Жұмыс бағдарламасы пән: Денсаулық жағдайын бағалау Пән коды: djb 221 Мамандық: 051101 – «Мейірбике ісі» Оқу сағатының (кредиттің) көлемі: 90 (2 кредит) Курсы: Оқу семестрі: Шымкент



бет2/133
Дата10.03.2023
өлшемі1.4 Mb.
#470595
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133
ocenka sost zdorov kz 2

2.3 Оқытудың міндеттері:

  • өмірдің әртүрлі кезеңдерінде денсаулық жағдайын бағалау үшін жүйелі білімді қалыптастыру;

  • жеке денсаулық критерийін анықтауға және өмір сүру сапасын бағалауға үйрету;

  • жас шамасы әртүрлі топтағы кең таралған аурулардың клиникалық симптомдарын анықтауға үйрету;

  • денсаулықты сақтау және күту үшін қауіп факторларын анықтап, оларды жоюға үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент
2.4.1 білуі керек:

  • Қазақстандағы және әлемдегі демографиялық жағдайды;

  • адамның әртүрлі жастық кезеңдеріндегі анатомия – физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін;

  • жаңа туылған нәрестенің денсаулығын сақтау және күту, ерте жастағы балаларды тамақтандыру ерекшеліктері, сонымен қатар егде және кәрі жастағы адамдардың өмір сүру салты мен тамақтанудағы орта білімді медицина қызметкерлерінің ролін;

  • репродуктивті жүйенің құрылымы мен функцияларын, жанұяны жоспарлау және контрацепция әдістерін;

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңдары мен нормативті құжаттарын.

2.4.2 үйреніп алуы қажет:

  • науқастан сұрау арқылы денсаулығы туралы мәліметтерді жинау, жалпы тексеру, ағзалар мен жүйелерді «басынан башпайына дейін» принципі бойынша тексеру;

  • сұрастыру және тексеру мәліметтеріне, белгілердің сараптамасын жүргізу;

  • иммунологиялық реактивтілікті коррекциялау және физикалық, психикалық денсаулықты бағалау;

  • биохимиялық және клиникалық анализдердің нәтижелерін бағалап, интерпритациялау;

  • сүт бездеріне тексеру жүргізу;

  • жүкті әйелге тексеру жүргізу, физиоллогиялық жүктілікті диагностикалап, тамақтану тәртібі туралы кеңес беру;

  • науқастың жеке қажеттіліктері мен жағдайын ескере отырып, мамандандырылған күтімді қамтамасыз ету үшін мейірбикелік процесті ұйымдастыру және іске асыру;

  • мейірбикелік құжаттарды толтыру;

  • халықтар арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын өткізу.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет