Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің қаржылық қамтамасыз етілуі



бет17/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
karzh umk

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің қаржылық қамтамасыз етілуі

Кәсіпорынның қалыпты өндірістік-шаруашылық  қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі қаражаттар қажет. Қажетті негізгі қаражаттар мөлшері ұйымның озық нысандарын және өндірісті басқаруды, еңбек құралдарын тиімді пайдалануды есепке алғанда жоспарлық тапсырмалардан шығатын   әрбір өндіріс бойынша анықталады. Негізгі қорлар ұзақ кезең ішінде қолданылатын материалдық-заттық құндылықтар жиынтығын білдіреді. Ақшамен бағаланған негізгі қорлар негізгі қаражаттар деп аталады. Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, негізгі қаражаттар – бұл материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт кезеңінде (бір жылдан астам) қолданылатын материалдық активтер.

Олар өзінің табиғи-заттық нысанын өзгертпей, көптеген өндірістік циклдерге қатысады және тозуына қарай, өзінің құнын қайта жасалған өнімге ауыстырады. Бастапқы, ағымдағы, баланстық құнды, өткізу құнын, тарату құнын, негізгі қаражаттардың тозған және қалдық құнын ажыратады. Бастапқы құн – негізгі қаражаттарды иелену бойынша жүргізілген барлық нақтылы қажетті шығындардың құны.

Ағымдағы құн -  негізгі қаражаттардың белгілі күнге рынок бағалары бойынша құны. Негізгі  қаражаттардың ағымдағы құны еңбек өнімділігінің өсуіне,  бағалардың инфляцияға байланысты өзгеруіне байланысты құрылыс пен өндіріс құнының өзгеруі негізінде анықталуы мүмкін. Баланстық құн – ол бойынша актив есепте және қаржылық есептілікте көрсетілетін жинақталған тозу сомасын шегергенде негізгі қаражаттың бастапқы немесе ағымдағы құны.

Өткізу құны – мәміле жүргізуге жақсы дайындалған тәуелсіз тараптар арасындағы негізгі қаражаттардың алмасуы  мүмкін болатын құн. Өтелімділік құны – қосалқы бөлшектердің, металл сынығының және субъектіде пайдаланылуы мүмкін бағалар бойынша бағалағанда, шығу бойынша шығындарды шегергенде пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі қаражаттар объектілері таратылғанда  пайда болған басқа құнды материалдардың құны. Тозған құн – бастапқы және өтімділік құны арасындағы айырмашылық, ол негізгі қаражаттар амортизациясын есептеу жолымен өндіріс шығындарына ауыстырылған. Негізгі қорлардың қалдық құны - өндірілетін өнімге, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге әлі ауыстырылмаған құн.

Негізгі қорлардың кеңейтілген ұдайы өндірісінің негізгі көздері мыналар болып табылады:

- меншікті қаржы ресурстары және шаруашылық ішіндегі резервтер;

- заемдық қаржы құралдары;

- акциялар, еңбек ұжымдары мүшелерінің, азаматтардың және заңды тұлғалардың жарналарын сатудан алынатын қаржылық құралдар;

- бюджеттен тыс қорлар қаржылары;

- шетелдік инвесторлар қаржылары.

Айналымдық өндірістік қорлардың басым бөлігін еңбек құралдары – шикізат, негізгі және қосымша материалдар, сатып алынатын жартылай дайын өнімдер, отын және жанар-жағар май, ыдыс және ыдыс материалдары құрайды. Сонымен қоса, айналымдық өндірістік қорларға кейбір еңбек қаруы – құндылығы аз және жылдам тозатын заттар, құралдар, арнайы құрылғылар, ауысымдық жабдықтар, керек-жарақ, ағымдағы жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, арнайы киім және аяқ киім жатады.

Айналымдық өндірістік қорларға авансталған қаржылардың негізгі тағайындалуы өндірістің үздіксіз және қарқынды процесін қамтамасыз етуден тұрады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет