Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Оқытудың соңғы нәтежиелері



бет9/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81
karzh umk

Оқытудың соңғы нәтежиелері




Тақырыптар атауы/пән бөлімдері

Дублиндік дискрипторлар/негізгі құзіреттіліктер

Білімі мен түсінгі

Білімі мен түсінуді қолдануы

Пікір қалыптастыру

Оқыту дағдылары мен оқуға қабілеттілік

Коммунативтік қабілеттіліктер

№ оқыту нәтежиелері

Бағалау әдістері

№ оқыту нәтежиелері

Бағалау әдістері

№ оқыту нәтежиелері

Бағалау әдістері

№ оқыту нәтежиелері

Бағалау әдістері

№ оқыту нәтежиелері

Бағалау әдістері

1

Қаржылардың қоғамдық ұдайы өндірістегі функциясының мәні және ролі

ЖҚ1

жазбаша жұмыс

ЖҚ1

тест

ЖҚ1

ауызша

ЖҚ1




ЖҚ1

реферат

2

Қаржы жүйесін ұйымдастыру

ЖҚ1

презентация

ЖҚ1

есеп

ЖҚ1

ауызша

ЖҚ1

реферат

ЖҚ1

презентация

3

Қаржы саясаты және қаржы механизмі 

КҚ1

ауызша

КҚ1

реферат

КҚ1

есеп

КҚ1

презентация

КҚ1

ауызша

4

Шаруашылық жүргізетін субъектілер қаржылары

КҚ1

реферат

КҚ1

презентация

КҚ1

ауызша

КҚ1

тест

КҚ1

презентация

5

Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік кірістер мен шығыстар

КҚ3

тест

КҚ3

презентация

КҚ3

ауызша

КҚ3

реферат

КҚ3

ауызша

6

Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

ЖҚ2

тест

ЖҚ2

ауызша

ЖҚ2

реферат

ЖҚ2

реферат

ЖҚ2

есеп

7

Мемлекеттік бюджет

ЖҚ2

жазбаша жұмыс

ЖҚ2

реферат

ЖҚ2

есеп

ЖҚ2

реферат

ЖҚ2

презентация

8

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

КҚ3

презентация

КҚ3

тест

КҚ3

есеп

КҚ3

реферат

КҚ3

реферат

9

Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз

КҚ3

реферат

КҚ3

тест

КҚ3

есеп

КҚ3

тест

КҚ3

презентация

10

Үй шаруашылықтарының қаржылары

КҚ3

тест

КҚ3

реферат

КҚ3

презентация

КҚ3

презентация

КҚ3

тест

11

Сақтандыру

КҚ4

тест

КҚ4

ауызша

КҚ4

ауызша

КҚ4

тест

КҚ4

ауызша

12

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу

КҚ2

жазбаша жұмыс

КҚ2

ауызша

КҚ2

тест

КҚ2

реферат

КҚ2

презентация

13

Қаржы рыногы

КҚ1

есеп

КҚ1

презентация

КҚ1

реферат

КҚ1

тест

КҚ1

реферат

14

Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар

КҚ3

презентация

КҚ3

реферат

КҚ3

ауызша

КҚ3

презентация

КҚ3

тест

15

Қаржылар және инфляция

КҚ4

ауызша

КҚ4

реферат

КҚ4

презентация

КҚ4

презентация

КҚ4

ауызша

 

Пәннің мақсаты

«Қаржы» пәнін оқытудың мақсаты студенттерді қаржылық категорияларды, терминдер ұғымдарын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі мәні мен орнын меңгеруде теориялық және практикалық дайындауды қамтамасыз ету болып табылады.

 

Пәннің міндеттері  

Пәннің міндеттері келесідей:

1. Қаржылардың жұмыс істеуінің теориялық негіздерін ашу, олардың мәнін, функцияларын, ролін, сондай-ақ қаржы саясатын әзірлеу мен іске асыру, қаржыларды басқаруды және қаржылық бақылауды ұйымдастыру арқылы мақсатқа бағытталған түрде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету;

2. Қаржыларды қызметтің әр түрлі сфераларында ұйымдастыру  принциптерімен, мақсаттық ақша қорларын құру және пайдалану  негіздерімен, қоғам дамуының экономикалық, әлеуметтік, саяси  жағдайлары өзгерген кезде қаржыларды жетілдірудің мүмкін бағыттарымен таныстыру;

3. Қаржылардың қоғамдық прогреске, олардың көмегімен қол жеткізілетін нәтижелерге әсер етуінің мүмкін бағыттарын, сондай-ақ қолданылатын қаржы  механизмінің кемшіліктерін және оны болашақта белсенділендіру жолдарын көрсету.

«Қаржы» пәнін зерделеу процесінде студенттер міндетті:

- берілген курс бойынша дәрістердің қысқаша жазбасын жүргізуге;

- зерделенетін пән туралы толық түсінік алу үшін зерделенетін пән  бойынша әдебиеттерді өз бетімен пайдалануға;

- жоғары мектептің экономист-студенттері үшін ұсынылатын негізгі оқу құралдарын қатыстыру арқылы дәріс  материалының оқылу шамасына қарай курстың теориялық сұрақтарын зерделеуге;

- алынған білімді семинарлық сабақтардың, ғылыми және публицистикалық мерзімді баспасөздің, БАҚ көмегімен бекітуге;

- алынған білімді бақылау жұмыстарының, тестілердің көмегімен  тексеруге;

- алынған білімді зерделенетін курс бойынша рефераттар (немесе курстық жұмыстар) жазу процесінде бекітуге және тереңдетуге.

Берілген пәнді зерделеу нәтижесінде студенттер:

-  қаржылар облысындағы негізгі принциптер мен білімді меңгеруі;

-     экономикалық заңдардың әрекеттерін білуі;

-     экономикалық процестердің дамуындағы қаржылық заңдылықтарды айқындай білуі;

-     қаржы әдістерін түсінуі және оларды практикада қолдана білуі;

-     қаржы проблемаларын айқындау және сындарлы талдау қабілеті болуы;

қаржылар теориясы сұрақтарының мазмұнын білуі, олардың ақылмен  бағалай білуі тиіс.

«Қаржы» курсын зерделеу кезінде меңгерілетін білімнің, ептіліктің және дағдылардың қажетті тізбесіне мыналар кіреді:

-     студенттерде экономикалық теорияның, микроэкономиканың, макроэкономиканың жалпы курстары бойынша нақты білімнің бар болуы;

- экономикалық құбылыстар мен процестерді, адамның экономика әлеміндегі ролін, меншік қатынастарын, шаруашылықтар түрлерін.


Модульдің (пәннің) мазмұны
Лекцияның тақырыптық жоспары





Лекция тақырыбы

Сағаты

Өткізу және бағалау формасы

Оқыту нәтежиелері

1

Қаржылардың қоғамдық ұдайы өндірістегі функциясының мәні және ролі

3

Презентация

ЖҚ1

2

Қаржы жүйесін ұйымдастыру

3

тренинг

ЖҚ1

3

Қаржы саясаты және қаржы механизмі 

3

жобалар әдісі

КҚ1

4

Шаруашылық жүргізетін субъектілер қаржылары

3

жобалар әдісі

КҚ1

5

Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік кірістер мен шығыстар

3

тренинг

КҚ3

6

Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

3

тренинг

ЖҚ2

7

Мемлекеттік бюджет

3

тренинг

ЖҚ2

8

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

3

дәріс-әңгімелесу әдісі

КҚ3

9

Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз

3

дәріс-әңгімелесу әдісі

КҚ3

10

Үй шаруашылықтарының қаржылары

3

жобалар әдісі

КҚ3

11

Сақтандыру

3

жобалар әдісі

КҚ4

12

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу

3

жобалар әдісі

КҚ2

13

Қаржы рыногы

3

жобалар әдісі

КҚ1

14

Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар

3

жобалар әдісі

КҚ3

15

Қаржылар және инфляция

3

тренинг

КҚ4




Барлығы

45








Семинар және тәжірибе сабақтарының тақырыптық жоспары




Тәжірибе сабақтарының тақырыптары

Барлық сағат саны

Өткізу және бағалау формасы

Оқыту нәтежиелері




№1 Қаржылардың қоғамдық ұдайы өндірістегі функциясының мәні және ролі

1

Эссе

ЖҚ1




№2  Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру

1

Эссе

ЖҚ1




№3  Қаржы саясаты және оны іске асыру механизмі

1

Тест

КҚ1




№4  Қаржыларды басқару

1

тест

КҚ1




№ 5  Қаржылық жоспарлау және болжау негіздері

1

Реферат

КҚ3




№6 Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету

1

Тест

ЖҚ2




№7  Қаржылық бақылау

1

Есеп шығару

ЖҚ2




№8Шаруашылық жүргізетін субъектілер қаржылары:жұмыс істеу, ұйымдастыру және басқару негіздері

1

Презентация

КҚ3




№9 Коммерциялық  негізде әрекет ететін, шаруашылық жүргізетін субъектілер қаржылары

1

Эссе

КҚ3




№10 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржылары

1

Эссе

КҚ3




№ 11  Мемлекеттік қаржының жалпы сипаттамасы

1

Реферат

КҚ4




№12  Мемлекеттік кірістер мен шығыстар

1

Реферат

КҚ2




№13  Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

1

Есеп шығару

КҚ1




№ 14  Мемлекеттік бюджет және  бюджеттік жүйе

1

Реферат

КҚ3




№15 Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар

1

Эссе

КҚ4




Барлығы

15






Студенттердің өз бетімен жұмыстарына арналған тақырыптары (СӨЖ)





СӨЖ тақырыптары

Бақылау формасы

Сағат саны




Қаржылардың қоғамдық ұдайы өндірістегі функциясының мәні және ролі

Реферат

3




Қаржы жүйесін ұйымдастыру

Эссе

3




Қаржы саясаты және қаржы механизмі 

Ауызша

3




Шаруашылық жүргізетін субъектілер қаржылары




3




Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік кірістер мен шығыстар

ауызша

3




Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

тест

3




Мемлекеттік бюджет

тест

3




Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

Эссе

3




Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз

Эссе

3




Үй шаруашылықтарының қаржылары

Эссе

3




Сақтандыру

Реферат

3




Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу

Реферат

3




Қаржы рыногы

Реферат

3




Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар

ауызша

3




Қаржылар және инфляция

ауызша

3










45


Оқыту әдістері: (тренинг, каучинг, проблемалық оқыту, жобалар әдісі, рөлдік ойындар, екеу ара дәріс, алдын ала жоспарланған қателіктермен дəрістер, дәріс-пресс-конференция, дәріс-әңгімелесу әдісі, кейс әдісі, сыни тұрғыдан ойлау және т. б.)
Бақылау және бағалау әдістері: жазбаша жұмыс (жаттығулар, бақылау жұмысы, шығарма, есептер және т. б.); портфолио әдісі; тест әдісі; шығармашылық жұмыстарды қорғау (реферат, презентация, мақала, жоба, ДРК және т. б.); ауызша сұрау: емтихан, сынақ

Бағалау критерилары
Институтта студенттің рейтингін қалыптастыру балды-рейтингтік жүйені әзірлеу принциптері негізінде оқыту барысында үнемі жүзеге асырылады. Студенттердің үлгерімін бағалаудың осы жүйесі пәнді квартал бойынша оқытуды қолдануға негізделген. Бұл ретте курс материалдарын бөлу квартал бойынша аралық бақылау жүргізіледі.

Студенттерге ДК тапсырмасын орындау үшін келесі балдар қойылады:

- "өте жақсы" бағасы (10 балл): эссе, кейстерді талдау, бақылау тесттері, сондай-ақ өз бетінше орындалған семестрлік тапсырма нәтижелерінің презентациялары толық орындалды және есеп қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген;

- "жақсы" бағасы (8-9 балл): тапсырма орындалды және жалпы қойылған талаптарға жауап береді, оны ресімдеуде жекелеген ескертулер бар;

- "қанағаттанарлық" бағасы (6-7 балл): жоба соңына дейін әзірленген жоқ, кейстің барлық пунктеріне жауаптар жоқ, эссе көлемі мен мазмұнында ауытқулар бар;

- "қанағаттанарлықсыз" баға (5 және одан төмен): жобаны әзірлеу және/немесе тапсырманы шешу алгоритмінің сипаттамасы жоқ, тапсырма басқа көздерден қайта жазылған (жүктелген), оны орындау кезінде дербестік байқалмаған.

Ағымдағы бақылау өзіндік жұмыс пен бақылау жұмыстарын орындау нәтижелері бойынша оқу үдерісі барысында жүзеге асырылады. Білімді ағымдағы бақылаудың негізгі нысандары::

- практикалық сабақтар жоспарларында шығарылған дәрістік материалдар мен бақылау сұрақтарын талқылау;

- тестілерді шешу және қорытынды жасау, ұсыныстар енгізу және барабар басқару шешімдерін қабылдау білігі тұрғысынан оларды талқылау;

- бақылау жұмысын орындау және нәтижелерді талқылау;

- пән тақырыптары бойынша топтық пікірталас модераторы және қатысушы ретінде пікірталасқа қатысу;

- баяндаманы жазу және таныстыру;

- эссе жазу.
Пән бойынша жалпы балл саны-100. Пәнді меңгерудің ағымдағы және аралық бақылауына балдарды бөлу, сондай-ақ қорытынды баға төменде берілген. тоғы бағасы (ИО) былайша есептеледі:

ИО = ОРД×0,6+ОЭ×0,4

мұнда ОРД – рұқсат беру рейтингісінің бағасы;

ОЭ-емтиханда алынған баға.


Квартал бойынша баллдарды бөлу

 

Апта

АБ-1

Апта

АБ-2

ҚБ

Барлығы

Апта

АБ-3

Апта

АБ-4

ҚБ

Барлығы




1 жарты жылдық




1 квартал

2 квартал

Апта

1-4 аралығы

 АБ-1

5-8 аралығы

АБ-2

ҚБ

 Барлығы

9-12 аралығы

 АБ-1

13-16 аралығы

АБ-2

ҚБ

Барлығы

Балы

25

10

25

10

30

100

25

10

25

10

30

100




2 жарты жылдық

квартал

3 квартал

4 квартал

Апта

1-4 барлығы

 АБ-1

5-8 аралығы

 АБ-2

 ҚБ

 Барлығы

9-12 аралығы

 АБ-1

13-16 аралығы

 АБ-2

 ҚБ

 Барлығы

балы

25

10

25

10

30

100

25

10

25

10

30

100

Пәнді меңгеру қорытындысы бойынша үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық аттестаттау үшін бағалау құралдары және студенттердің өзіндік жұмысын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету қажет.

Студенттердің ағымдағы бақылауы эссе жазу, кейстерді талдау, бақылау тестілерін, өзіндік тапсырманы орындау, теориялық сұрақтарды талқылау арқылы жүзеге асырылады.

Аралық аттестаттау жазбаша жұмыстарды сұрау және тексеру жолымен жүзеге асырылады.

Қорытынды бақылау сұхбат, тест, жазбаша жұмыс нәтижелерін, ситуациялық тапсырмаларды қолдану арқылы сауалнама түрінде жүргізіледі.

Пән бойынша бақылау материалдары:

Пән бойынша білімді ағымдағы бақылауға арналған бақылау сұрақтары мен тапсырмалары;

Пән бойынша білімді аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары;

Қорытынды аттестаттауды өткізуге арналған бақылау сұрақтары.



Студенттердің білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі


Әріптік баға

Балдары

%-дық мазмұны

Дәстүрлі баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

F


0

0


25-49

0-24


Қанағаттанарлықсыз


Пәннің қамтамасыз етілу картасы
Әдебиет (соңғы 5 жылда гуманитарлық, 10 жыл техникалық мамандықтарға арналған))
Академиялық адалдық
Тапсырмаларды адал, адал және дұрыс орындау.

Әрбір студенттің академиялық адалдық ережелерін сақтауы және оларды бұзғаны үшін жауапты болуы міндеті.

Оқу үрдісіне қатысты кез-келген деректерді, сілтемелерді, ақпараттарды бұрмаламау.

Оқытушыға немесе әріптестеріне жалған ақпарат беру, мысалы, жіберілген сабақтың жалған себебі немесе ұсынылған жұмыстың тапсырылғаны туралы жалған мәлімдеме жасауға жол бермеу.

Плагиатқа жол бермеу, яғни дереккөзге сілтеме жасамай, жазбаша жұмыста бөтен мәтінді пайдаланбау.



СӨЖ, АБ және т. б. тапсыру кезінде әр түрлі жазбаша жұмыстар ретінде бір мәтінді екі рет тапсыруға жол бермеу.

Бағалардың бұрмалануына жол бермеу, яғни бағалау нәтижелерін қолдан жасау.

Жауаптарды адал емес жолмен сатып алуға, жұмыстарды сатып алуға және оларды жеке меншік ретінде беруге немесе жазбаша жұмыстарды сатуға жол бермеуге.

Емтихан кезінде, жазбаша жұмыстарды тапсыру кезінде, курстық жұмысты қорғау кезінде және басқа тұлғаның жұмысын өз жұмысы ретінде орындауға т. б. с. жол берілмеуі тиіс.

Міндеттерді орындаудағы адалдық институттың миссиясы мен студенттің жеке тұтастығын дамыту үшін маңызды. Алаяқтық, плагиат немесе академиялық адалдықтың басқа түрлеріне жол берілмейді


Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін


  1. Оқу жүктемесі сағаттарының санын қысқарту;

  2. Икемді оқу режимін қалыптастыру;

  3. Пән тапсырмаларын өзіне қолайлы уақытта тапсыру;

  4. Жазбаша реферат, эссе жазу.

  5. Қозғалыс шектеулеріне байланысты оқу сабақтарына үзбей қатысу міндетті емес;

Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға қашықтықтан оқыту бойынша білім алуға мүмкіндік беріледі.

1 тақырып Қаржылардың қоғамдық ұдайы өндірістегі функциясының мәні және ролі

 

Дәріс жоспары:



1.1 Қаржы ұғымы құндық экономикалық категория ретінде;

1.2 Қаржы функциялары, олардың мәнінің айқындалуы ретінде;

1.3 Қаржыларды қоғамдық ұдайы өндірісте пайдаланудың объективті алғышарттары және мүмкіндіктері;

1.4 Қаржы ресурстарының көздері және түрлері.

 

Қаржы ұғымы құндық экономикалық категория ретінде

Қаржылар – тарихи қалыптасқан экономикалық категория. Қаржылардың жұмыс істеуі мемлекеттің бар болуымен және тауар-ақша қатынастарының дамуымен анықталады.

"Қаржылар" термині (латынша  "ақша төлемі") бастапқыда халық пен мемлекет арасындағы ақша қатынастарындағы есептеудің аяқталуын білдірді, сонан соң мемлекеттің және әр түрлі мемлекеттік  институттардың пайдасына барлық төлемдерге де, сондай-ақ   монеталар соғу бойынша ақша операцияларына да таралды. Әрі қарай, қаржылық қатынастар уақыт өткен сайын мемлекет тарапынан бақылау және регламенттеу объектісі болады,  "қаржылар" термині мемлекеттік кірістер мен шығыстар жүйесімен байланысқан ақша қатынастарының жиынтығына қатысты қолданыла бастайды. Қаржылар категориясы жиынтық қоғамдық өнім құнының бір бөлігін және оның ажыратылмас құраушысы – ұлттық табысты үлестірумен және қайта үлестірумен байланысты өндірістік қатынастардың ерекше түрінің мәнін сипаттайды. 

Қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты – қаржылардың маңызды белгісі. Ақшалар  қаржылардың бар болуының міндетті шарты болып табылады, ақша жоқ болса – қаржы да болмайды, не болмаса соңғысы алғашқысының бар болуымен қамтамасыз етілген қоғамдық түрі.

Ұлттық табысты үлестіру және қайта үлестіру процесінде қоғамдық қатынастардың әрбір субъектісі өз үлесін алады. Мемлекет салық төлемдерін, халық таза еңбекақыны алады, ал шаруашылық жүргізетін  субъектінің қарамағында  таза табыс қалады. Осы қоғамдық тағайындалудан қоғамдағы барлық өндірістік қатынастар жүйесіндегі қаржылардың орны мен ролі және мемлекеттің оған тиесілі функцияларды орындау кезінде қаржылық қызметінің айқындалу ерекшеліктері шығады.

Қаржылар қаржы ғылымын зерделеу  объектісі болады, ол берілген категорияда көрсетілген қоғамдық қатынастар дамуының заңдылықтарын зерттейді. Қаржы ғылымын зерделеу объектісі жалпы мемлекеттік қаржылар да, жеке шаруашылық жүргізетін субъектілердің қаржылары да болып табылады.

Қаржылармен көрсетілген ақша қатынастарының даму заңдылықтарына мыналар жатады:

1) қаржылық қатынастар тікелей мемлекетпен тудырылады, ал басқа құндық  категориялар (ақша, баға, пайда) тауар шаруашылығын жүргізумен қамтамасыз етілген;

2) қаржылардың пайда болуы мен дамуының маңызды шарты экономикалық байланыстардың жалпы жиынтығында тауар-ақша қатынастарының таралу сферасы болып табылады. Бұл сфера неғұрлым кеңінен берілсе, қаржылардың да шаруашылық жүйесіндегі маңызы соншалықты үлкен;

3) қаржылар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құрумен және пайдаланумен байланысты ақша қатынастарын білдіреді;

4) қаржыларды практикада пайдаланумен байланысты нақты елдің реттеуші қызметі мемлекеттің қаржы саясатына оқшауланады. Оны оған арнайы уәкілетті қаржы жүйесінің органдары жүзеге асырады;

5) қаржыларға өзінің дамыған түрінде жалпы мемлекеттік қаржылар ғана емес, сонымен бірге шаруашылық жүргізетін  субъектілер мен халықтың қаржылары  кіреді.

Аталған заңдылықтар қаржылық қатынастарды олардың мазмұнын, айқындалу түрлерін, заңдылықтарын, шаруашылық жүйесіндегі ролін зерделейтін жалпы ұдайы өндірістегі қаржылардың практикалық пайдаланылуымен байланысты, салыстырмалы түрде дербес экономикалық ғылым ретінде анықтауға мүмкіндік береді.

Қаржылардың мәнін ашу үшін аса маңызды мәселелердің бірі берілген категориядағы ерекше белгілерді анықтау туралы мәселе болып табылады.

Қазақстандық ғалымдар В.Д. Мельниковтің, К.К. Ильясовтың пікірі бойынша, қаржылардың категориялық тиесілігі келесі арнайы белгілердің көмегімен ашылады,  мысалы:

- ақша сипаты;

- үлестіру сипаты;

- әр түрлі мақсаттық тағайындалған ақша қорларының қозғалысы;

- императивтілік;

- баламасыздық.

Алғашқы екі белгі – қаржы қатынастарының ақшалық сипаты және үлестіру сипаты осы қатынастар шеңберін тек қана шектесе, онда  қаржыларға тән тіршілік етудің қор нысаны, құн қозғалысының міндетті, баламасыз сипаты қаржылардың ерекше экономикалық категория ретінде өзгеше ерекшеліктерін бір жақты тәртіпте көрсетеді.

Ресейлік экономист Родионова В.М. қаржыларға құнның ақшалай түрі; үлестіру сипаты; қаржы ресурстары түрін қабылдайтын ақшалай кірістер мен жинақтау тән деп атап өтеді.

Сонымен, қаржылардың мәні мен сипаттамасын айқындап, олардың үш белгісін ерекшелеуге болады: ақша сипаты, үлестіру сипаты, сондай-ақ қаржы ресурстарын құру және пайдалану.

Қаржылардың экономикалық мәнін ашу, осы категорияның ерекше белгілерін айқындау келесі анықтаманы беруге мүмкіндік береді. Қаржылар – бұл қоғамдық өнім құнын үлестіру және қайта үлестіру процесінде пайда болатын ақша қатынастары, осы негізде қоғамның әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржы  ресурстары құрылады және пайдаланылады.

 

Қаржы функциялары, олардың мәнінің айқындалуы ретінде

Қаржылардың маңызды мәндік белгілері, қасиеттері, ерекше қоғамдық тағайындалуы шоғырланған түрде олардың функцияларында көрсетіледі. Функцияларды талдаудан тыс қаржылардың ішкі мазмұнын, категориялық табиғатын ашуға болмайды.

Қазіргі уақытта қаржылардың мәнін түсіндіру екі теориялық тұжырымдаманың параллель бар болуымен сипатталады: үлестіру және ұдайы өндіру.

Үлестіру тұжырымдамасын жақтаушылар көзқарасынан алғанда, қаржылар қоғамдық ұдайы өндірістің екінші сатысында – қоғамдық өнім құнын ақша түрінде үлестіру  процесінде пайда болады.

Осы тұжырымдамаға сәйкес қаржыларға екі функция тән: үлестіру және бақылау.

Қаржылардың үлестіру функциясы жиынтық қоғамдық өнім құнының бір бөлігін және ұлттық табысты ақшалай түрде үлестірумен және қайта үлестірумен байланысты. Мемлекетпен ұйымдастырылатын осы үлестіру процестері барысында жалпы тағайындалған ақша ресурстарының мақсатты орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлары құрылады және пайдаланылады.

Бақылау функциясын іске асыру құралы қаржылық ақпарат болып табылады. Осы  функцияның арқасында мынаны тексеруге болады:

- экономиканы басқарудың әр түрлі деңгейлерінде қаржы ресурстарын үлестірудің сандық  пропорциялары;

- кірістердің, қорлардың, олардың жеке элементтерінің ара қатысы;

- қаржы ресурстарын мақсаттық тағйындалуы бойынша пайдаланудың дұрыстығы.

 

Қаржыларды қоғамдық ұдайы өндірісте пайдаланудың объективті алғышарттары және мүмкіндіктері

Өзінің экономикалық мәні бойынша қаржылар – объективті категория. Бірақ шаруашылық жүргізу практикасында олар қоғаммен қоғамдық даму процестеріне әсер ету үшін саналы түрде пайдаланылуы мүмкін. Қаржыларды мұндай пайдалану мүмкіндігі олардың экономикалық табиғатына салынған, сонымен бірге категория мәнін аса терең тану  қаржыларды қоғамдық ұдайы өндірісте толығырақ және белсенді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қаржыларды қоғамдық ұдайы өндірісте мақсатқа бағытталған түрде пайдаланудың объективті алғышарттары осы категория функцияларында болады.

Қаржылардың үлестіру және бақылау функцияларының әрекетінде сандық және сапалық жақтары болады.

Үлестіру функциясының сандық жағы сол немесе басқа қордың мөлшеріне, яғни оның  сандық параметрлерінің, әр түрлі қорлар ара қатыстарының, олардың арасындағы пропорциялардың дұрыс анықталуына жатады. Мұнда екі функцияның да әрекеттері бірдей маңызды. Егер үлестіру  функциясы сол немесе басқа қорды ұлғайту немесе азайту жолымен  оны жоспармен берілген мөлшерге дейін жеткізу мүмкіндігін берсе, онда бақылау функциясы осы үлестіру нәтижелерін, оның оң және теріс сәттерін көруге мүмкіндік береді. Сонымен, кәсіпорындар мен бірлестіктердің негізгі қорлары мен айналымдық қаражаттары арасында оңтайлы ара қатыс объективті түрде болады, оған қаржылардың үлестіру функциясын пайдаланып, әр түрлі қаржы ресурстарынан осы қорларды құру кезінде ұмтылу қажет. Бірақ бақылау функциясының көмегімен ғана белгіленген ара қатыс нәтижелерін көруге болады. Айналым қаражаттарының ұлғаюы кәсіпорында шикізаттың, отынның және басқа өндірістік қорлардың бар болуы сияқты фактілер түрінде байқалады, бұл айналым қаражаттарының айналымдылығын баяулатуға әкеледі, ал негізгі қорларды құрудағы қателер қуаттарды пайдалану дәрежесіне, қор қайтарымының көрсеткішіне бірден әсер етеді. Сонымен, қаржылардың үлестіру және бақылау функцияларының көмегімен әр түрлі қорлар арасындағы сандық  пропорцияларды анықтауға немесе түзетуге болады.

Үлестірудің сапалық жағында аса терең байланыстар бар және қаржылар кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер қызметінің барлық тараптарына  белсенді әсер етеді. Қаржы ресурстарын дұрыс пайдаланғанда қорларды құру қаражаттардың үнемді пайдаланылуына, үнемдеу режимінің сақталуына, кәсіпорын қызметінің барлық учаскелерінде тиімділікті жоғарылатуға мүмкіндік туғызуы мүмкін. Оған қаржылардың үлестіру функциясы сандық факторларға ғана бағынышты болмаған, сонымен бірге сапалық көрсеткіштерге белгілі тәуелділікке қойылған. Сонымен бірге  бақылау  функциясының тағайындалуы да біршама өзгереді – ол қорлардың сандық сәйкессіздіктері туралы ғана емес, сонымен бірге осы сәйкессіздіктердің сапалық көрсеткіштерге (еңбек өнімділігі, өзіндік құн, кірістер және т.б.) әсер етуі туралы сигнал береді.

Сонымен, қаржыларды қоғамдық ұдайы өндірісте пайдалану шеңберінде қоғамдық даму процестеріне қаржылық әсер етудің үш басты бағытын ерекшелеп көрсетуге болады:

- кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттіліктерін қаржымен қамтамасыз ету;

- экономикалық және әлеуметтік процестерді қаржылық реттеу;

- қызметтің жақсы нәтижелерін қаржымен ынталандыру.

 

Қаржы ресурстарының көздері және түрлері

Қаржы қатынастары кірістердің, аударымдардың және түсімдердің жиынтығын білдіретін қаржы ресурстарының қозғалысында материалдық іске асырылады. Қаржы ресурстарының ерекше тағайындалуы – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру. Қаржы ресурстары жасалған құнды ақша түрінде үлестіру процесінде құрылады. Олар ақша ресурстарының жалпы массасынан өзінің көлемі бойынша да, сапалық мазмұны бойынша да ерекшеленеді, яғни аса тар шекараларымен сипатталады. Оларға қаржылардың жұмыс істеуі базасында құрылған ресурстардың түрлері ғана жатады.

Қаржы ресурстары – жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты үлестіргенде және қайта үлестіргенде мемлекетпен, басқа экономикалық агенттермен құрылатын жиналған ақшалар және ақша қорлары.

Осыған байланысты қаржы ресурстарының көздері мыналар болады:

-  ұлттық табыс, сонымен бірге оның таза кіріспен берілген бөлігі. Атап айтқанда таза табыстың өсуі қаржы ресурстары өсуінің жоғары немесе төмен қарқындарын қамтамасыз етеді;

-  оны ұйымдастыру айтарлықтай тиімді болған жағдайда, сыртқы экономикалық қызметтен түскен кірістер;

-  шаруашылық айналымға қатыстырылатын ұлттық байлықтың бір бөлігі (ағымдағы жылдың шығындарын жабуға жұмсалатын бюджет қаражаттарының ауыспалы қалдықтары; елдің алтын қорының бір бөлігін сатудан түскен қаржылар; мемлекеттік меншікті сатудан түсетін түсім);

-  заемдық және қатыстырылған қаражаттар (банк несиелері; кредиторлық қарыз; бағалы қағаздар шығарудан түскен қаражаттар).

Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіпте құрылады. Орталықтандырылған тәртіпте мемлекеттік бюджет, зейнетақы қорлары, бюджет-тен тыс қорлар ресурстары құрылады. Орталықтандырылмаған тәртіпте материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізетін субъектілерінің тұтыну қорлары, амортизациялық аударымдар қорлары, қаржы резервтері, валюта қорлары және бюджеттен тыс органдардың басқа ақшалай қорлары  құрылады. Қаржы ресурстарын үлестіру және пайдалану, тәртіп бойынша, қор түрінде жүзеге асырылады. Орталықтандырылған қаржы  ресурстарының  үлестірудің және пайдаланудың  қор түрінен міндетте түрде өтетінін атап кету керек. Орталықтандырылатын қаржы ресурстарының барлық түрлері қандай да бір қаражаттар қорына оның көзі ретінде түседі. Қаражаттардың негізгі орталықтандырылған қоры мемлекеттік бюджет болып табылады, ол салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер түрінде болатын әр түрлі көздер есебінен құрылады.

Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары да қорда үлестірілуден және пайдаланудан өтеді. Шаруашылық жүргізетін  субъектілердің қолдарында құрылатын қаржы  ресурстарының барлық түрлері оларда әрі қарай үлестіру процестерінен өтетін қорларға түседі.

Нарық жағдайларында кез келген шаруашылық жүргізетін субъект меншікті қаржы ресурстары, жұмылдырылған қаржылар, банк несиелерін пайдалану, белгілі жағдайларда  бюджет қаражаттарын алу есебінен кеңейтілген ұдайы өндіріс көздерінің құрылуын жүзеге асыра алады. Сақтандыру компаниялармен дер кезінде жасалған шарттар кәсіпкерлік қызмет қаупін азайтуға мүмкіндік береді, кәсіпорынмен келтірілген зиянның орнын толтырудың қажетті кепілдіктерін құрайды. Әр түрлі көздерден құрылатын қаржы ресурстары кәсіпкерге  қаражаттарды жаңа өндіріске дер кезінде инвестициялауға, қажет болғанда қолданыстағы кәсіпорынды кеңейтуге, ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржыландыруға және оларды ендіруге және т.б. мүмкіндік береді.

Студенттің өздік жұмысына арналған сұрақтар

1. "Қаржылар" термині нені білдіреді?

2. Қаржылардың негізгі белгілері және олардың пайда болу алғышарттары қандай?

3. Қандай ақша қатынастары қаржы қатынастарына жатады?

4. Экономикалық категория ретінде қаржылардың белгілерін атаңыз?

5. Қаржылардың анықтамасы қандай?

6. Қаржылар қандай функцияларды орындайды?

7. Қаржылардың үлестіру тұжырымдамасының мәні неде?

8. Қаржылардың ұдайы өндіру тұжырымдамасының ролі қандай?
Негізгі әдебиеттер: 36-45.

Қосымша әдебиеттер: 1-14, 15-18, 26-31.

2 тақырып  Қаржы жүйесін ұйымдастыру

Дәріс жоспары:

2.1 Қаржы жүйесі ұғымы;

2.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру принциптері;

2.3 Қаржы жүйесінің құрылымы.

 

Қаржы жүйесі ұғымы

Қаржылар бірнеше өзара байланысқан институттар мен органдардан тұратын тұтас жүйені құрайды. Қаржы жүйесінің ішінде әр түрлі институттардың бар болуы қаржылардың қоғамның алуан түрлі қажеттіліктеріне қызмет көрсетуімен, өзінің әрекетімен елдің бүкіл  экономикасын және бүкіл әлеуметтік қызмет сферасын қамтуымен түсіндіріледі.

Қаржы жүйесі ұғымы аса жалпы анықтама – қаржылардың дамуы болып табылады. Сонымен бірге, бұрын аталғандай, қаржылар экономикалық қоғамдық қатынастарды білдіреді.

Жүйелер және менеджмент теориясында жүйе деп проблеманы шешетінді атайды. Қаржы жүйесі шеше алатын қазіргі қоғамның проблемалары ретінде мыналарды атауға болады:

- экономика дамуының жеткіліксіз қарқындары;

- экономикалық жүйе дамуының диспропорциялары;

-  сыртқы тауар және қаржы рыноктарындағы өзгерістерге  бейімделуде артта қалу;

- ұдайы өндіру процесіне теріс әсер ететін  әлеуметтік қауырттылық;

- халық өмірінің төмен деңгейі.

Сыртқы ортамен өзара әрекеттесу сипаты бойынша жүйелердің екі негізгі типін ерешелейді: жабық және ашық.

Жабық қаржы жүйесінің қатаң белгіленген шекаралары бар, оның әрекеттері жүйені қоршаған ортаға тәуелсіз. Әкімшілік-командалық экономика жағдайларында төмендегілердің салдарынан жабық қаржы жүйесі болды:

-  валюта бағамының қатаң белгіленуі;

- өндіріс құралдарының меншік иесі мемлекет болуы;

-  кәсіпорындардың қатаң белгіленген жоспар шамасында отандық валютаны шетелдік валютаға айырбастай алуы;

-  валюталық құндылықтардың азаматтармен немесе кәсіпорындармен емес, тек қана мемлекетпен ірі мөлшерлерде шығарыла алуы.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының аймағында ашық қаржы жүйесі қолданылады, ол сыртқы ортамен айтарлықтай жиі және қарқынды өзара әрекеттесуімен сипатталады. Нарық жағдайларында қаржы жүйесінің ашықтығы меншік түрлерінің алуан түрлілігімен, атап айтқанда,  акционерлік меншікпен қамтамасыз етілген. Берілген қаржы жүйесінің объектілері қаржы ресурстары және қаржылақ ақпарат болады.

Қаржы жүйесінің ашықтығы дәрежесі ел экономикасының дамуы мүддесінде реттелуі тиіс.

Алайда келтірілген типтер қаржы жүйесінің ұғымын ашпайды, мұның себебі сипатталатын  объектінің күрделілігінде, сонымен бірге "жүйе" ұғымының  практикалық пайдаланылуының көп жоспарлылығында. Сондықтан қаржы жүйесі белгіленген қасиеттер жинағын иеленеді.

Жоғарыда баяндалғаннан алғанда, қаржы жүйесіне келесі анықтама беруге болады.

Қаржы жүйесі – қатынастар жиынтығы, олардың негізінде қаражаттардың, сондай-ақ осы қатынастарды құрайтын органдардың сәйкес қорлары құрылады және пайдаланылады.


Қаржы жүйесін ұйымдастыру принциптері

Әр түрлі қоғамдық ұдайы өндіріс жағдайларында қаржыларды дамыту заңдылықтарын талдау олардың мазмұнында жалпы белгілердің бар болуы туралы куәландырады. Бұл қаржылардың объективті себептерінің және жұмыс істеуінің сақталуымен қамтамасыз етілген.

Осыған байланысты кез келген «жүйе» сияқты, «қаржы жүйесі» өзара байланысқан элемент-бағыныңқы жүйелердің әрекетін білдіреді, олар әр түрлі критерийлер бойынша жіктеледі.

Қаржы жүйесі келесі белгілер бойынша жіктеледі:

1) интеграциялық сипаты бойынша қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

-  қаржы қатынастарының жиынтығынан;

- қаражаттар қорының жиынтығынан;

- қаржылық басқару аппаратынан.

2) функционалдық қасиеті бойынша қаржы жүйесіне мыналар кіреді:

-  базалық бағыныңқы жүйелер (салық жүйесі, бюджеттік жүйе, сыртқы экономикалық қатынастар);

-  қамтамасыз етуші бағыныңқы жүйелер (қаржылық жоспарлар, қаржылық есеп, статистика, нормативтік-заңдылық база, қаржылық бақылау, қаржыларды автоматтандырылған басқару жүйесі, кадрмен қамтамасыз ету).

3) қаржылар субъектілерінің белгісі бойынша үш ірі сфера ерекшеленуі мүмкін (В.Д.Мельниковтің, К.К. Ильясовтің пікірі бойынша):

- жалпы мемлекеттік қаржылар (оларға келесі буындар кіреді: мемлекеттік бюджет, мемлекеттік несие, арнайы бюджеттен тыс қорлар);

- шаруашылық субъектілерінің қаржылары (оларға келесі буындар кіреді: материалдық өндіріс сферасының қаржылары, өндірістік емес сфера қаржылары);

- халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржылары.

Басқа еңбекте (В.М. Родионова) жалпы жиынтығында қаржылық қатынастың үш өзара байланысқан сферасын ерекшелейді: кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қаржылары; сақтандыру; мемлекеттік қаржылар.

Аталған сфералардың әрқайсысының ішінде буындарды ерекшелейді, сонымен бірге қаржы қатынастарын топтау мақсатты ақша қорларының құрамына және тағайындалуына анықтаушы әсер ететін  субъект қызметінің сипатына байланысты жүзеге асырылады. Бұл критерий кәсіпорындар (мекемелер, ұйымдар) қаржылары сферасында мынадай буындарды ерекшелеуге мүмкіндік береді: коммерциялық бастамада жұмыс істейтін кәсіпорындар қаржылары; коммерциялық емес қызметті жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың қаржылары; қоғамдық бірлестіктер қаржылары. Субъект қызметінің сипаты сақтандыру объектісінің сипаттамасын алдын ала анықтайтын сақтандыру сферасында буындар ретінде: әлеуметтік сақтандыру, мүліктік және жеке сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру болады. Мемлекеттік қаржылар сферасында – сәйкесінше, мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие.

 

Қаржы жүйесінің құрылымы

Дамыған елдердің мемлекеттік қаржы жүйесіне төрт буын кіретіні белгілі:

1) мемлекеттік бюджет;

2) жергілікті қаржылар;

3) арнайы бюджеттен тыс қорлар;

4) мемлекеттік корпорациялар қаржылары.

Алайда қаржы жүйесінің келтірілген жіктелуі қаржы жүйесінің күрделі жүйелер категориясына жатуы себебінен жеткілікті бола алмайды.

Күрделілігі себебінен жалпы алғанда жүйені зерттеу және талдау ылғи да мүмкін болмайды. Бұл жағдайда жүйені бөлімдерге бөледі және осы бөлімдерді дербес объектілер ретінде зерттейді.

Сондықтан, қаржы жүйесіне екі бағыныңқы жүйе кіреді: макроқаржылар және  микроқаржылар.

Макроқаржылар қаржылар иерархиясының жоғары деңгейінде болады. Макроқаржылар құрамына: мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит, арнайы  бюджеттен тыс қорлар және жергілікті қаржылар кіреді.

Макроқаржылар деп қаржы қатынастарының жиынтығын түсінуге болады, ол жалпы мемлекеттік және өңірлік деңгейде экономикалық және әлеуметтік саясат мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Микроқаржылар қоғамның басқа субъектілерінің, яғни шаруашылық жүргізетін субъектілердің және халықтың көмегімен құрылады. Сондықтан макроқаржылардың құрылымына: коммерциялық кәсіпорындар қаржылары, коммерциялық емес қызмет ұйымдарының қаржылары, жалға алынған жұмыскерлердің қаржылары және жеке кәсіпкерлер қаржылары кіреді.

Осындай құрылымда қаржы жүйесі кез келген мемлекетке тән екендігін атап кету керек. Ол буындардың алуан түрлілігі, саны, олардың бағыныштылығы және т.с.с. бойынша ажыратылуы мүмкін. Алайда бұл түбегейлі айырмашылық емес, мемлекеттің құрылыспен алдын ала анықталған айырмашылық қана. 

 

Студенттің өздік жұмысына арналған сұрақтар

1.  Қаржы жүйесінің негізгі қасиеттері қандай.

2.  Қаржы жүйесінің негізгі типтерін атаңыз?

3.  Қаржы жүйесінің сенімділігі неде?

4.  Қаржы жүйесінің қауіпсіздігі, төзімділігі, осалдығы анықтамасын беріңіз және айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

5.   Қаржы жүйесі деген не?

6.  Қаржы жүйесінің сұлбасында элементтер әр түрлі жіктеу критерийлері бойынша қалай және неліктен үйлеседі?

7.  Макроқаржылардың ролі неде?

8.  Микроқаржылардың құрылымы қандай?

 

Негізгі әдебиеттер: 1-18, 36-45, 36-39.



Қосымша әдебиеттер: 1-14, 15-18, 26-31.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет