Раздел 4.1кылмысты саралау.doc
— 483.00 Кб
Коллизия –екі немесе одан да көп нормаға тәуелді түрде, нақты ресмиленген факті болып табылады. коллизия норма арасындағы олардың келісімінсіз тұрпаты. Нормалар бәсекелестігінде коллизия ұғымы кездеседі. Бұл тұрғыда бір норма- екінші нормаға ұқсас емес, тіпті үшінші нормаға да ұқсамайтын әрекетін саралау. Нақты заң бойынша жалпы нормалар мен арнайы нормалар арасында дұрысын тандай, ескерілмеген. Сондықтан, бұл жерде оны қалай таңдау керек деген сұрақ туады. Әрине теория көмекке келеді. Яғни біз арнайы норманы қолданамыз. Жалпы норма коллизияда теріс салдары үшін резервте тұрады. Тәжірибе тұрғысында арнайы норманы қолдану барлық уақытта өзін-өзі ақтайды. Егерде арнайы нормалар өзара бәсекеленсе онда өкілеттік жеңілірек жаза көрсетуші нормаға көбірек көңіл бөлінеді, яғни ізгілік қағидасымен айқандалады [36,55б]. Қазіргі норма қарау барысында көбінесе ауырлататын мән-жайлар мен жеңілдететін мән-жайлар өзара бәсекеге түседі. Мысалы, адамды аффект кезінде өлтіру (98-бап) болса, бұл кезде 96-баптың 2- бөлігінің 2-тармағы да ауырлататын мән-жайлар ретінде көрсетіліп қойған. Немесе 99-бапқа сай қажетті қорғану шегінен шығу кезінде адам өлтіру және ауырлататын мән-жайлар болса, онда 96-баптың 2-бөлігінің 2-тармағы ауырлататын мән-жайлар ретінде көрініс табады.
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ САРАЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қылмыстық заң- қылмыстық саралаудың негізі
Қылмыстық құқық нормалардың бәсекелестігінде саралау, яғни нормаларды дұрыс саралау келесі қағидаларды ұстанғанда ғана жүзеге асырылады;
-
іс әрекетті тезара зерттеу мен белгілерін анықтау;
-
ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімді қолдана білу;
-
іс-әрекет етуші заңды түгелдей, толық түсіну.
Жалпы және арнайы норма. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқықтық нормада-бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы: [314-бап] қызмет жөніндегі жалғандық. Басқа жағдайларда ҚК бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылады. Мысалы, ҚК 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген. Тарихи тұрпатына сүйенсек, арнайы норма лауазымды тұлғаларды көрінеді. ҚК он үшінші тарауы Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар арнайы норма болып табылады. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары көрсетілген. Қылмыстық құқықтық қылмыстық осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан. 1960 жылға дейін қолданылған ҚК ұқсастығы бойынша, яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілген іс-әрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Бұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеп соғады. ҚР 1995 жылғы жаңа Конституциясында, осыған орай жаңа ҚК қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген. Адамның қылмыстық құқықтық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Құқыққа қайшылықта нормабәсекелестігі,яғни жалпы және арнайы норма түрінде қолданылады. А.Н. Трайниннің пікіріне жүгінсек : «Арнайы құрам былайша айтқанда, қылмыстың түрлік белгісінен алынады». А.Н. Ағыбаевтың пікіріне сүйенсек, қылмыстың түрлік белгілері дегеніміз- барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекеленген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан да олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.б.) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі- оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы- тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқықтық нормада көрсетіледі. Бұл жерде норма бәсекелестігі болмайды. Толық және бөлшек нормалардың бәсекелестігі қылмыс элементтерінде қаралады. Олар объектісі, объективтік жағы, субъектісі, субъективтік жағы. Қылмыстың объектісі бойынша, мысалы абайсызда адам өлтіру [101 бап] 1997 жылғы ҚР ҚК бойынша абайсыздықта адам өлтіріп алу адам өлтірудің түсінігіне жатпайды, ол өз алдына жеке қылмыс болып табылады. Мұның адам өлтіруден негізгі айырмашылығыөлімнің болуына қатысты кінә нысанының өзгешелігінде. Екінші, еңбекті қорғау ережелерін бұзу [152-бап] осы баптың 2-бөлігі абайсызда адам өлтіруге әкеп соққан әрекет болса, яғни екінші норма арнайы болып табылады, осы ретте бәсекелестік кезінде көрсетілген баптарды 152-бабы қолданады. Қылмыстың объективтік жағы бойынша көптеген нормалар бәсекелеседі. Мәселен, қарақшылықтың [179-бап] объективтік жағы- адамның өмірі мен денсаулығына қауіп күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолдану мен қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгіленеді. Осыған орай қарақшылықтың объектвитік жағы негізінен екі әрекет арқылы: шабуыл жасау және күш көрсету арқылы жүзеге асырылады. Тонау [178-бап] объективтік жағынан белсенді әрекет күйінде бөтеннің мүлкін ашықтан- ашық талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Объективтік жақтың белсенділігін В.Н. Кудрявцев үшке бөліп қарастырады.
-
іс-әрекетте тек ғана олардың біреуінен көрініс, яғни екі немесе оданда көп нормалардың бірлестігінен;
-
қылмыстық зардап, белгілі бір нормадан көрініс тапса;
-
белгілі бір норма,қарама-қайшылықты іс-әрекеттен көрінсе.
Ал субъектісі және субъектитвік жағы бойынша қылмыстың субъектісінің толық және бөлшек норма бәсекелестігі жалпы және арнайы норма бәсекелестігіне толық ұқсас болады. Мысалы, төмендегі норма бәсекелестігін ұсынамыз: пара алу және осы баптың 3-бөлігі жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер, әскери қылмыстар [366-бап] және [369-бап] бастыққа қарсы күш қолдану әрекеттері. Осы келтірілген мысалдардың субъектісі арнайы субъект. Қылмыстың субъектісінің өзі жалпы және арнайы болып бөлінеді. Есі дұрыстық заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болуы сияқты белгілер барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді. Жалпы субъектінің осы белгілері мен қатар жекеленген қылмыстың құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. Мысалы, мемлекеттің қызмет мүддесіне қарсы қылмыстың барлығы дерлік арнаулы мемлекеттік қызметшілер арқылы істеледі. Бұл жерде мемлекеттік қызметші арнаулы субъект болып табылады. Әскери қылмыстарды тек әскери қызметшілер істейді, сондықтан әскери қызметшілер де қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.
Субъективтік жағының норма бәсекелестігі қылмыстық-құқықтық теорияда өте аз зерттелген. Қылмыстың субъективтік жағының негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан дүниесінде орын алған ішкі өзгерістер, оның санасымен еркінің өзара байланысы бейнелеп береді. Осы аталған белгілердің қылмыстық құқықтық норма бәсекелестігінде тигізетін маңызы өте зор. Сонымен норма бәсекелестігінде қылмысты саралауды қорыта келсек, біріншіден, норма бәсекелестігі- нақты бейне. Қылмысты дұрыс саралауда тигізетін пайдасы өте көп, сонымен қатар қылмыстық құқықтық норма бәсекелестігінде саралауда төмедегідей талаптар орындалуы тиіс: Бірінші талап – жасалған қылмыстардың белгілерін ресмилендірген жағдайда толық, терең зерттеу қажет. Екінші талап- қылмыстық заңның нормаларын дұрыс қолданып қолданыстағы қылмыстық құқықтық нормалардың жүйесін терең талдау қажет. Норма бәсекелестігінде көптеген қателіктер қылмыстық құқықтың жүйесін білуден жіберіледі. Іс-әрекеттің дұрыс саралау үшін норма бәсекелестігінің көлемі, мазмұны жағынан толық, норманы қолдануымыз қажет. Ал санкцияның балама рөлі қылмыс құрамымен салыстырғанда норма бәсекелестігінің жалпы және арнайы нормасынан айқындалады. Мәселен, [314-бап] қызметтік жалғандық жасау ең көп жауапкершілікке екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал [327-бап] өзінші билік ету үшін немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал ауырлататын жағдайда жеті жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Санкция норма бәсекелестігінің сұрағы шешілгеннен кейін беріледі. Іс-әрекетті дұрыс саралау үшн, қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін істің нақты мән-жайын, сондай-ақ қылмысты қылмыс емес әрекеттен, бір қылмысты екінші қылмыстан айыруға мүмкіндік беретін құрам нышандарын жақсы білуіміз қажет. Қылмыстық норма бәсекелестігі саралауда маңызы ерекше рөл атқарады. Қалай болған күнде де әрекетті неғұрлым толықтай әрі дәл сипаттай алатын норманың қолданылатыны заң.
2.2 Қылмыс құрамы- қылмысты саралаудың заңдылық үлгісі
Қылмыстық- құқықтық теорияда қылмыс құрамы толық көлемде зерттелген. Қылмыстың құрамы толық танырлықтай жинақтап қорыту негізінде қылмыстық заң дұрыс қолданылады, оның нышаны қылмысты дұрыс саралауға жетелейді, яғни қылмысты дұрыс саралаудың қаншалықты маңызды екенін, жасалған қоғамға қауіпті әрекеттің нышандарын әлеуметтік заң тұрғысынан дәл таңдау арқылы қамтамасыз етілетін түсінік. Біріншіден, қылмыстың құрамының түсінігі, маңызына тоқталсақ, ғалымдардың бұл салаға қатысты пікір-таластар жеткілікті. Мәселен, А.Н. Трайнин, В.Н. Кудрявцев, Н.Д. Дурманов, В.М. Чхиквадзе, А.А. Пионтковский, А.И. Санталов, А.А. Герцензон, М.Н. Меркушев, М.И. Ковалев т.б. Я.М. Брайнин: «Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің айқындалған белгілерінің қылмыстық заңда бекітілген жиынтығы қылмыстың құрамы болып табылады», - деді [50,80-91б] А.А. Пионтковский, қылмыстың құрамы дегеніміз- жекелеген, жеткілікті қылмыстың көрсетпесі, яғни жасалған қылмыстың белгілерінің заңды түрде айқындалуы. Осыған орай, қылмыстық құқықтық азаматтардың заң алдындағы теңдік қағидасы пайда болған, деген пікір ұсынды [51,106б]. А.Н. Трайниннің пікіріне жүгінсек, Қылмыстық заңның Ерекше бөлімі жүйесінде қылмыстық құқықтық норма түзіледі, қылмыстық құқықтың нормалары диспозициясымен қылмыстың құрамының бірлігі туралы, бірде-бр тұжырым жоқ, осыған орай қылмыс құрамының белгілері қылмыстық құқықтық түсінікте заңға жүгіне отырып Ерекше бөлімнің норма диспозицицсын құрайды [58,83б]. Осыған орай, Я.М. Брайнин пікіріне сүйенсек, «Қылмыстық заңның диспозициясы барлық жағдайда қылмыстың белгілерінен көрініс таппайды» [54,93-94б]. Шынында, Қылмыстық заңның Ерекше бөлімі мен Жалпы бөлім диспозициялары әр түрлі айқындалған, мәселен жай диспозицияға қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы диспозицияның артықшылығында дау жоқ. Жай диспозицияда қылмыстың нақты белгілері ашылмайды, тек атын ғана атап қояды, ал сипаттамалы диспозиция қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде нақтылап көрсетеді. В.Н. Кудрявцевтің пікіріне жүгінсек, «Қылмыс құрамы белгілі ережеге сәйкес диспозицияның көлемінен ауқымдырақ» деген қорытындыға келеді [27,76б]. А.А. Пионтковский «Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың белгілерінің жиынтығы реттелетін қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі қылмыс құрамын құрайды», - деген тұжырымның қорытындылады [55,89б]. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Мәселен, Е. Алаухановтің пікірінше, қылмыс құрамы деген ұғым нақты қылмыс, құрамдарының нышанын анықтау және жинақтап қорыту негізінде пайда болады, яғни қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды [56,23,28б]. А.Н. Ағыбаевтің пікіріне сүйенсек, «Қылмыс құрамы деп- қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз деп көрсетеді».
Біздің ойымызша соңғы пікірлер қылмыс құрамының анықтамасын толық береді, өйткені қылмыс құрамының белгілері және элементтері өз жиынтығында қылмыс деп аталатын нақтылы қоғамға қауіпті іс-әрекетті көрсетеді. Әрбір қылмыстық іс-әрекет адамның жүріс-тұрысының объективтік және субъективтік қасиеттерінің бірлігін көрсетеді. Екіншіден, қылмыс пен қылмыс құрамының байланысына олардың өзара мазмұнына, бағытына тоқталсақ, қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты. Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық құқықтық түсініктер өйткені олардың бағыты әр түрлі, өзара мазмұны да әртүрлі. Жоғарыдағы пікірге қарсы тұжырымдар қылмыстық құқық теориясында жеткілікті. Мәселен: А.А. Пионтковский қылмыс пен қылмыс құрамын мазмұны жағынан да, бағыты жағынан да құқықтық мағыналар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан оларды даралауға болмайды бір жағынан ұғымы ұқсас емес, оларды араластыруға болмайды. Қылмыстың өзіне де құрамына да саяси сипаттама деген баға береді, ол оның құқықтық түсінігі құрамымен айқындалады,- деген қорытындыға келеді.
Біздің ойымызша бұл пікір қате, өйткені қылмыс пен қылмыс құрамы өзара ұқсас болғанымен, бірдей ұғым емес. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 9-бабында қылмыстың ұғымы берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз – адамның әлеуметтік құқықтық, қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекет болып табылады. Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады, бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып түсіндіріледі, яғни қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызатынын білдіру. Қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген санкция бойынша анықталады [55,24б]. Қоғамға қауіптілік қылмыстың объективтік белгісі, осыған орай қылмыстың объективтік жағын қарастырғанда толық түсінік береміз. Адамның қылмыстық құқықтық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық кінәлілік және жазаланушылық. Кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ. Кінәнің белгілі түрі болмаса, ол қылмыста жауаптылық та, жазаланушылық та болмайды. Кінәлілік белгісін төменгі тарауларда толық танырлықтай ашамыз. ҚР ҚК өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалықсаяси өзгерістерге сәйкес, қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Өмірде қылмыстық құбылыстар әс түрлі нысанда көрініс тауып отыр немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігі мен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстартүрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады. Қылмыс пен қылмыс құрамының байланысына қатысты көптеген пікірлер бар. Мәселен Ю. Юшков, қылмыс пен қылмыс құрамының өзара байланысы толық және бөлшек философиялық санаттарының байланысы ретінде көрініс табады, деген қорытындыға келеді [57,6б]. Н.Ф. Кузнецованың пікіріне жүгінсек, «Қылмыстың субъектісі қылмысқа да және қылмыс құрамына да міндетті белгі болып табылады, осыған орай өзара байланыстары айқындалады», деген тұжырымға келеді [58,41б]. А.Н. Трайнин мен Я.М. Брайниннің пікірлері бойынша бір тұжырымға келеді «Қылмыс құрамының элементтері мен қылмыстық заңда сипатталған қылмыстық құқықтық мағына беретін заңның Ерекше бөлім диспозициясы нормалары да көрініс табады» [53,94б]. Соңғы пікірде қылмыс пен қылмыс құрамының өзара байланысы толық көрсетілмеген, яғни қылмыс нақты адамның іс жүзінде жасаған нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі, ол көптеген өзіне тән белгілерімен сипатталады, ал қылмыс құрамы қандай да бір қылмыстық әрекеттің өзіне тән белгілерін ғана сипаттайтын, анықтайтын нормативтік санат. Біздің ойымызша, қандай да бір жасалған әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін сол әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуға негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтығын анықтау керек. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 3- бабына сәйкес «Осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады». Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық заң, нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдары мен салыстыру қажет. Егер қылмысты жасау қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс-жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара тығыз байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды: Қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тарту негіз бола алмайды. Сондықтан да, жалпы Қылмыстық кодекстің 3-бабына сәйкес, заң шығарушы да, теория да, тәжірибе де қылмыстық заңда қарастырылған қылмыс құрамының барлық нышандары бар қоғамға қауіпті әрекетті ғана бірден-бір қылмыстық жауаптылық деп қарастырады. Бұл дегеніміз, қандай да бір басқа мән-жайлар (сол субъектінің жеке басын сипаттайтын деректер, жасалған әрекеттің саяси маңызы, т.б.) қылмыстық жауаптылыққа негіздеме бола алмайды, мұндай негіздеме болмаса қылмыстық жауаптылық жайында сөзсіз болуға тиіс емес, егер адам, өзінің жасалған әрекетінде қылмыс құрамы болмаса да қудалауға түссе, қылмыс құрамының жоқ екендігі қай кезде анықталса, сол уақыттан бастап қудалау мүлде тоқтатылуға тиіс. Қылмыс құрамының барлық нышандары бар, әрекеттерді жасау қылмыстық жауаптылық үшін бірден бір және жеткілікті негіздеме деп заң әдебиеттерінде дұрыс көрсетілген. Бұл негіздеме қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органға адамдыжауапқа тарту үшін оның жасаған әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігін анықтағаны жеткілікті. Қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін басқадай мән-жайларды анықтаудың қажеті жоқ. Бұл, әрине, қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның басқа ешқандай мән-жайды анықтауы тиіс емес деген түсінік бермейді. Мысалы, қылмыс жасаған адамның сол қылмысқа дейінгі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайтын деректер. Бұлардың ісі үшін өте маңызы зор, оларды үкім шығарғанда сот ескереді, бірақ олар қылмыстық жауаптылыққа негіз бола алмайды. Сонымен қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды. Осындай маңызды, өзекті рөлімен қатар қылмыс құрамы басқа да «қызметтік» деп аталатын өте қажетті міндеттерді атқарады.
Қылмыстық істер жөніндегі алқадан мысалы келтіретін болсақ, сотталғанның қылмыстық ісінің әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағандықтан ҚР ҚК 347-бабының 2-бөлігі қысқартылды. Сотталған Т. мен И. АІБ-де тергеуші және аға тергеуші, яғни олар лауазымды адамдар бола тұра, билікті және қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланған. Өздерінің құқықтары мен өкілеттілігі шегінен көрінеу асып, кететін әрекеттер жасап жәбірленуші А. құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзып, топ болып, оған күш қолданып, жеңіл түрдегі дене жарақатын түсірген. Сонымен қатар сотталған Т. сезікті ретінде жәбірленуші С. 14-15 мамыр аралығында кезекші бөлмесіне отырғызып, заңсыз ұтағаны үшін кінәлі деп танылған. Бірақ сотталған Т. мен И. бұл іс-әрекетті мойындамады. Атап айтқанда, С. Алдын ала сот тергеуінде сотталғандардың өзін ұрып-соғып, жасамаған қылмысты мойында деп қиянат көрсетіп, оны заңсыз қамап, ұстағандықтарын көрсеткен. Бұған дәлел сот дәрігерлік сараптаманың қорытындысымен толық бекітілген. Ал ҚК 347- бабы бойынша тек қылмыстық істі қозғаған және өз өндірісіне қабылдаған күдіктіні, айыпталған адамды, жәбірленушіні, куәгерді, жауап беруге, қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттер қолдану жолымен мәжбүр еткен тергеуші немесе анықтауды жүргізетін адам ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Демек, сотталған И. мен Т. ҚК 347-бабында көрсетілген қылмыстың субъектісі болып табылмайды [59,13-14б]. Екінші бір жерінде, қылмыстық істер жөніндегі алқадан мысал келтірсек, сотталғандардың әрекеттерінде ҚР ҚК 187- бабының 2-бөлігінің «а» тармағына жататын қылмыс құрамы болғандықтан, сот үкімінің бұл бөлігі қысқартылған. Сот үкімі бойынша Н. мен Д. қылмыстық топ құрып, мас күйлерінде бөтеннің мүлкін тартып алу мақсатында, жәбірленуші Р. үйіннен шақырып алып, бір бөтелке арақ талап еткен. Сондан соң Н.мен Д. Қылмыс әрекеттерін ары қарай жалғастырып, жәбірленуші жасөспірім М. Үйіне басып кіріп,ауыр дене жарақатынсалып, қасақана зиян келтірген. Сонымен бірге, сот алқасы жәбіренуші М. Жиырма мың теңге болатын мүлкін өртеп, оған елеулі зиян келтірілді деп ҚК 187- бабы, 2-бөлігінің «а» тармағымен саралағаны заңсыз. Себебі, ҚР ҚК 187- бабының ескертілуі бойынша айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін зиын мөлшері елеулі зиян деп табылады [58-13-14б]. Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, ал өзара бағыты, мазмұны, әр түрлі деген түсінікті А.А. Герцензонның ойынша дұрыс айтылған. Мәселен, қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік, жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады. осы екі қылмыстың құқықтық түсініктерінің бағыты да әр-түрлі нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқықтық әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды. Үшіншіден нақты және жалпы қылмыс құрамының түсінігіне тоқталсақ, қылмыстық құқық теориясында оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Д. Шаргородский нақты қылмыс құрамы дегеніміз қылмыстың айқындалған белгілерінің жиынтығы болып табылады. Нақты қылмыс құрамы төрт белгіден құралады, олар: объект, яғни қоғамға қауіптілігі, объективтік жағы, яғни адамның сыртқы көрінісінің іс әрекеті, субъект қылмыс жасаған тұлға, және субъективтік жағы,- деген қорытындыға келді [38,250б]. А.А. Пионтковский, егер нақты қылмыстың құрамы белгілермен анықталса, онда жалпы қылмыс құрамы олардың мазмұнын теориялық негізде ашумен негізделеді деген тұжырым ұсынады [50,251б]. А.Н. Трайнин өз пікірін ұсынды: «Жалпы қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықты өз мойнына алмайды, егер нақты қылмыс құрамы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен айқындалса, онда жалпы қылмыс құрамы нақты тұлғаға нақты қылмыстық жауаптылық тағайындалмайды деген қорытындыға келген». Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғымы емес, ғылыми ұғым болып табылады. бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап көрсетеді. Жоғарыда нақты қылмыстың құрамы жайлы көптеген қарама-қарсы пікірлерді атап көрсеттік. А.Н. Ағыбаевтің пікіріне сүйенсек, нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді, әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілердің бар екендігін атап көрсетеді. Осыған орай, біздің пікірімізше кез-келген қылмыстың құрамы төрт түрлі элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында оның объектісін, объектвитік, субъективтік жақтарын субъектіні бейнелейтін белгілі міндетті белгілер болады. Осы элементтерді Н.Д. Дурманов, қылмыстық құрамдас бөліктері. А.А. Пионтковский элементтердің біреуі жоқ болса қылмыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді. Яғни, қылмыс құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамын тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау деп айтамыз. Қайсы бір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін [50,70-78б]. Төртіншіден қылмыс белгілеріне тоқталсақ, қылмыстық құқық теориясында қылмыс белгілері кеңінен зерттелген. Кейбір оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде «қылмыс құрамының элементтері» және «қылмыс құрамының белгілері» деген ұғымдар бірін-бірі алмастырып отыратындығына куә болып жатамыз. Ол дұрыс емес. Қылмыс құрамының элементі дегеніміз, заң бойынша қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттің әртүрлі жақтарына тиесілі топтық белгілерді құрайтын қылмыс құрамының құрылымдық бөлігі. Қылмыс құрамының элементтері қылмыстың әртүрлі жақтарына тиесілі: қылмыстың объектісіне, объективтік жағына, субъективтік жағына, субъектісіне. Қылмыс құрамының субъектісі дп- қылмыстың неғұрлым маңызды қасиеттерін нақтылы заңдық сипаттамасын айтамыз. Қылмыс құрамының белгілері төрт топқа бөлінеді және оның төрт элменеттері сәйкес келеді. Ал мағынасы бойынша екі түрге бөлінеді. Қылмыс құрамының негізгі белгілері: 1) қылмыстың объектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұқпаушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынас; 2) қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер: объектіге зиян тигізетін немесе зиян тигізу қауіпін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет; 3) қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер: кінә, қасақаналық, абайсыздық; 4) қылмыстың субъектісін сипаттайтын белгілер: жеке тұлға, есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасы, арнаулы субъект. Қылмыс құрамының осы негізгі белгілері кез келген қылмыс құрамында болады және олардың біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Жоғарыда аталған қылмыстың объектісін және объективтк жағын сипаттайтын белгілер құбылыстың объективтік ақиқаттылығын көрсетеді, сол себепті қылмыс құрамының объективтік белгілері деп аталады. Қылмыстың объектісі- қылмыстық қол сұғушылықтан зиян келетін немесе зиян келуі мүмкін қоғамдық қатынастар. Біздің ойымызша, кейбір заң әдебиеттерінде көрсетілген, «Қылмыстың объектісі дегеніміз- сол қылмыстық әрекеттің неге бағытталғанын айтамыз» деген көзарастармен келісуімізге болмайды. Өйткені, «бағытталған» деген термин абайсызда жасалатын қылмыстың объектісін анықтауға болмайды. Тіпті қасақана жасалатын қылмыстардың өзіне кінәлінің қылмыстық жүріс-тұрысының бағытталуы нақтылы қол сұғушылықпен үйлесе бермейді. Кез-келген қылмыс материалдық игіліктерге емес (заттар, ақшы) т.б. қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Ол қоғамдық қатынастар әрекет етуші қылмыстық заңмен қорғалу қажет [ҚР ҚК 2- бабы]. Қылмыскермен қол сұғылатын қоғамдық қатынастың сипатына қарай, қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты анықталады. Қоғам үшін қылмыстың объектісі неғұрлым құнды болса, соғұрлым жасалатын қылмыстың ауырлығы да көп болады. Сайып келгенде, қылмыстың объектісі дегеніміз – кінәлімен қылмыстық қол сұғушылықтан жасалатын, қылмыстың заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады. қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Объективтік жақ ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі, ол адамдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы көрініс табады. Қоғамқа қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік нысандары мен түрлері қылмыстың заң тұжырымдарында әр-түрлі және жан-жақты. Бірқатар қылмыстың объективтік жағын сипаттауда оны міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмысты жасау тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратын жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы өте зор. Қылмыстың субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілер қылмыс жасаған адамның субъективті ерекшелігін көрсететіндіктен қылмыс құрамының субъективтік белгілері деп аталады. Субъективтік жақ қылмыстың ішкі жағын, мәнін және мазмұнын сипаттайды. Қылмыс жасаған адамның ішкі дүниесінде, оның еркімен санасына өтетін психологиялық процестің көрінісі. Демек, қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағынан көрінісі болып табылады. субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә кез келген қылмыс құрамында болғандықтан, ол қылмысты саралаумен тығыз байланысты. Ал кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстық ниеті мен мақсаты жатады. Қылмыстың субъектісі дегеніміз, қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған және заңға сәйкес ол үшін мемлекеттің алдында қылмыстық жауаптылықты көруге қабілеті бар адамды айтамыз. Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілерге жеке тұлға,есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасына жету, яғни 16 жасқа толу жатады (кейбір қылмыстар үшін 14,18 жасқа жету міндетті). Көрсетілген белгілер мен қатар, арнайлы белгілерді қажет ететін адам, қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. қылмыс құрамының элементтері әрбір кезге сәйкес тән белгілері болады. Кейбір ғалымдар мұндай белгіні «түрлік белгі» деп атайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілері ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз- барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігі және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекеленген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақшы, зат, құжат т.б.) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. осы түрлік белгінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамыда болмайды. Қылмыс құрылымының арнаулы (факультативті) белгілері. Бұл белгілер бір құрылымдар үшін міндетті, екіншілері үшін міндетті емес болып табылады, яғни бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін қолданылатын белгілер. Оған: қылмыстың зардабы, ауқыты, орны, қылмыс істеу тәсілі, құралы, қылмыстық ниет, мақсат,қылмыстың заты, қылмыстың арнаулы субъектісі жатады. Бұл белгілер қылмыс құрамында аталып көрсетілсе, онда олар сол құрамның қажетті белгілері болып табылады. Қылмыс құрамында көрсетілмеген жағдайда, олар қылмысты саралуда әсер етпейді, тек қана жаза тағайындалғанда есепке алынады. Кейбір авторлар жоғарыда көрсетілген екі топтан басқа, үшінші топты, яғни қылмысты сипаттайтын бірақ қылмыс құрамынан тыс жатқан белгілерді ажыратады. Бұл белгілердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттің дәрежесіне әсер етпейтін соншалықты, оның қоғамдағы қауіптілігін жойып, қылмыс қатарынан шығарып жібереді. Оған мәселен қылмыс құрамынан тыс жатқан кінәлінің жеке тұлғасын жақсы жағынан сипаттайтын белгілер жатқызылады. Біздің ойымызша бұл көзқараспен келісуге болмайды. Қылмыскердің жеке тұлғасын сипаттап, қылмыс құрамынан тыс жатқан белгілер қылмыстың бар не жоқтығы туралы сұрақты шеше алмайды. Қылмысты саралауда қылмыстық заң мен белгіленген қылмыс құрамы жататын (оған субъектінің жеке тұлғасын сипаттайтын белгілер де қосылады) белгілерді ғана ескеру қажет. Қылмыс құрамына жатпайтын барлық басқа белгілер жазаның түрімен мөлшерін анықтағанда ескертуі тиіс. Аталған белгілер бүтіндей алғанда қылмыстылықтың бағасын өзгерте алмайды, өйткені белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызу немесе жатқызбау тек қана заңшығарушылықпен белгіленіп қылмыстық құқық нормасында көрсетіледі. Жұмысты жазу мақсатында зереттелетін 206-дан астам қылмыстық істің құжаттарында жеке тұлғаны сипаттап және қылмыс құрамынан тыс жатқан белгілер бары яболмаса жоқтығы туралы шешім берген жөнінде ешқандай мәліметті кездестірген жоқпыз. Жоғарыда атап өткендей қылмыс құрылымның белгілі қылмыстық заңд көзделеді. Бірақ ҚР ҚК тиісті баптарының диспозицияларында барлық белгілер міндетті түрде көрсетіле бермейді. Осы арада В.Н. Кудрявцевтің пікірімен толықтай келісуге болады. «Заң шығарушы қылмыс құрамын емес, қылмыс құрамының белгілерін толықтай сипаттайтын қылмыстық құқықтық нормасын құрайды». Бұл белгілердің өзі адам санасынан тыс объективтік түрде өмір сүреді және олар шын мәнісінде нақты қылмысқа тиесілі болады. Қылмыстық құқықтағы саралауды зерттеу барысында, кейбір авторлар қылмыс құрамының бірнеше нысандарын ажыратып және сол нысандарды әр түрлі негіздер бойынша саралағанын көреміз. Сонымен қылмыс белгілері қылмысты саралауда маңызыды орын алады. Мәселен, қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде қылмысты саралуда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор. Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралуда қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды болып табылады. Сол сияқты, қылмыс субъектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор. Қылмысты дұрыс саралауға байланысты факультативік белгісі қылмыс құрамына енгізілмесе онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Тек қана қылмыстық құқықтық жаза белгілегенде есепке алынады. Қылмысты дұрыс саралау үшін, нақты қылмыс құрамдарының белгілерін тиісінше дұрыс түсіну қажет. Осындай әдіс қылмыс құрамының жалпы белгілерін білуге жәрдемдеседі. Ал қылмыс құрамының жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамын қатесіз табудың аса қажетті сатысы болып табылады. қылмыс құрамының түрлеріне тоқталсақ, жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін. Қылмыстық құқық ғылымында мұндай- бөлінудің негіздері болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс құрамының сипатталу тәсілі, үшіншіден қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізгі жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары және жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамдары болып бөлінеді [5,267б]. Негізгі қылмыс құрамы деп- іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша, онда негізгі тұрақты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмеген. Егер қылмыс құрамында іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы деп атаймыз. Негізгі белгілер мен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы сараланған қылмыс құрамы жауаптылықты аурлататын құрам деп аталады. А.Н. Трайнин қылмыс құрамының сипатталу тәсіліне қарай 1) жай құрам, 2) күрделі құрам, 3) балама құрам деп үш түрге бөледі. Жай құрам дегеніміз- қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы ғана болуы. Мысалы, Қыдмыстық кодекстің 125- баптың 1- бөлігінде көрсетілген адамды ұрлау жатады. Күрделі қылмыс құрамы деп- қылмыс құрамы элементтерінің бірінің күрделенуін айтамыз (объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы). Мысалы: екі объектіге бірдей қол сұғуын [179-бап, қарақшылық]. Кінәнің екі түрлі нысаны болатын қылмыстар 103- бар, 2-бөлігі және т.б. Балама құрам деп- қылмыстық кодекстің бабындағы диспозицияда көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз. Мысалы, 259- бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заңсыз дайындау сатып алы, сақтау, таымалдау, жөнелту немесе сату. Қылмыс құрамының құрылысына қарай үш түрге бөлінеді, яғни бөлудің тәжірибелік маңызы ерекше. Осы белгі бойынша қылмыс құрамы материалдық, формальдық, келте қылмыс құрамы болып бөлінеді. Материалдық қылмыс құрамы деп- іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардаптың қылмыс құрамында көрсетуі. Формальдық қылмыс құрамы деп – зардабы болмайтын қылмысты айтамыз, егер де қоғамға қауіпті зардап іс жүзінде туындаса, онда ол формальды құрамда не саралаушы белгілер рөлін (мысалы, зорлау нәтижесінде соз ауруын жұқтыру) атқарады, не жаза тағайындағанда ескеріледі. Кейде заң шығарушы қылмыстың аяталған уақытын алдын ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді. Мұндай құрылымда қылмыс құрамын келте құрам деп атаймыз. Қорыта келсек, қылмыс құрамының қылмысты саралауда маңызы өте зор. Мәселен қылмыстың түрлері, яғни қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын элменеттер жиынтығы қылмыс құрамының жалпы түсінігін береді, ол жасалған әрекетті қылмыстық немесе қылмыстық емес деп тануға және қылмысты дұрыс саралауға негіз болады. Қылмыс құрамдарының белгілері тек Ерекше бөлімнің диспозицияларына ғана емес Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің тиісті баптарында да баяндалған. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында әр түрлі қылмыс құрамы белгілерінің басым көпшілігі баяндалған. Барлық қылмыстар үшін немесе қылмыстардың жекелеген топтары үшін ортақ белгілер әдетте Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің баптарында аталады (кінә түрі, қылмыстық жауаптылықтың қай жастан басталатындығы, қылмыстық әрекеттің аяқталмай қалуы т.б.) Қылмысты саралағанда сол әрекетке сәйкес келетін қылмыс құрамы бар Жалпы бөлімнің бабы немесе оның бөлігі дәл көрсетілуге тиіс. Сонымен қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңдылық негізі болып табылады. осыған орай қылмысты дұрыс саралау үшін нақты қылмыс құрамдарының белгілерінің тиісінше дұрыс түсіну қажет. Егер адамның іс әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның іс әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері тармақтары бойнша сараланады. Міне бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудан маңыздылығы ерекше болып отыр.
Рефераты на Stud24.ru
|
Войти Поиск Новые рефераты Задать вопрос На сайте 209615 рефератов
|
Список предметовКриминология
$$$ 5Қазақстанда қылмысты саралау
Дата добавления: 11 Октября 2011 в 18:05
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (116.11 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать Открыть
Достарыңызбен бөлісу: |