Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Мемлекеттік бюджеттің шығыстары



бет29/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
karzh umk

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары

 

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, аса ортақ қаржылық категория – бюджеттің алуан түрі бола тұрып, олармен ортақ қасиеттері иеленеді: олар үлестіру сипатында болады, ақша түрінде беріледі, ақша қорларының жұмыс істеуімен байланысты, мемлекетпен жоспарлы ұйымдастырылады.



Сонымен бірге  бюджеттің шығыстары біртұтастың өзгеше бөлігі ретінде мемлекет қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдаланумен және   материалдық өндірісте және өндірістік емес сферада сәйкес қорларды құрумен қамтамасыз етілген үлестіру қатынастарымен ғана берілген. Бюджет шығыстарының категориясы шығыстардың нақты түрлері арқылы айқындалады, олардың әрқайсысы сапалық және сандық жақтарынан  сипатталуы мүмкін. Сапалық  сипаттама – бюджет шығыстарының әр түрінің  экономикалық табиғатын және қоғамдық тағайындалуын, сандық сипаттама олардың шамасын анықтауға мүмкіндік береді.

Алуан түрлі бюджет шығыстарының ролі мен мағынасын айқындау үшін оларды әдетте анықталған белгілері бойынша жіктейді:

- қоғамдық өндірістегі ролі бойынша;

- өндіріс салалары және қызмет түрлері бойынша;

- қоғамдық тағайындалуы бойынша;

- мақсатты тағайындалуы бойынша.

Қоғамдық өндірістегі ролі бойынша мемлекеттік бюджет шығыстары екі бөлікке бөлінеді: біреуі материалдық өндірісті дамытумен, оның  салалық құрылымын жетілдірумен байланысты; екіншісі өндірістік емес сфераны ұстауға және әрі қарай дамытуға пайдаланылады.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет