СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
1. Глоссариймен жұмыс істеу.
2. Салыстыру кестелерін құрастыру.
3. Логикалық сұлбаларды құрастыру.
4. Нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеу.
Аралық бақылауға арналған тестілер
1. Қаржылардың көмегімен үлестіру объектісі не болып табылады?
A) қаражаттар;
B) жалпы ішкі өнім;
C) резервтік қорлар;
D) банктермен шоғырланатын қаражаттар;
E) материалдық қорлар.
2. Қаржылардың негізін құрайтын экономикалық қатынастардың өзгешелігі олардың ... болуынан тұрады
A) объективті;
B) субъективті;
C) өрнектелуінің табиғи түрі;
D) материалдық өндіріс саласында ғана орын алуынан;
E) материалдық емес өндіріс саласында ғана орын алуынан.
3. Қаржылық қатынастардың материалдық тасымалдаушылары ретінде ... болады
A) жеке азаматтардың жинақтауы және қазыналары;
B) мемлекетпен шығарылатын бағалы қағаздар;
C) ақша қатынастары;
D) шаруашылық жүргізетін субъектілердің және мемлекеттік қаржылық ресурстары;
E) ақша ресурстары.
4. Мемлекеттің халықпен қаржылық қатынастарына ... жатады
A) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу;
B) кәсіпорындар жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу;
C) ссудалар беру;
D) өндірістік қызметте жоғары нәтижелерді ынталандыру;
E) кәсіпорындар жұмысшылары мен қызметкерлеріне сыйақылар мен әр түрлі жәрдемақылар төлеу.
5. Қаржыларға тән белгілерді атаңыз
A) үлестіру, ақша және қор сипаты;
B) императивті сипат;
C) табиғи сипат;
D) үлестіру, ақша сипаты, қаржы ресурстарын құру және пайдалану;
E) қоғам.
6. Қаржылардың көмегімен үлестіру субъектісі кім болып табылады?
A) мемлекет;
B) қоғам;
C) банк мекемелері;
D) қаржы министрі;
E) салықтар.
7. Қаржылардың қажеттілігі немен түсіндіріледі?
A) мемлекеттік қарыздың бар болуымен;
B) шаруашылық жүргізетін субъектілердің және мемлекеттің олардың қызметін қамтамасыз ететін ресурстардағы қажеттілігімен;
C) халықтың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын қаражаттардағы қажеттілігімен;
D) экономиканың дамуымен;
E) тауар-ақша қатынастарының бар болуымен.
8. Экономикалық және қаржылық қатынастар қалай байланысады?
A) экономикалық қатынастар қаржылық қатынастардың бір бөлігі болып табылады;
B) екі салыстырылмайтын ұғым;
C) екі тең мағыналы ұғым;
D) қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі болып табылады;
E) белгілі жағдайларда шиеленіседі.
9. Қаржылардың үлестіру функциясының қолданылу объектісі ... болады:
A) жалпы ішкі өнім;
B) халықтың сақтаған ақшасы;
C) мемлекеттің резервтік қоры;
D) кәсіпорындар шоттарында болатын қаражаттар;
E) тауар-материалдық құндылықтар.
10. Қандай айтылу дұрыс болып табылады?
A) бақылау функциясы үлестіру функциясынан оқшаулануға әсер етеді;
B) шынайы өмірде тек үлестіру сипаты ғана болатын және бақылау функциясын иеленбейтін қаржылық қатынастар болады;
C) үлестіру және бақылау функциялары – сол және бір экономикалық процестің екі жағы;
D) бақылау функциясы үлестіру функциясына қатысты бірінші реттік болады;
E) қаржылық қатынастар бақылауға жатпайды.
11.Қаржыларды үлестіру функциясының көмегімен ....
A) қаржылардың қоғамдық тағайындалуы – шаруашылық жүргізетін субъектілерді және мемлекеттік қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады;
B) еңбекақы қоры бюджеттік мекемелер жұмыскерлері арасында үлестіріледі;
C) банктердегі ақша қаражаттары шоғырландырылады;
D) азаматтардың сақтаған ақшалары мен қазыналары қалыптасады;
E) жеке қажеттіліктер қанағаттандырылады.
12. Қаржыларды бақылау функциясы деп .... түсіндіріледі
A) мемлекет деңгейіндегі бақылау органдарының қызметі;
B) қаржыларға объективті тән үлестіру процесінің барысы туралы "сигнал беру" қасиеті;
C) фирмалардың ішкі бақылау қызметтерінің қызметі;
D) қаржылардың ЖВӨ құнын үлестіру қасиеті ;
E) бақылау қызметтерінің жиынтығы.
13. Қаржыларды бақылау функциясын іске асыру құралы ретінде ... алынатын қаржылық ақпарат болады
A) бухгалтерлік есептіліктен;
B) бұқаралық ақпарат құралдарынан;
C) аудиторлар қорытындыларынан;
D) пайдалар мен шығындар туралы есептен;
E) тексеру және ревизиялар актілерінен.
14. Қаржылардың мәні және функциялары қалай байланысады?
A) қаржылар функциялары олардың мәнін нақтылайды, олардың мазмұнын аса толық ашады;
B) қаржылар функциялары қаржылардың субъективті анықталған қасиеттері болып табылады;
C) қаржылар функциялары олардың мәнінен ерекшелігінде адам қызметі процесінен тыс қана айқындалады;
D) мәні – бір жағын, ал функциялары екіншісін білдіреді;
E) қаржылардың мәні және функциялары – тең мағыналы ұғымдар.
15. Қаржылардың көмегімен жүзеге асырылатын үлестіру процесі ... сипатталады
A) қаржылардың оның барлық сатыларына белсенді әсер етіп, жалпы алғанда ұдайы өсіру процесіне қызмет көрсетуімен;
B) қаржылардың үлестіру сатысы шеңберіне қатаң алынуымен;
C) қаржылардың қоғамдық өнім құнының бірінші реттік үлестірілуіне ғана қызмет көрсетуімен;
D) қаржылардың тек қайта үлестіру кезеңіне ғана қызмет көрсетуімен;
E) спонтандық өтуімен, жинақталмауымен.
16. Бюджет қаражаттарын үлестіргенде ... қаржылық қамтамасыз етуді алады
A) сақтандыру ұйымдары;
B) коммерциялық банктер;
C) әлеуметтік сфера мекемелері;
D) материалдық сфера кәсіпорындарының өндірістері;
E) қоғамдық ұйымдар.
17. Біз қаржылар жүйесі деп нені түсінеміз?
A) ақша қаражаттары қорларының құрылу түрлері мен әдістерінің жиынтығы;
B) ақша қаражаттары қорларының жиынтығы;
C) қаржы институттарының жиынтығы;
D) қаржы қатынастары сфералары мен буындарының жиынтығы;
E) қаржы қорларының және оларды басқару аппаратының жиынтығы.
18. Қаржылар жүйесінің сфераларын анықтаңыз
A) жалпы мемлекеттік қаржылар;
B) кәсіподақтар қаржылары;
C) бюджеттік ұйымдар қаржылары;
D) мемлекеттік кәсіпорындар қаржылары;
E) мемлекеттік несие.
19. Қаржылар жүйесінің буындарын анықтаңыз
A) сақтандыру;
B) заңды тұлғалар қаражаттары;
C) жалпы мемлекеттік қаражаттар;
D) мемлекеттік несие;
E) халықтың қаржылары.
20. Қаржылар жүйесін құрудың экономикалық негізі не болып табылады?
A) мемлекеттік органдар шығындары;
B) үлестіру қатынастарының жиынтығы ретінде қаржылар;
C) сақтандыру ұйымдарының кірістері;
D) халықтың кірістері;
E) ақша қаражаттары қорларын құру бағыттары.
21 Коммерциялық кәсіпорындар қаржыларының өзгешелігі неден тұрады?
A) кәсіпорындардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ішкі тағайындалған ақша қаражаттарының қорларын құрайды;
B) жалпы мемлекеттік қаржылар сферасында басталған үлестіру процесін жалғастырады;
C) бюджетпен өзара қатынастарды қамтамасыз етеді;
D) қаржы бостандығы, дербестілігі және жауапкершілігі бар;
E) а, с және d тармақтары.
22 Қоғамда жалпы мемлекеттік қаржылар сферасының бар болуы немен себептелген?
A) өндірістік капитал құрылымымен;
B) халықаралық келісімдермен;
C) мемлекеттік басқару түрімен;
D) қоғамның жеке әлеуметтік топтары шығындарының құрылымымен;
E) мемлекеттік реттеу қажеттілігімен.
23 Жалпы ішкі өнімді құндық үлестіру процесі ... жүзеге асырылады
A) тек қаржылардың көмегімен;
B) қаржылардың, несиенің және бағаның көмегімен;
C) еңбекақының, несиенің және қаржылардың көмегімен;
D) қаржылардың, бағаның, несиенің, еңбекақының көмегімен;
E) қаржылардың, бағаның және еңбекақының көмегімен.
24 Қаржы ресурстары деп нені түсінеміз?
A) қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің құнын үлестіру және қайта үлестіру процесінде түзілген ақша қаражаттарының сомасын;
B) кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, азаматтардың уақытша бос ақша қаражаттары есебінен қайта үлестіру процесінде құрылатын ресурстарды;
C) көлемі бойынша да, сапалы мазмұны бойынша да ақша ресурстарымен ұқсастығы бар ресурстар ортақ шекаралармен сипатталады;
D) қаржылар мен несиенің жұмыс істеуі базасында түзілген ақша қаражаттарының сомасын;
E) сол немесе басқа уақыт кезеңіне қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін шаруашылық жүргізетін субъектінің және мемлекеттің қарамағындағы қаржылардың жұмыс істеу базасында түзілген ақша қаражаттарының сомасын.
25 Қаржы ресурстарының көзін атаңыз:
A) табыс салығы;
B) еңбекақы қоры;
C) бюджет шығындары;
D) халықтан алынатын салықтар;
E) жалпы ішкі өнім.
26 Мемлекеттің қаржы ресурстары ... арқылы жұмсалады
A) салық салу;
B) несиелендіру;
C) қаржыландыру;
D) шоғырландыру;
E) в және с тармақтары.
27. Жалпы ұлттық өнім элементтерін атаңыз:
A) бюджеттен тыс қорлар;
B) мемлекеттік бюджет;
C) несие;
D) ұлттық кіріс;
E) ұлттық байлық.
28. Қаржы механизмі деп нені түсіну керек?
A) қаржылық қатынастар түрлерін;
B) қаржылық үлестіру объектілерінің жиынтығын;
C) қаржылық қатынастарды ұйымдастыру тәсілдерінің, әдістерінің жиынтығын;
D) қаржылық үлестіру субъектілерінің жиынтығын;
E) салық төлемдерінің жиынтығын.
29. Қаржы механизмінің элементтері не болып табылады?
A) азаматтардың жеке сақтаған ақшалары;
B) қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандары мен түрлері;
C) кәсіпорындардың өндірістік қорлары;
D) объективті экономикалық заңдар;
E) тауарлық биржалар.
30. Қаржы механизмінің негізгі ролін көрсетіңіз
A) қарапайым ұдайы өсіру қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
B) негізгі капитал айналымын қамтамасыз ету;
C) азаматтардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру;
D) қаржы саясатының міндеттерін іске асыру;
E) экономикаға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |