Дәріс жоспары:
3.1 Қаржы саясаты ұғымы;
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының мазмұны;
3.3 Қаржы механизмі: мазмұны және құрылымы;
3.4 Қаржылық бақылау түрлері мен әдістері.
Қаржы саясаты ұғымы
Қаржы саясаты – бұл мемлекет қаржылар саласында өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін жүргізетін мақсатқа бағытталған ойлар мен шаралардың жиынтығы.
Қаржылардың қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер етуі мемлекеттің бүкіл экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылатын қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады. Экономика бірінші реттік, ал саясат экономикадан туындайды. Бұл мемлекеттің қаржы қызметінде фокустағы сияқты қоғамда билік ететін экономикалық шарттар шоғырланатынын және өрнектелетінін білдіреді. Осыдан, қаржы саясаты өндірістік қатынастар мәнінің сипатына және мәніне тікелей байланыста болады.
Экономикалық базистің жұмыс істеуі мен өзара әрекеттесуін және жөнге келтірілуін талдау қаржылар және қаржы саясаты сияқты өзара байланысқан ұғымдарды шектеу мүмкіндігін береді. Қаржылар, өндірістік қатынастардың ерекше түрі бола тұрып, базис элементін құрайды; қаржы саясаты жөнге келтірілуге жатады. Қаржы қатынастары объективті және адамдар санасының еркіне тәуелсіз, қаржы саясаты – бұл олардың саналы қызметінің нәтижесі.
Қаржы саясатының мазмұнына келесі буындар кіреді:
- қаржылар дамуының ғылыми негізделген тұжырымдамаларын жасау. Олар экономикалық заңдар талаптарын зерделеу, шаруашылықтың даму жағдайын, өндірістің қатынастардың даму перспективаларын, халықтың қажеттіліктерін талдау негізінде құрылады;
- қаржыларды перспективада және ағымдағы кезеңде пайдаланудың негізгі бағыттарын анықтау; бұл кезде экономикалық саясатпен көзделген, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдарынан шығады, халықаралық факторлар, қаржы ресурстарының өсу мүмкіндіктері есепке алынады;
- қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған практикалық әрекеттерді жүзеге асыру.
Үш негізгі буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағдарланған қаржыларды дамытудың негізгі тұжырым-дамаларын құрамайтын қаржы саясатының перспективасы жоқ; сонымен бірге мемлекетті олардың практикалық әрекеттерімен нығайтпай қаржыларды пайдаланудың негізгі тұжырымдары мен бағыттарын жасаумен ғана шектелген қаржы саясаты шынайы емес.
Қаржы, экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың (құн заңы, сұраныс және ұсыныс заңы, өндірістік қатынастардың өндірістік күштердің даму сипаты мен деңгейіне сәйкестігі заңы, уақытты үнемдеу заңы) әрекетіне негізделеді.
Қаржылар жалпы экономикалық категория ретінде абстракция дәрежесі (салықтар, бюджет және т.б.) аз болатын жеке қаржылық субкатегориялардан тұратындықтан, онда салық саясатының, бюджет саясатының дербестілігінің белгілі дәрежесімен атап көрсетуге болады.
Шешілетін міндеттердің сипатына және кезеңінің ұзақтығына байланысты қаржы саясаты қаржы стратегиясына және қаржы тактикасына бөлінеді.
Қаржы стратегиясы – ұзақ мерзімді перспективаға арналған және экономиканың және қоғамның әлеуметтік дамуының ірі ауқымды міндеттерін шешуді көздейді. Әзірлеу процесінде қаржыларды дамытудың негізгі тенденциялары жорамалданады, оларды пайдалану тұжырымдамалары құрылады, қаржы қатынастарын ұйымдастыру принциптері көзделеді. Қаржы саясатында ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдау және мақсатты бағдарлама-арды құрастыру экономикалық және әлеуметтік дамудың басты мақсаттарында қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін қажет.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыру, қаржы ресурстарын қайта топтау жолымен қоғамды дамытудың нақты кезеңінің міндеттерін шешуге бағытталған. Қаржы стратегиясының салыстырмалы тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы икемділігімен ерекшеленуі тиіс, бұл экономикалық шарттардың, әлеуметтік факторлардың және т.б. жылжымалылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы және тактикасы өзара байланысқан. Стратегия тактикалық міндеттерді шешу үшін қолайлы мүмкіндіктер тудырады. Тактика қаржы байланыстарын ұйымдастыру тәсілдерін, түрлерін дер кезінде өзгерту жолымен экономиканың және әлеуметтік сфера дамуының шешуші учаскелерін және түйінді проблемаларын айқындап, аса қысқа мерзімдерде қаржы стратегиясымен көзделетін міндеттерді аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |