Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


ҚР-дағы сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және қаржылармен байланысы



бет52/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81
karzh umk

ҚР-дағы сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және қаржылармен байланысы

 

Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару мен реттеуге үкіметтік органдар, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік емес отандық және халықаралық ұйымдар үлкен көңіл бөледі. Сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) әр түрлерін реттеуге ҚР заңдары, Президент Жарлықтары және Үкімет қаулылары қарқынды және жылдам әсер етеді. СЭҚ мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын жоғарғы органдар ҚР Парламентінің Сенаты және Мәжілісі болып табылады, олар сыртқы сауданы, бірлескен кәсіпкерлікті және сыртқы эконом икалық ынтымақтастық пен өзара әрекеттесудің басқа түрлерін реттейтін заңдарды қабылдауға, өзгертуге, күшін жоюға құқылы.



СЭҚ реттеуде маңызды роль Ұлттық банкке тиесілі болады, ол  банкаралық келісімдер жасайды, басқа мемлекеттердің ұлттық немесе орталық банктерімен, халықаралық банктермен және басқа қаржы-несие мекемелерімен қатынастарда мемлекет мүдделерін білдіреді. Ұлттық банктің негізгі функцияларына:  валюталық операциялардың барлық түрлерін жүргізу, елімізде шетелдік валютаның және бағалы қағаздардың айналымы сферасын және жүйесін әзірлеу, нормативтік актілер шығару, бағамды реттеу, банктерге валюталық операцияларды жүзеге асыруға лицензиялар беру жатады.

Мемлекеттік емес ұйымдардан СЭҚ дамуына және жүзеге асырылуына сауда-өнеркәсіптік палаталар әсер етеді. Сауда-өнеркәсіптік палата кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді біріктіретін, мемлекеттік емес, коммерциялық емес  ұйым болып табылады, ол заңды тұлға болып табылады, ол  ел экономикасының дамуына, оның әлемдік шаруашылық жүйесіне шоғырлануына, қазіргі заманғы өнеркәсіптік және сауда инфрақұрылымын құруға, кәсіпкерліктің барлық түрлерінің, шетелдермен сауда және ғылыми-техникалық байланыстардың бүкіл әлемдік дамуына  жәрдемдесу мақсатында құрылады.

Сауда-өнеркәсіптік палаталар (СӨП) келесі міндеттерді орындайды:

- кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға көмек көрсету;

-  кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы және мемлекетпен өазара әрекеттесуді ұйымдастыру;

- кәсіпкерлік қызмет үшін білім беру және кадрларды дайындау жүйесінің дамуына жәрдемдесу;

- кәсіпкерлерге, олардың бірлестіктеріне, одақтарға, ақпараттық қызметтер ассоциацияларына көмек көрсету;

- тауарлар мен қызметтер экспортының дамуына жәрдемдесу, кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне сыртқы рынокта операция жүргізуде техникалық көмек көрсету;

- кәсіпорындар, кәсіпкерлер арасында пайда болатын дауларды реттеуге жәрдемдесу;

- шетелдік фирмалар мен ұйымдардың коммерциялық қызметін жүзеге асыруы үшін қызметтер көрсету.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет