Ситуациялық есептер: 1.Түнде науқас кардиологиялық бөлімшеге келіп түсті. Таңертең науқас тамақтанғысы келді, бірақ буфетші оған тамақ бермеді, себебі науқас порционникке жазылмағанын айтып түсіндірді. Бұл жағдайда не істеу керек? Берілген науқасқа мәліметтерді кім ұсынды?
2. Тазалықшы науқасқа тамақ әкеліп, оны тамақтандырды. Тазалықшының іс-әрекеті дұрыс па? Науқастарға тамақты кім және қалай үлестіреді?
5-сабақ
1. Тақырыбы: Жүрек ауруларында климатотерапияны және талассотерапияны қолдану.
2. Мақсаты: Студенттерді жүрек ауруларында климатотерапияны және талассотерапияны қолданумен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
4. Орындау түрі: (реферат, презентация, есеп құрастыру, тесттер, алгоритмдер құрастыру, сырқатнама жазу, ролдік ойындарға сценарий жазу, пікір жазу т.б.)
1.Реферат сабақ тақырыбы бойынша заманауи материалдар негізінде жан – жақты ақпараттарды қамту қажет;
2.Тақырып презентациясының мазмұны қысқа, эффективтi болуы тиіс;
3.Студент ЕПУға барып, көрнекі құралдарымен (суреттерімен, слайдтармен) есеп бередi;
4.Әдістемелік нұсқаулықтан тест сұрақтарына дурыс жауап беру және ситуациялық есептерді шешу;
5.Студент Өз бетінше сауатты тест және ситуациялық есеп құрауы тиіс;
6.Студент топтағы студентке СӨЖ-ге сауатты пікір беруi тиіс;
Студенттің өзіндік жұмысы 1-3 пункттердің ішінен біреуі және 4-6 пунктерінің ішінен біреуі орындалса, орындалды деп есептелінеді.