7. Артериалды гипертензиямен ауыратын науқастардың тағамынан ... шектеу керек.
А)суды
б) қантты
в) ас тұзды
г) дәмдеуіштерді
д) нанды
8. 50 жастағы науқас ІІ сатысындағы гипертониялық ауруымен зардап шегеді. Гемодинамиканың гиперкинетикалық түрі анықталған. Артериалды қысымды төмендету үшін ... тағайындалады.
а )гипотиазид
б) обзидан
в) корнифар
г) верошпирон
д) клофелин
9. Гипертониялық ауруында қандағы рениннің мөлшері ...
жоғары
б) орташа
в) қалыпты
г) төмен
д) кейде жоғары, кейде төмен
10. Артериалды гипертензия кезінде ЭКГ-да ... өзгерістер тән.
ЖЭО оңға ығысуы
б) оң қарынша гипертрофиясы
в) сол қарынша гипертрофиясы
г) экстрасистолия;
д) Q тісшенің 0,04 мм-ден кеңеюі
N 1 есеп
68 жастағы науқас И., 3 жыл бұрын жедел миокард инфарктысы болған, 5 жылдан бері артериалды гипертензиямен ауырады. Қазіргі жағдайы соңғы екі күннен бері нашарлады. Нервті психикалық күйзеліспен байланыстырады. Бас ауруына шағымданады.
ОБ-ті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозарған, жүрек шекаралары солға бұғана орта сызығынан 1 см ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 11О соққы минутына, АҚ 180/100 мм с.б..
ЭКГ-синусті тахикардия, ЖСЖ 115 рет мин., жүректің электрлік осі солға ығысқан. Сол қарыншаның гипертрофиясы.
Негізгі клиникалық синдромды көрсетіңіз, гипертониялық криз кезінде медициналық көмек көрсетідің әдістерін көрсетіңіз. Тағы да қандай қосымша тексерулер жүргізу қажет?
N 2 есеп
Артериалды гипертензиямен ауыратын 63 жастағы науқас, гипертониялық криз фонынында кенеттен тұншығу және тыныс жетіспеу сезімі пайда болды.
Объективті: Қалпы мәжбүрлі, ауа жетіспейді. Тері жамылғысы бозарған, акроцианоз.РS-96 1 мин аритмиялы. АҚ 200/110 мм..сб. жүрек шекаралары солға бұғана орта сызығынан 2 см ығысқан.Тоны тұйықталған, өкпе артериясы үстінде II тон акценті. Өкпеде везикулярлы тыныс әлсіреген және жауырын деңгейіне дейін естілетін ылғалды сырылдар естіледі.
1. Берілген науқаста қандай асқынуларды таптыңыз?
2. Алғашқы көмектің әдістерін көрсетіңіз.
3. Көрсетіген науқастың күту ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |