Елтірі беретін қойлар үшін – шешуші көрсеткіш, ол елтіріге баратын қозы терісінің әдемі суретімен бұйра құрайтын жүн түктерінің қасиеті.
Етті майлы қойлар үшін – негізгі талап тез жетіліп, жақсы ет пен майды көп өндіргіштігі. Сонымен қатар олар табиғаттың қатаң, шөл – шөлейт аймақтарына бейімділігі.
Қазір зоотехнияда малды бағалағанда бірнеше қалыптасқан әдістермен бағалайды, олар мыналар:
1.өзіннің өнімі мен фенотипіне негізделіп;
2.шыққан тегіне қарай (құжаттарымен);
3.ұрпақ сапасымен (тексеру, тәжірибе жасау арқылы төмен алып, өсіріп бағалайды);
Шыққан тегіне қарай таңдау – нақты қойдың (әсіресе қошқардың) тегін тексеріп, оынң ата-анасының, одан да бұрынғы тегінің өнімділігін білу өте дұрыс. Бірақ сол ата-анасындай бола бермейді.
Экстерьері, дене бітіміне және өнімділігіне қарай таңдау. Өсіру үшін малдың дене бітімі жақсы, өнімділігі жоғары болуы тиіс. Пішіні, бітімі ұнамсыз болса, басқалай кемістігі болса ондай мал таңдап, қалдыруға жатпайды.
2. Қойлардың жасына қарай жұптау.
Ата-анасынан қай жаста туғанына қарай ұрпағының сапасы әр түрлі болатынын селекционерлер баяғы кезден дәлелдеп білген. Бұл өзгерістер генотиптік негізде ме, жоқ фенотиптік негіздеме.
Жас аталықты жас аналықпен жұптағанда, екі қарт малды жұптағанда, ал өте жас малды өте ересек аталық пен жұптағанда алынған ұрпақтар әдетте нашарлау болып шығады. Орта жастағы малдарды жұптағанда көрсеткіш тәуірлеу болады.
Қой шаруашылығында жұп таңдау жеке – жеке де және топта жүргізіледі. Бұл әдісті таңдау селекционердің алдына қойған мақсатына байланысты. Жеке-жеке жұптау жоғары деңгейдегі асыл тұқымды зауыттарда, шаруашылықтарда ата із шығару мақсатында, аталық мал өсіру мақсатында жүргізіледі.
Топтап жұп таңдау – жалпы өнімділігі ұқсас бір топ саулыққа бір немесе екі ұқсас қошқар тағайындалады.
Қазіргі генетикалық ғылым аталық пен аналық өз ұрпағына тең әсер етеді дейді. Санымен бірге сіздерге белгілі кейбір ген доминантты, кейбірі – рецессивті, сондықтан жалпы қағида өзгермей де тұрмайды. Оның сыртында саулық ғұмырынды 8-10 ұрпақ берсе, қошқар 1 жылда 3000-5000 дейін оданда көп ұрпақ бере алады. Сондықтан аталық малдың ұрпаққа беретіні көп. Аталық малды табынға әсері мол болғандықтан, оған қойылған талапта жоғары, күтіміде жақсы болуы тиіс. Аталықтаң қазіргі кезде 70-90 пайызға дейін ұрпақ беретіні рас.
Іріктеу мен жұптау малдың жағымды, қажетті шаруашылық қасиеттерімен көрсеткіштеріне қарай әр кезде әртүрлі талаптар мен жүргізіледі.
Жүн өндіру мақсаты үшін жүндес, жүн сапасы жақсы малды жұптайды. Пәрменді селекция нәтижесінде 6-8-10 жылдар қой шаруашылығындағы жүн өнімділігін әр қойдан 1,0-1,5 кг дейін жоғарлатуға болады. Жүннің қоюлығы, ұзындығы, иректігі сан бауыр жүн өсімі.
Қойдың тірі салмағын ет өнімділігін арттыру үшін ерекше іріктеу – жұп таңдау жұмысын жүргізу керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды жақсы ұйымдастырғанда 6-8 жылда қой отарларындағы саулықтың салмағын 5-8 кг дейін арттырып, тиісінше ет өнімділігін 15-17 пайыз көтеруге болады.
Қойды жұптау. Қойды таңдау мен бірге оған алға қойған селекциялық міндетке жеткізетін малды жұптаудың маңызы зор. Себебі сол жұптаудың нәтижесінде аталық пен аналықтың ең жақсы, ең қажетті қасиеттерін, өнім көрсеткіштерін беретін жаңа ұрпақ алынуы тиіс. Қой тұқымын асылдандыру жұмысының алдына қойған міндеті ұрпақтан-ұрпаққа қойдың жақсаруы, оның қажетті өнімділігін артуы. Сондықтан да жұптау аса жауапты жұмыс.
Жұптаудың, әдетте екі түрін ажыратады. Бірі бір текті (гомогенді) жұптау – өнімділік қасиеттері ұқсас қойларды жұптау, екіншісі – әр текті (гетерогенді) жұптау – өнімділік қасиеттері әр түрлі, айырмашылығы бар қойларды жұптау.
Бір текті жұп таңдау арқылы селекционер аталық және аналық қойлардың ұнамды ұқсас қасиетерін ұрпақтан-ұрпаққа бегіту, ұнамды қасиеттері бар малдарды көбейту, олардың біртектілігін арттыру арқылы құнды белгіні одан ары жетілдіру және ұнамды мал тобын көбейту міндетін орындайды.
Әдетте бір текті (гомогенді) жұптауға шыққан тегі бір, не өте жақын малдар қатынасады. Бұл жағдайда селекционер өз алдына 3 мақсат қоюы мүмкін.
1. Аса жоғары өнімді (элита, бірінші класс), бір біріне көп көрсеткіштері мен ұқсас жүні де, ұзындығы да, еттік қасиеті де конституциясы да жақын болады. Осы қасиеттерді жоғалтпау, керісінше байыту үшін жұптайды. Мұндай мал көп болмайды және олардан аталық немес аналық басы болатын мал алуға тырысады.
2. Бір қасиетімен немесе 1-2 шаруашылық өнімділік көрсеткіштерімен бір текті малдарды жұптағанда селекционер өз алдына осы көрсеткіштерден аса жоғары сапалы мал алу үшін жұптайды.
3. Бір текті жұптау таңдаудың ұнамсыз жақтары да бар. Әдетте ұнамды қасиеттері ұқсас малдың ұнамсыз қасиеттері де ұқсас болады. Ол ұнамсыз қасиеттерді жою үшін басқа тектес малды пайдалануға тура келеді.
4. Бір текті жұптау асыл тұқымды шаруашылықта, нақты бір атаның өсіретін фермада өлшемді жүргізіледі. Мұндағы отарлар негізінен бір текті болып келеді, не жүн түсімімен, не жүн ұзындығынан.
Гетерогенді жұптаудың пайдалы мүмкіндігі – ол малдың тұқымдық қорын көбейтеді, байытады, кейбір пайдасыз, қажетсіз қасиеттерден арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан әр текті жұптаудың малдың қажетті кемшілігін түзетуге; ата-анасының көрсеткіштерінен шығатын ортақ қасиеттері бар мал өсіруге; өмірлік күшін, өміршеңдігін (гетерозис арқылы) жақсыртуға бағытталып жүргізіледі.
Қой жұптағанда селекционер:
а) ұқсас малдардын ұқсас мал өседі;
б) жақсы мен жақсы малды жұптағанда олардың ұрпағы жақсара түседі;
в) малдың асыл нәсілін бекіте түсу үшін гомогенді, ал нәсілін байытып өзгерту үшін – гетерогенді жұптау қолданылады.
Мысалы, 2-класс биязы жүнді қойдың жүні қысқа болады соны ұзарту үшін жүнді қошқармен жұптайды.
Ал 3-класта жүні сиректеу және денесінде әр жеріндегі жүн әркелкі болады. Міне осыларды түзеу үшін ол қойларға қою жүнді, денесіндегі жүні біркелкі аталық бекітеді.
Әдетте қойдың бірімен-бірін жұптау малдың басты шаруашылық көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі.
1. Жүннің жалпы түсіміне қарай жұптау арқылы қойдың (отардың) жүн өнімділігін арттыруға әбден болады. Жалпы жүннің салмағы мен таза талшық шығымының арасында оң корреляция бар. Сондықтан селекция жұмысын жүргізуде жүн түсіміне қарай жұптау арқылы жетістікке жетуге болады.
&&&
$$$002-008-000$3.2.10,11 Дәріс №10,11. Таза тұқымды мал өсіру әдістері
1.Тұқымды таза өсіру
2. Әдістері
Тұқымды таза өсіру деп бір тұқымға жататын жануарларды жұптастыру арқылы бірнеше буын бойы ұрпақ алу арқылы мал өсіру әдісін айтады. Алынған ұрпақты таза тұқымды ұрпақ деп атайды. Әрбір тұқым — халық шаруашылығының құндылығы зор дүниесі. Тұқымды таза өсірудің басты міндеті мен бұл әдістің биологиялық ерекшелігі жануарлардың тұқымдық қасиеттерін сақтап, жетілдіру, күшейтуде болып табылады. Таза тұқым өсіру қазіргі уақытта да, келешекте де мал шаруашылығында жетекші рөл атқарады. Себебі тек таза тұқым өсіру әдісі ғана өзіндік ерекше қасиеті бар мал тұқымын сақтап және оны одан әрі жетілдіруге мүмкіншілік туғы-зады. Таза тұқым өсіру арқылы алынған малдың тұқымдық қасиеті жоғары болады. Ол өзіне тән өнімдік қасиетін ұрпағына тұрақты бере алады. Осыған орай таза тұқым өсіру әдісі асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың негізгі әдісі болып есептеледі.
Бір тұқымның малында сұрыптау мен жұп таңдаудың түпкі бір мақсатта жүргізілуіне және олардың жалпы тегінің, өскен ортасының бірлігіне байланысты көптеген ұқсастық болады. Осыған орай, оларды бір-бірімен ретті шағылыстырып отырғанда бұл ұқсастық ұрпақтан-ұрпаққа тарайды және күшейе береді, олардың өздеріне тән биологиялық және шаруашылыққа тиімді қасиеттерін ұрпағына беру қабілеттілігі арта түседі. Мұның бәрінің негізінде мал тұқымын таза өсіргенде сұрыптау бағытында белгілердің пайдалы гендерінің саны көбейіп, олардың әрқайсысының гомозиготалылығы арта түсетіні жатыр. Бұл — тұқымды таза өсіру әдісінің биологиялық мәні мен генетикалық әсері.
Аса мол өнімді жануарлар тұқымды таза өсіру арқылы шы-ғарылған. Мәселен, Челябі облысындағы "Россия" мемлекетік асыл тұқымды мал зауытындағы қара-ала тұқымның Россиян¬ка атты сиырынан IV лактацияның 340 күні ішінде майлылығы 4,18% 19162 кг, ал 305 күні ішінде - 18086 кг сүт сауылған. Ең жоғары тәуліктік сүт мөлшері 82,5 кг 1600 м қашықтықты 2,001 секундта шауып өткен орлов желісті жылқысы тұқымының Улов, Пион, Турнир секілді көрнекті айғырлары, сондай-ақ Ставрополь тұқымының 30,1 кг биязы жүн берген №72 қошқары және бір рет торайлағанда 32 торай туған ірі ақ шошқа тұқымының мегежіні де тұқымды таза өсіру арқылы шығарылған.
Тұқымды таза өсіру арқылы дүниежүзілік класқа жататын жекелеген жануарлар ғана шығарып қоймай, аса зор тұқымдық құндылығы бар тұтас табындарды да қалыптастыруға болады. Көптеген асыл тұқымды мал зауыттарында сиырлардың жылдық сүттілігі 5500-6500 кг-нан асады. Олар - Мәскеу облысындағы "Петровское" (6328 кг), Ленинград облысындағы "Лесное" (7021 кг), "Немчиновка" (8015 кг) мал зауыттары. Кострома облысындағы "Караваево" асыл тұқымды мал зауытында 20 жыл ішінде Кострома тұқымының сүттілігі 7000-16000 кг болатын 462 рекордшысы өсірілген.
Италиядағы бір табында 250 голштин малы өсірілетін Луиджи Альбертино фермасында әрбір сиырдан орта есеппен 10000 кг сүт сауылған. АҚШ-тағы таза тұқымды голштин малының 3,36 миллион сиырының сүттілігі 7000 кг-нан асқан, сүтінің майлылығы 3,36%, сүт белогы 3,23% болған. 1,1 миллион сиыры бар 11 мың шаруашылықта тұқымды таза өсіруде орта есеппен әрбір сиырдан 8000-11500 кг сүт сауылған. Тұқымды таза өсірудің тиімділігі жоғары болатынына осы секілді көптеген мысалдар бар. Аса көрнекті селекциөнерлер тұқымды таза өсіруге зор маңыз беріп, өздері шығарған аса бағалы тұқымдарды кездейсоқ шағылысудан мұқият сақтаған. Дүние жүзінің көптеген елдерінде тұқымды таза өсіруге зор көңіл бөледі. АҚШ-та голштин, джерсей, гернсей секілді мал тұқымдарын тұқымды таза өсіру әдісімен ғана көбейтеді.
Сиырларының сүттілігі 7000-9000 кг болатын табындар бар. Бұл елдің ғалымдары селекциялық лимит (генетикалық өзгергіштіктің кемуі) және физиологиялық лимит (жануардың аса сүттілігі мен көбею қабілеті арасындағы теріс корреляция) деп аталатын құбылыстарға байланысты мәселелерді зерттеп, таңдаулы асыл тұқымды мал шаруашылықтарының жұмыс нәтижелерін қорыта келе, таяудағы уақыт ішінде сүтті бағыттағы малдың популяцияларына селекциялық лимит те, физиологиялық лимит те қауіп төндірмейді деген қорытындыға келді.
Бірқатар елдерде жануарларды тұқымды таза өсіру жолымен ең бағалы тұқымдардың генетикалық қуаты жетілдіруде. Мысалы Германияда немістің қара-ала тұқымын таза өсірумен қатар, шетелдік таңдаулы тұқымдардың дүниежүзілік генетикалық ресурстарын пайдалану мақсатында джерсей, голштин тұқымдарын да таза өсіру жұмыстары жүргізілуде. Германияда тұқымды таза өсіру — асыл тұқымды жануарлар өсірудің негізгі әдісі.
Тұқымды таза өсіруде жануарлардың шығу тегіне зор көңіл бөледі. Асыл тұқымды мал жазбаларына, жануарлардың экстерьерлік ерекшеліктері мен типтерін бағалауға және қан топтарына қарай олардың таза тұқымдылығы мен шығу тегін анықтайды. Тұқым асылдандыру жұмыстарын жануарлардың жеке табындарымен ғана емес, сондай-ақ тұтас тұқыммен жүргізу үшін кең көлемді селекция әдістерін қолданады. Тұқымдарда олардың біртұтастығы мен өзгергіштігін қамтамасыз ететін белгілі бір генетикалық негіздер болады. Барлық зауыттық тұқымдардың маңызды ерекшелігі — олардың шаруашылыққа пайдалы аса маңызды белгілері бойынша тұқым ішіндегі жеткілікті жоғары өзгергіштігі. Осындай өзгергіштіктің арқасында сұрыптаудың әсерімен тұқымның жаңа қасиеттері мен белгілері қалыптасады.
Тұқымды таза өсіру сұрыптау мен жұп құрудың әр түрлі әдістері арқылы, аталық іздер мен аналық ұялар бойынша өсіру арқылы жүзеге асырылады. Өздерінің асыл тұқымдық және өнімділік қасиеттері жөнінен таза тұқымды жануарлар әр түрлі болатындықтан, тұқымды жетілдіру үшін олардың ең таңдаулыларын тұқымның стандартымен салыстырып, мақсатты түрде сұрыптап отыру қажет.
Тұқымды таза өсіру әдісі сапалы, мол өнімді малы бар өндірістік шаруашылықтарда да (әуелі селекциялық топта) қолданылады. Өндірістік шаруашылыкты асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылыққа айналдыру үшін ол шаруашылықтың табынында бірнеше ұрпақ бойы тұқымды таза өсіру әдісі қолданылуы басты шарттардың бірі.
Тұқымды таза өсіру әдісі, сонымен қатар, егер шаруашылықта өсірілетін мал тұқымынан артық басқа тұқым болмаған уақыттарда тұрақты қолданылады. Мысалы, қаракөл қойын өсіретін барлық шаруашылықтарда тұқымды таза өсіру әдісі қолданылады. Тұқымды таза өсіру екі түрлі жолмен жүзеге асырылады: туыстас малды жұптастыру (инбридинг) және туыстас емес малды жұптастыру (аутбридинг). Жануарлардың кез-келген тұқымының өнімділік және асыл тұқымдық қасиеттерін жетілдіруге бағытталған тұқым асылдандыру жұмысының жалпы жүйесінде туыстас емес малды жұптастыру негізгі рөл атқарады. Ата-енелік жұптарды гетерогенді жұптау, іздер аралық кросстар, қан тазарту жұмыстары табынның тіршілік өрекетін арттыру және сауықтыру үшін туыстас емес малды жұптастыру негізінде жүргізіледі. Мұнда жануарлардың өнімділігі, сондай-ақ жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті сакталады. Туыстас емес малды жұптастыру - әдетте инбридинг қолданбайтын барлық қатардағы шаруашылыктарда жануарлар өсірудің негізгі әдісі.
&&&
$$$002-009-000$3.2.12 Дәріс №12. Ауылшаруашылық малдарды бонтировкалау
Жоспар:
1.Бонитировка жайлы түсінік.
2. Бонитировканың жеке және кластық түрлері.
Бонитировка — малды конституциясы, экстерьері мен өнімділігі бойынша кешенді бағалау. Мақсаты - өте жақсы малдарды одан әрі дамыту, нашарларын жарамсыздыққа шығару. Бонитировканың екі түрі қолданылады: жеке және класстық.
Жеке бонитировкаға: асыл тұқымды қошқарлар (негізгі, қосымша және сынақшы); асыл тұқымды шаруашылықтағы селекциялық топтағы саулықтар мен қошқарлардан алынған, ұрпағының сапасы бойынша тексерілетін барлық төлдер; басқа шаруашылыққа сатылатын және негізгі отарды жөндеуге арналған барлық асыл тұқымды еркек тоқтылар кіреді. Жеке бонитировкалау кезінде малды бағалаудың барлық көрсеткіштері бонитировкалық кілтпен белгіленіп, арнайы журналға жазылады.
Кластық бонитировка — жекелегенмалдардың сапасын журналға жазуды жүргізбейді, олардың тұқымдық, конституционалдық және өнімділік сапасын эксперттік бағалау негізінде сәйкес келетін бонитировкалық класқа жатқызу арқылы жүргізіледі. Кластық бонитировкаға тауарлық фермадағы барлық малдар, асыл тұқымды шаруашылықтағы – жеке бонитировкаға енгізілмеген барлық қой малдары кіреді.
Кластық бонитировка негізіндегі сұрыптауды топтық немесе кластық деп атайды. Ол жекелеп жұп таңдауды өткізуге мүмкіндік бермейді,тек топтық немесе кластық жұп таңдауды жүргізуге болады.
Бонитировка мерзімі. Негізгі бонитировканы малды әрі қарай пайдалану мақсатында, негізгі бонитировкалау белгілері толық көрінгенде және басты өнімділік түріне дұрыс баға беруге мүмкіндік туған мерзімде, оның өмірінде бір-ақ рет жүргізіледі. Сондықтан, осыған орай, қой шаруашылығы бағыттарына байланысты малды бағалаудың әр түрлі мерзімдері бекітілген. Биязы және биязылау жүнді қойларды бірінші қырқу алдында, көктемде 1 жасында бонитировкадан өткізеді. Қой шаруашылығында елтірі бағытындағы қозыларды 1-3 күндік жасында, тондық бағыттағы қой шаруашылығында жас малды 8-9 айлық жасында бағалайды.
Аталған бонитировкалаудың негізгі мерзімінен басқа, асыл тұқымды шаруашылықөтарда малдың ерте жас шамасында да қосымша бонитировкалауды өткізеді. Ол малдың дамуы жөнінде толық мәлімет алуға және қой малын асылдандыруға пайдалану керектігін, қайсысын етке бордақылауға жіберу керектігін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Биязы және биязылау жүнді қозыларды көбінесе, енесінен бөлер алдында және 15-20 күндік жастарындақосымша бағалайды. Осы уақытта малдарды мұқият бағалау оларды әрі қарай пайдаланудың қосымша қорытындысы үшін маңызды. Қозыларды 15-20 күндік жасында бағалау оның дамуында, денсаулық, жүн жабынының жағдайында кемшіліктің бар-жоғын анықтайды. Енесінен бөлу кезінде бағалау жас малдың коеституционалды-өнімділік көрсеткіштерінің қаншалықты көрінетіндігін байқатады, ол бойынша жөндеу дм есептеуге болады.
Роман қой тұқымының қозыларын негізгі бонитировкадан (8-9 айлығында) бұрын енесінен бөлер кезінде (90-100 күнде) дамуын, тірі салмағын, типтілігін, жүн жабыны бояуында ақаудың бар-жоқтығын бағаласа, қозы жүнін қырқу алдында (5-6 айда) дамуы мен тондық сапасын бағалайды.
Құйрықты ұяң және қылшық жүнді қойларды бонитировквлауды алғаш бір жас шамасында көктемгі қырқым мен сапасы бойынша жүргізсе, соңғысын күз мезгілінде, 18 айлық жас шамасында тірі салмақ, жалпы көктемдік және күздік жүн қырқымы мен сапасы бойынша өткізеді.
Асыл тұқымды аталықтарды жыл сайын, конституционалды-өнімділік көрсеткіштері қаншалықты сақталғандығын тексеру үшін бағалап отырады. Егер негізгі бонитировкадан ауытқулар байқалса, оны пайдалану жоспарына енгізу жасайды.
Бонитировканың негізі – малды, оның конституциясы, экстерьері және өнімділігі бойынша бағалаумен аяқталады. қой малдарын олардың негізгі өнімділік белгілері толық көрінген уақытта бағалайды. Бонитировка нәтижесі: малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау үшін негізділік береді. Осыған сәйкес, кез келген қой тұқымын олар алғаш шағылысқа барар алдында бонитировкалау қажет. Көп жағдайда негізгі бонитировкадағы бағалау көрсеткіштері жасына байланысты өзгермейді, сондықтан оларды өмірінде бір рет қана бонитировкадан өткізеді. Жеке селекциялық жұмыс үшін таңдалған асыл тұқымды малдар негізгі бонитировкадан кейін де, жыл сайын бағаланады, ол малдың селекциялық топта алдағы уақытта да пайдаланылуына байланысты, белгілерінің көріну дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі.
Тәжірбиеде бонитировканың екі түрін: жеке және кластық түрлерін пайдаланады. Жеке бонитировкалау кезінде малдың экстерьерлік, өнімділік және басқа сапаларының барлық көрсеткіштерін журналға жазып (жеке-жеке малдың) малға жеке нөмір салады, ол жеке селекциялыұ жұмысқа арналмаған барлық малдар кластық бағалаудан өтеді. Малдарды класқа бөлу негізі оның конституционалды-өнімділік ерекшеліктері бойынша әр түрлі екендігін көрсетеді. Кез келген тұқымның дамуына сол жердің табиғат жағдайы мен өнім беруіне қолайлы болса, олар өсіруге ұнамды тип малы ретінде саналады.
Елтірі бағытындағы қой тұқымынан басқа, барлық қой тұқымдары кластарға бөлу принципі келесідей:
Шаруашылықтық – пайдалы белгілер кешені бойынша ұнамды типке сәйкес келетін тұқым немесе буданды тобын І класқа жатқызады. Бұл кешендегі маңызды белгілерге – конституция типі, малдың дене бітімі пішіні мен көлемі, жүн қырқымы мен сапасы жатады.
Кешенді белгілер бойынша І класс талаптарына сәйкес келмейтін барлық малдар, селекция жұмысы үшін құнды емес малдарды ІІ және ІІІ класқа бөледі. Олардың біреуін еттілік белгілері онша дамымаса, жүнді титі малдарға жатқызады.
Асыл тұқымдық жұмыс үшін құнды емес, экстерьерінде ақауы бар, конституциясы шамадан тыс дамыған және өнімі өте төмен малдарды асылдандыру жұмысынан алынып, отардан жарамсыздыққа шығарады.
І класс сапасынан да жоғары малды элита тобына жатқызады. Элитаға бөлудің басты мақсаты – асылдандыру жұмысында жоғары сапалы асыл тұқымды мал тобын құрып, олардан құнды ұрпақ алу болып табылады.
&&&
$$$002-0010-000$3.2.13,14 Дәріс №13,14
&&&
$$$002-0011-000$3.2.15 Дәріс №15. Мал шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау.
-
Әртүрлі категориядағы шаруашылықтағы асылдандыру жұмысының ерекшеліктері.
-
Асылдандыру жұмыстарын жоспарлау.
Мал шаруашылығының дамуын ұйымдастыру мен жоспарлау мемлекеттердің және әлемдік нарықтың керекті сападағы ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалануынан туындайды. Селекциялық-асылдандыру жұмыстардың қаулыларын ұйымдастыру мен жоспарлау сұрақтары бойынша жалпы басшылықты ауылшаруашылық Министрлігі, облыстардың ауыл шаруашылық басқармалары, оның мал шаруашылығындағы тұқымдық жұмыстарды бақылау және қадағалау бөлімі, Казагроинновация АҚ басқаруымен мамандалған ғылыми-зерттеу институттары, тәжірибелі станциялар, аграрлық бағыттағы жоғарғы оқу орындары.
Мал шаруашылығындағы асылдандыру жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау жануарлардың тұқымдары туралы сұрақтарымен байланысты. Онда кіретіндер: тұқымдардың шаруашылық бағалылықтарының, әр түрлі зоналарға биологиялық бейімділіктерінің объективтік анықтамаларына негізделген мемлекет аумағына тұқымдарды жоспарлы түрде орналастыру; әрбір тұқым алу үшін асылтұқымды аталық жеткілікті мал саны бар мамандалған тұқымдық шаруашылықтар жүйесін құру; әрбір тұқым немесе ауыл шаруашылық бірлестікте селекциялық жұмыстардың жоспарлы түрде жүргізілуі; ең жақсы зауыттық аталық із, тұқым аталықтарын және аналық ұяларын рационалды қолдану.
Зоналар, аудандар және облыстар бойынша әр түрлі тұқымдарды орналастыру – тұқымдық жұмыстар бойынша маңызды мемлекеттік шара жоспарлы түрде жүргізіледі. Белгілі бір аудандарға жоспарға сәйкес жоғарылататын тұқымдарды таңдау кезінде осы көрсеткіштерді ескеру қажет: жобаланатын тұқымдар жануарларының өнімділігін, олардың тез жетілуін, аудандарға бейімділігін. Тұқымдық аудандастыруды жергілікті аз өнімді жануарларды жоғары өнімді тұқымның өкілдерімен шағылыстыру арқылы сапалы жақсарту құралы ретінде де қарастыру керек.
Жоғары бағалы тұқым өкілдерінің аз болуы кезінде ауыл шаруашылық жануарларының сапалы жақсартылуы белгілі бір жүйелілікті және қолмен ұрықтандыруды қолдана отырып, тұқымдық аталықтарды рационалды пайдалануды талап етеді.
Асылтұқымды мал шаруашылығын жоспарлауда мемлекетке қажет әрбір түрдегі жануарлар тұқымдарының саны туралы мәселе туындайды. Ол, мемлекет аумағының өлшемдерімен және оның табиғи-климаттық және шаруашылық жағдайларының әр түрлілігімен; берілген түрдің жануарынан әр түрлі өнім алудың керектілігімен (қойлардан – биязы, жартылай биязы, жартылай қылшық және қылшық жүн, ет, тері; ірі қара малдан – сүт және ет, т.б.); мал шаруашылығында қарапайым өндірістік және ауыспалы шағылыстыруды қолдану көлемімен анықталады. Біздің түрлі климаттық және экономикалық жағдайларымен, кең байтақ жеріміздің территориясына өндірістік және ауыспалы шағылыстыруды кең қолдану кезінде берілген түрдің тұқымдары көбірек қажет; ал қарама-қарсы жағдайда – азырақ.
Тұқымды сынау. Тұқымды сынаудың басты мақсаты - өзінің өнімдік-биологиялық ерекшеліктері бойынша, табиғи-экономикалық жағдайларға, өсірудің өндірістік технологияларына бейімділігі бойынша қандай тұқым екенін анықтау. Әрбір зонаның өзіндік климаттық, азықтық және басқа да жағдайларын ескере отырып, тұқым сынауды, ақыры қандай шаруашылықта қалатынын ұйғарып, сол аймақта өткізу керек.
Сынауға, зоналардың барлық немесе көптеген шаруашылықтарына сәйкес болатын, жануарларды азықтандыру мен бағу жағдайлары жасалынған, зоотехникалық есебі жақсы реттелген үлкен аймақ таңдалу керек. Мұндай шаруашылықтарға таңдалған жануарларды жас кезінде әкеліп, барлық сыналатын топтарға оптималды және бірдей өсіру жағдайын жасау керек. Әр тұқымның төлі (70-100 бас) мұқият таңдалынып, барлық тұқым малдары үшін типтік болу қажет.
Тұқымды сынау үшін жануарлар топтарын қалыптастыру ең жақсы тұқымдық шаруашылықтардың төлдерін бағалау мен іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан жағдайында қойлардың тұқымдарын бағалаудағы аса маңызды паратиптік фактор олардың жайылым жағдайларына «ағза реакциясының шамасы» болып табылады. Қойлардың тұқымдарын сынау жұмыстары оңтүстік-шығыс Қазақстанның таулы зонасында (1946-1949 жж.) және Орталық Қазақстанның шөлді зонасында (148-1952 жж.) белгілі ғалым профессор М.А. Ермеков басшылық еткен үлкен ғылыми қызметкерлердің тобымен жүлгізілді.
Алматы облысының таулы зоналар жағдайында өткізілген өндірістік зерттеуде қойлардың келесі тұқымдары қатысты: биязы жүнді – қазақи арқармеринос, қазақи биязы жүнді, прекос; биязылау жүнді – қазақи етті-жүнді, дегерес; қылшық жүнді – еділбай, қаракөл және оның будандары. Барлық зерттелетін тұқымдардың қойлары, маусым жайылымдарын қолданумен, жыл бойы жайылымда бағылу кезінде бірдей жағдайда болды. Ерте көктемде, күзде және қыста шөл жайылымдары, ал жазғы кезеңде таулы аймақтардың жайылымдары қолданылды.
Жазда, таулы жағдайларда барлық тұқымдардың қойлары 4-17% салмақ қосты, қылшық жүнді қазақи қойлар мен қаракөл қойлары тек 1-3% ғана. Ал басқа жағдайларда бағылған биязы жүнді қойлардың жағдайы өзгермейді немесе төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |