Қор биржасы
Қор биржасы — бұл қызметінің айрықша тақырыбы бағалы қағаздардың қалыпты айналымының, олардың рыноктық бағаларын анықтау және олар туралы ақпаратты таратудың қажетті шарттарын қамтамасыз ету болып табылатын ұйым.
Қор биржасы бағалы қағаздардың екінші реттік рыногын ұйымдастырушы болып табылады. Биржадан тыс рынок, тәртіп бойынша, бағалы қағаздардың тек жаңа шығарылымдарын ғана қамтиды. Онда несие-қаржы институттары, ең алдымен коммерциялық банктер тұлғасында ұжымдық салымшы әрекет етеді. Биржалық емес рынокта көбінесе облигациялар орналасады. Биржада, керісінше,бағалы қағаздардың ескі шығарылымдары, негізінде акционерлік қоғамдардың акциялары жүреді.
Брокерлер – мәмілелер жасау кезіндегі делдалдар – ол үшін белгілі төлем алып, клиенттердің тапсырысы бойынша және есебінен әрекет етеді. Биржа қызметінің қазіргі жағдайларында делдалдық операцияларды банктермен тығыз байланыстағы филиалдар желісі бар брокерлік фирмалар жүргізеді.
Дилерлер бағалы қағаздарды өз атынан және өз есебінен сатып алу-сатумен айналысады: бұл жеке фирмалар, банктер, жеке тұлғалар – қор биржасының мүшелері.
Қор биржасының қаржылық қызметі төмендегілердің есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:
- қор биржасының оның мүшелігіне өтуге құқық беретін акцияларын сату;
- қор биржасы мүшелерінің тұрақты мүшелік жарналары;
- биржада жүзеге асырылған әрбір мәміледен биржалық алымдар;
- биржа мүлкін пайдалану;
- ақпараттық, кеңес беру және басқа қызметтер көрсету үшін қаржылар, биржа қызметінен басқа түсімдер.
Биржаның кірістер оның функцияларын жүзеге асырумен, оның қызметін кеңейтумен және жетілдірумен байланысты шығындарды жабуға жіберіледі.
Қор биржасы уәкілетті органмен келісім бойынша бағалы қағаздарды саудаға жіберу ережелерін анықтайды - листинг, сондай-ақ оларды саудадан шығару ережелері - делистинг.
Биржа қызметінің негіз құраушы принципі бағалы қағаздар рыногының өтелімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасының негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1)бағалы қағаздардың сенімділігін айқындау үшін олардың рынокқа дейінгі сараптамасы;
2) бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды топтау, сұраныс пен ұсынысты салыстыру арқылы олардың рыноктық бағасын анықтау;
3) бағалы қағаздармен мәмілелер туралы, эмитенттер туралы ақпарат;
4) капиталдарды тиімді салаларға ауыстыру жолымен рынок конъюнктурасын реттеу және экономиканың тұрақтылығы мен қарқынды дамуын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |