Ситуациялық есептер:
Мәселе 1. Ұл бала 13 жаста, созылмалы ауруына байланысты диспансерлік есепте тұрады. Жылына екі рет үйінде медбике келіп тексеріп тұрады. Күніне үш рет тамақтанады. Емханаға науқастың ауруы асқынған жағдайда ғана барады
Сұрақ : науқас дұрыс тамақтанады ма және медбикенің тексеруі дұрыс па?
Жауабы: дұрыс тамақтанбайды, күніне бес рет тамақтануы тиіс. Медбике үш айда бір рет тексеріп тұруы тиіс. Емханаға әр ай сайын баруы керек. Ауруы асқынған жағдайда дәрігер немесе медбикені үйіне шақыруы керек.
Мәселе 2. Ұл бала 14 жаста, V1 қалыпты өткен жүктіліктен дүниеге келген. Салмағы 2800 болған. Соңғы екі жылда қан анализінде гемоглобин деңгейі 80 г/л.
Сұрақ: Мұның себебі неде болуы мүмкін?
Жауап: анасы жүктілік кезінде витаминдер қабылдамаған болуы мүмкін
Мәселе 3 Ауруханаға оң қабырға астында қатты ауырсынуымен науқас келді. Науқас ауырсынуы оң желкесіне және оң жауырынына жайылып отырғанына және жүрек айнуы мен құсуға шағымданды. Науқасқа қандай күтім қажет?
Мәселе 4Дәрігер науқасқа дюбаж тағайындады. Осы емшараны қалай орындайсыз?
Мәселе 5Ауруханада созылмалы гепатиттің өршуімен келген науқас жатыр. Науқасқа қандай күтім жасау қажет?
Мәселе 6Ауруханада созылмалы гепатиттің өршуімен жатқан науқасқа үйінен қуырылған, майлы тамақ алып келді, сіздің іс - әрекеріңіз?
Мәселе 7 Операция және босанғаннан кейін зәрдің жедел тоқталуы кездеседі. Бұл жағдайда қандай көмек көрсетесіз?
Мәселе 8 Бүйрек тастарының салдарынан зәрдің жедел тоқталуы кезінде дәрігерге дейінгі көмек.
Мәселе 9Зәрін ұстай алмайтын науқастарға қандай күтім жасау қажет.
Мәселе 10 Зәрін ұстай алмайтын науқастарда жауыр жара пайда болуының алдын – алуда қолданылатын іс - әрекеттер.
3 сабақ
1. Тақырыбы: Ағзаның негізгі функцияларының жағдайын бағалау (эндокринді, нерв және қаңқа-бұлшықет жүйелері). Мейірбикелік ауру сырқатнамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |