2.2 Пәннің мақсаты:
Студенттерге кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық науқастардың денсаулығын, функциональді мүмкіншіліктерін қалпына келтіру негіздеріне, өмір сүру денгейін жақсартуды үйрету.
Ұзақ уақыт емделетін және реабилитациядан өтетін науқастардың күтімінде мейірбикелік процессті ұйымдастыру.
Студенттердің кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық патологиялардағы медициналық реабилитология бойынша мейірбикелік кәсіби шеберліктің негіздерін меңгеруі.
2.3 Оқытудың міндеттері:
студенттерді медициналық реабилитацияның ауруханалық, емханалық, санаториялық кезеңдерінде жүргізуді ұйымдастыру негіздеріне үйрету;
студенттерді кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық патологиясы бар науқастар мен мүгедектердің функциональді жағдайын және тіршілік етуін бағалауға үйрету;
студенттерге кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық патологиялардағы науқастар мен мүгедектердің жеке реабилитациялық бағдарламасын құрастыруды;
студенттерді реабилитация ның заманауи әдістерімен және медициналық құралдарымен, реабилитацияның тиімділігін бағалау әдістерімен таныстыру;
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент білу қажет:
ағзаларда патологиялық процесстердің дамуының негізгі себептерін, даму механизмін және клиникалық көріністерін;
функционалдық диагностика негіздерін;
қалыпты жағдайда адамның түрлі жүйе және ағзаларына физикалық, психикалық және әлеуметтік факторлардың әсер ету принциптерін;
кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық патологияларда негізгі дәрілік заттардың фармакодинамика және фармакокинетикасының жалпы принциптерін;
ҚР – дағы денсаулық сақтау жүйесіндегі заңдар және басқада нормативті құқықтық актілерін.
реабилитациялық қызметтің ұйымдастырылу жүйесін;
реабилитацияның әдістері мен тәсілдерін;
есеп беру - тіркеу құжаттарын жүргізу талаптарын;
ҚР – дағы еңбек және еңбекті қорғау заңнамасын;
қауіпсіздік техникасының, кәсіптік санитария және өртке қарсы қорғаныстың ережелері және нормаларын;
Достарыңызбен бөлісу: |