Ұсынылатын әдебиеттер
1. Мельников В.Д. Основы финансов Алматы:ТОО «Издательство LEM», 2005. -560с.
2. Ильясов К.К. Кулпыбаев С.К. Финансы. Учебник для вузов.- Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2001.
3. Финансы. Учебник для вузов. Под ред. М.В. Романовского и др..- М.: Перспектива, «Юнити», 2002.
4. Финансы. Под ред. А.Г. Грязновой, Е.В. Маркиной.- М.: Финансы и статистика, 2004.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
1. Глоссариймен жұмыс істеу.
2. Мемлекеттік кірістер мен шығыстардың өзара байланысының құрылымдық-логикалық сұлбаларын құрастыру.
3. Нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеу.
4. Мемлекеттік кірістер мен шығыстардың мерзімді басылымдардағы құрылымы туралы аналитикалық материалдармен жұмыс істеу.
№13 Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:
13.1 Салықтардың экономикалық мәні. Қазақстан Республикасындағы салықтар түрлері;
13.2 Салықтар алуды ұйымдастыру;
13.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
Тақырыпты зерделеуді салықтар ұғымын анықтаудан және олардың экономикалық мәні мен функцияларын айқындаудан бастау қажет. Сонымен бірге мемлекет кірістерін құрудағы салықтардың роліне ерекше назар аудару және олардың қажеттілігін айқындау, салықтардың пайда болу уақытын анықтау қажет. Әрі қарай зерделеуді Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтардың түрлерін қарастырумен жалғастыру, салықтар алуды ұйымдастыру механизміне ерекше назар аудару керек. Қазақстан Республикасының салық жүйесі қалыптасуының негізгі кезеңдерін талдауға, қазіргі жағдайын бағалауға және салық жүйесін әрі қарай дамыту бағыттарын айқындауға ерекше назар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |