Бюджет жүйесі жән бюджет процедурасы
Бюджеттің экономикалық тағайындалуы, оның қоғамдық ұдайы өндірістегі орны мен ролі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталатын еліміздің ұлттық-мемлекеттік құрылымы мемлекеттің бюджеттік құрылымы үшін негіз жасайды. Оның ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымын қосқанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру, олардың пайданылу сфераларын функционалдық шектеу, өзара әрекеттесуі, құқықтық және процедуралық жақтары бюджет құрылымы деп танылады.
Онымен параллель бюджет құрылымының тек бір бөлігін ғана сипаттайтын бюджет жүйесі ұғымы да бар болады.
Бюджет жүйесі экономикалық қатынастарғажәне заңды нормаларға негізделген жеке дербес бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Бюджет жүйесінің негізі қаржы қатынастарының келесі топтары болып табылады:
- орталықтандырылған ақша қорларын құру және олардың бюджетінің шығындарын қаржыландыру процесінде мемлекет пен кәсіпорындар арасында;
- мемлекет пен бюджеттік қаржыландыруда болатын өндірістік емес сфера мекемелері арасында;
- бюджет кірістерін құруға және әр түрлі төлемақылар төлеуге байланысты мемлекет пен халық арасында;
- орталықтандырылған ақша қорларын құру бойынша мемлекеттің шетелдермен және т.б.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына кіреді:
1) республикалық бюджет;
2) жергілікті бюджеттер:
- республикаға бағынышты қалалардың бюджеттері (Астана және Алматы қалаларының бюджеттері);
- облыстар бюджеттері (облыстық бюджеттер; аудандар бюджеттері (аудандық бюджеттер, ауданға бағынышты қалалар мен кенттердің бюджеттері, ауылдық бюджеттер); қалалар бюджеттері (қалалық бюджет, қалаға бағынатын аудандар бюджеттері)).
Бюджет процедурасы – бұл бюджетті әзірлеу, қарастыру, бекіту, орындау, бюджеттің орындалғанын бақылау және орындалғаны туралы есептің бекіту бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңмен регламенттелген қызметі. Қазақстан Республикасындағы бюджет процесі «Бюджеттік жүйе туралы» Заңмен, «Республикалық бюджет туралы» жыл сайынғы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа заңдарымен, сондай-ақ атқарушы билік органдарының шешімдерімен анықталады.
Жоспарлық жұмыстардың күрделі және алуан түрлерінің кешені бола тұрып, бюджет процедурасы бірнеше кезеңнен өтеді:
- бюджеттер жобаларын әзірлеу;
- әр түрлі деңгейлі бюджеттерді қарастыру;
- бюджеттер жобаларын бекіту;
- бюджеттерді орындау;
- бюджеттердің орындалуын бақылау;
- бюджеттің орындалғаны туралы есепті бекіту.
Алдағы қаржылық жылға бюджеттердің жобаларын әзірлеу және мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін ұзақ мерзімді жобалау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары, жергілікті өкілетті органдармен бекітілетін, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайыеғы Жолдауын есепке алғанда сәйкес кезеңге негіз болып табылады.
Бюджеттерді әзірлеу, орындау, бюджеттердің орындалғаны туралы есептерді құрастыру – атқарушы билік органдарының функциялары, әзірлеу және бекіту Парламенттің және жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттардың функциялары болып табылады, бюджеттердің орындалуын бақылауды биліктің екі тармағы да орындайды.
Бюджетті орындау - бюджет процедурасы сатыларының бірі, ол бюджет бойынша көзделген барлық кірістердің толық және дер кезінде түсуін және жоспарланған бюджеттік шығыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |