Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Қаржылық бақылау түрлері мен әдістері



бет13/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
karzh umk

Қаржылық бақылау түрлері мен әдістері

Экономиканың және қаржы жүйесінің қалыпты жұмыс істеуінің міндетті шарты қаржылық бақылау болып табылады. Экономиканы басқарудың дербес функциясы болып табылып, басқарылатын объектіге әсер етудің нақтылы нәтижелері қабылданған шешімдердің және нормативтік ұйғарымдардың талаптарымен салыстырылғанда, бақылау басқару циклінің маңызды кезеңі ретінде болады, ал олардың бұзылуы айқындалған жағдайда мұндай ауытқуларды жою бойынша қажетті шаралар қабылданады.

Қаржылық бақылау ақша түрінде жүзеге асырылады, сондықтан қаржылық бақылау объектісі ең алдымен қаржы ресурстарын материалдық өндірісте және өндірістік емес сферада, қаржы жүйесінің барлық буындарында құрған және пайдаланған кезде пайда болатын ақша қатынастары болып табылады.

Қаржылық бақылаудың әрекет ету ауқымына сондай-ақ шаруашылық қатынастары-ның тұтас кешенін тексеру кіреді. Бірқатар жағдайларда қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөлу күрделі болады, себебі көптеген қаржылық  операцияларда шаруашылық қызметтің жеке элементтері көрініс табады. Өзіндік құн, пайда, қор қайтарымы және т.б. сияқты қаржылық көрсеткіштердің құрылуын бақылау, кәсіпорындардың өндіру, жабдықтау және өткізу қызметінің әр түрлі  аспектілерін талдауды болжайды.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың жиынтық өнімнің тікелей қоғамдық бөлігін ғана  қамтуына қарамастан, ол белгілі дәрежеде жеке кәсіпкерлік қызметке қатысты болады.

Қаржылық бақылаудың мәні оның міндеттерінде көрініс табады. Олардың біреуі қаржы ресурстарының күйін бақылау болып табылады, ол мемлекеттік бюджет алдындағы міндеттемелердің, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын пайдалану бойынша  операциялардың дер кезінде және толық орындалуын тексеруді жорамалдайды.

Бұл жағдайда қаржылық бақылау салық салу, валюталық операциялар, сыртқы экономикалық қызметті реттеу және т.б. саласында қолданылатын заңдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бақылаудың әрекеттілігі әкімшілік және материалдық әсер ету шараларын көздейтін қаржы тәртібінің бұзылуы үшін жауапкершілікпен тығыз байланысты.

Қаржы тәртібі – бұл  мемлекеттің ақша қорлары құрылуының, үлестірілуінің және оның шаруашылық жүргізетін субъектілерінің пайдалануының белгіленген ұйғарымдары мен тәртібін нақты сақтау. 

Қаржылық бақылауды қаржы сферасында заңдылықты қамтамасыз ету тәсіліне ғана келтірудің керегі жоқ. Ол кері байланыстардың бар болуын болжайды, олар қаржы ресурстарының аса ұтымды пайдаланылуын бақылауға, қаржы жүйесінің барлық буындарының оңтайлы жұмыс істеуіне кедергілерді болдырмауға белсенді әсер етуден байқалады. Бұл мақсаттарға кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда қаражаттарды және материалдық құндылықтарды үнемді пайдалану режимін нығайту, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін жетілдіру жатады.

Сонымен, қаржылық бақылау деп жалпы қоғамдық өнімді сәйкес қаражаттар қорлары бойынша құндық үлестірудің негізделгенін және олардың белгілі мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекше қызметті түсіну керек. Қаржылық бақылау түрі деп бақылау әрекеттерін нақты көрсету және ұйымдастыру тәсілдерін түсінеді. Бақылау жасау уақытына байланысты қаржылық бақылаудың үш негізгі түрін ерекшелейді – алдын ала, ағымдағы және кейінгі.

Алдын ала бақылау тексерілетін операцияларды жасаудың алдында болады. Бұл қолданыстағы  қаржылық заңдардың бұзылуын ескертуге және болжау мен жоспарлар сатысының өзінде қосымша қаржы ресурстарын айқындауға, қаражаттың ұтымсыз пайдаланылуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы бақылауды басқаша оперативті деп атайды. Оны қаражаттарды жұмылдыру немесе жұмсау, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауы процесінде қаржы тәртібінің бұзылуын болдырмау үшін күн сайын қаржы қызметтері жүзеге асырады.

Кейінгі бақылау сыртқы және шаруашылық ішіндегі бақылаудың ажыратылмас бөлігі болып табылады. Ол өткен кезеңдегі қаржы-шаруашылық операцияларын жұмсалған шығындардың заңдылығын және мақсатқа сәйкестігін және бюджетпен көзделген қаражаттың дер кезінде түсуін тексеруге келтіріледі.

Бақылау әдістері деп оны жүзеге асыру тәсілдерін түсінеді. Қаржылық бақылаудың негізгі әдістерінің арасында мыналарды ажыратады:

тексеру;


- қарап тексеру;

- талдау;

- ревизия.

Ревизия жасалатын объект қызметінің қамтылу толықтығына байланысты ревизиялар былай бөлінеді:

- толық;

-  жартылай;

-  тақырыптамалық;

-   кешенді.

Ұйымдастыру белгісі бойынша ревизиялар былай бөлінеді:

- жоспарлық;

- жоспардан тыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет