Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Студенттердің өздік жұмысына арналған сұрақтар



бет40/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81
karzh umk

Студенттердің өздік жұмысына арналған сұрақтар

1. Үй шаруашылықтары қаржыларының экономикалық мәні неден тұрады?

2. Үй шаруашылықтарының кірістері неден тұрады?

3. Үй шаруашылықтарының шығыстары қандай?

4. Үй шаруашылықтарының міндетті төлемдеріне не жатады?

5. Үй шаруашылықтарының ерікті төлемдеріне не кіреді?

6. Мемлекеттік әлеуметтік көмектің мәні неде?

7. Мемлекеттік әлеуметтік көмектің түрлері қандай?

 

Негізгі әдебиеттер:10-25, 36-45.

Қосымша әдебиеттер:1-14, 15-18.

11 тақырып Сақтандыру

 

Дәріс жоспары:



11.1 Сақтандырудың экономикалық табиғаты және оның қолданылу сфералары;

11.2 Әлеуметтік сақтандыру;

11.3 Мүлікті және жеке сақтандыру ерекшеліктері.

 

Сақтандырудың экономикалық табиғаты және оның қолданылу сфералары

 

Қоғамдық-экономикалық қатынастар жүйесінде келесі жағдайлармен тудырылатын, оларға тән бөліктерін ерекшеленеді:



1) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың және орындаудың жалпылығы;

2) әлеуметтiк төлемдермен қамтамасыз ету үшiн қолданылатын мемлекет кепiлдiк берген шаралар;

3) әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне мiндеттi қатысу;

4) әлеуметтiк қатер туған жағдайда әлеуметтiк төлемдер төлеу үшiн әлеуметтiк аударымдарды пайдалану;

5) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтiк қатер туған жағдайда әлеуметтiк төлем төлеу мiндеттiлiгi;

6) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар қызметiнiң жариялылығы.

Бүгiнгi күнi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi Қазақстандағы әлеуметтiк-экономикалық қатынастардың маңызды және қажеттi элементтерiнiң бiрi болып отырғанын атап өткен жөн. Республикадағы мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң негiзiн айқындайтын заңнамалық база жасалған. Сақтандырудың басқа түрлерiнен (мүлiктi, көлiктi және т.б. сақтандыру) оның принциптi айырмашылығы, ол еңбек қызметiне араласа алмауы себептi материалдық қамтамасыз етiлмеуден азаматтарды қорғауды қамтамасыз етедi. Сондықтан, әлеуметтiк сақтандырумен ең бiрiншi өмiр сүрудiң негiзгi көзi еңбек ақысы немесе табысы болып табылатын өз еңбегi арқасында өмiр сүрiп жүрген жалдамалы жұмысшылар қамтылған.
Осылайша мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi деп мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен ережелер жиынтығын айтамыз.

Қазақстандағы мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi жүйеге қатысушыларды, яғни республикадағы жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтiк қорғаудың қосымша түрi болып табылады. 2005 жылдан бастап мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтiк қатер туған жағдайда әлеуметтiк төлем төлеу жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен құрылған “Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры” акционерлiк қоғамының (бұдан әрi – Қор немесе МӘСҚ) қаржы ресурстары есебiнен жүргiзiлуде.Бұл ретте МӘСҚ қаржылық ресурстары “Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша төлеушiлер төлейтiн, Қорға аударылған әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыру және әлеуметтiк салықты қайта бөлу жолымен қалыптастырылады

Сақтандыру үшін мына ерекшеліктер тән болып табылады:

1) қатынастардың ықтимал сипаты;

2) қатынастардың төтенше сипаты (кез келген масштабта - мемлекеттік, өңірлік, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жееке адам деңгейінде).

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет