Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздар түрлері



бет48/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81
karzh umk

Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздар түрлері

 

Жоғарыда баяндалғаннан шығатындай, бағалы қағаздар рыногы – қаржы рыногының бір бөлігі, онда шаруашылық жүргізетін  субъектілермен  және мемлекетпен шығарылған бағалы қағаздардың  әр түрлері  сатылады  және сатып алынады. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық  процестерді реттеуге және тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Оған берілген рыноктың  қордағы құралдарының, басты түрде бағалы қағаздардың алуан түрлілігімен қол жеткізіледі.

Бағалы қағаздар ақшалай құжаттарды білдіреді, олар мүліктік құқықты және олардың иелері займының мұндай құжаттарды шығарған ұйымға қатынасын куәландырады.

Бағалы қағаздар оқшауланған құжаттар  немесе  шоттардағы  жазулар түрінде болуы мүмкін.

Бағалы қағаздар түрлері алуан түрлі: оларға  акциялар,  облигациялар,  мемлекеттік қарыздық міндететмелер, банктердің  депозиттік  және жинақтық сертификаттары, Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары жатады. Бағалы қағаздарға банк несиесін   алуды растайтын құжаттар, қарыздық қолхаттар, өсиеттер, лотерея билеттері, сақтандыру полистері жатпайды:

- Бағалы қағаздарды жіктеу;

- Экономикалық табиғаты бойынша;

- Үлестік (акция);

- Қарыздық (облигация, банк сертификаты; ипотекалық куәлік);

- Бағалы қағаздарға құқықтарды беру тәсілі бойынша;

- Атаулы (құқық жазу енгізген соң сәйкес реестрге өтеді);

- Ордерлік (беру  жазуын жазған соң құқық бағалы қағаздың екінші жағындағы  алдыңғы иелеріне ауысады);

- Ұсынушылық (құқық бағалы қағазды жай ғана беру жолымен өтеді);

- Шығару түрі бойынша;

- Құжаттық (қағаз);

- Құжатсыз (материалдандырылмаған);

Айналым мерзімі бойынша:

- Ұзақ мерзімді (5 жылдан 25 жылға дейін);

- Орташа мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін);

- Қысқа мерзімді (1 жылға дейін).

Мерзімсіз:

- Айналымда болу аумағы бойынша;

- Өңірлік (облыс, қала, аудан шегінде);

- Ұлттық (республика шегінде);

- Халықаралық (халықаралық рыноктарда);

- Эмитенттер бойынша;

- Мемлекеттік (үкіметік) - (МЕККАМ, НСО, Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары);

Жергілікті билік органдарының бағалы қағаздары:

- Корпоративті (акциялар,  мемлекеттік емес заңды тұлғалар облигациялары);

- Шетелдік (шетелдік инвесторлардың бағалы қағаздары);

- Кірістерді төлеу тәсілі бойынша;

- Тұрақты кірісі бар (акция), соның ішінде белгіленген кірісі бар (айрықша акциялар) бағалы қағаздар;

- Бір реттік кірісі бар (купонсыз облигация - ГКО) және тұрақты  кірісі бар (тоқсан сайынғы, жарты жылдық, жылдық) бағалы қағаздар.

Эмиссия түрі бойынша:

-Эмиссиялық (акциялар,  облигациялар)  жаппай  таралыммен  жүзеге асырылады және уәкілетті органда  тіркеледі;

-Эмиссиялық емес (вексель, консамент) бір реттік тәртіпте шығарылады және уәкілетті органда тіркелмейді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет