Дәріс № 11. 21 ғасырдағы халықаралық қатынастар ерекшеліктері
Заманауи әлемдік нарық қатынасы, әсіресе, бүгінгі қиын уақытта, коммуникациялық қарым-қатынастың әрқилы болуын талап етеді, сондай-ақ өзіндік идеяның шығармашылық көрінісін керек етеді. Кафедра даярлайтын мамандардың арасында қоғам мен іскерлік ортада, бұқаралық ақпарат коммуникациясы арасындағы ақпаратты сапалы жеткізу мәселесі шешіледі. Соның қатарында:
- БАҚ менеджері
- Экономист-журналист
- Бизнес-журналистикаға шолушы
- Продюсер
- Жарнама агеттігінің жетекшісі
- Паблик рилейшнз бойынша маман
- Компания, корпорация және баспасөз орталығының қызметкері
Қалыптастыру өнерінде жоғары дәрежелі мұғалімдер БАҚ пен олардың ұжымы, серіктестері және ұйымдармен байланыс орнатуды меңгерге
Оқу барысын меңгерген түлек төмендегі машықтануы тиіс:
- Негізгі РR-құралдар мен қолдану;
- Маркетингтік және аудиовизуальды коммуникацияны орнату;
- Жарнама өндірістерін ұйымдастыруы;
- Пресс-конференция, «дөңгелек үстел», форум, пресс-тур және басқа да PR-іс-шараларын өткізу;
- Әртүрлі жағдайдағы ақпараттық үлг іжасау
Кафедра көптеген PR ұйымдарымен тығыз қарым-қатынасты, сол жерде студенттер өндірістік тәжірибеден өтеді, сонымен қатар, тәжірибе барысында «дөңгелек үстел», конференция, семинарлар ұйымдастырылады. Студенттер үшін өндіріс орны ретінде баспасөз орталықтары, қоғаммен байланыс бөлімдері, жарнама агенттіктері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Кафедра мүшелері ғылыми, өндірістікіс-шараларға белсене қатысады. PR-ға байланысты БАҚ менеджменті және жарнамаға қатысты жиындарда ғылыми кеңесші ретінде қатысады.
- Қоғамның болып жатқан оқиғаларға көзқарасын қалыптастырып, оны басқарғыңыз келе ме?
- Ірі отандық немесе шетелдік компанияның баспасөз қызметіне басшылық жасағыңыз келе ме?
- Жарнамалық роликтер жасауға немесе өзіндік жарнама агенттігін құруға құлшыныс бар ма?
- Онда Сіз дұрыс таңдау жасаңыз – PR, ол Сіздің болашағыңызды айқындайды!
Дәріс № 12. Жаһандық өзгерістер және қазіргі қатынастар
Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Журналистикаға және Ақпарат
Әдеби-шығармашылық қызмет түрі ретінде журналистика саяси, салалық, тақырыптық т.б. басылымдар, радио және телебағдарламалар арқылы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғап, алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік, саяси және арнаулы мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Қоғам дамуының заңдылықтары, әлеуметтік, экономика және рухани мәселелер жөнінде мағлұмат беріп, жұртшылықтың қоғамдық пікірін қалыптастырады. Журналистикаға берілетін анықтамалар мен тұжырымдар барлық уақытта біркелкі болған емес. Кейбір тұжырымдар журналистика қоғамдық ой-пікір мен дүниетанымды қалыптастыратын, сол уақыттағы нақтылы оқиғаларды барлық жағынан қамти отырып, ондағы ағымдар мен процестерге, сондай-ақ құбылыстарға түсінік бере алатын әлеуметтік-бағыттаушылық мәнге ие болуы қажет дегенге тоқталса, кейбір тұжырымдар журналистика тек қана боямасыз ақпарат жеткізуші құрал, сондықтан тыңдаушы не оқырманның ой-пікірді өзі қорытуына, дүниетанымдық таңдау жасауына мүмкіндік қалдыруы тиіс деп санайды. Тіпті қазіргі заманғы ақпарат құралдарының қайсыбірі өз өнімдерінің ішкі мазмұны мен идеясына, ал кейбіреуі жалаң хабарды неғұрлым шұғыл да шапшаң таратуға баса назар аударып жүр. Осыған байланысты журналистиканы қалыптасқан жалпыадамзаттық ортақ құндылықтармен қатар әрбір елдің өзіндік ішкі бағыттары арқылы дамитын пластикалы ақпарат тарату түрі ретінде қарастыруға болады. Адамдарға ықпал ету мақсатында ақпарат жинақтау және оны тарату іс-әрекеттерінің белгілері ежелгі дәуірлерде-ақ байқалған.
Мәліметтерді жариялау
Жекелеген хабарламалар немесе мәліметтер жариялау әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылды: шешендер мен жаршылар ақпараттарды ауызша жеткізсе (қ. Жаршы), Мысырда (Ежелгі Египетте) жаңалықтар жазылған папирустар, Ежелгі Римнің қоғамдық орталықтарында хабарлама ілінетін арнаулы тақталар арқылы жазбаша жүргізілді. Әр түрлі елдерде қазіргі газеттердің алғашқы бастауы ретіндегі жаңалықтар жазылған қолжазбалар пайдаланылды. Неміс өнертапқышы И.Гутенбергтің (1394/99 – 1468) баспа машинасын ойлап табуы (1445) қазіргі заманғы түсініктегі журналистиканың пайда болуына ықпал етті. Алғашқы газеттер Германияда 1609 жылы, Ұлыбританияда 1622 жылы, Францияда 1631 жылы шыға бастады.
Журналистика термині
Журналистика терминінің өзі алғаш рет Францияда пайда болған. Ал Ресейде бұл термин әуелгі кезде журналдар жиынтығы деген мағынаны білдірсе, 19 ғасырдың ортасынан бастап барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды (қ. Қазақ журналистикасы.). 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді (қ. Фотография, Деректі кино). 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика (қ. Радиохабар), 40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады (қ. Тележурналистика). 20 ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаңдығы жөнінен журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы – Интернет жүйесі пайда болды (қ. Интернет).
Журналистиканың түрлері
Журналистиканың әрбір түрі (газет, журнал, радио немесе телебағдарлама) нысанды қай жағынан ашып көрсетуді өзі таңдап, әрқайсысы оған өз тұрғысынан келеді. Әйтсе де олардың ішінде публицистикалық, көркем және ғылыми, т.б. шығармалар журналистика табиғатын тереңірек танытады. Мысалы, қоғамдық-саяси журналистика кең аудиторияны қамтумен бірге заманауи мәселелерді көтере отырып, әр түрлі бұқаралық аудитория қабаттарына ағымдағы ақпараттарды жеткізуде негізінен публицистика жанрына басым мән береді. Сонымен қатар аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын ғылыми, көркем, т.б. шығармалар да публицистикалық формада таратылады. Журналистика өзі өмір сүріп отырған кезеңнің барлық өзекті мәселелеріне кеңінен араласуы қажет болғандықтан, барлық ақпарат құралдары жанрлық және стильдік тұрғыдан әр түрлі тақырыптардан тұратын шығармалар жиынтығынан құралады (қ. Баспасөз жанрлары). Басылымдар мен бағдарламалар, тіпті жекелеген материалдар мен көрсетілімдер кейде мүмкін болатын аудиторияның барлығына бірдей бағытталса, кейде белгілі бір әлеуметтік және саяси топтарға (мамандығы, кәсібі, мүддесі, жас ерекшелігі, жынысы, т.б. бойынша) арналады. Журналистика салаларындағы осындай ерекшеліктерді ажырата білу барлық адамдар мен әлеуметтік топтарға белгілі бір газеттер, журналдар, радио және телебағдарламаларға тікелей байланысу арқылы өздеріне қажетті әлеуметтік және кәсіби ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Журналистік қызмет құрылтайы
Журналистік қызмет құрылтайшы – журналист – аудитория жүйесі шеңберінде жүргізіледі. Кеңестік тоталитарлық қоғамда Журналистикаға қатысты біржақты көзқарас қалыптасып, барша бұқаралық ақпарат құралдары бірпартиялық билік пен оның идеологиясын насихаттауға жұмылдырылды. Сайып келгенде, мұның өзі ежелден қалыптасқан Журналитиканың “өзі өмір сүріп отырған кезеңді жан-жақты қарастыру” мүмкіндігін шектеді. Қалыпты даму заңдылығы болып табылатын бәсекелестікті кеңестік журналистика өз ішінде жоқ деп санағанымен, осы идеяны қорғау мақсатында шетелдік ақпарат құралдарымен амалсыз сырттай бәсекеге түсуге мәжбүр болды.
Қазақстандағы журналистика
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге қазақстандық журналистика әлемдік журналистикамен ашық байланысқа шыға бастады. Кеңестік идеология теріс баға беріп келген шетелдік журналистиканың демократиялық сипаттары қазақстандық журналистикада шын мәнінде орнықты. Адам құқығын қорғау, сөз, баспасөз бостандығы мен пікір алуандығына негізделген журналистика елдің саяси, әлеуметтік, экономика және рухани салаларындағы өзекті мәселелерге белсенді араласа бастады. Қазақстан журналистері мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпарат құралдарының қай саласында қызмет атқарса да, негізінен, оқырмандар алдындағы азаматтық жауапкершілігін терең сезініп, саяси, әлеуметтік мәселелер туралы принциптік көзқарас ұстануда. Олардың құрылтайшылар ықпалында қалып қоймай, журналист этикасына адал болуына, өзара кәсіби тәжірибе алмасуына Қазақстан Журналистер одағының съездері мен өзге де басқосуларының, халықаралық медиафорумдардың ықпалы мол. Журналистердің Қазақстанда шын мәнінде тәуелсіз, алайда өзге де азаматтардың құқықтарын бұзбай қызмет атқаруына Қазақстан Республикасының “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңы кепілдік береді (қ. Қазақ журналистикасы).
Дәріс № 13. Халықаралық қатынастағы күрделі түйіндер мен өзекті мәселелер
Журналистік зерттеудің күш-қуаты-әлеуметтік төменгі топтарға, баспанасыздарға, жұмыссыздарға жанашыр болып, шынайы ақпарат берумен қатар олардың санасына сенім ұялата алатындығында. Осы мағынасына сай журналистік зерттеудің тақырыбы төмендегі басты факторларды өз бойында сақтайды:
- жұртшылықтың сұранысына жауап беру, қажеттілігіне сай келу;- саяси, қоғамдық маңыздылығы жоғары, елдің психологиясына ықпал етерліктей ауқымды болу;
- адамдарға әрбір өзгерісті, жаңа бетбұрысты өзіміз жасай аламыз деген сенім тудыру.Олай болса, журналистік зерттеудің басты обьектілері төмендегілер болмақ:
- үкімет орны;
- саяси ұйымдар;
- сыртқы қатынас;
- қарулы күштер және ұлттық қауіпсіздік;
- ірі бизнес орындары, олигархтар;
- білім беру саласы;
- әлеуметтік қамсыздандыру.
Оның сыртында парақорлық, сыбайлас-жемқорлық секілді экономикалық мәселелермен тікелей байланысты істер жан-жақты қарастырылады. Журналистік зерттеу құпия қылмыстарды әшкерелеп сынағанымен, ол - сот емес, сондықтан, ешкімді айыптауға, жазалауға қақысы жоқ. Басты қызметі - белгілі бір әрекеттің салдарын, келтірген зиянын іздестіріп тауып, оны нақты деректермен дәлелдеп, жұрттың назарына ұсыну ғана. Мәселені тиімді шешудің жолдарын журналистік зерттеу көрсетуі де мүмкін. Алайда, онысы - журналистің саяси көзқарасы емес, тек әртүрлі көздерден алынған ақпаратқа ғана негізделеді. Журналистиканың коммерциялық сипаты басымдық танытып отырған кезеңде нарық механизмдері арқылы жүзеге асырылатын БАҚ пен журналистің қызметін экономикалық тұрғыдан үйлестіру маңызды міндет атқарады. Нарық қысымының өзі бәсекелестік аясында қызметін жүргізіп отырған БАҚ пен журналистің артықшылығын және «ойын ережесін» анықтап беретіндігімен ерекшеленеді. Коммерциялық фактордың қазіргі БАҚ-тың қызметіне қалай әсер етіп отырғанын Америка журналистикасынан анық көруге болады. Тоқсаныншы жылдардың ортасында аталмыш елдің газеттері өз бюджетінің 80 пайызын жарнамадан, 20 пайызын жазылушылар мен сатудан түскен ақшадан құраған. Яғни, жарнама берушілер мен оқырмандардың газет қаржы көзін құраудағы ара салмағы 4:1 болып өзгерген. Жарнаманың осыншама зор ықпалы баспасөздің мазмұнына да әсер етіп, мейілінше оқырман қауымның назарын аударатындай материалдар жариялауды көздейтін болды. Айталық, 90-жылдардың басында АҚШ газеті тілшілерінің 19 пайызы спорт, 8 пайызы қылмыс және сот ісі жайындағы мәселелер, 7 пайызы бизнес тақырыбы бойынша арнайы маманданған. Олай болса, қоғамдық, әлеуметтік және білім мәселелері бойынша маманданушылар небары төрт-ақ пайызды құраған.
Әлемнің өнеркәсібі жоғары дамыған елдерінің БАҚ-ының дамуындағы елеулі бір көрініс - олардың санаулы ірі концерндердің иелігіне шоғырлануы болып отыр. Олар әлемдік ақпарат нарығына ену мақсатымен іс қызметтерін еларалық бағытқа бұрған. Бүгінде ақпараттық қарым-қатынастың ең соңғы үлгідегі технологиясын пайдаланатын қаржы, экономикалық ірі базалы корпорациялар халықаралық ақпарат нарығында алдыңғы қатарда жүр. Олардың іс қызметінің бүкіләлемді қамти бастауы ақпарат өндірісінің жаһандануы болса керек.
Тоқсаныншы жылдардың соңында әлем ақпарат нарығында алға шыққан еларалық корпорация - «Тайм-Уорнер» болды. Оның аясында Тернердің «CNN News Group», көңіл көтеруге арналған телевизияның кабелдік жүйесі, НВО-ның ақпараттық және әдеби-көркем бағдарламалар арнасы, сазды әуендік «Warner Musik Group», «New Line Cinema» кино компаниясы, көптеген баспалар, кітап дүкендері, кітапқұмарлардың клубы, Интернеттегі жүздеген онлайн басылымдар, Web сайттар қызмет жүргізеді. 2000 жылы қаңтарда «Тайм-Уорнер» мен «Американ Онлайн» корпорациясының бірігуі ірі мега-концернге айналуға жол ашты. Олар бірден ХХІ ғасырды «Интернет дәуірі» болады деп жариялаған. Жаңа концерннің қатарына 33 ірі журнал, НВО, CNN, TBS, TNT, Cartoon Network және өзге ондаған БАҚ, кино компаниялар, «Compuserve», «Netscape» секілді компьютерлік ақпарат қатынас жүйесі кіреді.
Екінші басты медиа-концерн - «Уолт-Дисней». Оның қатарына жүздеген ақпарат құралдарымен қатар әлемнің ең ірі телекомпаниясы американдық АВС кіреді. Жоғарыда аталған ірі алтаудың қатарына «Ғох» тележүйесі, «Fox News Channel»-дің иесі Р.Мэрдоктың «Ньюз корпорзйшн», NBC тележүйесі, CNBC кабелдік жүйенің меншік иесі «Женерал Электрик» концерні, тәулік бойы хабар тарататын кабелдік телевизияның MSNBC арнаны меншіктейтін «Майкрософт» корпорациялары жатқызылады.
Журналистика «инфо-ноо» аясындағы көрініске айналды деген сөз жиі естілетін болды. Ақпараттық қатынас жүйесінің жаһандануы бүкіләлем халықтары мәдениетінің өзара ықпал етуіне, байытылып дамуына, ақпаратты дүниенің қай бұрышына да жедел жеткізуге лайықталған ашық қоғамның қалыптасуына қолайлы жағдай тудырып отыр. Сонымен қатар елдер мен халықтардың мәдениетін, салт-дәстүрін, өзіндік ерекшеліктерін жоғалтуына, санасын бір қалыпқа салып теңестіруіне ықпал етуі де ғажап емес
Дәріс № 14. Қазіргі жаңа іс-тәжірибе
Спутниктік және кабельдік телевидениенің өмірге келуі көрермендер аудиториясын жіктеуге әкеліп соқты. Бұл өсіресе, Франция, Ұлыбритания, Германия республикасында орын алып отыр. Осы елдерде бұрын қоғамдық телевидение болса, коммерциялық телевидение тез өмірге келеді деп ешкім ойламаған. Батыс Еуропа елдерінде жағдай дабыл қағарлық. Өйткені олардың телевидениесінде Американың 40 процентке жуық драмалық жанрдағы программалары беріледі. Әсіресе Португалия мен Голландияда ол 80 процентке жеткен. Күн сайын Ұлыбритания, Франция, Германия телевидениесінде кемінде үш сағат АҚШ хабарлары беріледі. Ал, АҚШ-та бұрыннан-ақ кино және телеиндустрия қалыптасқаны белгілі. Бұл салада мол тәжірибесі бар. Біздің заманымызда телерадио каналдары арқылы берілетін программаларда бәрінен де ең көп орын алатыны және берілетіні, сондай-ақ жер жүзі халықтарының күтетіні де күнделікті берілетін жаңалық хабарлар. Бұл қай елдің радиосы мен тедевидениесін алсақ та анық байқалатын тенденция. Сондықтан журналистикада жаңалық хабарлар туралы айту және оның шетелдерде сондай-ақ, өзімізде қалай беріліп жүргені үлкен проблема. Адамзат еш уақытта өмірде, планетамызда болып жаткдн оқиғалардан, жаңалықтардан құр қалмауы тиіс. Бұл өмір тудырып отырған қажеттілік. Сондықтан әлемде осы ғасырдың басында хабар жанрларының берілуі екі есе өспек. Ал спутниктік және кабельдік телевидение арқылы хабар жанрын беру енді 5-6 жылдың ішінде 30 есе ұлғаяды деп есептеледі. Демек, бұл салада қай елдерде айтарлықтай әрі тәжірибесі мол каналдар жұмыс істейтініне тоқталайық. Айталық тәулік бойы жұмыс істейтін АҚШ телекомпаниясы «Си-Эн-Эн» тек жаңалықтар берумен әлемге аты жайылып отыр. Сондай-ақ, Жапонияның телекомпаниясы «Эн-Эич-Кей» де белгілі. Ал Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және басқа елдердің телехабарлары көбіне осы жаңалықтар туралы беруге өте құштар екеніне сөз жоқ. Тіпті, бұл. біздің республикамыз Қазақстан мен Россияда да солай. Мұның себебін мына жағдайлармен байланыстырып қараған жөн сияқты.
1. Глобальды проблемалардың пайда болып, оған тек әрбір ел мен халықтың ғана емес, бүкіл жер жүзі мемлекеттеріне қатысты екені;
2. Қоғамдық өзгерістердің жүзеге асуы мен тарихи процестердің жаңаша дамуы;
3. Казіргі адамзаттық интеллектуалды өмір салты мен оның мәдениеті мен ойламының өсу эволюциясы;
4. Халықтардың саяси сана-сезімінің аса жетілуі;
5. Жаңа типті, яғни, бүкіладамзаттық ой-өрістің және көзқарастың пайда болуы…
Міне, осы жайлар күнделікті жаңалықтарсыз адамзаттың өмір сүруі мүмкін емес екенін айғақтайды. Сондай-ақ, демократияның дамып, қай елде болмасын экономикалық және әлеуметтік саясаттың кең еріс алып отырғаны, тіршіліктің, өмір сүрудің мәні тек бір елге немесе бір адамға ғана қатысты емес, бүкіл әлемге байланысты екенін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, жаңалықты, фактіні, кейбір өмір құбылыстарын журналистік шеберлік тұрғысынан бере білу де өнер. Оған творчестволық көп еңбек ету керек. Хабарларды оперативті түрде беру және көрермендер үшін жаңалықтың ең қажеттісін таңдай білу керек. Мәселен жер шарының бір жерінде болған оқиғамен екінші бір жақтағы телевизор көрушілерді хабардар ету, соған ортақтастыру, яғни, назарын аударуға күш салу қажет. Бұл ретте кейде хабарды өте боямалап, көп сөзділікке салынбай, нақты жаңалықтың өзін сол болған күйінше көрсете білу адам ықыласына, ойына, санасына әсер етпек. Шындықты, нақты фактіні өзінің бар болмысымен көрсету дұрыс болмақ. Қысқа әрі қызықты, сонымен бірге нақты мағлұмат беретін хабарларды журналистер телекөрермендерге, радиотыңдаушыларға жеткізе білсе мақсаттың орындалғаны. Бұл жерде редактордың, режиссердің, оператордың, еңбегі бірлесуі қажет. Өйткені көрермендер мен тындаушылар әртүрлі талғамдағы адамдар болатыны түсінікті. Сондай-ақ, жаңалық хабарлар тасқынын көріп-тыңдайтын аудитоияда адамдардың жас ерекшелігі, әлеуметгік жағдайы, әйел не ер адам болуын білудің де маңызы зор.
Қазір жаңалық хабарлар беруде жер жүзі телерадио компаниялары бір-бірімен бәсекеге түсуі заңды. Кім тапқыр, кім жедел қимылдайды, кім ерекше назар аударатын жаңалықгарды таба біледі, сол ұтатыны белгілі. Мысалы, әлемге белгілі АҚШ-тың жер жүзі жаңалықтарын беріп тұратын Си-Эн-Эн компаниясын сол елдің телевизия қайраткері Тернер ұйымдастырған болатын. Расын айтқанда, алғашқыда бұл программага ешкім мән бермей, басқа телекомпаниялар оны тіпті, банкротқа ұшырайды деп ойлады. Бірақ өмір көрсеткеніндей олай болған жоқ, керісінше осы Си-Эн-Эн тек соңғы жаңалықтар берумен ғана ең күшті телекомпанияға айналды. Демек, кейде осылай батыл ізденістер жасау табысқа жеткізбек. Си-Эн-Эннің хабарлары тұрақты түрде әрі күн сайын беріліп тұрады. Оның тілшілері планетаның кез-келген жерінен хабарлар береді. ОперативтІ жедел түрде жұмыс істейді. Ол басқа елдердің жаңалықтар беруіне қарағанда анағұрлым алда жүреді. Оның тақырыптары да әралуан. Саясат, экономика, табиғат апаттары, терроризм, өкімет басшылары туралы т.б. Сондықтан ол беретін хабарларды жұрт қызыға тыңдайды. Ең ақырында жер жүзінің бүкіл ауа райы туралы күн құрғатпай баяндап тұрады. Әрине, мұндай жұмыс атқару оңай емес, ол үшін көп еңбек, журналистік тапқырлық, техника жетістіктерін пайдалану қажет. Көптеген телекомпаниялар мұндай жұмысты орындай алмайтыны белгілі. Ал, Си-Эн-Эн болса бәріне де үлгереді, соған байланысты табысы да жетерлік, бай компания болып саналады. Си-Эн-Эннің хабарлары біздің Қазақстанда да беріле бастады. Оны республика жұртшылығы көруде. Хабар әрине, спутниктік жүйе бойынша қабылданады. Бұл да болса техника жаңалығын пайдалану деген сөз. Си-Эн-Энннің әсіресе, хабар ұйымдастыру тәсілдері кез-келген елдің телевидениесі үшін үлкен төжірибе бола алады.
Ұлыбританияда «Би-Би-Сидің» үлкен орны бар екені, оның сапалы программалар беріп, әсіресе, жаңалықтар мен қоғамдық-саяси және деректі хабарлар ұйымдастырып тұратыны, оған жаңадан бастық болып келген Джон Берттің де қалаған нәрсесі еді. Келген бойда ол өзінің жаңа жұмыс жоспарын жариялады. Онда әдеттегідей, бұрынғы эфир арқылы берілетін телевидениенің орнына енді кабельдік жөне спутниктік телевидениеге мән берілетіні айтылды әрі жаңалықтар мен драмалық хабарлар, яғни, телефильмдер мен телеспектакльдер көбірек берілетінін алға тартты.
Міне, осылайша ақпарат хабарларын ұлғайтуға байланысты, енді корпорация құрамында жаңадан ұлттық радиостанция ашу да көзделді. Ол — «Рэйдио ньюс» деп аталатын болды. Бұдан бұрын 5 радиостанция болса, енді оған тағы бір радиостанция қосылмақ. Бұл радиостанция тәулігіне 24 сағат, яғни, күні-түні бірдей жұмыс істейді деп есептелді. Бүған дейін «Би-Би-Си» «Әлемдік радиохабарлары қызметі» арқылы басқа елдерге тәулік бойы хабар таратуға жеткен еді. Керісінше, өз еліне ғана мұндай көлемде хабар бере алмай келген болатын. Енді тек радио ғана емес, Ұлыбританияның телевидениесі де басқа елдерге хабар таратуды тәулік бойына жүргізуге күш салмақ. Бүгінде телевидениенің алдында жаңа міндеттер тұр. Ол — жаңа жүйе «жоғары айқындық» жүйесі болып табылады. Бұл жөнінде қазір көп айтылып жүр. Соңғы 15 жылдың көлемінде Жапонияның кейбір фирмалары осы «жоғары айқындық» жүйесіне зерттеу жасады. Мұнда 1125 жолдық, 60 өріс қолданылып, экрандағы көріністің сапасы артты. Бұл 35 миллиметрлік пленкадағы кинокөрініске қарағанда анағұрлым жақсы. Осы жүйені жасау үшін Жапония фирмалары 500 миллион доллар қаржы жұмсаған. Әсіресе, «Сони», «Тошива» фирмалары «жоғары айқындық» телевидениесі үшін аппараттар үлгісін жасады Мысалы, кинокамерапар, кинескоптар, бейнемагнитофон, дискілер және т.б.
Дәріс № 15.Қорытынды
Журналистік кадрлар дайындаудағы кемшін түсіп жатқан тұстар көптен бері көтеріліп жүр. Бұл мәселе жақында өткен медиа құрылтайда да айтылды. Халықаралық журналистика туралы әңгіме айтылар тұста алдымен елдегі журналистиканың ішкі пәрмені мен бүгінгі хал-ахуалы да сөз болуға тиіс деп ойлаймын. Бүгінгі таңда Қазақстанда БАҚ-тың дамуы қиындау, сапасы төмен. Қазір біздің ақпараттық кеңістігімізді шетелдік ақпарат өнімдері басып алды. Оның көбі, ең алдымен, ресейлік, әрине, одан бөлек, бұл кеңістікте төрден орын алуға қытайлық ақпарат көздері де ниетті екендіктерін білдіруде және бірен-саран еуропалық өнімдер бар. Халықаралық дәрежеге шығамыз десек, біз, ең алдымен, осылардан ішкі нарықта озық тұруға тиіспіз.
Ең алдымен, өз кеңістігіміз отандық өнімдермен толуы керек. Ішкі нарықта пәрменді БАҚ қана сыртқа ұмтылады. Бұл – дұрыс құбылыс, дұрыс заңдылық. Өйткені қазір көпшілік Қазақстанды шетелдіктердің ұсынуымен, солардың таратқан ақпараты негізінде ғана қабылдайды. Осы міндетті біздің журналистер өз мойнына алуға тиіс. Шетелге өнімді өзіміздің журналистика ұсынғанда ғана халықаралық журналистикадағы көкжиегіміз көрінеді. Рас, қазір америкалық, ағылшындық немесе неміс басылымдарында ара-тұра Қазақстан туралы әсерлі, керемет мақалалар басылады. Бірақ бұл журналистика емес. Бұл – тек қана ақысы төленген пиар мақала. Бұл шынайы журналистика емес. Әлем халықтарына тарайтын спутниктік жүйедегі телеарнамыз бар. Бірақ ол жеткілікті дәрежеде дей аламыз ба? Оны кім көріп жатыр? Осындай келеңсіздіктің бәрі біздегі халықаралық журналистиканың дамымағанын көрсетіп отыр. Бұл мәселеге үкіметтік қолдау керек. Ақылы мақалалар, мемлекеттік тапсырыстар – журналистиканың дамуына үлкен кедергі. Мемлекеттік тапсырыспен отырған БАҚ қарапайым оқырманын ұмытады. Бұл сауалмен қосымша «біздегі журналистика қаншалықты пәрменді» деген сауал да көтерілуге тиіс. Бұл – нарық. Жекеменшік газеттерге құзырлы органдар көмектеспей-ақ қойсын, сонымен қатар олардың дамуына кедергісін де жасамауы керек. Сонда ол газеттер қаржыны да, даму мүмкіндігін де өздері табады. Қай елдерде тілші ұстап, қандай репортаждар жасау керек екенін өзі шешеді, әрине, заң шеңберінде. Сапалы журналист тек әдемі тіркес құрай алатын кәсіп иесі емес, сапалы журналист ақпарат ала алатын, өз пікірі бар, сараптама жасай алатын журналист болуы керек. Ондай журналистер бізде өте аз. Қазіргі ақпарат кеңістігі «Ұшақ құлады, автобус аударылдыдан» әріге аса алмайды. Біз осындай сарынмен әндетіп отырғанда, әрине, рейтингінің төрінде өзгелер тұра бермек. Халықаралық журналистиканың сапасы да осы елдегі ішкі журналистиканың бет алысына тікелей байланысты. н бұл пікірмен аса келіспеймін. Біз 90-жылдары бірінші болып Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-да халықаралық журналистика кафедрасын аштық. Ол әлі де істеп жатыр. Халықаралық дәрежедегі талай жақсы мамандар шықты. Бізде шетелдік әріптестерінен озық тұрған талай түлектер бар. Рас, кемшіліктер бар, онымен келісеміз. Мен мұндай келеңсіздіктердің себебін журналист кадрларын даярлайтын орындардың көбейіп кеткенінен дер едім. Әрбір жерде журналистерді даярлайтын оқу орындары ашылды да, кадрлық сапаны түсіріп жіберді. Біз қарсылығымызды білдіріп, наразылығымызды айтып жүрміз. Осы мәселені көпшілік болып қолға алған дұрыс. Тағы бір мәселе, ол студенттерді шетелдік тәжірибелерге жіберетін жолдамалардың жойылғаны болды.
Халықаралық журналистер өзін шетелмен байланыс арқылы дамытады, тәжірбиесін ел көріп, жер көру арқылы ұштайды. Мұндағы құры теория не болады, көрмесе, білмесе, солардың ортасында жүрмесе. Сондықтан бұған біздің министрлік араласуы керек. Қазір журналист мамандар 20 шақты оқу орнында даярланады. Бұрын экономистер мен заңгерлердің саны жоспарсыз даярлану салдарынан өте көп болып кеткені секілді, қазір журналистердің саны да ескерілмей отыр. Дайындап жатыр, дайындап жатыр, сапа жоқ. Бұрын кеңес өкіметі кезінде «госплан» деген болып еді. Қазір оның бәрі жоқ, көбі бітіріп алып, басқа жұмыс істеуге мәжбүр, аудармаларға кетіп жатыр. Халықаралық журналистерді даярлайтын оқулықтар жоқ емес, қазір, құдайға шүкір, бар. Соңғы кездері шетелден арнайы келіп, дәріс оқитын шетелдік оқытушылар да бар. Бірақ бізде қазір осы мамандықты бітірген түлек дипломына «журналист» деген сөз ғана жазылады. Ал енді сол жерге «халықаралық журналист» деп жазылса, ол мамандыққа деген жүк те ауыр болар еді. Оларды міндетті түрде жан-жаққа жіберу керек. Бұл – бірінші мәселе. Екіншіден, мен, мысалы, халықаралық журналистиканы Ленинградта оқыдым. Мені Венгрияға дайындады, біреулерді Францияға дегендей. Ол міндетті түрде бітірген соң сол жаққа барып, өз мамандығымен жұмыс істеуі керек. Қазір ол тәжірибеде жоқ. Мен ең болмағанда халықаралық журналистиканы бітірген баланы мына түркітілдес елдерге жіберіп шыңдаса деп ойлаймын. Соңғы кездері біздің түркітілдес елдермен қарым-қатынасымыз жақсы ғой. Біз «Түркітілдес елдердің БАҚ-тарының конфедерациясын құрайық» деген ұсынысты талайдан бері айтып жүрміз. Бірақ әлі нәтижесіз. Осы бағытпен жұмыс істеу керек. Елдегі телеарналар ара-тұра шетелден хабарлар беріп тұрады. Бірақ бізде Ливаннан, Сириядан т.б сол секілді елдерден репортаждар жасап, оқиға орнында жүрген журналистер жоқ. Журналистерге мүмкіндік берсе, кез келген шетелге өздері-ақ жұлқынып шығып барар еді деп ойлаймын. Тек соған біз мүмкіндік ұсына алмай отырмыз.
Түйін
Шындығында, журналисті негізді-негізсіз сын тезіне салуға құштар шенеунік көп. Бірақ мәселе сол маманда ма? Қабілеті де, білімі де кез келген елдің журналисінен озық тұратын кәсіп иелері де бар емес пе арамызда. Өз қабілетін паш етіп, халықаралық дәрежедегі журналиске айналған әріптестеріміз де жетерлік. Бізде тек жас маманға мүмкіндік беріп, еліне қызмет еткізе алатын тетіктер қалыптаспаған сияқты. «Ұлым» деп еміренер ел болмаса, «елім» дейтін ерлер қайдан шықсын?
Достарыңызбен бөлісу: |