ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ
РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
Бекітемін
Оқу – әдістемелік және тәрбие жұмысы
бойынша проректоры
м.ғ.д., доцент________ М.Ұ.Анартаева
«_____»__________________2013 ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Кардиологиядағы, онкологиядағы және неврологиядағы
реабилитация және мейірбикелік күтім.
Пән коды:
Мамандық: 051101 – «Мейірбике ісі»
Оқу сағатының (кредиттің) көлемі – 135 сағат (3 кредит)
Курсы: 4
Оқу семестрі: 8
Шымкент, 2013 ж.
«Кардиологиядағы, онкологиядағы және неврологиядағы реабилитация және мейірбикелік күтім» элективті пәні бойынша жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі» -051101- мамандығына арнап ҚР денсаулық сақтау министірлігінің 2006.01.12. №582 бұйрығымен бекітілген МЖМБС-на негізделіп құрастырылды.
Кафедра мәжілісінде қаралды.
Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ м.ғ.к. доцент А.Ә. Әлдешев.
ОҚМФА клиникалық пәндердің әдістемелік комиссиясында талқыланды.
Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
Төрайымы ______________________ м.ғ.к. доцент А.Е. Туртаева
Әдістемелік Кеңесте мақұлданды.
Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Реабилитация және мейірбикелік күтім кардиология, онкология,және невралогияда бұл жүйе бойынша науқастар мен мүгедектерді еңбекке, өмірге тиімді қайтаруға, уақытша және тұрақты жұмысқа жарамсыздыққа алып келетін патологиялық процесстердің дамының алдын алатын іс – шаралар жүйесі.
Медициналық реабилитация науқастармен мүгедектерді кешенді емдеу және сауықтырудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Медициналық реабилитация әдістерін қолдану науқастар мен мүгедектерді толық сауығуына алып келеді, сырқаттанған науқастардың әлеуметтік тұрғыда өмір сүруін шектемеуінің алдын алады. Медициналық реабилитация құралдарын дұрыс қолданғанда науқастардың мүгедек болып қалу дәрежесі төмендейді, олардың өмір сүру сапасы жақсарады, олар қоғамға қайта оралады. Адамдардың көпшілігі алдынғы жұмысына қайта оралады.
Қазақстан Республикасында. «ҚР – да мүгедектерді әлеуметтік қорғау» және «Мүгедектіктің алдын алу және оңалту», заңдары қабылданған дәрігерлік мамандықтардың номенклатурасына «дәрігер – реабилитолог», «дәрігер реабилитолог - эксперт» деген мамандықтар енгізілген. Осы мәселеге байланысты студенттерді кардиологиядағы, онкологиядағы медициналық реабилитацияның негіздерімен таныстыру қажет.
Оқу жоспарында қарастырылған уақытта студенттер медициналық реабилитацияның теориялық және практикалық негіздерімен, медициналық реабилитация қызметінің ұйымдастырылуымен, аурудан кейінгі кері әсерлер концепциясымен, ағзаның функциональді мүмкіншіліктерін бағалау әдістерімен, бұзылған функцияларды қалпына келтіру әдістерімен, өмір сүру деңгейін, мүгедектіктің алдын алу жолдарымен танысады. Науқастарда анықталған кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық бұзылыстарына қарай негізгі реабилитациялық әдістер мен құралдарды қолдануды үйрету қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |