ЖҰмыс бағдарламасы пән: Кәсіптік аурулар Пән коды ка 3218 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының



бет23/23
Дата16.06.2016
өлшемі2.03 Mb.
#140156
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
ЕСЕП № 1
Емдеуші дәрігер науқасқа қай емдеу мекемесінде кәсіби ауруға диагноз қойылғанын және немен емдегенін анықтайды. Науқастың жауабынан кейін дәрігер өз әріптесінің диагноз қоюда жіберген қатесін, дұрыс ем берілмегенін, науқасқа басқа ем тағайындалатынын, содан соң тез сауығатынын айтты.

Дәрігердің іс әрекетін бағалаңыз. Бұл жағдайда не істеу керек еді ?


ЕСЕП № 2
Кәсіби кеселдер клиникасының терапия бөліміне түскенде науқас Д. кәсіби ауру диагнозы жазылған мекен жайы бойынша амбулаторлық картадан көшірмесін, ауру тарихын, жолдаманы берді.

Бірақ мұқият жүргізілген клинико-рентгенологиялық зерттеуден соң МСБ қойған диагноз дұрыс болмады. Науқас дауласты.

Дәрігер қандай қателік жіберді? Кәсіби кеселдер клиникалық ауруханасы дәрігерлерінің актикасы.
ЕСЕП № 3
Науқас Н., 43 жаста, туберкулез диспансеріне консультацияға жіберілген. Бұрын 13 жыл кескіш болып жұмыс істеген. Мед.сан. бөліміндегі кезекті тексеруде ентігудің үдеуі, жөтелдің жиілеуі, жауырын астында ауырсыну анықталған. Өкпенің төменгі бөлігінің үстінде перкуторлы дыбыс қорапты, өкпенің төменгі бөлігінің қимылы шектелген, тынысы нашарлау, тыңдағанда бірлі-жарым құрғақ сырыл естіледі. Жүрек тондары тұншыққан. Рентгенограммада диффузды үдеу мен өкпе суретінің деформациясы, фонында көптеген диаметрі 2-4 мм түйінді көлеңкелер. Оң жақта плевраның бөлік аралық тығыздалуы бар. Түбірі кесілген формалы. Лимфа түйіндері жұмыртқа қабығы типті.

Тапсырма: болжам диагнозын құрыңыз және негіздеңіз, диагнозды дәлелдеу үшін қосымша қандай тексерулер жүргізу қажет.
ЕСЕП № 4
Науқас С, 42 жаста, 16 жыл бойына қыш құю зауытында қалыптаушы болып жұмыс істеген. Соңғы 2 жылда жауырын маңында шаншып ауырсыну, мезгілді құрғақ жөтел мазалаған. көбірек физикалық күш түскенде ентігу пайда болады. Сырттай тексергенде объективті өзгерістер байқалмайды. Кеуде клеткасының төменгі бүйір бөлігінде қорапты перкуторлы дыбыс, өкпенің төменгі шетінің қимылы бұзылмаған өкпеде көп құрғақ сырыл естіледі. Қан мен несеп анализі нормадан ауытқымаған. Сыртқы тыныс функциясы: ЖЕЛ ДЖЕЛ- ден 78 проц. құрайды, тиффоно сынымасы 61 проц. Жүрек-тамыр жүйесі мен асқорыту трактісінде өзгерістер жоқ.

Рентгенограммада өкпе суретінің ұлғаюы мен деформациясы, әсіресе өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктерінде, аздаған көлемі 2-3 мм, дөңгелек формалы түйінді көлеңкелер көрінеді. өкпенің түбірлері біршама үлкейген және тығыздалған.

Тапсырма: диагонзды құрастырыңыз және негіздеңіз; ем белгілеңіз және

( ВТЭ) жүргізіңіз.



ЕСЕП № 5
Науқас В., 58 жаста, туберкулез диспансеріне консультацияға жіберілген. Бұрын 13 жыл кескіш болып жұмыс істеген. Мед.сан. бөліміндегі кезекті тексеруде ентігудің үдеуі, жөтелдің жиілеуі, жауырын астында ауырсыну анықталған. Өкпенің төменгі бөлігінің үстінде перкуторлы дыбыс қорапты, өкпенің төменгі бөлігінің қимылы шектелген, тынысы нашарлау, тыңдағанда бірлі-жарым құрғақ сырыл естіледі. Жүрек тондары тұншыққан. Рентгенограммада диффузды үдеу мен өкпе суретінің деформациясы, фонында көптеген диаметрі 2-4 мм түйінді көлеңкелер. Оң жақта плевраның бөлік аралық тығыздалуы бар. Түбірі кесілген формалы. Лимфа түйіндері жұмыртқа қабығы типті.

Тапсырма: болжам диагнозын құрыңыз және негіздеңіз, диагнозды дәлелдеу үшін қосымша қандай тексерулер жүргізу қажет.
ЕСЕП № 6
Науқас Е., 22 жаста, процедуралық кабинетте медбике болып жұмыс істейді.. Жұмыста болған тұншығу ұстамасымен ауруханаға жатқызылған. Соңда жылда дем шығару фазасында тыныс алудың қиындау ұстамалары, мұрнының бітілуін байқаған. Айтылған көріністер негізінде науқастарға антибиотиктермен инъекция жасағаннан кейін пайда болатын.

Тұншығудың соңғы ұстамасы бастың ауруы мен возомоторлы ринитпен кеудеде қысылу мен құрғақ ауырсынған жөтелмен болған.

Науқас мазасыз, цианоз байқалады, кеуде клеткасы бөшке тәрізді формада, экскурсия шектелмеген. Тыныс өкпеде қиындаған, шулы, құрғақ ысқырмалы сырылдардың көптігі естіледі, тыныс шығару фазасы ұзақ. Ауыр жағдайға байланысты сыртқы тыныс функциясын зерттеу жүргізілмеді. Спазмолитиктердің жері жоқ.

Тапсырма: диагнозды құрып негіздеңіз. Жедел медиииналық көмек көрсету шараларын белгілеп негіздеңіз. Жұмысты болжап беріңіз.


ЕСЕП № 7
Науқас С, 34 жаста, медико – санитарлы бөлімге қаралды ; наждачты аймақта 8 жыл бойы поляровщик болып жұмыс жасайды.Шағымдары, қолдың төменгі бөлігінде ауырсыну, саусақ ұштарының ағаруы , мұздауы. 2 жылдан бері өзін ауру деп есептейді , бірақ дәрігерге қаралмаған.Ішкі мүшесі зақымдалмаған.Қол ұштары мұздай көгерген «кружевной рисунок» «ақ таңба » симптомы оң.; трофикалық өзгеріс жоқ.

Тапсырма: болжам диагноз құрастыр; науқаты тексеруге қосымша аспаптық және лабороторлы тексерулерді айтыңыз.


ЕСЕП № 8
Науқас Б., 29 жас , пневматикалық инструментпен 4 жыл бойы тас кеседі. Құралды ұстап тұрушы сол қолына діріл көбірек беріледі. Кезекті медициналық тексеру кезінде науқас соңғы жылдары сол қолының саусақтарының ағаруына шағымданды. Қолда ауырсынуды сезбейді. Ағарудың басталуы бесінші саусақта басталып, мұздатқан кезде III-IV саусақтарының ағарғандығына шағымданды. Ағару ұстамасынан кейін жағымсыз парестезия, кейде шынтақ-білезік буынының ісінуін байқады.

Объективті: қолдың IV және V саусақтарында жеңіл гипоестезия ; бұлшықет өзгермеген; капилляроскопия белгісі бойынша –аздаған түйілу тенденциясы. Мұздатқыш сынама кезінде – сол қолдың IV және V саусақтарының ағаруы болды.

Тапсырма: болжам диагноз құрастыр; науқаты тексеруге қосымша аспаптық және лабороторлы тексерулерді айтыңыз, ДЕЭ тағайындаңыз.
ЕСЕП № 9
Науқас В., 38 жаста, 10 жыл бойы машина құрылыс өндірісінде қозғалтқыш зерттеуші болып жұмыс істейді, жұмыс орнындағы шу 95-110 дБ қөбнесе жоғарғы толқында. Анамнезінде асқазан ойық жарасы, пневмония; басқа ауруы жоқ. Соңғы 3 жылда жоғарғы тітіркенгіш, тез шаршау, кезеңмен бас ауру мазалайды. Кезекті медициналық тексеру барысында қол және аяқ сіңірлерінің тартылуы, саусақтарының тремры, Ромберг қалпы тұрақсыз. Осы кезде құлақтың естуіде нашарлаған. Аудиометрияда есту табалдырығы 2 метр арағашықтықта сөйлеу барысында 21-30дБ, 400 Гц 65-ке дейін төмендеген.
Тапсырма: диагнозды негіздеп талқылаңыз; ДЕЭ жүргізіңіз.
ЕСЕП № 10
Науқас А. жергілікті мекен жайы бойынша ауруханаға арнайы ем қабылдауды қажет етеді.

Науқастың емін қалай ұйымдастыру қажет?

Жұмысқа қабілетсіздікті қалай құжаттандырады? Емдеуші дәрігер жұмысқа жарамсыз қағазын қалай толтырып қаншалықты ұзарта алады?
ЕСЕП № 11
Науқас А., 42 жаста. 17 жыл бойы телевизор футлярын жылтырату үшін құрамында 35 проц бензол бар ерітіндіні қолданатын жұмыс істеген. Ауру бірітіндеп дамыған. Науқас әлсіздікті, басының ауруын, тез шаршағышдықты, кейін қызыл йегінің қанауын, мұрнынан қан кетуін байқаған. Стационарда зерттеу кезінде ұлғайған лимфа түйндерінің жоқтығы, бауыр қабырға доғасының шетінде пальпацияланған, талақ пальпацияланбаған. Созылған қолдардың саусақтарының треморы, айқын қызыл дермографизм, алақандардың гипергидрозы, пульс пен артериялық қысым тұрақсыз.

Тапсырма: болжам диагнозын - қойыңыз; қорытынды диагноз қою үшін қосымша зерттеу жоспарын құрыңыз.



ЕСЕП № 12
Науқас М., 28 жаста, 7 жыл бойы химиялық лаборатория да лаборант болып жұмыс істейді. Мұнда ол таскөмір мен мұнайдың түрлі жану қалдықтарымен, соның ішінде толуолмон, ксиолмен, бензолмен және т.б. контактіде болады. Соңғы уақытта ашуланғышдықты, ұйқының бұзылуын байқаған.

Ішкі органдар жағынан объективті өзгерістер байқалмаған. Қан мен несеп анализдері нормада, шамалы лейкоцитозды (лейкоциттер саны 8,1x10 9/л) санамағанда.

Қазіргі уақытта қызыл йегінің қанауы, денесінде көгерулер, жалпы әлсіздігі күшейе түскен. Қан анализі: эритроциттер 3,7 х 10 12/л, 2,8 х10 9/л, тромбоциттер 100 х10 9/л.

Тапсырма: диагноз құрастырып қойыңыз. қосымша зерттеулер қажетпе? Ем белгілеңіз және ВТЭ жүргізіңіз.


ЕСЕП № 13
Науқас П., 42 жаста , аккумулятор дайындау өндірісінде жұмыс істейді. Ауруханада іштіқ кенет аурумен жедел жәрдем машинасымен жеткізілген. Анамнизінде аккумулятор зауытына жұмысқа тұрмай тұрған кезінде 12 елі ішек жарасымен ауырғандығы анықталды. 20 жыл бойы ешқандай асқынулар болмаған, мұны гастрологиялық зерттеулер де дәлелдейді.

Ауруханаға түскенде ішінің кенет толғақты ауырсыныуы шағымданған.

Объективті: іші жабысқан, пальпацияда іштің ортаңғы және төменгі жартысына жойылған, жүйесі кіндік айналасындағы ауырсыну. Ауру алдында ауызда жағымсыз дәм, жүрек айну, сілекей ағу, ұйқысыздық, іш қату болған. Науқас іш айдау дәрілерін ішсе де үлкен дәреті болмаған. Өкпелі перкуторлы дыбыс өзгермеген, тынысы везикулярлы, жүрек шекарасы өзгермеген, тондары айқын, таза. АҮ 180/90мм сын.бағ. Қан анализі: Нв 110 г/л ретикулоциттер саны 40 проц., эритроциттер 4,1x10 12/л, базофильді дәнді эритроциттер саны 66 проц; СОЭ 11 мм / сағ.

Тапсырма: диагноз құрастырып негіздеңіз. Қосымша диагностикалық зертеулер қажет пе және қандай. Ем белгілеңіз.


ЕСЕП № 14
Кезекті медициналық тексеру кезінде аккумулятор зауытында қорғасын пластикасын майлаушы. болып істейтін жұмысында келесі перифериялық қан көрсеткіштер болған; Нв 14,8г/л, эритроциттер саны 4,2х1012/л, түсті көрсеткіш 98, лейкоциттер саны 5,8x10 9/л, ретикулоциттер 20 проц. базофильді дәнді эритроциттер 38 проц.. Несепте 0,08 мг/л қорғасын анықталған. Жұмысшы шағымданбайды, обьективті ішкі органдар жағынан өзгерістер жоқ.

Тапсырма: болжам диагнозын қойыңыз, қосымша зерттеу жоспарын құрыңыз. Қосымша Қандай мәліметтер алу қажет.


ЕСЕП № 15
Науқас С, 45 жас, Шымкент фосфор зауотында, феррофосфор құйушы болып істейді. Анамнезінде 18 жыл бойы сары фосфор қосындысы бар өндірісте жұмыс істейді. Жыл сайын кезекті медқабылдаудан өтеді. Соңғы екі жылда мына белгілер байқалды: буын ауруы, әсіресе түнгі мезгілде, қозғыштық, ауыз қуысында жағымсыз дәм, қызыл иектің қанталауы және қабынуы. Науқас кәсіптік бөлімшеге жіберілді.

Объективті: тәбеттің төмендеуі, терісі таза, кеуде қуысы цилиндр пішінді,. Өкпеде везикулярлы тыныс, жүректе экстросисталия, пульс 80 рет/мин. АҚ 140/90 мм рт. ст. Тіл ақшыл жабындымен жабылған. Иек ісінген, қабыну процессі бар. Іш пальпациясында оң жақ қабырға асты, эпигастрии аймағы ауырсынады. Көк бауыр пальпацияланбайды. Үлкен дәрет тұрақсыз. Қанда: Нв 130 г/л, ц/п 0,9, эр 4,5.10/л, лейкоциттер 4,6.10/л СОЭ 10 мм/ч. Қандағы фосфордың табылуы, рентгенографияда түтікті сүйектердің - остеопорозы.

Тапсырма: Диагнозды негіздеу, қосымша зерттеу тәсілдері. МӘС-ні жүргізіңіз және ем.

ЕСЕП № 16
Науқас Р. 50 жас 20 жыл бойы сары фосфор өндірісінде жұмыс істейді. Кезекті проф тексеруден өтеді, цех дәрігерінің шешуі бойынша ауруын анықтау үшін кәсіптік бөлімшеге жіберіледі.

Шагымдары буын ауруы, әсіресе түнгі мезгілде, қозғыштық, ауыз қуысында жағымсыз дәм, қызыл иектің қанталауы және қабынуы.

Анамнезінен 2 жыл бұрын тізенің төменгі бөлігін сүйық фосформен күйдіріп алған. 6 айдан кейін ауруы асқынған. Объективті: Тері жамылғысы таза бозарған, аяғының төменгі жағында тыртық іздері 4x5 см. Өкпеде везикулярлы тыныс, жүректе экстросисталия, пульс 80 рет/мин. АҚ 150/100мм.рт.ст. Соққылау симптомы оң жағында оң мәнді.

Лабораторлы белгілері : Қанда: -Hb 130г/л, Эр- 4,6-10|2% Ц/п -0,9, СОЭ 5 мм/час, лейкоц - 5,6 109/л СОЭ 15 мм/ч. Зәрде сал.тығыз. - 1020 , цвет с/желт, белок abs. лейкоц 8-10в/р. Эр 0-1 в/3 слизь++, бактерии abs

Тапсырма: Диагнозды негіздеу, қосымша зерттеу тәсілдері. МӘС-ні жүргізіңіз және ем.
ЕСЕП № 17
Наукас С, 35 жаста , сынап өндіріс кен орында қазушы жұмысын аткарады.Анамнезінен 8 жылдан бері осы қауып өндірісінде .Жыл сайын кезекті медқараудан өтеди , сонғы 2 жылда ұйқынының нашарлауы, қозғыштық , ауыз қуысында жағымсыз дәм сезіледі, «сынап неврастениясы», «сынап » эретизмасы байқалды.Науқас профпатология бөлимшеге жіберілді .

Объективті: табетінің төмендеуі , тері жамылғысы таза.Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйыкталған, экстрасистолия,пульс 80 уд/мин. АҚ 140/90 мм рт. ст. ТІл ак жабындымен . Қызыл иек ісінген , хрусталикте сынаптың табылуы.Эпигастральды аймақта ауырсыну.Нажіс тұраксыз.Несеп шыгару еркін.Анализде: Нв 130 г/л, ц/п 0,9, эр 4,5.10/л, лейкоцитов 4,6.10/л СОЭ 10 мм/ч. Қанда және несепте сынаптың болуы.

Тапсырма: болжам диагноз құрастыр; науқаты тексеруге қосымша аспаптық және лабороторлы тексерулерді айтыңыз.
ЕСЕП № 18
Науқас Н. 25 жаста марганец өндірісінде жұмыс істейді. Сонгы 4 жылдан бері марганец улы екенін білді. Кезекті проф тексеруден өтеді, цех дәрігерінің шешуі бойынша ауруын анықтау үшін кәсіптік бөлімшеге жіберіледі.

Шағымдары буын ауруы, әсіресе түнгі мезгілде, қозғыштық, ауыз қуысында жағымсыз дәм. «марганец » парконсонизми, «кораз » жүрісі.

Объективті: Тері жамылғысы таза бозарған. Өкпеде везикулярлы тыныс, жүректе , пульс 80 рет/мин. АҚ 150/100мм.рт.ст.

Лабораторлы белгілері : Қанда: -Hb 130г/л, Эр- 4,6-10|2% Ц/п -0,9, СОЭ 5 мм/час, лейкоц - 5,6 109/л СОЭ 15 мм/ч. Зәрде сал.тығыз. - 1020 , цвет с/желт, белок abs. лейкоц 8-10в/р. Эр 0-1 в/3 слизь++, бактерии abs

Тапсырма: Диагнозды негіздеу, қосымша зерттеу тәсілдері. МӘС-ні жүргізіңіз және ем.

ЕСЕП № 19
Науқас П., 39 жаста, 21 бойы бидай өнімдеріне, зиякестерге қарсы қолданылатын пестицидтермен жұмыс жасады. Науқас шыдамсыз, сілекей көп ағады, құсығы сұйық әрі иісті, бас ауруға шағымданды. Ауруханада тексергенде лимфа түйіндерінің ұлғаймағандығы, бауыр қабырға доғасының шетінде пальпацияланады. Қолды созғанда саусақтардың дірілдеуіне, температурасы 40 градус.

Тапсырма: Диагнозды негіздеу, қосымша зерттеу тәсілдері. МӘС-ні жүргізіңіз және ем.



ЕСЕП № 20
Науқас У., 36 жас, 7 жыл бойы химиялық лабороторияда лаборант болып жұмыс істейді. Шыбын, маса, паразитке қарсы әртүрлі хлорофос, байтектерімен өнімдерін шығарады. Соңғы жылдары қозғыштық, тітіркенгіштік, тез шаршау, ұйқының бұзылысы байқалды. Науқас шыдамсыз, сілекей көп ағады, құсығы сұйық әрі иісті, бас ауруға шағымданды. Ауруханада тексергенде лимфа түйіндерінің ұлғаймағандығы, бауыр қабырға доғасының шетінде пальпацияланады. Қолды созғанда саусақтардың дірілдеуіне, температурасы 40 градус.

Тапсырма: Диагнозды негіздеу, қосымша зерттеу тәсілдері. МӘС-ні жүргізіңіз және ем.


ЕСЕП № 21
Науқас К.,34жаста. Совхозда агроном болып жұмыс істейді. Орталық аудан ауруханасына кенет әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, жүрек айну, құсу, іште ауырсыну шағымдарымен түскен. Сұрастыру барысында, айтылған симптомдардың пайда болуының алдында 3сағат бойы гранозан, меркуран, меркургексан өңделген егінді шауып жатқан.

Объективті: зерттегенде қарашықтың сарғаюы, терінің гипергидрозы, миоз, бронхорея, брадикардия, кей бұлшық еттерінің фибриляциясы.

Тапсырма: болжам диагаозын қойыңыз, зерттеу жоспарын құрыңыз; ем белгілеңіз, ВТЭ жүргізіңіз.
ЕСЕП № 22
Науқас 52жаста, ауыл шаруашылығына арналған улы химикаттар базасында оларды ауыл шаруашылық мекемелеріне жіберумен айналысатын жұмыста істейді, жұмыс барысында улы химикаттардың дусты түріндегілермен контактіде болуы мүмкін. Бұрын ауырмаған. Базада 7жыл жұмыс істеген соң ол өзінің ашуланғыштығын ұлғайғанын, әр уақыт басының ауырғандығының басының айналуыны байқаған. Соңғы уақытта есте сақтау қабілеті қомақты нашарланған, ұйқысы бұзылған.

Объективті: гипергидроз, жеңіл акроцианоз, қызыл тұрақты дермографизм, тарамыс рефлекстерінің күшеюі, созылған қолдардың саусақтарының айқын емес треморы. Ішкі органдар жағынан тек аритмия мен брадикардиядан нормадан ауытқушылық байқалмайды.

Тапсырма. Диагноз құрастырып негіздеңіз. Қосымша зерттеулер қажетпе? Ем белгілеңіз ВТЭ жүргізіңіз.
ЕСЕП № 23

Науқас К., 26 жаста, цемент зауытының жұмысшысы, іріңді қақырықпен жөтелге, тершеңдікке, күш түскендегі ентігуге шағымданады. Анамнезінде: жылына 2-3 рет өршитін созылмалы бронхит, шылым шегеді. Объективті: арық. ТАЖ (ЧДД)- 22 минутына. Өкпесінде қатқыл тыныс, шашыранды құрғақ сырылдар. Cor тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ (ЧСС) - 98 минутына. Болжам диагноз?

1. шаңды бронхит

2. соз. обструктивті бронхит, өршу кезеңі



3. соз. іріңді бронхит, өршу кезеңі

4. кәсіптік бронх демікпесі, бастапқы кезеңі

5. пневмокониоз

ЕСЕП № 24

Науқас Ш., 29 жаста, цемент зауытының жұмысшысы іріңді қақырықпен жөтелге, тершеңдікке, күш түскендегі ентігуге шағымданады. Анамнезінде: жылына 2-3 рет өршитін созылмалы бронхит, шылым шегеді. Объективті: арық. ТАЖ (ЧДД)- 22 минутына. Өкпесінде қатқыл тыныс, шашыранды құрғақ сырылдар. Cor тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ (ЧСС) - 98 минутына. Емдеу принциптері.

1. антибиотиктер+бронхолитиктер

2. кортикостероидтар

3. антибиотиктер+аз дозалы гормондар

4. β-адреноблокаторлар



ЕСЕП № 25

Науқас., 42 жаста, 17 жылдан бері шахтада қазушы жұмысын атқарады.Басқа жұмысы жоқ. 6 жыл бұрын созылмалы шаңды бронхитпен аурады 1 дәрежелі.Соңғы жылдары жөтел күшейіп ,қақырық қиын бөліне бастады. Физикалық қүштен ентігу пайда болды.

Аускультативнті – тыныс әлсіз, құрғақ сырыл төменгі бөлікте естіледі.Қан анализі өзгерісіз.

Рентгенографияда: эмфизема, пневмосклероз белгілері табылды.

Спирография: ТЖ I дәреже, аралас вариант.


  1. Диагноз қойыңыз.

  2. Диагноз негіздеңіз

  3. Ем тағайындаңыз

  4. ДЕС жүргізіңіз.

ЕСЕП № 26
Науқас А., 29 жаста , 7 жыл бойы ұн шығару өндірісінде дерменші болып жұмыс атқарады. Жұмыс орнында ұн шаңы ШРЕК 5-7 есе көп. Соңғы 2 жылда жөтел, қақырық ақ түсті оңай бөлінеді, ентігуге шағымданады.

ЖҚА: Эр 4,5х1012/л, лейк 6,3x10%, СОЭ 3 мм/ч.

Спирография: ЖЕЛ/ДЖЕЛ=80%, ОФВ / ЖЕЛ = 79%.

Рентгенография таза.

Бронхоскопия: қабыну белгілері.

1 Диагноз қойыңыз.

2Диагноз негіздеңіз

3 Ем тағайындаңыз

4 ДЕС жүргізіңіз.

ЕСЕП № 27

Емханада 38 жастағы ер адам алақан мен саусақтарындағы әлсіз ауыр-сынуларға, әсіресе суық әсер еткенде байқалатын жансыздану сезіміне шағымданады. Ауырғанына 3 ай болған. Соңғы 10 жыл бойы бульдозерде жұмыс істеген. Тексергенде: алақандары мен саусақтарын қарағанда өзгерістер жоқ. Неврологиялық статусында – саусақ ұштарында гипестезия типіндегі сезімталдықтың әлсіз бұзылғаны анықталды. Капилляроскопияда – тырнақ асты капиллярларының айқын емес спазмдары байқалды.

Диагноз?


  • Рейно синдромы

  • 1 кезеңдегі тербеліс ауруы

  • НЦД

  • 2-ші кезеңдегі тербеліс ауруы

  • Полиневрит

ЕСЕП № 28

35 жастағы ер адам 13 жыл бойы тракторист болып істеген. Алақандары мен саусақтарындаға қақсауға және жансыздануына, қолдарының шаршағыштығына, басының ауыруына, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Тексергенде: алақандары көкшілденіп ісінген, қолғап тәріздес алақанның ішкі бетіндегі сезімталдықтың бұзылғаны, білектердегі рефлекторлық қозғыштықтың күшейгені анықталады. Капилляроскопияда – цианоздың үстінен тырнақасты капиллярлардың тарылғандары анықталады. Алақан мен білезік сүйектерінде склероздық өзгерістер қоршаған ұсақ тесік тәріздес қуыстар байқалады.

Диагнозы мен еңбекке жарамдылығы?


  • Рейно синдромы, амбулаторлық ем

  • 1-ші кезеңдегі тербеліс ауруы, қосымшаақылы сырқат қағазы

  • 2-ші кезеңдегі тербеліс ауруы, кәсіптік ауруы бойынша сырқат қағазы

  • 3-ші кезеңдегі тербеліс ауруы, МӘСК-ке жолдау

  • гипотониялық тптегі НЦД

ЕСЕП № 29

С.есімді науқаста токсикалық шаңды бронхит,тыныс алу жетіспеушілігінің 3- ші сатысы мамандығына байланысты екені анықталды (бұл туралы ақпарат профпатологта бар) . Сіз ВКК дәрігерісіз.Науқас С.мүгедектікке шығу құжаттарын тапсырды.



  1. Қай топтағы мүгедектікті тағайындайсыз?

  2. Тағайындаған мүгедек тобын түсүндіріңіз?

  3. Қандай құжаттарды толтырасыз?

ЕСЕП № 30
Науқас А., есімді ауруханаға токсикалық гепатитің 1-ші дәрежесімен келіп түсті.3 аптадан соң обострение болып токсикалық гепатиттің 2-ші дәрежесіне ауысты.Өз ауруын мамандығымен толық байланыстырады. (бұл туралы ақпарат профпатологта бар) . Сіз ВКК дәрігерісіз.Науқас С.мүгедектікке шығу құжаттарын тапсырды.

  1. Қай топтағы мүгедектікті тағайындайсыз?

  2. Тағайындаған мүгедек тобын түсүндіріңіз?

3 Қандай құжаттарды толтырасыз?

3.ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

- Кәсіптік ауруды анықтау үшін қажетті құжаттарды жүргізу;

- Кәсіптік аурулардың профилактикасын, емін, диагностикасын, патогенезін, себептерін және дәрігерлік-еңбек экспертизасын меңгеруде диалектико-материалистикалық принциптерді қолдану;

- Кәсіптік аурулардың дамуына ықпал еткен кәсіби ортаның қолайсыз факторларының әсер ету механизмін анализдеу;

- Кәсіптік аурулары бар науқастарды анықтау.

- Кәсіптік аурулардың ағымының ерекшеліктерін анықтау;

- Зақымдалған жүйелер мен мүшелердің функциональдық бұзылыстарының тұрақтылығын және дәрежесін анықтау;

4.ТӘЖІРИБЕЛІК МАШЫҚТАР ТІЗІМІ

• өндіріс ортасынын зиянды факторларын анықтауды;

• аурудың кәсіптік анамнезін жинауды;

• кәсіптік ауруға шалдыққан науқастардың клиникалық жағдайын бағалауды;

• қажетті лабораториялық және аспапты диагностика әдістерін анықтауды;

• кәсіптік аурулар диагнозын негіздеуді;

• кәсіптік ауруға шалдыққан науқастардың емдеуге, алдын алу шараларына және еңбекке қабілеттілігіне ұсынымдар беруді;

• кәсіптік ауруларды талдауды;

• өндіріс орындарында алдын ала және кезеңмен медициналық бақылау жүргізуді;

• адам организімінде өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерінен сақтануға қажетті қорғау заттарын таңдауды;



машықтануы қажет:

- өндірістегі зиянды факторлардың болуын негізіне ала отырып, кәсіптік аурулардың туындау мүмкіншілігін болжамдауға.

- өндірістік зияннан қәсіптік ауруды пальпация, перкуссия және өкпе аускультациясы арқылы анықтау;

- пневмокониозы бар аурудың лабороторлық және аспаптық тексеру әдістерінің қортындысын талқылау;

- пневмокониозы бар аурудың болжам және клиникалық диагнозын дұрыс негіздеу (негізгі, қосымша, асқынулары);

- тыныс және жедел тыныс-жүрек жетіспеушілік кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті ұйымдастыру;

- науқастың жағдайына байланысты сыртқы тынысын анықтап, оны дұрыс бағалау қажет;

- бронх демікпесін купирлеу;

- жедел фосформен уланғанда асқазанды жуу;

- терінің алғашқы залалдау ( термиялық күйік лазерлік сәулелену кезінде);

- естен танған кезіндегі алғашқы көмек;

- рентгенологиялық суреттерді талқылау;

- реактивті гиперемиямен сынама жүргізу, термометрияны бағалау;

- қауыпсіз техниканы білу;



- қорғаныш киімдерді дұрыс кию;

- зиянды әсерден қорғанатынт жеке заттарды білу ( көзілдірік, щитка, арнайы киім, радионысіңіруші арнайы киім , ауалы әуе жұпарлауыш ,қалпақ, респираторлар, алғыш);







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет