Ситуациялық есептер:
Есеп №1.
60 жастағы әйел, стационарында жіті инсульт себебімен емделуде.
Диагнозы: Жедел ми қанайналымының бұзылуы. Оң жақты гемиплегия.
Обьективті: жауырын, сегізкөз, тізеасты аймақтарының терісінің қызаруы.
Сұрақ:
Науқастың басымды мәселесін табыңыз
Мейірбикелік жоспар құрыңыз
Реабилитацияның қандай әдістерін қолдануға болады?
Ватерло шкаласы бойынша теріні бағалаңыз
Есеп №2.
Инсульт алған 47 жастағы науқас.
Диагнозы: ІІ дәрежелі гипертониялық ауру. Ми қанайналымының бұзылысы.
Шағымы: оң қол мен аяқтың әлсіздігі, сезімталдықтың жоғалуы, бас айналуы, тез шаршаушылық,. Құлап қалудан қорқыныш, шүйде тұсының ауырсынуы. Туыстарының сөзінен науқас жабырқаулы, жеке қалуды жөн көреді.
Сұрақ:
1. Науқастың басымды мәселесін анықтаңыз.
2. Мейірбикелік жоспар құрыңыз.
3. Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?
Есеп №3.
62 жастағы науқас, неврология бөлімшесінде стационарлы ем қабылдауда.
Диагнозы: ми қанайналымының бұзылысы. Туыстарының айтуынша артериалды қысымының жоғарылауы мазалаған, жақында ағасының өлгенін естіген, басының ауыратындығына шағымданған, бірақ дәрігерге қаралмаған.
Обьективті : оң жақты гемиплегия, парестезия.
Сұрақ:
1. Науқастың басымды мәселесін анықтаңыз.
2. Мейірбикелік араласу жоспарын құрыңыз.
3. Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?
3 – сабақ
1. Тақырыбы: Неврологиялық науқастардағы жұтынудың бұзылуы кезіндегі мейірбикелік күтім.
2. Мақсаты: Студенттерге жұтынуды біріншілік бағалауды, жұтынуы бұзылған науқастарға күтім жасауды үйрету.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:
Ауыз қуысының анатомиясын
Жұтыну актының физиологиясын
Жұтынудың бұзылысының анықтамасын
Жұтынудың бұзылысынан дамитын асқынулар
Достарыңызбен бөлісу: |