз да болса әсер етуі сөзсіз. Абайдағы қазақтың нақыл, тақпақ, билер сөздерінің үлгісімен келетін шешендік сөздерге ұсталық, мысқыл-сықаққа асқан шеберліктердің бір тамырын осы өскен ортасынан іздеуіміз керек.
&&&
$$$002-003-003$3.2.4.3 Абайдың ағартушылық қызметі
Абай әуелі ел ішіндегі дін мектебінде оқып, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Мұндағы оқудың бәрі де ескіше, дін сабағы еді. Онда Абай небәрі үш жыл мұсылманша және үш ай орыс мектебінде орысша оқиды. Дін мектебінде жүргізілетін бар сабақты жақсы үлгеріп, қалған уақытын өз бетімен кітап оқуға жұмсайды. Оқитын кітаптары араб, парсы, түрік елдерінің даңқты ақындарының еңбектері болады. Солардың ішінде шын сүйіп оқыған ақындары - Навои, Саади, Қожа-Хафиз, Физули. Абай өзінің таланттылығы мен қабілетінің күштілігімен үш жылда үлкен білімге иесі болған.
Сол жас кезінде-ақ араб, парсы, түрік ақындарының өлеңдеріне еліктеп, өзі де өлең шығара бастады. «Физули, Шәмси, Сайхали», «Жүзі раушан» атты өлеңдері осы кезде жазылады.
Жасы 13-ке толып, мұсылманша үш жыл, орысша үш ай оқыған соң Абайға «оқудың есігі жабылады». Құнанбай Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару жұмысына қосады.
Абай парсы, араб, шағатай әдебиетін де, орыс әдебиетін де көп білуі, терең ұғынуы, әр тілдің тек жалпы мағынасын ғана ұғынушы емес, сол тілдің әдемілігін де ұға білуі ақынның мектепті тастаған соң да өз бетімен үздіксіз оқығандығын дәлелдейтін фактілер болып саналады.
Абайдың жас кезіндегі өлеңдері жоқтың қасы. Жоғарғы аталған «Кім екен деп келіп ем түйе қуған» атты өлеңі мен араб, парсы, түрік ақындарына еліктеген өлеңдерінің алдыңғысы 1854-1855 жылдары, соңғысы 1858-1859 жылдары жазылған.
1864 жылы 19 жасында «Әліф-би» өлеңін жазады. Мұнан кейінгі өлеңдерінің жылдары 1870 жылдан басталады. Абай өлеңдерін қолжазба түрінде сақтаған Мүрсейітте де 1870-1876 жылдың арасында жазған Абай өлеңдерінен дерек жоқ. Ал 1884 жылдардан бергі өлеңдерінің жылдары үзілмейді. Әсіресе көп жазған жылдары -1886, 1889, 1895 жылдар.
1886 жылы 17 өлең, 1889 жылы 27 өлең (оның сегізін орысшадан аударған), 1895 жылы 13 өлең жазды.
Абай алғашқы кезде өз өлеңдерін досы, замандасы Көкбай ақынның атымен жариялап, 1886 жылдардан ғана бастап өз атымен шығарған. Сөйтіп, өлеңді өзінің мамандығы етуі осы жылдардан басталады. Абай өмірін зерттеушілердің бәрі де мұны мойындайды. Абайдың көп өмірінің ел басқару ісіне жұмсалынып, сөз ұстап, билік істерін атқаруы Абайдың өлеңдерінің жылдары үзіліп қала беруінің негізгі бір себебі осында екенін аңғартады.
Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі 40 жасынан бері қарай. Оған шейін білім іздеуден қол үзбегенмен, өлеңді жүрдім-бардым ғана жазып келсе, 40 жасынан бастап творчествоға түгелдей беріледі.
Өз айналасындағы ру тартысынан, ескіліктен, надандықтан жеріне бастаған дана ақын өз елін ел етуді ойлайды да, осының жолын іздейді. Ақын солардың барлығына қаламмен күрес ашу деген қорытындыға келеді. Алдына зор мақсат қойған ақын ұлы орыс халқының бай мәдениетін меңгеруге белсене кірісіп, орыс тілі, орыс әдебиетімен шұғылданады.
Абайдың орыс мәдениетіне құлшына кірісуінің екі түрлі себебі болды. Біріншіден, Абай қазақ елін шығыс схоластикасының ықпалынан мүлде шығарып, тура орыс мәдениетін алу, сондықтан қазақ даласында орысша мектеп ашу, молда, қожаларға патша үкіметі тарапынан берілген кейбір праволарды қайтып алып, оларды тізгіндеп ұстау, олардың правосын уезд, болыстарға беру жөнінде өз пікірін ғылыми түрде дәлелдеген Шоқан Уәлиханов пен онан кейінгі өзінің замандасы Алтынсаринның бағытын Абай дұрыс деп ұқты. Екіншіден, бұл кезде ұлы орыс халқының әдебиеті дүниежүзі мәдениетінің алтын қазынасының қатарына қосылып қана қойған жоқ, Европаға өзінің революцияшыл әсерін тигізді. Батыстың кері әдебиетін басып озды. ХІХ ғасырдағы орыстың кейбір жазушылары жамылған европалық шапанын шешіп тастап, орыс әдебиеті мазмұнына түрі сай, өзінің ұлттық қалпында дүниелік сахнаға шықты.
&&&
$$$002-003-100$Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы
-
"Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін талдау
-
Абайдың ағартушылық қызметі
-
Ұлы Абайдың гуманизмі
&&&
$$$002-005-000$3.2.5 Дәріс №5. Абайдың эстетикалық тағылымы.
Халықпен біте қайнасып, заманының дерті мен қуанышын онымен бөліскен Абай озық көзқарас, жаңа өмірдің иесі болатын. Орыстың ерікшіл, озық мазмұнды поэзиясынан нәр алу да Абайды рухани қанағаттандырып, оның өнерге деген жаңаша көзқарасының орнығуына ықпалын тигізді. Өленді өнер, өнер болғанда да өмір танытудың, сөйтіп, көпке тағылым айтып, жол көрсетудің құралы деп түсінді Абай.
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" 1886 атты өлеңінде ол поэзияға қоятын өзінің көркемдік-суреткерлік талабын тұжырымдай келе, ақынның, поэзияның қоғамдық қызметін айқындап береді.
&&&
$$$002-005-001$3.2.5.1 Ақынның эстетикалық көзқарастары
Абай - ұлы лирик ақын. Оның мұрасының басым көпшілігі - лирикалық өлеңдер. Ол өлеңдерінде өз заманының қасіретін - білім, өнер іздемей, өтірік пен өсек қуған, байлық пен мансапты қуған замандастарының кейпін, қарапайым халықтың ауыр тағдырын, "ел ағаларының" болмысын шынайы бейнеледі. Ақындық тұлғасы орыс өмірінің шындығына берік табан тіреген алдыңғы қатарлы реалистік орыс поэзиясының тікелей әсерімен қалыптасқан ол қай тақырыпты жазбасын, реалистік әдісті берік ұстанды, қазақ тіршілігінің тынысын боямасыз беруді мақсат етті.
Абай лирикасы - ақынның "қалық елім, қазағым, қайран жұртым" деп ел қамын ойлаған, озбырлық пен надандыққа қарсы күрескен азаматтың асыл жүрегінің лүпілі, кең өріске беттемей кежегесі кейінге тартқан халқының күйкі халіне күйінуі...
Ақын лирикасының тақырыптары сан-алуан: оқу-білім, ғылым, адамгершілік, еңбек, әлеуметтік, сатиралық, табиғат, достық-махаббат, өнер...
&&&
$$$002-005-002$3.2.5.2 Қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары
Өз кезінің үлкен мәдениетті және талантты ақыны Абайдың оны білмеуі, көрмеуі мүмкін емес еді. Абай көре де, түсіне де білді. Оның үстіне Абай Семейге айдалып келген орыстың халықшыл демократтары: Михаэлис, Долгополов, Гростармен танысып, өзінің сол бағытын бұрынғыдан гөрі де ұштай түседі. Орыс мәдениетіне тереңдеп, Чернышевский, Белинский, Добролюбов, Салтыков, Толстой, Пушкин, Лермонтов шығармалары, Аристотель, Сократ, Платон, Гоголь еңбектерімен танысады. Орыстың демократтары мен ұлы классик жазушыларының даналық еңбектерімен танысуы, батыс философтарының еңбектерін оқуы және өз кезіндегі шаруашылық-әлеумет өміріндегі болып жатқан әртүрлі өзгерістерді сезіну, ұғыну жиынтығы келіп, Абайдың өмірге көзқарасына, ой-санасына үлкен өзгеріс кіргізеді. Абайдың өзі айтқан «Шығысым - батыс, батысым шығыс болды» дейтін сөзінің терең сыры, міне, осында.
&&&
$$$002-005-003$3.2.5.3 Абайдың махаббат тақырыбына арналған өлеңдерінің тәрбиелік мәні
Қазақтың әлеуметтік өміріндегі ескі феодалдық көзқарасқа, кертартпа, надандық, жалқаулықтарға қарсы күрес ашып, бұл жөнінде көп өлең жазған жылдары осы 1886 жылдардан басталады. «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр» тәрізді оқу, өнер, адамгершілікке үндеген «Қалың елім, қазағым», «Байлар жүр жиған малын қорғалатып», «Адасқанның алды жөн» сықылды әлеумет өмірінің әртүрлі жақтарына арналған өлеңдері де осы жылдары шығарылған. 1886 жылдардан бастап бұрынғы ел әңгімесінен аулақтап, өз еңбегін түгелдей ел игілігі үшін жұмсауға бел буғанына Абайдың өз сөзі айғақ.
«Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік, айтыстық, жұлыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік, енді жер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық, істеп жүрген ісіміздің бәрі баянсыз, байлаусызын көрдік, бәрі - қоршылық. Ал қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай, өзім де қайранмын... Ақыры ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым. Енді бұдан басқа еш жұмысым жоқ».
&&&
$$$002-005-100$Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Ақынның эстетикалық көзқарастары
-
Қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары
-
"Өлең – сөздің патшасы, сөз - сарасы" атты өлеңіндегі мазмұн мен түр туралы ұғым
-
Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны
-
Абайдың махаббат тақырыбына арналған өлеңдерінің тәрбиелік мәні
&&&
$$$002-005-000$3.2.6 Дәріс №6. Абайдың эстетикалық тағылымы.
Халықпен біте қайнасып, заманының дерті мен қуанышын онымен бөліскен Абай озық көзқарас, жаңа өмірдің иесі болатын. Орыстың ерікшіл, озық мазмұнды поэзиясынан нәр алу да Абайды рухани қанағаттандырып, оның өнерге деген жаңаша көзқарасының орнығуына ықпалын тигізді. Өленді өнер, өнер болғанда да өмір танытудың, сөйтіп, көпке тағылым айтып, жол көрсетудің құралы деп түсінді Абай.
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" 1886 атты өлеңінде ол поэзияға қоятын өзінің көркемдік-суреткерлік талабын тұжырымдай келе, ақынның, поэзияның қоғамдық қызметін айқындап береді.
&&&
$$$002-005-001$3.2.6.1 Ақынның эстетикалық көзқарастары
Абай - ұлы лирик ақын. Оның мұрасының басым көпшілігі - лирикалық өлеңдер. Ол өлеңдерінде өз заманының қасіретін - білім, өнер іздемей, өтірік пен өсек қуған, байлық пен мансапты қуған замандастарының кейпін, қарапайым халықтың ауыр тағдырын, "ел ағаларының" болмысын шынайы бейнеледі. Ақындық тұлғасы орыс өмірінің шындығына берік табан тіреген алдыңғы қатарлы реалистік орыс поэзиясының тікелей әсерімен қалыптасқан ол қай тақырыпты жазбасын, реалистік әдісті берік ұстанды, қазақ тіршілігінің тынысын боямасыз беруді мақсат етті.
Абай лирикасы - ақынның "қалық елім, қазағым, қайран жұртым" деп ел қамын ойлаған, озбырлық пен надандыққа қарсы күрескен азаматтың асыл жүрегінің лүпілі, кең өріске беттемей кежегесі кейінге тартқан халқының күйкі халіне күйінуі...
Ақын лирикасының тақырыптары сан-алуан: оқу-білім, ғылым, адамгершілік, еңбек, әлеуметтік, сатиралық, табиғат, достық-махаббат, өнер...
&&&
$$$002-005-002$3.2.6.2 Қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары
Өз кезінің үлкен мәдениетті және талантты ақыны Абайдың оны білмеуі, көрмеуі мүмкін емес еді. Абай көре де, түсіне де білді. Оның үстіне Абай Семейге айдалып келген орыстың халықшыл демократтары: Михайлэс, Долгополов, Гростармен танысып, өзінің сол бағытын бұрынғыдан гөрі де ұштай түседі. Орыс мәдениетіне тереңдеп, Чернышевский, Белинский, Добролюбов, Салтыков, Толстой, Пушкин, Лермонтов шығармалары, Аристотель, Сократ, Платон, Гоголь еңбектерімен танысады. Орыстың демократтары мен ұлы классик жазушыларының даналық еңбектерімен танысуы, батыс философтарының еңбектерін оқуы және өз кезіндегі шаруашылық-әлеумет өміріндегі болып жатқан әртүрлі өзгерістерді сезіну, ұғыну жиынтығы келіп, Абайдың өмірге көзқарасына, ой-санасына үлкен өзгеріс кіргізеді. Абайдың өзі айтқан «Шығысым - батыс, батысым шығыс болды» дейтін сөзінің терең сыры, міне, осында.
...
&&&
$$$002-005-003$3.2.6.3 Абайдың махаббат тақырыбына арналған өлеңдерінің тәрбиелік мәні
Қазақтың әлеуметтік өміріндегі ескі феодалдық көзқарасқа, кертартпа, надандық, жалқаулықтарға қарсы күрес ашып, бұл жөнінде көп өлең жазған жылдары осы 1886 жылдардан басталады. «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр» тәрізді оқу, өнер, адамгершілікке үндеген «Қалың елім, қазағым», «Байлар жүр жиған малын қорғалатып», «Адасқанның алды жөн» сықылды әлеумет өмірінің әртүрлі жақтарына арналған өлеңдері де осы жылдары шығарылған. 1886 жылдардан бастап бұрынғы ел әңгімесінен аулақтап, өз еңбегін түгелдей ел игілігі үшін жұмсауға бел буғанына Абайдың өз сөзі айғақ.
«Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік, айтыстық, жұлыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік, енді жер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық, істеп жүрген ісіміздің бәрі баянсыз, байлаусызын көрдік, бәрі - қоршылық. Ал қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай, өзім де қайранмын... Ақыры ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым. Енді бұдан басқа еш жұмысым жоқ».
&&&
$$$002-006-100$Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тесттер}
...
&&&
$$$002-007-000$3.2.7 Дәріс №7 Сатиралық лирикасы.
Абайдың 80-жылдардың аяғына қарай жазған бірсыпыра өлеңдерінде сатиралық сипат басым. Заман шындығы мен замандастарының бойындағы сорақы мінездерді ақын енді жекелеген нақты адамдардың - ел билеушілердің образдары арқылы айқын бейнелеп береді. "Мәз болады болысың", "Болыс болдым мінеки" өлеңдері әлеуметтік өткірлігімен, қоғамдың құбылыстарды батыл әшкерелеушілік пафосымен Абайдың сыншыл реалист ретінде қалыптасқан ақындық биігін танытатын белгілі туындылары.&&&
$$$002-007-001$3.2.7.1 Абай шығармалары-ақын заманының шежіресі
Ақын "ә" дегеннен өз өмірінің өкінішін - жас шағында ізденіп, орыс оқуын, ғылымды қуа алмағанын, кейін есейгенде оны игерудің қиынға түсетінін жастарға ескертеді. Жас шағың - білім, ғылым қуатын дер шағың, оны босқа өткізбеу керек дей келіп, өз балаларын жастайынан оқуға беру арқылы өкініш орнын толтыруға ұмтылғанын айтады.
Абайдың ұлы Мағауияны, қызы Гүлбаданды Семейдегі орыс мектебінде оқытқаны, ал сүйікті ұлы Әбдірахманның Томск училищесі мен Петербургтегі артиллерия училищесін үлгілі аяқтағаны мәлім.
Ақынның балаларын оқуға бергендегі мақсаты да барынша айқын:
Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Демек, орысша оқудағы, жалпы білім алудағы мақсат-қызмет, шенге ие болу деген қалыптасқан теріс ұғымды жоққа шығара отырып, ақын білім, өнерді халыққа арнау қажеттігіне көпшілік көңілін аударады. Бұл ақынның анық халыктың, демократтық позициясын таныта-тын қорытынды.
&&&
$$$002-007-002$3.2.7.2 Абай шығармаларында қазақ даласын отарлаудың бейнеленуі
Бұның негізгі екі түрлі себебі болды. Бірінші, патша үкіметінің қазақтың жерін әбден отарлап алып, өз дегенін жасап, бұрынғы ру тартысын штат сайлауларымен үрлеп жандырып, ел бірлігін мүлде іріту саясаты болса, екінші, ескі феодалдық құрылысты ығыстыра кіре бастаған капитализм элементі, онымен байланысты ене бастаған әртүрлі жаңалықтар, қысқасы, осылар тәрізді қайшылық қарым-қатыстар еді. Абай, сөз жоқ, жаңалықты қолдады. Жаңа байлардың халықты қанауына қарсы шықса да, оны мықтап шенесе де, қазақтың орыс халқымен араласуы, ол арқылы қазақ даласына жайыла бастаған мәдениеттің, прогрестік идеяның қырдағы жетекшісі болды. Өз кезіндегі Шортанбай, Әубәкір ақындар тәрізді сарыуайымға түспей, болашақты алдынан күтіп, халқын оқуға, өнерге, ғылымға шақырды. Шын мәнінде халық қамқоршысы болды.
Ыбырай (Абай) жас жолбарыс жүректенген,
Дұшпанға арыстандай білектенген.
Өзінің заманында бозбаласы,
Перінің жігітіндей іріктенген.
Ей, Сара, қай кісің бар оған жетер,
Өнерін көрген жанның есі кетер.
Адамның жалғыз басты білімпазы,
Оны да жамандайсың, Найман, бекер, - деп өзінің замандас ақыны Біржан оны осылай дәріптеді.
&&&
$$$002-007-003$3.2.7.3 Абайдың әлеуметтік тақырыпқа арналған шығармалары
Ел арасындағы дау-шар, әртүрлі ру тартысы тәрізді әңгімелерден аулақтап, орыс мәдениетін зерттеп, оны өз халқының пайдасына асыруға күш салуы, творчествоға берілу, халықтық ірі-ірі мәселелерді көтеріп, өзі айтқандай, «Әкесінің ұлы болмай, адамның ұлы болуы» жұрт алдында оның беделін, даңқын бұрынғыдан да күшейте түседі. Елі үшін оның еткен күрделі істері Абайды жалғыз қазақ Абайы емес, қанаттас, іргелес және басқа елдердің де Абайы етеді. Әртүрлі себептерден Россиядан айдалып келген сол кездегі халықшылдар, оқымысты, жазушылар - бәрі де Абайды өзіндік санап, достасып кетті. Бәрінің де ат маңдайын тірейтін жері Абай болды. Бұған дәлел ретінде Долгополовтың арызы мен Тұраштың ескерткішін келтіруге болады.
Семейдің соғыс губернаторы мырзаның ғұзырына
(Нифонт Долгополовтан)
Өтініш
«Жүрек ауруы және безгек науқасымен менің денсаулығым өте төмендеп кетті. Оны жөндеу үшін жазғы айларда қаланы тастап, қырға шығып қымыз ішсем, таза ауаны пайдалансам деймін. Сол себепті өте кішілік етіп, сіздің ғұзырыңыздан Шыңғыстау болысы Құнанбай Өсенбаевтың ауылына баруға 15 августқа шейін ұлықсат етуіңізді сұраймын»1.
Семей, 4 июль, 1885 жыл
(Н.Долгополов)
Сонымен қатар, басқа көршілес елдердің де патшаға наразы кейбір адамдары, өз елдерінің бай-феодалдарына қарсы болғандар да Абайды паналайды. «Жыл сайын Үркіттен қашқан, көбінесе Кавказдағы Дағыстанның, Түріктің айдалған адамдары бірден, екіден келіп, кейі қыстап, кейі бір-екі ай жатып тынығып, бір-бір ат мініп кетеді. Осындай ат мініп кеткен қашқындардың менің көзім көргендегісі 15 шамалы», - деп жазды өзінің баласы Тұраш2. Бұлар тәрізді фактілер Абай өмірінде көп. Басқаларын айтпағанда, осы екеуінің өзі-ақ Абай тек қазақтың ғана емес, басқа елдердің де жақсыларына ортақ Абай болғандығын толық дәлелдейді.
&&&
$$$002-007-100$Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Абай шығармалары-ақын заманының шежіресі
-
Абай шығармаларында қазақ даласын отарлаудың бейнеленуі
-
Абайдың әлеуметтік тақырыпқа арналған шығармалары
-
"Мәз болады болысың", "Болыс болдым мінеки" өлеңдері
&&&
$$$002-008-000$3.2.8 Дәріс №8. Табиғат лирикасы.
Абайдың ақындық мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал еткен өнеге мектебінің бірі — орыстың реалистік әдебиеті екені мәлім. Бұл әсер-ықпалдың ақынның ағартушылық, саяси әлеуметтік, сатиралық тақырыптағы шығармаларынан байқалатыны жоғарыда айтылды. Осындай игі әсер Абайдың табиғат мезгілдерін жырлаған туындыларынан да танылады. Абайға дейін қазақ әдебиетінде табиғат лирикасының кең өрісте қалыптаспағанын ескерсек, ақынның бұл саладағы өлеңдерінің тек тақырыптық тұрғыдан ғана емес, көркемдік, шынайылық жағынан да үлкен жаңалық, жетістік екені көрінеді.
&&&
$$$002-008-001$3.2.8.1 Абайдың табиғат лирикасы
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың зор еңбегінің бірі - жастарды, әсіресе болашақ ел өмірімен байланысты ақын-жазушыларды тәрбиелеу. Орыс, шығыс, батыс елдерінің мәдениетіне сүңгіп, түбінен керекті маржанын теріп ала білген ақын және елін өнер-білімге үндеп, жастарды оқуға сүйреді. Балаларын орысша мектептерде оқытып, олардың жоғары дәрежелі білімі бар адам болуларын талап етті. Адамгершілік, жақсы мінез-құлыққа тәрбиеледі. Ақындарына өзі тақырып беріп, әр халықтың өмірінен поэмалар жаздырып, өзі олардың сыншысы болды. Мағауияға «Медғат-Қасым», Ақылбайға «Қисса Жүсіп», тағы басқаларға осылар тәрізді өлең-жырлар жаздырды. Өзі Пушкин, Лермонтов, Крыловтардан өлең аударып, жас ақындарға солардың өлеңдерін үлгі етті.
Абайдан кейінгі қазақ ақындарының көпшілігі қазақтың өз әдебиетінің шеңберінде қалып қоймай, орыс, шығыс, батыс әдебиеттеріне еліктеулерінің негізгі бір себебі - Абайдың әсері, Абайдың үлгісі болатын.
Қазақ халқының жаңа әдебиетінің, әдеби тілінің негізін салушы, қазақтың өлең құрылысын бұрынғы қалпынан өзгертіп, әлденеше жаңа түр кіргізуші, өзінің даңқты ұлы еңбектерімен қазақ халқын басқа елдердің мәдениетімен қоян-қолтықтастыруға басшылық еткен, елін мәдениет, білім, өнерге шақырып, сол жолда бойындағы бар асылын аямай жұмсай біліп, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге қалдырған қазақтың ұлы ақыны Абай 1904 жылы 23 июньде қайтыс болды. Абай - әдебиетіміз тарихында ең көп зерттелген ақын. Оның өмірі мен творчествосы туралы бірнеше кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Маңызды монографиялық еңбектер дүниеге келді. Ол жөнінде жазылған мақала-еңбектердің саны үш мыңнан астам болуының өзі-ақ ақын шығармаларының қалай зерттелуін аңғартады. Абай творчествосы тақырыбы, өмірге көзқарасы, оқырмандар жұртшылығының алдына қойған мәселелері сан алуан. Тек әдебиетші, тілшілер ғана емес, тарихшы, педагог, психолог, философ, искусство мамандары үшін де оның еңбектерінде ғылыми зерттеулерге қазық та, азық та болатын жақтары аз емес. Кейбір талапты жастар Абайдың этикалық, эстетикалық көзқарастарын тақырып етіп еңбектер жазып, Москва, Алматы ғылым кеңестерінде диссертациялар қорғап, кандидаттық дәрежелерге де ие болды. Ақынның ұрпақтарына қалдырып кеткен асыл мұраларындағы ой-пікірлерінің қаншама тереңдігін осы фактілердің өзі-ақ дәлелдейтін тәрізді.
Абай - ең алдымен үлкен реалист. Ол өз дәуірінің барлық жағын туындыларында айқын суреттей білді. Кезінде өз дәуіріне тән тарихи-әлеуметтік, таптық келелі мәселелерді көре білумен қатар, кейбір детальдарға дейін байқап, оларды өз шығармаларында сәулелендіре білді. Сөйтіп ақын творчествосы өз заманының айнасы болды.
&&&
$$$002-008-002$3.2.8.2 Абайдың жыл мезгілдері туралы толғаныстары
Абай өмір сүрген ХІХ ғасырдың екінші жарымы қазақ өмірінде қайшылықтары мол, қиын кезеңдер еді. Ескі феодалдық құрылыстың іргесі сөгіле бастауы, қазақ даласына сауда капитализм элементтерінің қанат жаюы, Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде екі халықтың шаруашылық және мәдениеті жақтарынан қоян-қолтық келуі, патша өкіметі чиновниктерінің қазақтың өз ортасынан шыққан бай-феодалдармен ауыз жаласып, қара халықты қосыла қанауы, сонымен қатар, сол кезде ішкі Россияда болған революцияшыл-демократтық қозғалыстардың қазақ интеллигенциясына тигізген демократтық-ағартушылық әсерлері сияқты толып жатқан жаңалықтар көп болатын.
Абай осы тәрізді қайшылығы зор кезеңде өмір сүріп, тарихтың ауыр жүгін арқалауға мәжбүр болса да, кемеңгер ақын заман ағымын дұрыс түсініп, сол қос қыртыс жағдайларда өз халқының келешегі үшін қажетті жағдайларды дұрыс ұғынды. Ақын ғасырлар бойы созылған феодалдық құрылысқа да, өз ісіне де сын көзімен қарап, өз халқының ілгерілеуіне бөгет болып отырған не деген сұрақ қойды да, өз туындыларында осыларға жауап беруге тырысты. Ең алдымен ол феодалдық құрылыстағы ру тартысы, қараңғылық, пәлеқорлық, ала ауыздық, жалқаулық, т.б. осылар сықылды жағымсыз жайттарды көре білді. Қазақ халқының ілгері дамуы, басқа елдің қатарына жетуі үшін тұсау болып отырған бір алуан жайттар осылар екендігін аңғарды да, ондай іс-әрекеттерге барынша қарсы шықты, қаламы арқылы майдан ашып, өлтіре мысқылдап, әр алуан зұлымдықтарды түп-тамырымен жоюды көздеді.
&&&
$$$002-008-003$3.2.8.3 Табиғат лирикасының көркемдік ерекшелігі
«Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап кигенім шидем шекпен.
Жейде, дамбал ақсаңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптеткен..», - деп, сол кездегі өмірдің жұпыны түрін суреттейді. Сөйтіп, бұл қалыпта қала беруге енді болмайды, мәдениетке қарай аяқ басу керек деген қорытынды шығарады:
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін,
Алтыбақан ала ауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған мінейді!.. - деп, ел бойындағы, әсіресе үстем тап адамдарындағы ұсақ, пәлеқор мінездерді әшкереледі.
Бір-ақ ырғып шығам деп,
Бір-ақ секіріп түсем деп,
Мертігеді, жатады,
Ұрлықпен мал табам деп,
Ерегессе ауыл шабам деп,
Сөйтіп құдай атады.
Күншілдік, шамасын білмес мақтаншақтық, өтірік, өсек, кербездік, жалқаулық сол кездегі ауыл өміріндегі әдеттер еді. Әсіресе ұлыққа арқа сүйеген пәлеқор пысықтардың сұрқиялығы шектен асқан-ды.
&&&
$$$002-008-100$Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}
...
&&&
Достарыңызбен бөлісу: |