Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитеті Ішкі істер министрлігі «Көкшетау техникалық институты» рмм



бет1/8
Дата09.06.2016
өлшемі6.82 Mb.
#125041
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар комитеті

Ішкі істер министрлігі

«Көкшетау техникалық институты» РММ

Күндізгі оқу факультеті

Жедел-тактикалық пәндер

кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

ЖТП кафедрасының бастығының бастығы

______________Р.С.Баймағанбетов

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

Тақырыбы: Көкшетау қаласы «ӨС және АҚЖ» ММ арналған алғашқы көмек көрсету өрт сөндіру автокөлігіне техникалық тапсырма өңдеу

Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»



Орындаған ______________________ Е.С. Балтакескен

Жетекші _______________________В.В. Ефименко


Көкшетау, 2015

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар комитеті

Ішкі істер министрлігі
Күндізгі оқу факультеті
Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы

5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша дипломдық жұмысты (жоба) дайындау




ТАПСЫРМА

Жоба тақырыбы: Көкшетау қ. «ӨСҚ және АҚЖ» ММ үшін алғашқы көмек көрсету автомобиліне техникалық тапсырмаларды әзірлеу.


1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № 2015 ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны ) тапсыру мерзімі 2015 ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер сауда орталығының

жобасы.
4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:





р/б

Бөлімнің (тараудың) атауы

Орындау мерзімі




Деректер жинау

5.03.2015 дейін

1.

2014 жылдың 12 айына күзетілетін және қызмет көрсетілетін объектілерде болған өрттердің зерттеуі мен статистикасының анализі.

10.03.2015 дейін

2.

Өнеркәсіппен шығарылатын алғашқы көмек көрсету автомобильдерінің анализі.

25.03.2015 дейін

3.

Әзірленіп жатқан АККА қойлатын талаптар.

02.04.2015 дейін

4.

Ойластырылған базалық шасси, оның техникалық деректері.

03.04.2015 дейін

5.

Электркүшті қондырғыны таңдау.

05.04.2015 дейін

6.

Автомобиль шассиіне электр күшті қондырғыны құрастыру.

10.04.2015 дейін

7.

Салонды жеке құрам үшін үйлестіру.

16.04.2015 дейін

8.

Авариялық-құтқару құралдарын және өрт-техникалық құралдарды орналастыру.

20.04.2015 дейін

9.

АККА динамикалық сипаттамаларын есептеу.

25.04.2015 дейін

10.

АККА жауынгерлік қолдану.

28.04.2015 дейін

11.

Жобаның технико-экономикалық негіздемесі.

30.04.2015 дейін

12.

Қорытынды.

03.05.2015 дейін

13.

Баяндаманы дайындау.

10.05.2015 дейін

14.

Презентацияны дайындау.

15.05.2015 дейін

5. Тапсырманы беру уақыты 201_ жылдың « __ » _________

6. Бекітемін: ЖТП кафедрасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі________________________________________ С.Ә.Карденов


7. Жетекші: ЖТП кафедрасының оқутышысы өртке қарсы қызмет майоры_________________________________________ В.В.Ефименко


8. Тапсырманы орындауға қабылдадым _____________ Е.С.Балтакескен

9. Тапсыру мерзімі 2015 жыл.

Мазмұны

Кіріспе.

5

1. Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»ММ Көкшетау гарнизонының сипаттамасы.

6

    1. 1.1 Көкшетау қаласының сипаттамасы.

6


1.2 Көкшетау қаласының әкімшілік аумағындағы бақылауға алынған нысандарда 2014 жылы орын алған өрттердің талдауын жасау.

10

    1. 1.3 Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»ММ-нің техникалық жарақтануы.

14


    1. 1.4 Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі»ММ өрт техникасы және жабдықтары бөлімшесінің талдауы.

1.5 Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»ММ-нде өрт техникасын пайдалануына талдау жасау.

25

29


2. Қазіргі уақытта өндірістегі алғашқы көмек көрсету автокөліктеріне талдау жасау.

36


2.1 Заманауи шұғыл әрекет ету автокөліктерінің техникалық сипаттамалары. Салыстыру және талдау жасау.

36


2.2 Дипломдық жобаның мақсаты мен тапсырмалары.

38


3. Алғашқы көмек көрсету автокөлігі (АККА).

39


3.1 Өртпен күресте техникалық қамтамасыздандыруға талдау жүргізу.

39


3.2 Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»ММ-нің ұсынылатын АККА-не қойылатын талаптары.

40


    1. Ұсынылатын базалық шасси, оның техникалық сипаттамалары.

44


    1. Берілген база негізіндегі АККА-нің динамикалық сипаттамаларын есептеу.

46


4. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі.

64


5. АККА-н пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздік.

66


6. АККА-н пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелері.

68

Қорытынды.



69

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

70


Кіріспе
МӨҚҚ жарақтануындағы автокөліктер үнемі жоғарғы жауынгерлік дайындық жағдайында болуы тиіс, кез-келген өртті сөндіру уақытында оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық көрсеткіштерге, жедел қозғалмалы қасиеттерге ие болуы қажет.

Өрт сөндіру автокөліктерінің конструкциялары мен олардың атқаратын функциялары үнемі күрделенуде. Оларға электронды, гидравликалық, пневматикалық жүйелер енгізілуде, әдетте бір-бірімен жүйелі түрде жалғанады. Аталған элементтердің біреуінің істен шығуы агрегаттың немесе тораптың қалыпты жұмыс жасауына ақау келтіруі мүмкін, сондықтан сенімділікке жоғары талаптар қойылады.

Жоғары жылдамдық және сенімділік қаситеттеріне ие жаңа автокөлік шассилерінің пайда болуы, жоғары тактикалық-техникалық көрсеткіштермен, пайдалану қауіпсіздігімен ерекшеленетін тиімділігі жоғары өрт сөндіру автокөліктерін жасауға мүмкіндік береді, бұл күннен-күнге артып келе жатқан көлік қозғалысының қарқындылығы шарттарында үлкен маңызға ие.

Қозғалыс параметрлері мен басқа да көптеген көліктің тактикалық сипаттамаларына әсер ететін рационалды жинақтау схемасын таңдау және негізге алу өрт автокөлігін жасауда маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.Бұл мәселеге, типаж құрылымын жетілдіру, өрт сөндіруді реттеудің жаңа элементтерін реттеу, тасымалданатын өрт сөндіру заттарының тиімділігі мәселелер секілді басты назар аударылады.

Өрт сөндіру автокөліктерінің техникалық сипаттамалары үнемі жетілдірілуде, дегенмен МӨҚҚ белгілі бір нысандарды, заттар мен материалдарды сөндіруге арналған олардың жаңа түрлерін талап етеді. Сонымен қатар, сапалы және конструкциялық жаңа модельдерді енгізу арқылы өрт сөндіру автокөліктерінің типажын кеңейту техникалық тұрғыда да, экономикалық тұрғыда да ақталмауы мүмкін.

Соңғы жылдардағы Ресей және шетел техникаларындағы өзгерістерге талдау жасай отырып, өрт сөндіру автокөліктерін жетілдірудің екі жолын атап өткен жөн:



  • кеңінен тарау алған модельдердің әмбебаптығы;

  • белгілі бір нысандарды қорғауға арналған жалпы қолданыстағы автокөліктердің арнайылануы (өрт сөндіру автокөліктері).

Бұл тенденциялар жаңа автокөліктерді өндіру кезінде олардың кеңінен таралуының себебі болып табылады. Олар жаңа қаситеттерге ие, өндіру және пайдалану саласында шығыны төмен автокөліктер құруға мүмкіндік береді.

Модельдерді әмбебаптау принципі автокөлікті аз сериялармен шығарғанда немесе базалық модельдер модификациясын өндіргенде әлдеқайда тиімдірек. Сонымен қатар, модельдерді әмбебаптау принципі елдер арасындағы мобильді өрт техникасы өндірісін коопериралау және халықаралық арнайылау мүмкіндіктерін кеңейтеді.



1.Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»ММ Көкшетау гарнизонының сипаттамасы
1.1 Көкшетау қаласының сипаттамасы
Рельефі, климаты, өсімдіктері, гидрографиясы.

Көкшетау қаласы–Ақмола облысының әкімшілік орталығы, 1824 жылы құрылған, ауданы 42518 га құрайды. Қалаға қарасты аумақтарда сирек кездесетін металдар, құрылыс материалдары мен минералды сулар өндіріс орындары бар. Көкшетау қаласы – Қазақстан солтүстік бөлігінің өндірістік, мәдени және экономикалық орталығы және де астаналық Ақмола облысының орталығы, Астана қаласынан солтүстікке қарай 300 км ара-қашықтықта орналасқан.



Рельеф. Қопа көлінің жағалауында Көкшетау биігінің (Көкшетау 947м) солтүстігінде орналасқан, биіктік қаланы оңтүстік және шығыс жағынан қоршап тұр.

Климаты күрт континентальды, жазы ыстық, қысы салқын және ұзақ. Ауа температурасының жылдық орташа көрсеткіші – 3 градус Цельсийге жуық. Қаңтардағы орташа температура – 15, – 20 град., шілдеде +35 градусқа дейін. Жылдық орташа желдің жылдамдығы– 5,3 м/сек. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300 мм-ден 350 мм көрсеткішін көрсетеді, жауын-шашынның көп мөлшері жазғы мезгілде түседі.

Өсімдіктері. Көкшетау қаласы Қазақ тау-төбелерінің орманды-далалы аумағында орналасқан, солтүстік бөлігі далалы жер, оңтүстік-батыс бөлігі жоғары биіктікті төбелер.

Гидрография. Қаланың солтүстік жағында Қопа көлі орналасқан, оның жағалау ұзындығы 17 км құрайды, оңтүстік-батыс жағалауынан Чаглинка өзені, оңтүстік-шығыс жағалауынан – Қылшақты өзені келіп құяды, ал солтүстік жағалауынан Нижняя Чаглинка өзені ағып шығады.

Әкімшілік-аумақтық бөлу және елді-мекендер.

Қалалық әкімшілік аумағының құрамына (ауданы 400 км²) Көкшетау қаласынан бөлек бір ауылдық әкімшілік (Станционный ауылы) және Красный Яр ауылдық округі кіреді, Красный Яр ауылдық округіне екі елді-мекен кіреді: Красный Яр және Қызыл Жұлдыз ауылы. 01.01.2015 жыл уақытындағы халық саны – 155304 адам, ерлер – 78724 адам, әйелдер – 76580 адам, ауылдық елді-мекендердегі адамдар саны 13294 адамды құрайды.



Қатынау жолдары және транспорт.

Транспорттық-коммуникациялық кешен әуе және темір жол көлігімен, дамыған автокөлік жолдарымен және телекоммуникациялық жүйелермен ұсынылған. Осыған сәйкес, қала үшін автокөлік және темір жол тораптарымен тасымалдамалы жүктердің жоғары меншікті салмағы сипатты болып табылады.

Темір жол бағыттары:

Көкшетау – Астана;

Көкшетау – Қостанай;

Көкшетау – Петропавл.

Облыстық әуе транспорты қала әуежайында орналасқан «Көкшетау» авиякомпаниясымен ұсынылады.

Автокөлікке арналған жолдар қала транспорты кешенінің маңызды байланыстырушы торабы болып табылады. Қала республикалық, облыстық және Астана, Петропавл, Атбасар және басқа да елді-мекендермен байланыстыратын жергілікті маңызға ие жолдармен байланысқан. Автобустық қатынастар қаланы облыстың елді-мекендермен, Қазақстанның және шет елдердің көптеген қалаларымен байланыстырады, қалада автовокзал бар. Жалпы қолданыстағы қалалық автокөлік жолдарының қашықтығы 268,5 км-ды құрайды. Жолдардың негізгі бөлігін қатты қабатты жолдар құрайды – 147,3 км. Қалған жолдар аз уақыттық майда тасты немесе құм-тасты қабатпен жабылған. Жалпы қолданыстағы грунтты жолдар қалалық жалпы жолдардың 4,5 %-ын құрайды.Қалада қозғалыс қарқындылығы жоғары және жүріс бөлігі қысқа жолдар саны көп болып табылады (жалпы ұзындығынан 50%-ға жуық).

Көкшетау қаласының аумағында телефон байланысымен қамтамасыз етілмеген елді-мекен жоқ.

Қалада телекоммуникациялық байланысты «Қазақтелеком»АҚ-ның Ақмола облыстық телекоммуникация департаменті (АОТД) жүзеге асырады. АОТД балансында 31 автоматтандырылған телефон станциялары (АТС), 2 725 қарау құрылғылары және 147 бөлу шкафтары бар. Байланыс 423 канал-километрде 1 169 км мыс сымдарыны арқылы жүргізіледі. АТС-ның жалпы сыйымдылығы 51 685 нөмірді құрайды, оның ішінде 48 812 нөмір цифрлық болып табылады.



Табиғи немесе техногенді сипаттағы төтенше жағдай орын алу кезіндегі мүмкін болатын жағдайды бағалау.

Географиялық орналасуына, табиғи-климаттық шарттарына, шаруашылық кешендердің сипаты мен қызмет мазмұнына байланысты Көкшетау қаласында әр түрлі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін.



а) табиғи сипаттағы:

қысқы мезгілде:қарлы желдер, борандар, қатты аяздар мен қар жауу, автокөлік және теміржолдардағы қарлы тайғанаулар;

көктемгі мезгілде:су алу, су тасу, табиғи өрттер;

жазғы-күзгі мезгілде:табиғи өрттер, жаңбырлы су тасулар, шаңды желдер мен борандар;

эпидемиялар, эпифитотиялар, эпизоотиялар жылдың барлық мезгілінде орын алуы мүмкін.

б) техногенді сипаттағы:

химиялық қауіпті нысандардағы апаттар және қатты әсер ететін улы заттары (ҚӘУЗ) бар транспортта, олардың қоршаған ортаға шашырауымен;

автокөлік, темір жол, әуе транспортындағы апаттар;

мұнай сақталатынбазалар мен мұнай өнімдері құбырларындағы апаттар;

жарылыс және өрт қауіпті нысандардағы жарылыстар мен өрттер;

су қоймалары плотиналарының қирауынан катастрофалық су алу аумақтарының пайда болуы;

ғимараттар мен құрылыстардағы газды-ауалы қоспалардың жарылысы;

ғимараттар мен құрылыстардағы өрттер;

тұрғын, әкімшілік және өндіріс қоры ғимараттары мен құрылыстарының құлауы.

Қала аумағында орналасқан, «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты»РММ-нің күштері мен құралдары (әрі қарай - Институт) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының шешімімен келесі төтенше жағдайларды жоюға қатыстырыла алады:

• өндірістік және кәсіпорындардағы апаттар;

• химиялық және радиациялық қауіпті нысандардағы апаттар;

• транспорттағы апаттар;

• ірі орман (дала) өрттері;

• көктемгі мезгілдегі қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар;

• қысқы мезгілдегі қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар.



Кәсіпорындардағы апаттар, жарылыстар және өрттер.

Қала аумағында 7 жарылыс-өрт қауіпті нысан орналасқан:

- «Көкшетау Жылу» МҚК (Көкшетау қаласы, солтүстік өндірістік аумақ) –Жылу энергиясын өндіру;

- Элеватор«AGRIMER-ASTYK»ЖШС (Көкшетау қаласы, Сулейменов көшесі, 5) –бидайды қабылдау, кептіру, сақтау және өңдеу;

- Жеке кәсіпкер «Свидерский В.Н.» мұнай базасы–ЖЖМ жалпылай сату (вагондар мен автоцистерналардан құйып алу-құю);

- «БСГ Кокшетау»ЖШС– СУГ құйып алу-құю;

- «Беркат-2014»ЖШС - СУГ сақтау және сату;

- «МаксLTD»ЖШС–жағылған газды бөлшектеп сату (автоцистерналардан құйып алу-құю);

- «ЮНА» АЖБ жүйесі (Көкшетау қаласы, Сулейменов көшесі жәнеУәлиханов көшесі 185 А, Зеренді-Көкшетау трассасы және Горький-Пролетарский көшелері) –ЖЖМ бөлшектеп сату;

Көкшетау қаласында 2 мұнай сақтау қоймасы бар, олар 2 от қауіпті сұйықтықтарды сақтау қоймаларынан – 84,5 мың тонна,4 газ толтыру станциясынан, сондай-ақ Көкшетау қаласында орналасқан автокөлікке жанар-май құю бекетінен тұрады.



Химиялық қауіпті нысандардағы апаттар.

Көкшетау қаласының аумағында технологиялық үрдісте қатты әсер ететін улы заттарды (ҚӘУЗ) қолданатын 3 шаруашылық нысаны бар, атап айтқанда:

1. «Көкшетау Су Арнасы»МҚК Көкшетау қаласында телемұнара аумағында орналасқан, ҚӘУЗ түрі – хлор – 3,2 т.;

2. «Хладокомбинат»ЖШС Көкшетау қаласында жаңа еткомбинаты ауданында орналасқан, ҚӘУЗ түрі – аммиак – 5,0 т.;

3. «Алтын Тау Көкшетау»ЖШС Көкшетау қаласынан солтүстікте 25 км қашықтықта, Қоныспай ауылынан 5 км қашықтықта орналасқан, ҚӘУЗ түрі – цианид натрия – 1208 т., тұз қызқылы – 38 т., метобисульфит – 1822 т., калий ксантогенаты бутилді – 130 т. Апатқа қатысу қабылетіне ие натрий цианидінің саны -10,0 т.;

Радиациялық-қауіпті нысандардағы апаттар.

Қаладағы радиациялық ахуал уран рудасын өндіретін, тасымалдайтын және өңдейтін кәсіпорынның болуымен, сондай-ақ ионды сәулелену көздерінің болуымен сипатталады:

«ҚР ДСМ Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы»РМҚМ Көкшетау қаласында орналасқан.Газды хроматограф «Agilent 6890 N», радиобелсенді зат түрі - Никель-63, β-сәуле. Радиобелсенді заттардың сомалық белсенділігі: 555 МБк немесе 13,2 милликюри.

«Ақмола облыстық онкологиялық диспансері»РҚКК Көкшетау қаласында орналасқан, радиобелсенді заттың түрі Кобальт 60. Радиобелсенді заттардың сомалық белсенділігі: 5295,98 Ки.



Транспорттағы апаттар.

Үлкен габаритті автокөліктер қатысқан ірі жол-көлік оқиғалары кезінде 40 адамға дейін қаза табуы мүмкін.

Жолаушылар пойызы апатқа ұшыраса жарақат алған адамдар саны 500 құрауы мүмкін, соны ішінде 50 адам қаза табуы мүмкін.

Табиғи өрттер.

Орман өрттерінің жалпы ауданы 7903 га-ды құрауы мүмкін.

Өрт қауіптілігі аймағында 1000 үйден және 4000-ға жуық адамнан тұратын ауыл қалып қоюы мүмкін.

Су тасу.

Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің көктемгі су деңгейінің көтерілуі әсерінен су тасу аумағы 1,2 км2-ды құрауы мүмкін.



Қысқы мезгілде қарлы борандар, қардың көп мөлшерде жаууы және жолдардың мұз болып қатуы орын алуы мүмкін. Көкшетау қаласын байланыстырушы автокөлік жолдары қармен жабылып қалуы мүмкін, жолдардың жалпы ұзындығы шамамен 10 км құрайды. Қардың көп мөлшерде жаууы белгіленген маршрут бойынша жүретін автомобиль және теміржол транспортының қатынасына айтарлықтай кедергі келтіреді. Көктемгі және күзгі-қысқы мезгілде қоршаған орта температурасының күрт салқындауыэлектр және байланыс желілерінің қатып қалуына әкеліп соғады, соның салдарынан электр энергиясының сым бойынан өтуі нашарлауы мүмкін, сондай-ақ жүйемен байаныс желісінің резервті электр қамтамасыз ету желісінің сенімділігін төмендетуі мүмкін. Осылайша, қарлы борандар, қар жаууы және мұз қату 1 тәулік ішінде қала нысандарының қызметіне айтарлықтай келеңсіздіктер келтіруі мүмкін.

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының шешіміне сәйкес Институттың күштері мен құралдары келесі төтенше жағдайлар орын алған уақытта Республиканың барлық аумағына авариялық-құтқару жұмыстарын және басқа да шұғыл қызметтерді атқаруға жұмылдырылуы мүмкін:

- ірі көлемдегі жер сілкіністері;

- су тасу;

- ландшафтты (табиғи) өрттер;

- республикалық маңызға ие жолдардағы қарлы көшкіндер кезінде.


1.2 Көкшетау қаласының әкімшілік аумағындағы бақылауға алынған нысандарда 2014 жылы орын алған өрттердің талдауын жасау.
2014 жылдың 12 айында 132 өрт тіркелді, оның ішінде Көкшетау қалалық ТЖБ-на бақылауға алынған нысандарда 8 өрт, ал 2 өрт өрт қауіптілігі жоғары нысандарда орын алды: Ақан Сері атындағы мәдениет колледжі РҚКК және «Перинаталды орталық» МҚК, 3 өрт қауіптілігі орташа ғимараттарда – Ақмола облыстық орман және аң шаруашылығы Инспекциясы, «Көкшетау ағаш үй құрылысы зауыты»ЖШС (орташа кәсіпкерлік субьектісі),«Куртат»ЖШС цехы (кіші кәсіпкерлік субьектісі), сондай-ақ 3 өрт қауіптілігі елеусіз нысандарда –«Чайка» дүкені, «Мир Маркет плюс» дүкені, «Имран» асханасы(кіші кәсіпкерлік субьектісі). 2013 жылдың осындай мерзімінде бақылауға алынған нысандарда 14 өрт орын алды, оның ішінде өрт қауіптілігі жоғары нысандарда 4 өрт (1 нысан ірі кәсіпкерлік субъектісіне жатады), орташа өрт қауіптілігі нысандарында 3 өрт (орта кәсіпкерлік субъектісі), өрт қауіптілігі елексіз нысандарда 7 өрт (кіші кәсіпкерлік субъектісі).

Осылайша, бақылауға алынған нысандарда өрттердің саны 43%-ға төмендеді.

Кәсіпкерлік субъектілері бойынша қарастырсақ, ірі кәсіпкерлік нсандарында 2014 жылы өрт орын алу оқиғасы тіркелген жоқ (2013 ж. - 2),орта кәсіпкерлік нысандарында 3 өрт (2013 ж.- 3), кіші кәсіпкерлік нысандарында 3 өрт тіркелді (2013 ж. - 7).




Қауіптілігі жоғары нысандардағы өрттерден келген материалды шығын 206 мың теңгені құрады (2013 ж. – 82 мың теңге), орташа қауіптілік нысандарында - 300 мың теңге (2013 ж. –870 мың теңге), қауіптілігі елеусіз нысандарда – 460 мың теңге (2013 ж. –1 млн. 750 мың теңге).

Нысандарда өрт орын алуының басты себептері болып табылды:

- электрқондырғыларын пайдалану ережелерін бұзу – 5 өрт (2013 ж. - 10);

- электр газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде ӨҚ ережелерін бұзу – 0 өрт (2013 ж. - 1);

- НОНсО- 1 өрт (2013 ж. -3)

- пештерді пайдалану кезінде ӨҚ ережелерін бұзу –2 өрт (2013 ж. - 0).

Жасалынған талдауға сәйкес өрттердің көп бөлігі өрт қауіптілігі елеусіз кіші кәсіпкерлік субъеклітерінде орын алғандығы байқалады. Нысандарда өрт пайда болуының басты себептері:- электр қондырғыларын пайдалану ережелерін бұзу.
Анықтау саласы бойынша 2014 жылғы жұмыс талдауы
2014 жылдың 12 айындағы Көкшетау қаласындағы өрт ахуалы келесі көрсеткіштермен сипатталды:

- 122 өрт тіркелді, бұл 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,4 %-ға төмен (125 өрт);

- өрттерде адамдардың қаза табуы: 6 оқиға орын алды, 2013 жылдың осы мерзімінде 2 оқиға орын алды.

Толық материалдық шығын 12 506 000 теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 217%-ға төмендеуді көрсетті (27 188 000 теңге).

Өртте қаза тапқандардың саны көбейді 10 адам (2013 ж. – 1 адам).
Өрттерде адамдардың қаза табу және жарақат алу динамикасы.
Өртте қаза тапқан адамдардың әлеуметтік талдауы келесі нәтижені көрсетті:

2014 жылы өртте 10 адам қаза тапты. Оның ішінде 8 адам уақытша жұмыссыз және 2 қаза табушы зейнеткерлік жастағы адамдар.

Өртеу жағдайы бойынша өртте 1 адам, абайсыздығы бойынша 5 адам қаза тапты, және де 1 қаза табу оқиғасының себептері анықталмаған.

Осылайша, келтірілген мәліметтерге сәйкес өртте қаза тапқан адамдардың басым бөлігі зейнеткерлік жастағы адамдар мен қызметі анықталмаған адамдар екендігі анықталды.

2014 жылы өртте жарақат алған адамдар тіркелмеген.
Өрттен келген шығын.

2014 жылы өрттен келген шығынның 217%-ға төмендегені анықталды (2014 ж.-12 506 000 теңге, 2013 ж. - 27 188 000 теңге). Бір өрттің орташа тікелей шығыны 94 742 теңгені құрады. Шығынның негізгі себептері өрттің салдары мен автотранспорттағы өрттер.


Нысандар мен өрттердің пайда болу себептері.

Өрт нысандары

2013 ж.

2014 ж.

Өндірістік ғимараттар

0

3

ТЭЦ, ГЭС энергетикалық жүйелері

1

0

Сауда, база, қойма кәсіпорындары

9

11

Білім беру мекемелері

0

1

Балалар мекемелері

0

0

Спорттық-көрермендік мекемелер

0

1

Емдеу-профилактикалық мекемелер

0

1

Әкімшілік-қоғамдық ғимараттар

2

3

Ауыл шаруашылық нысандары

0

0

соның ішінде мал шаруашылығы бөлмелері

1

0

Салынып жатқан нысандар

0

1

Темір жол транспортының қозғалмалы құрамы

0

0

Автотранспорт

19

17

Тұрғын үй секторы

76

66

Ормандар

0

0

Далалы жерлер

0

0

Көшелер мен қоғамдық орындар

17

18

БАРЛЫҒЫ

125

122




Өрттің шығу себептері







Қасақана өртеу

14

11

Технологиялық үрдістердің бұзылуы

2

0

Электр қондырғыларын монтаждау мен пайдалану кезінде ӨҚ ережелерін бұзу

26

11

Электр тұрмыстық құрылғыларды пайдалану кезінде ӨҚ ережелерін бұзу

9

17

Жылу өңдейтін қондырғыларының ӨҚ ережелерін бұзу

0

0

Пештерді пайдалану кезінде ӨҚ ережелерін бұзу

26

30

Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде ӨҚ ережелерін бұзу

0

2

Отпен жұмыстар жүргізу кезінде ӨҚ ережелерін бұзу

3

3

Отты абайсыз пайдалану

43

42

Балалардың отпен ойнауы

0

0

Анықталмаған себептер

0

3

Қысқа тұйықталу

0

0

Транспорт құралдарын пайдалану ережелерін бұзу

0

0

Ормандарды жою немесе зақымдау

0

0

Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде ӨҚ ережелерін бұзу

2

3

Шылым шегу кезіндегі абайсыздық

0

0

Басқа да себептер

0

0

БАРЛЫҒЫ

125

122


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет