Бағалы қағаздар эмиссиясы. Бағалы қағаздар рыногына қатысушылар
Бағалы қағаздарды айналымға шығару - эмиссия – бұл бағалы қағаздарды олардың бірінші реттік иелеріне – инвесторларға, яғни заңды тұлғалар мен азаматтарға сату.
Бағалы қағаздар эмиссиясы жүзеге асырылады:
1) акционерлік қоғамды құрғанда және акцияларын оның құрыдтайшыларының арасында орналастырғанда;
2) акциялар шығару арқылы акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының (қорының) өлшерлерін ұлғайту кезінде;
3) мемлекет, заңды тұлғалар, жергілікті билік органдары облигациялар және басқа қарыздық міндеттемелер шығару жолымен заемдық қаржыларды жұмылдырғанда.
Бағалы қағаздар рыногына қатысушлар бағалы қағаздар эмитенттері, инвесторлар және инвестициялық делдалдар болып табылады.
Бағалы қағаздарды шығаратын және олар бойынша бағалы қағаздар иелерінің алдында міндеттемелері болатын заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе жергілікті әкімшілік органы эмитент деп аталады.
Инвесторлар – бағалы қағаздарды өз атынан және өз есебінен сатып алатын заңды тұлғалар немесе азаматтар, соның ішінде шетелдік азаматтар. Инвесторлар уақытша бос қаржыларды иеленеді және осы қаржыларды өтелімді және жоғары табысты бағалы қағаздарға салуда мүдделі; инвесторлар құрамында институционалдық инвесторларға – инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және арнайы тағайындалған басқа қорларға маңызды орын бөлінеді.
Бағалы қағаздар рыногының инвестициялық делдалдары – арнайы ұйымдар, олар бағалы қағаздардың эмитенттерден инвесторларға бағалы қағаздардың бірінші реттік эмиссиясы кезінде де, сондай-ақ қайт сату кезінде де жылжуын қамтамасыз етеді – инвестициялық қорлар, коммерциялық қор биржалары, брокерлік және дилерлік конторалар, консалтингтік фирмалар, бағалы қағаздарды сақтау, бағалы қағаздарды қолданушылар реестрін жүргізу, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша өзара есеп айырысу бойынша арнайы ұйымдар (депозитарийлер, кастодиандар, клирингтік ұйымдар, тәуелсіз реестр қолданушылар).
Достарыңызбен бөлісу: |